Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Затты ы - аз.doc
Скачиваний:
56
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
1.2 Mб
Скачать

Тақырып № 9 табиғи ресурстарға заттық құқықтар

  1. Жерді пайдалану құқығы.

  2. Жер қойнауын пайдалану құқығы.

  3. Су ресурстарын пайдалану құқығы.

Бүгінгі таңда жерге меншік құқығына байланысты мәселелер қоғамның даму қарқынымен күннен-күнге дамып жетіліп келеді. Бұл өз кезегінде еліміздегі жерге меншік құқығымен байланысты құқықтық нормаларды қоғамның дамуына сәйкес дамытып отыруды талап етеді. Осы талапты орындаумен құқықтық нормада жіберілген құқықтық қателерді қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Дүние жүзінің көптеген дамыған елдерінде «нағыз меншік» деп аталатын жерге жеке меншік қолданылады. Жер бір тұлғаның иелігінде немесе жерге ортақ меншік және пайдалану құқықтары бар бірнеше тұлғаға тиеселі болуы мүмкін. Қазақстанда да жер мәселесі әрқашанда өзектілігімен ерекшеленді. Жер сұрақтары тек қана кеңес дәуіріне дейін және кеңестік дәуірде де шиеленісіп қана қоймай, қазіргі уақытта да күрделі мәселеге айналып отыр.

Елімізде ауыл шаруашылық жерлерін жеке меншікке сату қажет пе деген заңды сұраққа жауап табу өте қиын. Бұл мәселе 2003 жылы айтарлықтай дау дамайға әкеліп соқтырған болатын, осы мәселені шешу үшін заң шығарушы тарапынан елімізде жер кодексі қабылданды. Жер кодексіне сәйкес ауыл шаруашылық жерлер сатуға шығарыла бастады. Бірақ жер кодексі бұл мәселелерді толыққанды шеше алмай отыр. Жерге жеке меншік құқығы абсолюттік құқық емес. Оның себебі: жердің табиғи сипаты мен қоғамдық атқаратын қызметіне байланысты екендігінде жатыр.

Жеке меншік құқығы мемлекеттік меншікті жүзеге асырудың тәсілі, өз мазмұны бойынша мемлекеттік меншіктен туындайды. Бірақ та мемлекеттің жерге жеке меншікті шектеу, жер қорын пайдалану және қорғаудың құқықтық режимін қамтамасыз етудің жалпы талаптары бойынша жер учаскелерін алып қою және тәркілеу мүмкіндіктері сақталады. Сондықтан да жерді жеке меншік саласына енгізу жер ресурстарын айналымға толықтай еркіндікпен енгізуді, мемлекеттің жерге құқығын жоғалту дегенді білдірмейді. Жерге жеке меншік құқығы міндетті түрде жер қатынастары саласында жариялы мүдделерді білдіретін қажетті шектеулермен және ауыртпалықтармен бірге жүреді. Мәселен, Жер кодексінің 42-бабына сәйкес, егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше белгіленбесе, жер учаскесіне құқық осы учаске шекарасындағы топырақтың үстіңгі қабатына, тұйық су айдындарына, екпелерге қолданылады.

Дүниежүзілік дамыған елдерде жерге жеке меншік құқығының мазмұнына қарап, оны «шынайы меншік түрі» деп танығанымен, оның кең көлемде өз елдерінің құқықтық қатынастарында жүзеге асырылу тетіктеріне байыппен қарайды.

Мемлекет Қазақстандағы барлық жердің басты қожасы және үйлестірушісі ретінде, азаматтармен мен заңды тұлғаларға жер учаскелерін жеке меншікке немесе жер пайдаланушыға береді. Сондықтан мемлекет, қоғамның қажеттіліктерін және жерді ұтымды пайдалану мүмкіндіктерін басшылыққа ала отырып, жер иелері мен оны пайдаланушыларға жер учаскелерін пайдаланудағы құқықтары мен міндеттерін заң тәртібімен белгілеп береді.

Мемлекет өзі тікелей жерді пайдалану құқығын жүзеге асырмайды. Жерді шаруашылықта пайдалану, оның тиімді қасиеттерін игеру нәтижесінде пайда табу, уақытша немесе тұрақты жер пайдалану құқықтары арқылы азаматтармен немесе заңды тұлғалармен жүзеге асырылады.

