Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Затты ы - аз.doc
Скачиваний:
56
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
1.2 Mб
Скачать

Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі

ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ

Ұлттық құқық (әділ сот, адвокатура және кәсіпкерлік құқық) Жоғары мектебі

АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ КАФЕДРАСЫ

«БЕКІТЕМІН»

ҰҚЖМ Проректор-директоры

з.ғ.д., профессор

У.Шапак _______________

«___» ___________2012 ж.

ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

(syllabus)

Пәннің атауы «Заттық құқық»

Мамандық Құқықтану

Оқу нысаны Күндізгі

Барлығы 2 кредит

Курс 3

Семестр 5

Дәрістер 20 сағат

Семинар сабақтары 10 сағат

Аралық бақылау саны 2

СОӨЖ 15 сағат

СӨЖ 45 часов

Емтихан 5 семестр

Еңбек көлемі 90 сағат

Астана, 2012

2.1. Курсты жүргізетін оқытушы туралы мәліметтер

Рахимова Гузаль Худайбергеновна - заң магистрі, ҚазГЗУ азаматтық құқық кафедрасының аға оқытушысы

2000 жылы Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетін тамамдаған.

Негізгі ғылыми жұмыстары:

  • Зияткерлік меншік құқығын қорғау мәселелері

  • Тіл білімі: қазақ, орыс, ағылшын сөздікпен

  • Кафедра туралы мәліметтер: азаматтық құқық кафедрасытел._______________

  • 2.2. Пререквизиттер: Мемлекет және құқық теориясы,Конституциялық құқық, Рим жеке құқығы,Азаматтық құқығы, Жер құқығы.

2.3. Пәннің сипаттамасы:«Заттық құқық» пәні заң жоғары оқу орындарында оқытылатын маңызды арнайы курстардың бірі. «Заттық құқық» арнайы курсын студенттерге оқыту қажет, себебі заттық құқық заттардың азаматтық-құқықтық субъектілеріне қатысын көрсетеді және бұл оны міндеттемелік құқық, зияткерлік меншік құқығынан ажыратуға мүмкіндік береді.

Кеңес одағы кезінде заттық құқық азаматтық құқықтан алып тасталынды, тек меншік құқығы ғана болды. Қазіргі уақытта жағдай өзгерді. ҚР АК 2 бөлімі «Меншік құқығы және өзге де заттық құқықтар» деп аталады. Заттық құқық азаматтық құқықтың орталық институттарының бірі болып табылады. Сонымен қатар, заттық құқық жүйесінде маңызды орынды меншік құқығы алады. «Басқа да заттық құқықтар» деп меншік иесі емес тұлғалардың заттық құқықтары айтылады.

Арнайы курстың зерттеу пәні болып азаматтық құқық субъектілерінің заттық-құқықтық қатынастарын реттейтін құқық нормалары табылады. Студенттер заттық құқық туралы ережелермен Рим құқығы, Мемлекет және құқық теориясы, Конституциялық құқық, Азаматтық құқық (жалпы бөлім) курстарынан таныс. Студенттердің алдына азаматтық-құқықтық қатынастарды реттейтін азаматтық-құқықтық нормаларын тереңірек зерттеу, игеру және талдау міндеттері қойылады.

Бағдарлама тақырыптар тізімін, осы арнайы курс бойынша оқытылатын негізгі сұрақтардан, әдебиеттер мен нормативтік актілер тізімінен тұрады.

Сабақтарды өткізу уақыты мен орнысабақ кестелеріне сай белгіленеді.

2.4. Дәрістердің тақырыптық жоспары

Тақырыптар №

Тақырыптар және олардың сағаттағы көлемі

Бақылау сұрақтары

Сабақтардың мақсаты мен міндеттері

Мәселелі сұрақтар

1.

Заттық құқықтар ұғымы және олардың түрлері

Заттық құқықтың түсінігі және белгілері.

Заттық құқықтардың негізгі топтары.

Заттық құқық тарихын, түсінігін, маңызын анықтау.

Заттық құқықтың азаматтық құқықта алатын орнын анықтау. Заттық құқықтардың қалыптасқан ерекше белгілерін айқындай отырып, ерекшеліктерін анықтау.

2.

Меншік құқығы шексіз заттық құқық ретінде.

Меншік құқығының ұғымы және мазмұны.

Меншік құқығының нысандары және түрлері. Ортақ меншік.

Меншік құқығының мәнін және құқықтық режимін анықтау.

Меншік құқығы мен заттық құқықтың арақатынасын анықтау. Меншік құқығының экономикалық негіздерін айқындау. Меншік құқығы туралы ережелердің қалыптасу тарихы. Жеке меншік құқығы және кәсіпкерлік қызмет еркіндігі.

3.

Рим құқығындағы заттық құқық.

Рим құқығы бойынша заттық құқық ұғымы, жіктелуі.

Рим құқығы бойынша заттық құқық ережелерінің ерекшеліктерімен танысу.

Заттық құқық туралы ілім, олардың топтастырылуы. Рим құқығындағы заттардың түрлері. Рим жеке құқығындағы меншік институты. Бөтеннің мүлкіне құқық. Рим құқығындағы иелену. Меншік құқығын қорғау. Меншік құқығының тоқтатылуы.

