Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Затты ы - аз.doc
Скачиваний:
56
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
1.2 Mб
Скачать

3. Заңды тұлғалардың кейбір түрлерінің меншік құқығы.

Шаруашылық серіктестік, Акционерлік қоғамдар, кооперативтер, қоғамдық

бірлестіктер, қоғамдық қорлар, діни бірлестіктер және заңды тұлғалар бірлестіктері (қауымдастық одақ) өз мүлкінің меншік иесі болып табьылады. Мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындар мүлікті шектеулі заттық құқықтар- оралымды басқару және шаруашылық жүргізу негізінде иемденеді.

Шаруашылық серіктестік меншігі: құрылтайшылардың салымдары есебінен құрылған, сондай-ақ шаруашылық серіктестік өз қызметі үрдісінде өндірген және алған мүлік меншік құқығы бойынша серіктестікке тиесілі болады.

Шаруашылық серіктестік жарғы капиталына салым: ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүліктік құқықтар, оның ішінде интеллектуалдық қызмет нәтижесіне құқық және т.б болуы мүмкін. Салымдар барлық құрылтайшылардың келісімімен ақша түрінде бағаланады.

Шаруашылық серіктестік жарғылық капитал мөлшері құрылтай құжаттарында анықталады. Бірақ ол заң актілерінде белгіленген ең төменгі мөлшерден аз болмауы тиіс. Шаруашылық серіктестік туралы жарлыққа және Жауапкершілігі шектеулі туралы серіктестік туралы заңға сәйкес, Толық серіктестік үшін жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері 25 айлық есептік көрсеткіштен, Сенім серіктестік- 50 айлық есептік мөлшерінен, шектеулі және ҚЖС- 100 айлық есептік мөлшерінен кем емес болуы тиіс.

Тұтынушылар кооперативінің меншік құқығы.

Тұтынушылар кооперативі өзіне тиесілі мүліктің меншік иесі болып табылады. Мүліктің құқықтық режимі кооперативтің әлеуметтік бағыттылығы анықтайды. Тұтынушылар кооперативі өз қатысушыларының жарналарына өмір сүреді. Барлық шығындар мен борыштар қосымша жарналар есебінен өтеледі. Тұтынушылар кооперативі алған табыс оның мүшелеріне таратылып берілмейді, ол жарғылық мақсаттарға жұмсалады.

Тұтынушылар кооперативі таратылған кезде кооператив мүшесі одан шыққан жағдайда ол кооператив мүлкіндегі өз үлесін сондағы пайына барабар мөлшерде бөліп алуға құқылы.

Қоғамдық бірлестіктің меншік құқығы.

Қоғамдық бірлестіктің бастапқы капиталы оған қатысушылардың (мүшелерінің) жарналарынан құралады. Қоғамдық бірлестіктің ақша қаражаты, егер жарғыда оларды төлеу көзделсе, бастапқы және мүшелік жарналарда; ерікті жарналар мен құрбандықтардан, жарғыға сәйкес дәріс оқудан, көрмелер ұйымдастырудан, спорттық және басқа да шаралар жүргізуден, лотерея ойнаудан түскен ақшалардан, өндірістік және шаруашылық қызметтен алынған табыстардан, заңға қайшы келмейтін өзге де табыстардан құралады(ҚБ туралы заң 21бап. 2 бөлігі).

Қоғамдық бірлестіктің қатысушылары өздеріне сол бірлестік берген мүлікке мүшелік жарнаға құқығы жоқ.

ҚБ туралы заңға сәйкес, саяси партиялар мен кәсіпшілер одақтарын шетелдік заңды тұлғалар мен азаматтар, шетелдік мемлекеттер мен халықаралық ұйымдарқаржыландыруына тиым салынады.

Өздерінің жарғылық мақсаттарына жетк үшін кәсіпкерлік қызметпен айналыса алады, бірақ ол қатысушыларға бөлінбейді, жарғылық мақсаттарға жұмсалады.

Қоғамдақ қордың меншік құқығы.

Қоғамдақ қорға оның құрылтайшылары берген мүлік қордың меншігі болып табылады. Мүшелерде қордың мүлкіне мүліктік құқық болмайды. Қорды басқарушы мен мүшелері заңға қайшы келетін өз шешімдері нәтижесінде болған шығынды қорға өтеуге тиіс. Мұндай шешім қабылданғанға қарсы болған немесе отырысқа қатыспаған мүше ол шығынды өтеуден босатылады.

Құрылтайшылардың ақшалары, сондай-ақ басқа мүлкі, демеушілік, ерікті жылу және заңды түсімдер қоғамдық қордың қаржы көзі болып табылады. Қор мүлкі дербес баланста көрініс табады, ал ақша айналымы есепшот арқылы жүзеге асырылады.