Жер учаскелерінің Қазақстанда жылжымайтын мүліктің объектісі ретінде айналымға енгізілуі, бір жағынан, азаматтық заңдарды реформалауды және субъектінің жер теліміне меншік құқығын жүзеге асыруы үшін нормативтік база құруды, ал екінші жағынан иеленген құқықты заңсыз иеленуден қорғау тәсілдерін кеңейтуді талап етеді.

Қазақстан Республикасы егемендік пен тәуелсіздік жариялаумен қатар, нарықтық экономикалық қоғам құра бастады. Сонымен қатар, осыншама қысқа уақыт аралығында, Республикамызда нарықтық экономикамызға жан-жақты төселген меншік түрлеріне, оған иелік ету формаларына негізделген көптеген зандар қабылданды. Дегенмен, жерге мемлекеттік меншіктік көзқарас өзгеріссіз қалып, нарық механизмдері толық дәрежеде іске қосыла алмады. Жаңа қоғам бой көтергенімен де ескі формация тұғырында оның өмірге қабілетсіздігі байқалып тұрды. Сондықтан да жас мемлекетіміздің дамуы үшін қоғамымызда жер қатынастарын өзгерту, жерді меншік ретінде мойындау маңыздылығы туындады.

Меншіктегі жер учаскесі – бұл осы жерге ешкімнің кірісуінсіз еркін иелік ету. Бұл жұмсалған еңбектің жоғары пайдасын көру мақсатында жерді қорғау мен ұтымды пайдалануға кепілдік болып табылады.

Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады.

Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс. Меншік субъектілері мен объектілері, меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге асыру көлемі мен шектері, оларды қорғау кепілдіктері заңмен белгіленеді.

Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады. Жер,сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін [1,6 бап].

Жалпы меншік құқығы және оның мазмұны:

Меншік құқығы дегеніміз субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы.

Меншік құқығы мәміле жасалған кезде болған барлық жүктемелермен басқа адамға беріледі.

Меншік иесінің өз мүлкін иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы болады.

Иелену құқығы дегеніміз мүлікті іс жүзінде иеленуді жүзеге асыруды заң жүзінде қамтамасыз ету болып табылады.

Пайдалану құқығы дегеніміз мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі. Пайда кіріс, өсім, жеміс, төл алу және өзге нысандарда болуы мүмкін.

Билік ету құқығы дегеніміз мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуі.

Меншік иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез келген әрекеттер жасауға, соның ішінде бұл мүлікті басқа адамдардың меншігіне беріп, иелігінен шығаруға, өзі меншік иесі болып қала отырып, оларға мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету жөніндегі өз өкілеттігін тапсыруға, мүлікті кепілге беруге және оған басқа да әдістермен ауыртпалық түсіруге, оларға өзгеше түрде билік етуге құқылы.

Меншік иесінің өз өкілеттігін жүзеге асыруы басқа тұлғалар мен мемлекеттің құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделрін бұзбауға тиіс. Құқықтар мен заңды мүдделерді бұзушылық басқа нысандарымен қатар, меншік иесінің өзінің монополиялық және өзге де басымдық жағдайын пайдаланып қиянат жасауынан көрінуі мүмкін.

Меншік иесі өз құқықтарын жүзеге асырған кезде азаматтардың денсаулығы мен айналадағы ортаға келтірілуі мүмкін зардаптарға жол бермеу шараларын қолдануға міндетті.

Меншік құқығының мерзімі шексіз. Мүлікке меншік құқығы заңда көрсетілген реттерде ғана ықтиярсыз тоқтатылуы мүмкін.

Заң құжаттарында көзделген реттерде, жағдайлар мен шектерде меншік иесі өз мүлкін басқа адамдардың шектеулі түрде пайдалануына жол беруге міндетті.[2, 188 бап]

ПӘННІҢ АТАУЫ: ЗАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ

Тақырып № 10 БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРҒА ЗАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ.

  1. Бағалы қағаздар түсінігі, түрлері.

  2. Бағалы қағаздар заттық құқық объектісі ретінде.