4.

Азаматтардың меншік құқығы

Азаматтардың меншік құқығы ұғымы, оның түрлері мен туындау негіздері. Азаматтардың меншік құқығының объектілері.

Азаматтардың меншік құқығын реттеудің ерекшеліктерін айқындай білу, танысу.

Меншік құқығының субъектілері мен объектілерін анықтау. Азаматтардың меншік құқығының түрлерін және олардың ерекшеліктерін айқындау. Азаматтардың меншік құқығының объектілері.

5.

Заңды тұлғалардың меншік құқығы.

Заңды тұлғаның меншік құқығы ұғымы. Меншік құқығының субъектілері, нысандары және мазмұны. Заңды тұлғалардың түрлеріне қарай меншік құқығын иемдену ерекшеліктері.

Заңды тұлғалардың түрлеріне қарай заттық құқықтарының ерекшеліктерімен танысу.

Заңды тұлғалардың кейбір түрлерінің меншік құқығы шеңберін анықтау.

6.

Мемлекеттік меншік құқығы

Мемлекеттік меншік құқығы ұғымы. Мемлекеттік меншік құқығының субъектілері. Мемлекеттік меншік құқығының мазмұны. Мемлекеттік меншік құқығының объектілері.

Мемлекеттік меншіктің пайда болу негіздерін, шеңберін, құқықтық жағдайын анықтау.

Мемлекеттік меншік құқығының субъектілері мен объектілері. Мемлекеттік меншік құқығын реттейтін арнайы заң ережелері мен жалпы ережелерді талдау. Мемлекеттік кәсіпорынның мүліктік құқықтарын жүзеге асыру ережелері.

7.

Ортақ меншік құқығы. Ортақ меншік құқығының түсінігі. Ортақ меншік құқығының түрлері.

Ортақ меншік құқығының құқықтық режимі мен түрлерін анықтау.

ТМД елдерінің заңдарындағы кондоминиумның басқа да ережелері. Кондоминиумды басқарудың тәжірибелік мәселелері.

8.

Бірлескен қызмет туралы шарт. Бірлескен қызмет туралы шарт ұғымы. Бірлескен қызмет туралы шарттың мазмұны.

Бірлескен қызмет туралы шарт пен құрылтай шартының арақатынасын айқындау.

Консорциум ерекшеліктері.

9.

Табиғи ресурстарға заттық құқықтар.

Жерді пайдалану құқығы. Жер қойнауын пайдалану құқығы. Су ресурстарын пайдалану құқығы.

Табиғи ресурстарды пайдаланудың түрлерін, ережелерін үйрену

Табиғи ресурстарға басқадай заттық құқықтар. Жерді пайдалану құқығы. Жер қойнауын пайдалану құқығы. Су ресурстарын пайдалану құқығы.

10.

Бағалы қағаздарға заттық құқық. Бағалы қағаздар заттық құқық объектісі ретінде.

Бағалы қағаздың меншік құқығының объектісі ретіндегі түсінігін айқындау. Бағалы қағазбен байланысты құқықтық қатынастарды реттеу.

Бағалы қағаздың заттық құқықтың басқа объектілерінен ерекшеліктері. Бағалы қағаздардың азаматтық айналымға қатысуы. Бағалы қағаздар кепіл құқығының объектісі ретінде.

11.

Меншік құқығы және өзге де заттық құқықтарды иелену және тоқтату негіздері.Меншік құқығына және өзге де заттық құқықтарға ие болу негіздері.

Меншік құқығының және өзге де заттық құқықтардың тоқтатылуы.

Меншік құқығы мен өзге де заттық құқықтарды иелену ерекшеліктерін үйрену. Мемлекеттік қажеттілік үшін жер учаскесін алып қою, реквизиция, тәркілеу сұрақтарын білу.

Меншік құқығын иеленудің әр түрлі тәсілдері. Кейбір заттық құқық түрлерінің пайда болуы мен тоқтатылу негіздерін құқықтық реттеу мәселелері.

Меншік құқығын тоқтату тәртібі.

12.

Меншік құқығы және өзге де заттық құқықтарды қорғау. Меншiк құқығын және шектелген заттық құқықтарды қорғау ұғымы.

Заттық құқықтарды қорғаудың заттық құқықтық тәсілдері.

Заттық құқықтарды қорғаудың міндеттемелік құқықтық тәсілдері.

Меншiк құқығын және шектелген заттық құқықтарды қорғау ұғымын түсіну.

Меншік құқығын қорғаудың тәсілдерін үйрену. Заттық құқықтарды қорғаудың азаматтық құқықтық тәсілдері мен міндеттемелік құқықтық тәсілдерін айқындау.

Меншік құқығын қорғаудың азаматтық-құқықтық тәсілдерінің ерекшеліктері. Заттарды заңсыз иеленуден қайтарып алу кезінде есеп айырысу. Меншік иесі емес адамның заттық құқықтарын қорғау. Заңда көзделген негіздер бойынша меншік иесінің құқықтары тоқтатылған кезде оның мүдделерін қорғау.

БАРЛЫҒЫ 20 сағат