Мүлікке қатысты иемдену, пайдалану және билік ету оның органдары жүзеге асырады.

Діни бірлестіктің меншік құқығы.

Діни бірлестіктерде өз қаражаты есебінен сатып алынған немесе өдері құрған, азаматтар, ұйымдар жылу ретінде берген немесе мемлекет берген және заң актілеріне қайшы келмейтін басқа негіздер бойынша сатып алынған мүлікке меншік құқығы болады.

Діни бірлестік меншігі: ғимараттар, дін заттары, өндірістік әлеуметтік және қайырымдылық мақсаттағы объектілер, өз қызметін жүзеге асыруына қажетті ақша жіне басқа мүлік болады.

Мемлекеттің діни бірлестіктерді қаржыландыруына тиым салынады (Д.Б. туралы заң 16 бап). Бірақ тарихи- мәдени құндылық болып табылатын діни ғимараттарды қалпына келтіруге материалдық көмек көрсетуге болады.

Діни бірлестік қызметі тоқтағанда оның меншігіндегі мүлікке билік жасау оның жарғысында және күшіндегі заңға сәйкес жүзеге асырылады. Құқық мирасқоры болмаған жағдайда, мүлік мемлекет меншігіне өтеді (Д.Б. туралы заң 19 бап).

Заттық құқық. Заңды тұлғалардың кейбір түрлерінің меншік құқығы.

Шаруашылық серіктестік, Акционерлік қоғамдар, кооперативтер, қоғамдық бірлестіктер, қоғамдық қорлар, діни бірлестіктер және заңды тұлғалар бірлестіктері (қауымдастық одақ) өз мүлкінің меншік иесі болып табылады.

Мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындар мүлікті шектеулі заттық құқықтар- оралымды басқару және шаруашылық жүргізу негізінде иемденеді.

Заңнамада коммерциялық емес ұйымдардың толық тізімі емес.

Шаруашылық серіктестік меншік құқығы: құрылтайшылардың салымдары есебінен құрылған, сондай-ақ шаруашылық серіктестік өз қызметі үрдісінде өндірген және алған мүлік меншік құқығы бойынша серіктестікке тиесілі болады(АК 58 бап).

Шаруашылық серіктестік жарғы капиталына салым: ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүліктік құқықтар, оның ішінде интеллектуалдық қызмет нәтижесіне құқық және т.б болуы мүмкін. Заттай немесе мүліктік құқық түріндегі салымдар жалпы жиналыс шешімі бойынша ақша түрінде бағаланады, егер ондай салымнаң құны 20 000 есептік көрсеткіш сомасынан асса, тәуелсіз сарапшы бағалайды.

Шаруашылық серіктестік жарғылық капитал мөлшері құрылтай құжаттарында анықталады. Бірақ ол заң актілерінде белгіленген ең төменгі мөлшерден аз болмауы тиіс.

Шаруашылық серіктестік туралы жарлық пен Жауапкершілігі шектеулі серіктестік туралы заңға сәйкес, Толық серіктестік үшін жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері 25 айлық есептік көрсеткіштен, Сенім серіктестік- 50 айлық есептік мөлшерінен, шектеулі және ҚЖС- 100 айлық есептік мөлшерінен кем емес болуы тиіс.

Жарғылық капиталдың мөлшерін барлық несие берушілерге хабарланғаннан кейін ғана жол беріледі. Несие берушілер мұндай жағдайда серіктестіктің мерзімінен бұрын тоқтатылуын немесе міндеттемелерін орындауын және оның зиянды өтеуін талап етуге құқылы.

Ал жарғылық капиталын ұлғайту, қатысушылардың қосымша жарғы енгізу мәселесін қатысушылардың ¾ көпшілік дауысымен шеше алады.

Шаруашылық серіктестіктің мүліктік базасының азаюы: қатысушылық құқық мирасқоры (мұрагері) серіктестікке кіруден бас тартса, оған үлестің құны өтеледі. Сондай-ақ қатысушылардың бірі өз еркімен шығуы мүмкін.Шыққан қатысушының үлесін ЖШС өзі сатып алғанда құрылтай құжаттарында көзделген мерзім мен тәртібі бойынша сатуға, не өзінің жарғылық капиталын азайтуға міндетті.