      ҚР АК 129 б. сәйкес, бағалы қағаз - мүлiктiк құқықты куәландыратын белгiлi бiр жазбалар мен басқа да белгiлердiң жиынтығы.      Бағалы қағаздар борыштық және үлестiк болуы мүмкiн.       Борыштық бағалы қағаз — эмитенттiң (борышкердiң) осы бағалы қағаздарды шығару шарттарында борыштың негiзгi сомасын төлеу жөнiндегi мiндеттемесiн куәландыратын бағалы қағаздар.       Үлестiк бағалы қағаз — Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда мүлiк иесiнiң мүлiкке белгiленген үлесiне иелiк ету құқығын куәландыратын бағалы қағаз.       Бағалы қағаздарға акциялар, облигациялар және бағалы қағаздардың осы заң актiлерiмен айқындалған өзге де түрлерi жатады.       Бағалы қағаздар шығарылым нысаны бойынша:       1) құжатты және құжатсыз;       2) эмиссиялық және эмиссиялық емес;       3) атаулы, ұсынбалы және ордерлiк бағалы қағаздар болып бөлiнедi.       Құжатты бағалы қағаздар - құжатты нысанда (бағалы қағаздың мазмұнын арнаулы техникалық құралдарды пайдаланбай-ақ тiкелей оқу мүмкiндiгi болатын қағаз немесе өзге материалдық жеткiзушi) шығарылған бағалы қағаздар.       Құжатсыз бағалы қағаздар - құжатсыз нысанда (электрондық жазбалар жиынтығы түрiнде) шығарылған бағалы қағаздар.       Эмиссиялық бағалы қағаздар - бiр шығарылым шегiнде осы шығарылым үшiн бiрдей жағдай негiзiнде орналастырылатын және айналымда болатын, бiртектi белгiлерi мен реквизиттерi бар бағалы қағаздар.       Эмиссиялық емес бағалы қағаздар - жоғарыда көрсетiлген белгiлерге сәйкес келмейтiн бағалы қағаздар.       Атаулы бағалы қағаз - ол куәландырған құқықтардың онда аталған тұлғаға тиесiлiгiн растайтын бағалы қағаз.       Ұсынбалы бағалы қағаз - ол куәландырған құқықтардың бағалы қағазды ұсынушыға тиесiлiгiн растайтын бағалы қағаз.       Ордерлiк бағалы қағаз - ол куәландырған құқықтардың онда аталған тұлғаға, ал оларға осы құқықтар заңда (ҚР АК 132 б. 3 т.) көзделген тәртiппен берiлген жағдайда, басқа тұлғаға тиесiлiгiн растайтын бағалы қағаз.       ҚР Азаматтық Кодексімен және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiмен бағалы қағаздардың белгiлi бiр түрiн қайсыбiр нысанда шығару мүмкiндiгiне жол берiлмеуi мүмкiн.      

     Бағалы қағазға құқықтарды растау

      Бағалы қағаздың өзi құжатты бағалы қағазға құқықты растау болып табылады. Құжатты бағалы қағаздар бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысына сақтауға берiлген жағдайда, оның есебiн жүргiзу мақсатында осы кәсiби қатысушы ашқан шоттан алынған үзiндi көшiрме оған берiлген лицензияға сәйкес уәкiлеттiнiң осы бағалы қағазды осылай сақтауға құқығын растау болып табылады. Құжатты бағалы қағаз бен аталған шоттан берiлген үзiндi көшiрменiң арасында алшақтық болған кезде үзiндi көшiрмеге басымдық берiледi.       Бағалы қағаздар рыногының өзiне берiлген лицензияға сәйкес бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеуге уәкiлеттi кәсiби қатысушысындағы бағалы қағаздың есебiн жүргiзу мақсатында ашылған шоттан үзiндi көшiрме құжатсыз бағалы қағазға құқықты растау болып табылады.       Бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушыларының бағалы қағаздардың есебiн жүргiзуге арналған шоттарды ашу және жүргiзу тәртiбi, сондай-ақ осындай шоттардан берiлетiн үзiндi көшiрменiң мазмұны мен ресiмделуiне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының  заңдарымен айқындалады.   Бағалы қағаздармен куәландырылатын құқықтардың түрлерi, бағалы қағаздардың мiндеттi реквизиттерi, бағалы қағаз нысанына талаптар және басқа да қажеттi талаптар заң құжаттарымен немесе соларда белгiленген тәртiп бойынша белгiленедi.       Бағалы қағаздың мiндеттi реквизиттерi болмауы немесе бағалы қағаздың ол үшiн белгiленген нысанға сәйкес келмеуi оның жарамсыз болуына әкелiп соқтырады.