Акционерлік қоғамның меншік құқығы. Акционерлік қоғам акциялары акционерлерге меншік құқығында тиесілі. Мемлекетке немесе мемлекеттік заңды тұлғаларға тиесілі акциялар пакетінің мөлшеріне қарамастан АҚ мүлкі өзінің жеке меншігі болып саналады. АҚ-да өз қатысушыларының мүлкінен оқшауланған мүлік болады, өз міндеттемелері бойынша өз мүлкі шегінде жауап береді және өз қатысушыларының міндеттері бойынша жауап бермейді. Заңнамада, акционерлердің акционерлік қоғамның борыштары бойынша жауап беретін жағдайлары көзделген.

Акционерлік қоғамның мүлкінің негізін жарғылық капитал құрайды . Жарғылық капитал мөлшерін құрылтайшылар анықтайды, бірақ ол АЕК 50 000 есе мөлшерінен кем болмауға тиіс.

Акционерлік қоғам меншігінің объектілерін иелену, пйдалану және оларға билік ету жағын оның органдары жүзеге асырады. Жоғарғы органы жалпы жиналыс. Мүлікті пайдаланудың маңызды мәселелерін шешу тек соның ғана құзырында.

Өндірістік кооперативтің меншік құқығы. Өндірістік кооперативтің мүлкі оған меншік құқығында тиесілі. Мүліктің құқықтық режимі ҚР АК-де ӨК туралы Заңда анықталған. Өндірістік кооперативтің мүлкі оның мүшелерінің жарналарына бара-бар пайларға бөлінеді. Кооперативтің жалпы жиналысының шешімімен кооператив мүшелерінің қосымша мүліктік жарна енгізуі көзделеді. Әрбір мүшесіне оның бастапқы мүліктік жарнасының мөлшері мен түрін растайтын құжат беріледі.

Кооперативтің таза табысы оның меншігі болып табылады, ол оның мүшелері арасында олардың еңбек үлесіне қарай бөлінеді, егер кооператив жарғысында басқадай көзделмеген болса(АК 98 бап).

Иелену, пайдалану және билік ету өкілеттігін кооператив мүшелерінің жалпы жиналысы және атқарушы органдар (басқарма және төраға) жүзеге асырады. Өндірістік кооперативтің мүшелері кооператив міндеттемелері бойынша қосымша жауаптылық көтереді.

ПӘННІҢ АТАУЫ: ЗАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ

Тақырып № 6 МЕМЛЕКЕТТІК МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ

  1. Мемлекеттік меншік құқығы ұғымы.

  2. Мемлекеттік меншік құқығының субъектілері.

  3. Мемлекеттік меншік құқығының мазмұны.

  4. Мемлекеттік меншік құқығының объектілері.

1. Мемлекеттік меншік құқығы Қазақстан Республикасында танылған меншік құқығының екі формасының біреуі болып табылады. Конституцияның 6-бабының 1-тармағына сәйкес, «Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады».

Мемлекеттік меншік құқығы дегеніміз мемлекеттің заң актілерімен танылған және қорғалатын, өзіне тиесілі мүлікті өз қалауы бойынша иемдену, пайдалану және оған билік ету құқығы.

Мемлекеттік меншік мемлекеттің өз функцияларын орындауына арналған, сондай-ақ, ол, экономиканың жеке секторы нарықты қандай да бір тауарлармен (қызмет көрсетумен) толтыра алмаса қосымша пайдаланылады.

Мемлекеттің функцияларына құқықтық тәртіпті орнатуды және қорғауды; азаматтардың меншік құқығын, өзге құқықтары мен бостандығын қорғауды, экономикалық; мәдени; әлеуметтік; экологиялық функцияларды жүзеге асыруды; бейбітшілікті және бейбіт өмір сүруді қамтамасыз етуді; іскерлік серіктестік пен ынтымақтастықты қолдауды; мемлекеттік егемендікті сыртқы озбырлықтан қорғауды жатқызуға болады.

Меншіктің мемлекеттік секторының үлесінің ауытқу шегін әр мемлекетте оның заңмен белгіленген функциялары анықтайды.

Қазақстан Республикасы мемлекетінің мемлекеттік кәсіпорындар арқылы жүзеге асырылатын функциялары заңмен бекімін тапқан.

Мемлекеттік мүлік туралы заңға сәйкес, мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің негізгі міндеті қоғам мен мемлекеттің мұқтаждығынан туындайтын әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорын мынадай қызметтер аясында құрылуы (бұрын құрылғандарды iс-әрекет жасауы) мүмкiн:

1) қару-жарақты және оның оқ-дәрiсiн, қорғаныс құралдарын, әскеритехникасын, қосалқы бөлшектердi, санатталатын элементтер мен оның приборларын әзiрлеу, өндiру, жөндеу және сату; босатылған әскери-техникалық құралдарды қайта өңдеу және жою (құрту, ұқсату, көму);

2) уранды және басқа бөлшектенетiн материалдарды, сондай-ақ одан жасалатын бұйымдарды алу, өндiру, тасымалдау, қайта өңдеу, көму және сату; арнаулы қорғаныс құралдарын қолданбай-ақ пайдалануға болатын нормадан асатын мөлшерде радиоактивтi заттары бар өнiм шығару және сату;

3) дәрi-дәрмектер, дәрiлiк заттар мен емдеу препараттарын, медициналық жабдықтар мен құрал-сайман жасау және сату;

4) энергиямен, жылумен, сумен жабдықтау, желiлiк көлiк, байланыс, коммуникация, коммуналдық және тұрғын үй шаруашылығы саласында, республикалық және жергiлiктi инфрақұрылымда тiршiлiкте қамтамасыз ететiн басқа жүйелерде өзiнiң табиғи монополия жағдай мен әлеуметтiк экономикалық маңыздылығы жағынан тiкелей мемлекеттiк басқаруын қажет ететiн шаруашылық қызметiн жүзеге асыру;

5) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң өзiне жүктелген мiндеттерiн жүзеге асыруына жәрдемдесетiн және (немесе) қаржы рыногы инфрақұрылымының бiр бөлігі болып табылатын;

6) заңдарда қаржыландырудың арнайы тәртібі белгіленген мемлекеттік автомобиль жолдарының және басқа инфрақұрылым объектілерінің желісін ұстау мен дамыту;

7) почта байланысы мен телекоммуникация, жалпыреспубликалық және халықаралық байланыс желілерін пайдалану;

8) денсаулық сақтау, табиғатты қорғау, білім беру, әлеуметтік қорғау, ғылым, мәдениет, туризм және спорт саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру;

9) бұқаралық ақпарат құралдары, баспа және полиграфия қызметі саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру;

10) қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы өндірістік қызметті жүзеге асыру.

11) жер кадастрларын, Қазақстан Pecпубликасының нормативтік құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргізуді қамтамасыз ететін қызметті жүзеге асыру;

12) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк материалдық резервiн қалыптастыру және сақтау саласында шаруашылық қызметтi жүзеге асыру.

Мемлекеттiк органдардың қызметтiк ғимараттарын пайдалануды, оларға көлiк қызметiн көрсетудi және оларды жабдықтау функцияларын орындауды жүзеге асыру мақсатында шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындар құруға тыйым салынады.

Кәсiпорынның мүлiктiк құқықтарын жүзеге асыру шарттары

1. Қызметiн шаруашылық жүргiзу құқығы негiзiнде жүзеге асыратын кәсiпорынның уәкілетті органның жазбаша келiсiмiнсiз:

1) өзіне тиесілі үйлерді, ғимараттарды, жабдықтарды және кәсіпорынның басқа да негізгі құралдарын иеліктен айыруға немесе өзге де әдiспен оларға билiк етуге, ұзақ мерзімді (үш жылдан астам) жалға беруге, уақытша тегін пайдалануға беруге;

2) филиалдар, өкілдіктер мен еншiлес кәсiпорындар құруға жеке кәсiпкерлермен бiрге кәсiпорындар мен бiрлескен өндiрiстер құруға, оларға өзiнiң өндiрiстiк және ақшалай капиталын салуға;

2-1) өзіне тиесiлi акцияларға, сондай-ақ дебиторлық берешекке билiк етуге;

2-2) үшiншi тұлғалардың мiндеттемелерi бойынша кепiлгерлiк немесе кепiлдiк беруге;

3) заемдар беруге құқы жоқ.

2. Егер меншiк иесi (уәкiлдi орган) өзгеше белгiлемесе, осы баптың 1-тармағында көрсетiлген мүлiкпен мәмiле жасаудан алынған ақшаны кәсiпорын өздiгiнен пайдаланады.

3. Егер заңдарда өзгеше көзделмесе, кәсiпорын өзiне шаруашылық жүргiзу құқығына бекiтiлiп берiлген негiзгi құралдарға жатпайтын жылжымалы мүлiкке дербес билiк етедi.

Қазыналық кәсіпорындар үшін қызметтің бұдан да тар өрісі көзделген. Қазыналық кәсіпорындар заңнамада белгіленген тәртіппен мына мақсатта құрылады: Қазыналық кәсiпорындар заңдарда белгiленген тәртiппен:

1) төтенше және авариялық жағдайларда кен-құтқару және өзге де арнаулы жұмыстарды орындау, өрттен, су тасқынынан және басқа да табиғи зiлзаладан қорғау;

2) қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы өндірістік қызметті жүзеге асыру;

4) топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстар жүргiзу;

5) денсаулық сақтау, табиғатты қорғау, бiлiм беру, әлеуметтiк қорғау, ғылым, мәдениет және спорт саласында өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi жүзеге асыру;

6) мемлекеттік органдардың қызметтiк ғимараттарын пайдалануды, оларға көлік қызметiн көрсетудi және оларды жабдықтау функцияларын орындауды жүзеге асыру;

7) кеме жүзетін жолдар мен гидротехникалық құрылыстарды (шлюздерді) күтіп-ұстау мен дамыту;

8) мемлекеттік монополияға жатқызылған салалардағы қызметті жүзеге асыру;

9) жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық есепке алу қызметін жүзеге асыру үшін құрылуы мүмкін.»