     Бағалы қағаз бойынша құқықтар беру

      Ұсынушыға бағалы қағазбен куәландырылған құқықты басқа адамға беру үшiн бағалы қағазды сол адамға тапсыру жеткiлiктi.       Атаулы бағалы қағазбен куәландырылған құқықтар талапты (цессияны) жеңiлдету үшiн белгiленген тәртiп бойынша берiледi. Бағалы қағаз бойынша құқық берушi адам АК-ң 347-бабына сәйкес бұл талапты орындау үшiн емес, тиiстi талаптың жарамсыздығы үшiн жауапты болады. Атаулы бағалы қағаз бойынша құқықтарды басқа адамға берген кезде берiлетiн қағаз жойылады, ал оның жаңа иесiне басқа бағалы қағаз берiледi.      Эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтар беру және солар бойынша құқықтарды растау ерекшелiгi Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен айқындалады.       Ордерлiк бағалы қағаз бойынша құқықтар бұл қағазға берiлгенiн жазу - индоссамент арқылы берiледi. Ордерлiк бағалы қағаз бойынша құқық берушi адам (индоссант), жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген жағдайларды қоспағанда, құқықтың болуы үшiн ғана емес, оның жүзеге асырылуы үшiн де жауапты болады.       Бағалы қағазда жасалған индоссамент бағалы қағазбен куәландырылған барлық құқықтарды бағалы қағаз бойынша құқықтар берiлетiн адамға - (индоссантқа) немесе соның бұйрығына ауыстырады. Индоссамент бланкiлiк болуы мүмкiн (орындауға тиiс адам көрсетiлмейдi).       Бағалы қағазбен куәландырылған құқықтарды жүзеге асыру, бұл құқықтарды индоссантқа бермей-ақ (сену индоссаментi) индоссаментке тапсырумен ғана шектелуi мүмкiн. Бұл жағдайда индоссант өкiл ретiнде әрекет жасайды.

     Бағалы қағаз бойынша орындау

      Бағалы қағазды берген адам және оны индоссиялаған барлық адамдар, жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы Қазақстан Республикасының  заң актiлерiнде белгiленген жағдайларды қоспағанда, оның заңды иесiнiң алдында бiрге жауап бередi. Бағалы қағаздың заңды иесiнiң сондай қағазбен куәландырылған мiндеттемесiн бағалы қағаз бойынша мiндеттенгендердiң арасынан бiр немесе бiрнеше адамның орындауы туралы талабын қанағаттандырған ретте олар бағалы қағаз бойынша өздерiнен бұрын мiндеттенген өзге адамдарға керi талап қою (регресс) құқығына ие болады.       Мiндеттеменiң негiзi болмауын не оның жарамсыздығын сылтауратып бағалы қағазбен куәландырылған мiндеттеменi орындаудан бас тартуға жол берiлмейдi.       Бағалы қағаздың жалғандығын немесе жасандылығын байқаған бағалы қағаз иесi өзiне қағазды берген адамға, бағалы қағазбен куәландырылған мiндеттеменi лайықты орындау туралы және залалдардың орнын толтыру туралы талап қоюға құқылы.       Заңсыз иеленушiнiң қолындағы бағалы қағаз бойынша құқықтар жүзеге асырылмауға тиiс.      

      Бағалы қағазды қалпына келтiру

       Жоғалған бағалы қағаз бойынша және ордерлiк бағалы қағаз бойынша ұсынушы құқығын қалпына келтiрудi iс жүргiзу заңдарында көзделген тәртiппен сот жүргiзедi.

Облигация

      Облигация - шығару кезiнде айналыс мерзiмi алдын ала белгiленген, оны шығару шарттарына сәйкес облигацияны шығарған тұлғадан ол бойынша сыйақы алу және оның айналыс мерзiмiнiң аяқталуы бойынша облигацияның ақшалай немесе өзге де мүлiктiк балама түрдегi нақты құнын алу құқығын куәландыратын бағалы қағаз.       Облигациялар тек атаулы эмиссиялық бағалы қағаздар ретiнде шығарылады.       Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi, коммерциялық ұйымдар облигациялар шығаруға құқылы.       Облигациялардың түрлерi және оларды шығару тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.      