 Жедел басқару құқығы қазыналық кәсiпорынның меншiк иесiнен алған және өз қызметiнiң мақсатына, меншiк иесiнiң тапсырмалары мен мүлiктiң мақсатына сәйкес Мемлекеттік кәсіпорын туралы Заң мен өзге де заң актiлерiнде белгiленген шекте сол мүлiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығын жүзеге асыратын заттық құқық болып табылады.

Кәсіпорынның жедел басқаруына берiлген мүлiктi

меншiк иесiнiң қайтып алу және қайта бөлу құқығы

Қазыналық кәсiпорынға бекiтiп берiлген мүлiк иесi, егер заң актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, өз қалауы бойынша мүлiктi қайтарып алуға немесе оны өзi құрған басқа заңды тұлғалар арасында қайта бөлуге құқылы.

Қазыналық кәсiпорынның мүлкiне билiк ету

Қазыналық кәсiпорын өзiне бекiтiлiп берiлген мүлiктi және өзiнiң шаруашылық қызметi нәтижесiнде түскен қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi, Мемлекеттік кәсіпорын туралы Заңның 10-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкiлеттi органның жазбаша келісімімен ғана жатсындыруға немесе оған өзгеше тәсiлмен билiк етуге құқылы.

Қазыналық кәсiпорын өзi өндiрген өнiмдi дербес өткiзедi.

Қазыналық кәсiпорын мен оның меншiк иесiнiң жауапкершiлiгi

1. Қазыналық кәсiпорын өзiнiң мiндеттемелерi бойынша билiк етуiндегi ақшамен жауап бередi.

Қазыналық кәсiпорынның қалған мүлкiн өндiрiп алуға осы кәсiпорын таратылғаннан басқа жағдайларда жол берiлмейдi.

2. Қазыналық кәсiпорын өз мүлкiн иеленушiнiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.

3. Қазыналық кәсiпорынның ақшасы жеткiлiксiз болса, оның мiндеттемелерi бойынша субсидиялық жауапкершiлiктi Қазақстан Республикасы немесе әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк көтередi.

Қазыналық кәсіпорынның шарттық міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бөлініс тек мемлекеттік тапсырысты орындау шеңберінде ғана субсидиарлық жауапкершілікті көтереді.

4. Таратылған қазыналық кәсiпорынның мүлкi кредиторлардың талаптарын қанағаттандыруға жеткiлiксiз болған жағдайда, соңғылары осы кәсiпорын мүлкiнiң меншiк иесi есебiнен талаптың қалған бөлiгiн қанағаттандыру туралы сотқа талап қоюға құқылы.

5. Зейнетақылар төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтың мiндеттемелерi бойынша жауапкершiлiктi толық көлемде Қазақстан Республикасының Үкiметi көтередi.

2. Мемлекет меншік құқығының негізгі субъектісі болып табылады. Көптеген әртүрлі сипаттағы функцияларды жүзеге асырудың қажеттігі және бірдей бағынышты мемлекеттік органдардың тармақталған жүйесі

Мемлекеттік меншік құқығын іске асыратын субъектілердің көп болуын алдын ала анықтады.

ПӘННІҢ АТАУЫ: ЗАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ

Тақырып № 7 ортақ меншік құқығы

  1. Ортақ меншік түсінігі

2. Ортақ меншік түрлері

Ортақ меншік: екi немесе бiрнеше адамның меншiгiндегi мүлік оларға ортақ меншiк құқығымен тиесiлi болады (АК 209 бабы).  Мүлік меншiк иелерiнiң әрқайсысының меншiк құқығындағы үлестерi белгiлене отырып (үлестiк меншiк) немесе ондай үлестер белгiленбей (бiрлескен меншiк) ортақ меншiкте болуы мүмкiн.