Акция

      1. Акция - акционерлiк қоғам шығаратын және акционерлiк қоғамды басқаруға қатысуға, ол бойынша дивиденд және акционерлiк қоғам таратылған жағдайда оның мүлкiнiң бiр бөлiгiн алуға құқықтарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген өзге де құқықтарды куәландыратын бағалы қағаз.       Акциялар тек атаулы эмиссиялық бағалы қағаздар ретiнде шығарылады.       Акциялардың түрлерi Қазақстан Республикасының заң  актiлерiмен белгiленедi.       Акцияларды шығару тәртiбi Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарымен белгiленедi.       Акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымдар өз акциялары бойынша дивидендтер төлеудi жүзеге асырмайды.       Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзiнiң әрекетiмен немесе әрекетсiздiгiмен акционерлiк қоғамның мүддесiн бұзған акционерден акцияларды сот шешiмi бойынша сатып алу мүмкiндiгi көзделуi мүмкiн.       Банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарда, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен белгiленген тәртiппен есептелетiн меншiктi капиталдың тepic мөлшерi болған жағдайда, олардың акцияларын мәжбүрлеп сатып алудың мүмкiндiгi мен негiздемесi көзделуi мүмкiн.

Банктiк депозит сертификаты

      Банктiк депозит сертификаты - өз ұстаушысының шығару шарттарында белгiленген айналыс мерзiмi аяқталғаннан кейiн не ол аяқталғанға дейiн номиналды құнын, сондай-ақ шығару шарттарында белгiленген мөлшерде сыйақы алу құқығын растайтын атаулы эмиссиялық емес бағалы қағаз.

2. АК нормаларына сәйкес, бағалы қағаздар заттық құқық объектісі және бірінші кезекте меншік құқығының объектісі бола алады. Бағалы қағаздарға заттық құқықтың пайда болуы мен тоқтатылуы мәселелерін қозғамастан бұрын, бағалы қағаздың мүліктік құқық объектісі ретіндегі анықтамасын айқындап алу қажет.

ҚР АК-ң 115 б. 2 т. сәйкес, бағалы қағаздар мүліктік айналымда азаматтық құқық объектісі ретінде қатыса алады.

ПӘННІҢ АТАУЫ: ЗАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ

Тақырып № 11 МЕМЛЕКЕТТІК МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ

Меншік құқығына және өзге де заттық құқықтарға ие болу және оларды тоқтату негіздері.

  1. Меншік құқығына және өзге де заттық құқықтарға ие болу негіздері.

  2. Меншік құқығының және өзге де заттық құқықтардың тоқтатылуы.

1 сұрақ. Меншік құқығына және өзге де заттық құқықтарға ие болу негіздері

Заңда заттық құқықтарды иелікке алудың негіздері (тәсілдері) бекітіледі, олар азаматтық құқық теориясында - алғашқы және туынды болып бөлінеді. Қазақстандық азаматтық заңнамада меншікті иелену мен тоқтату құқығы ҚР АК-ң 13 және 14 тарауларымен реттеледі. Аталған тараулардағы иелену мен тоқтату құқығы негіздері толық болып табылмайды. Егер экономикалық тұрғыдан қарастыратын болсақ, меншік қатынастарының белгілі бір тұлғаларының материалдық игіліктерге ие болуы жағдайы ретінде пайда болуы, ақырында мұның өзі басты негіз – табиғаттан алынған материалдық игіліктердің қорытындысы - өндіруші еңбек туындайды.