Мүлікке ортақ меншiк үлестiк меншiк болып табылады, бұған мүлікке ортақ меншiк құру заңда көзделген реттер қосылмайды. Ортақ меншiк екi немесе бiрнеше тұлғаның меншiгiне мүлік түскен кезде пайда болады, оны өзiнiң мақсаты өзгертiлмейiнше бөлуге болмайды (бөлiнбейтiн заттар), өйткенi ол заңға сәйкес бөлiнуге жатпайды.  Бөлiнетiн мүлікке ортақ меншiк заң құжаттарында немесе шартта көзделген реттерде пайда болады. Бiрлескен меншiкке қатысушылардың келiсiмi бойынша, ал келiсiмге қол жетпеген жағдайда - сот шешiмi бойынша ортақ меншiкке осы адамдардың үлестi меншiгi белгiленуi мүмкiн.

Жылжымайтын мүлікке меншiк кондоминиум нысанында пайда болуы мүмкiн, бұл жағдайда жылжымайтын мүліктiң жекелеген бөлiктерi азаматтардың және (немесе) заңды тұлғалардың дара (бөлек) меншiгiнде болады, ал жылжымайтын мүліктiң бөлек меншiкте емес бөлiктерi ортақ үлестiк меншiк құқығымен жылжымайтын мүлік бөлiктерiнiң иелерiне тиесiлi болады. Әрбiр меншiк иесiнiң ортақ мүліктегi үлесi оның жылжымайтын мүліктiң өзiне тиесiлi бөлiгiне бөлек меншiгiнен ажырағысыз. Кондоминиумның әр алуан түрлерiнiң құқықтық режимiнiң ерекшелiктерi заң актiлерiмен айқындалуы мүмкiн.

Әрбiр меншiк иесiнiң ортақ мүліктегi үлесiнiң мөлшерi мен оны ұстауға арналған шығындарға қатысу дәрежесi, егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше көзделмесе, жылжымайтын мүліктiң дара (бөлек) меншiктегi бөлiктерiнiң мөлшерiне байланысты болады.

Инвестициялық пай қорының активтерiне ортақ үлестiк меншiктiң құқықтық режимiнiң ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы заң актiсiмен айқындалады.

Ортақ меншік қатысушыларының ортақ меншік объектісін пайдалану және басқару құқығы тең болады және қатысушылардың келісімі бойынша жүзеге асырылады (АК 213 б.). Ортақ меншік иелерінің бірі өз үлесін бөліп алуға ниет білдірген жағдайда, өзге меншік иелерінің, сатылатын үлесті сатып алуға басым құқығы бар екенін умытпауы қажет (АК 216 б.).

Ортақ меншік түрлері. Ортақ бiрлескен меншiктегі мүліктер заңмен белгіленеді (219 бап), олар:

1) ерлi-зайыптылардың ортақ меншiгi;

2) шаруа және фермер қожалығының ортақ меншiгi;

3) жекешелендiрiлген тұрғын үйге ортақ меншiк түрiнде болады.

Заң құжаттарында ортақ бiрлескен меншiктiң басқа да түрлерi көзделуi мүмкiн.

Ортақ бiрлескен меншiк қатысушылар арасындағы келісім шартпен ортақ үлесті меншікке ауыстырылуға болады.

Ортақ меншік құқығы дегеніміз – ол екі немесе бірнеше тұлғалардың меншігінде болатын мүлікке деген құқығы. Ортақ үлестік меншік құқығы азаматтық өріске қатысушылардың барлығында болуы мүмкін, ал ортақ бірлескен меншік қатысушылардың үлестері алдын-ала белгіленбеген жағдайда туындайды. Ортақ бірлескен меншікте болатын мүлік түрлері заңмен көзделеді (ҚР АК 219 б.): жекешелендірілген тұрғын үйге деген ортақ бірлескен меншік, ерлі зайптылардың ортақ бірлескен меншігі және шаруа қожалығының ортақ бірлескен меншігі. Ортақ үлестік меншік құқығының бір түрі - кондоминиумға кіретін пәтерлердегі ортақ пайдаланудағы орындарға деген пәтер иелерінің ортақ меншігі. Ортақ меншік заңды тұлға құрмастан жай серіктестік шартын жасау негізінде де пайда болуы мүмкін. Заңды тұлға құрмастан ортақ меншік негізінде әрекет ету мысалы: ол консорциум және шаруа қожалығын құру (ҚР АК 12 тарауы).