Қазіргі цивилистік әдебиетте меншік құқығының пайда болу негізін пайда болуы тәсілі деп те атайды. Бастапқы тәсілдерге - меншік құқығының бірінші ретте немесе бұрынғы иесінің еркінсіз туындаған жағдайлар жатады. Туынды тәсілдерге бұрынғы меншік иесінің еркімен және иелікке алушының келісімімен меншік құқығының туындаған тәсілдері аталады. Ғалымдар арасында әлі күнге дейін меншік құқығының туындауына әкелдіретін негіздерін таңдаулы бір топқа жатқызу өлшемдері туралы дау өшпейді: ерік өлшемі ме, немесе мирасқорлық өлшемі ме? Меншік құқығының туындауына әкелдіретін нақтылы негіздері және олардың әрқайсысының сипаттамасы ҚР АК 13 Тарауында келтіріледі: жаңадан жасалған мүлікке (оның ішінде қозғалмайтын мүлікке) меншік құқығына ие болу, өзіне тиесілі емес материалдарды өңдеу арқылы меншік құқығын алу, қараусыз жануарларды меншік құқығына алу, ұзақ уақыт пайдалануына қарай меншік құқығына ие болу (иелену мерзімі), жинауға не аулауға арналған көпшілік қолды заттарды меншікке айналдыру, иесіз заттарға меншік құқығын алу, сатып алу, айырбастау, сыйға тарту шарттар негізінде меншік құқығына ие болу, табылған затқа (олжаға) меншік құқығын алу, көмбеге меншік құқығына ие болу, өз бетімен салған құрылысқа меншік құқығын алу және т. б. Бұл сипаттағы жаңа институттар - жекешелендірү, ұзақ уақыт иеленү болады.

Шарт бойынша мүлік алушының меншік құқығы пайда болатын кезді анықтау өте маңызды болады (ҚР АК 238 б.), өйткені осы мезгілден бастап меншіктің жаңа иесіне барлық қауіптер мен оны күтіп устау ауыртпалығы да көшеді. Жалпы ереже бойынша, шарт арқылы мүлік алушының меншік құқығы зат берілген кезден бастап пайда болады. Егер мүлікті иеліктен айыру тұралы шарт емелекеттік тіркеуге немесе нотариалдық куаландыруға жататын болса, алушының меншік құқығы тіркелген немесе нотариус куаландырған кезден басталады.

Заттардың кездейсоқ жойылуы немесе бүлінуі қаупі, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше белгіленбесе меншік иесінің құзырында болады (ҚР АК, 190 бап). Меншiк құқығына ие болу негiздерi алғашқы және туынды негіздерге бөлінеді.

Меншiк құқығына ие болу негiздерi АК-ң 235 бабында көзделген.

1. Егер шартта немесе заңдарда өзгеше көзделмесе, жаңа затқа меншiк құқығы оны дайындаған немесе жасаған тұлғаға тиедi.

Мүліктi пайдалану нәтижесiнде алын¬ан жемiстерге, өнімге, табысқа меншiк құқы¬ы Азаматтық Кодекстiң 123-бабына сәйкес алынады.

2. Меншiк иесi бар мүлікке меншiк құқығына басқа адам сатып алу-сату, айырбастау, сый¬а тарту немесе осы мүліктi иелiктен айыру туралы өзге мәміленiң негiзiнде ие болуы мүмкiн. 

Азамат қайтыс бол¬ан ретте о¬ан тиесiлi мүлікке меншiк құқы¬ы өсиетке немесе заң¬а сәйкес мұрагерлiк бойынша басқа адамдар¬а көшеді. 

Заңды тұл¬а қайта ұйымдастырыл¬ан ретте о¬ан тиесiлi мүлікке меншiк құқы¬ы қайта құрыл¬ан заңды тұл¬аның құқықты мирасқорларына - заңды тұл¬алар¬а көшеді (осы Кодекстiң 46-бабы). 

Меншiк иесiнiң мүлкiн меншiк иесiнiң еркiнен тыс басқа тұл¬а¬а беруге осы Кодексте көзделгеннен басқа реттерде жол берiлмейдi. 

3. Осы Кодексте көзделген реттер мен тәртіп бойынша тұл¬а меншiк иесi жоқ мүлікке, меншiк иесi белгiсiз мүлікке, не меншiк иесi бас тартқан немесе өзге негiздер бойынша ол меншiк құқы¬ын жо¬алтқан мүлікке меншiк құқы¬ын алуы мүмкiн.

4. Тұтыну (тұр¬ын үй, тұр¬ын үй-құрылыс, саяжай, гараж немесе өзге) кооперативiнiң мүшелерi, жарна жинақтау¬а құқы¬ы бар, пәтер, саяжай, гараж және кооператив осы адамдардың пайдалануына берген өзге де үй-жай үшін өзiнiң үлестiк жарнасын толық төлеген басқа да адамдар атал¬ан мүліктiң меншiк құқы¬ына ие болады.