Бірлескен қызмет туралы келісім шарт жай серiктестiк деп аталады. АК-ң  228-бабына сай жай серiктестiк бiрлескен қызмет туралы шарт негiзiнде құрылады. Бiрлескен қызмет туралы шарт (жай серiктестiк шарты) бойынша тараптар табыс табу немесе заңға қайшы келмейтiн өзге де мақсатқа қол жеткiзу үшін бiрлесiп әрекет жасауға мiндеттенедi.  Жай серiктестiк заңды тұлға болмайды. Бiрлескен қызмет туралы шарт (жай серiктестiк шарты) азаматтардың, азаматтар мен заңды тұлғалардың арасында, заңды тұлғалар арасында жасалады (консорциум). Жай серiктестiк қатысушыларының бiрлескен қызметi туралы шартқа байланысты мiндеттемелерi, егер бiрлескен қызмет туралы шартта өзгеше көзделмесе, үшінші жақтар алдында ортақ болып табылады.

ПӘННІҢ АТАУЫ: ЗАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ

Тақырып № 8 БІРЛЕСКЕН ҚЫЗМЕТ ТУРАЛЫ ШАРТ.

    1. Бірлескен қызмет туралы шарт ұғымы.

    2. Бірлескен қызмет туралы шарттың мазмұны.

1. Бірлескен қызмет туралы шарт бойынша (жай серіктестік шарты) бойынша тараптар табыс табу немесе заңға қайшы келмейтін өзге де мақсатқа қол жеткізу үшін бірлескен әрекет жасауға міндеттенеді (ҚР АК 228 б. 1 т.). Бірлескен қызмет туралы келісім шарт жай серіктестік деп аталады. АК-ның 228-бабына сай жай серіктестік бірлескен қызмет туралы шарт негізінде құрылады. Жай серіктестік заңды тұлға болмайды. Бірлескен қызмет туралы шарт (жай серіктестік шарты) азаматтардың, азаматтар мен заңды тұлғалардың арасында, заңды тұлғалардың арасында, заңды тұлғалар арасында жасалады (консорциум). Жай серіктестік қатысушыларының бірлескен қызметі туралы шартқа байланысты міндеттемелері, егер бірлескен қызмет туралы шартта өзгеше көзделмесе, үшінші жақтар алдында ортақ болып табылады.

ҚР АК-ң ерекшеліктерінің бірі сол – бірлескен қызмет туралы тарау жалпы бөлімде орналасқан, ал ТМД-ның барлық басқа елдерінің АК-де ол ерекше ол ерекше бөлімнің «Міндеттемелік құқық» тарауында берілген. Мұның себебі – ҚР АК-н жасаушылардың пікірінше бірлескен қызмет туралы шарттан міндеттемелік құқық қатынастары емес, заттық қатынастар туындайды. Сондықтан да бұл шарт туралы нормалардың ортақ меншік туралы тараудан кейін оналасуы қисынды.

АК-ң 12-тарауы «Бірлескен қызмет туралы шарт (Жай серіктестік)» деп, ал 28-бап – «Жай серіктестік» деп аталады. 228-бапта жай серіктестік бірлескен қызщмет туралы шарт негізінде құрылады делінген.

Бірлескен қызмет туралы шарт және жай серіктестік ұғымдары өзара байланысты ұғымдар. Бұл ұғымдар 228-бапта әртүрлі жиынтықта берілген (ол, заң тұрғысынан алғанда кейде дәл емес әрі тексерілмеген). Мысалы, бір жағдайда бірлескен қызмет туралы шартпен (жай серіктестікпен) жиынтықта, басқа жағдайда – бірлескен қызмет туралы шартпен (жай серіктестіктің шарты), ал үшінші жағдайда – жай серіктестік бірлескен қызмет туралы шарт негізінде құрылады деп баяндалған.

Бұл терминдердің дәл түсініктемесін мынадан табамыз. Бірлескен қызмет туралы шарт пен жай серіктестік шарты – бір мағыналы терминдер. Бірлескен қызмет туралы шарт (жай серіктестік шарты) негізінде жай серіктестік құрылады. Ал, АК-ң 12 тарауын «Бірлескен қызмет (жай серіктестік)» деп атау керек еді.

Тағы да айта кететін бір жағдай – АК-да бірде «Бірлескен қызмет туралы шарт», бірде «бірлескен шаруашылық қызмет туралы шарт» делінген. Бірінші термин дәлірек келеді. Әрине, бірлескен қызмет туралы шарттың қатысушылары, әдетте, шаруашылық қызметімен айналысады, бірақ, кейде, ол қызмет басқа сипатта да болуы мүмкін (мәдени, қайырымдылық т.б.). Бұған жол беруге болады, себебі шарттарда ақылы да, ақысыз да сипат болуы мүмкін.

Осыдан барып АК-ң соңғы редакциясында, негізінен, - «бірлескен қызмет» термині қолданылады. Бірлесекн шаруашылық қызметі жайында тек консорциумға қатысты айтылады (АК 223 бабы.).

Біздің ойымызша, кәсіпкерлік қызмет үшін құрылатын коммерциялық серіктестікті табыс алуды мақсат тұтпаған, заңға қайшы келмейтін басқа мақсатқа бағытталған (мысалы, тұрғын үйді сатып алуға) коммерциялық емес серіктестіктен бөліп қараған дұрыс.

Бап «жай серіктестік» деп аталғандықтан жай және шаруашылық серіктестіктерінің айырмашылықтары мен ұқсастықтарын салыстыра айқындауға тырысайық:

Жай серіктестік заңды тұлға болып табылмайды.

Шарушылық серіктестігі – коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғалардың бір түрі.

Әсіресе жай серіктестік пен толық серіктестік арасында ұқсастық көп, себебі екі жағдайда да серіктестік құрған азаматтар, оның борышы бойынша өздерінің барлық мүліктерімен жауап береді. Бұлардың айырмашылығы сонда, бірінші жағдайда азаматтар заңды құрады. Екінші жағдайда – заңды тұлға құқықтың азаматтық айналымдағы өзінше дербес субъектісі ретінде туындайды. Жай серіктестік құрғанда құқықтың жаңа дербес субъектісі туындамайды, ал қатысушылары ары қарай қатыса береді.

Жай серіктестіктің консорциум сияқты түрі Ак-да айрықша реттеледі. Консорциум – бірлеске шаруашылық қызмет туралы шарт негізінде заңды тұлғалар нақты шаруашылық міндеттерін шешу үшін белгілі бір ресурстарды біріктіріп, күш-жігерді үйлесіретін ерікті түрдегі тең құқықты уақытша одақ (бірлестік) (АК 223 б. 1 т.). Консорциум дегеніміз заңды тұлғалар бірлестігінің бір формасы. Заңды тұлғалар бірлестігі коммерциялық (бірнеше шаруашылық серіктестігі нысанында коммерциялық бірлестік құрады) және коммерциялық емес – қауымдастық (одақ) нысанында болады. Бұл бірақ, заңды тұлғалар болып табылатын бірлестіктерге қатысты.

Консорциум – заңды тұлға емес. Ол – шарттық бірлестік, консорциуимның қатысушыларының арасындағы барлық қатынасты бірлескен қызмет туралы шарт пен консорциум мүлкіне ортақ үлесті меншік жайындағы нормалар анықтайды.

Консорциум – жай серіктестіктің бір түрі. Оның қатысушылары – заңды тұлғалар. Сондықтан да жай серіктестіктер туралы жалпы ережелерді консорциумға қолдануға болады.

1. Бірлескен қызмет туралы шарттың қатысушыларының құқықтары мен міндеттері шарттың мазмұнын құрайды.

Қатысушылардың міндеттеріне мыналар жатады: мүліктік жарналар енгізу, серіктестің ортақ ісін жүргізуге қатысу.

Жай серіктестіктің қатысушыларының құқықтары мыналар:

  • серіктестіктің ортақ істерін басқаруға және жүгізуге қатысу құқығы;

  • ақпаратқа құқық;

  • жай серіктестік қызметіне қатысуға құқықты басқаға беру құқығы және қатысудан бас тарту құқығы;

  • ортақ мүлікке қатысты туындайтын, оның ішінде табыстан үлес алуға құқық.

Қатысушылардың әрқайсысының салымдарын ақшалай бағалағанда тараптардың өзара келісімі керек. Әркімнің үлесінің мөлшері шарт бойынша салым мөлшеріне қарай анықталады.

Ортақ мүлікке салымдар қосудың мөлшері мен тәртібі бойынша қатысушылар келісімін бірлескен қызмет туралы шарттың елеулі талабы деп тану қажет (АК 393 б.).

Шарттың қатысушыларының ортақ іс жүргізуі серіәктестік қатысушыларының міндеті де, құқығы да. Жалпы ереже бойынша, бірлескен ортақ келісімі бойынша жүзеге асырылады (229 б.).

Шығындар мен залады шарттың барлық қатысушылары жабады, ол жалпы ереже. 231-бап ортақ шығындар мен болатын залалдарды жабу тәртібін анықтауды қатысушылардың өздерінің құзырына қалдырған. Бірлескен қызмет туралы шартта мұндай тәртіп көзделмеген жағдайда ғана 231-бапта көзделген тәртіп күшіне енеді.

Бұл жердегі басты принцип мынау: ортақ шығындар мен залалдар шартқа қатысушылардың ортақ мүлкі есебінен өтеледі, ал жетпей қалған сомалар осы мүліктегі олардың үлестеріне қарай бөлінеді. Бұл принцип ортақ меншік туралы нормаларда да қолданылады (АК 215 б.).

ПӘННІҢ АТАУЫ: ЗАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