Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Затты ы - аз.doc
Скачиваний:
56
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
1.2 Mб
Скачать

2 Сұрақ. Меншік құқығының нысандары және түрлері. Ортақ меншік

Меншік құқығының нысандары ҚР Конституциясында және Азаматтық кодексте бекітілген: олар мемлекеттік және жеке меншік болып танылады (АК 191 б., 192 б.). Қазақстан Республикасының Конституциясының 6 бабында: «Қазақстан Республикасында мемлекеттік және жеке меншік танылады және бірдей қорғалады» делінген.

Қалған саралаудың барлығы меншік құқығының түрлеріне арналған. Мемлекеттік меншік республикалық және коммуналдық меншікке бөлінеді, ал жеке меншікке - азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және олардың бірлестіктерінің меншігі жатады. Ресей Федерациясының кеңістік құрылысына байланысты мемлекеттік меншік федералдық меншікке, федерация субъектілерінің меншігіне және муниципалдық меншікке бөлінеді. ҚР АК-ң 192 бабына сәйкес мемлекеттiк меншiк республикалық және коммуналдық меншiк түрiнде көрiнедi.

Республикалық меншiк мемлекеттік қазынадан және заң құжаттарына сәйкес мемлекеттiк республикалық заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлген мүліктен тұрады. Республикалық бюджеттiң қаражаты, алтын валюта қоры және алмас қоры, мемлекеттiк меншiктiң АК-ң 193-бабында атал¬ан объектiлерi және мемлекеттiк заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлмеген Өзге де мемлекеттiк мүлік Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қазынасын құрайды.

Коммуналдық меншiк жергiлiктi қазынадан және заң құжаттарына сәйкес коммуналдық заңды тұл¬алар¬а бекiтiлiп берiлген мүліктен тәрады.  Жергiлiктi бюджет қаражаты және мемлекеттiк заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлмеген Өзге де коммуналдық мүлік жергiлiктi қазынаны құрайды. 

Мемлекеттiк меншiктегi мүлік мемлекеттiк заңды тұлғаларға шаруашылық жҮргiзу немесе оралымды басқару құқы¬ымен бекiтiлiп берiлуi мүмкiн.  Жекелеген мемлекеттік мекемелердің иелігіндегі мемлекеттік мүліктің құқықтық режимінің ерекшеліктері заң актілерімен белгіленеді. Мемлекеттiк мүліктi мемлекеттiк меншiктiң бір түрiнен екiншiсiне беру Қазақстан Республикасының Yкiметi белгілейтін тәртіппен жүзеге асырылады.

Мүлікті жеке меншіктен мемлекеттік меншікке ерікті және өтеусіз беру Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.

Меншік құқығы түрлері ішінде басты орындардың бірін ортақ меншік құқығы алады, ол: ортақ үлестік және ортақ бірлескен құқық болып бөлінеді (АК 209 б.).

Ортақ меншік

Екi немесе бiрнеше адамның меншiгiндегi мүлік оларға ортақ меншiк құқығымен тиесiлi болады (АК 209 бабы).  Мүлік меншiк иелерiнiң әрқайсысының меншiк құқығындағы үлестерi белгiлене отырып (үлестiк меншiк) немесе ондай үлестер белгiленбей (бiрлескен меншiк) ортақ меншiкте болуы мүмкiн.

Мүлікке ортақ меншiк үлестiк меншiк болып табылады, бұған мүлікке ортақ меншiк құру заңда көзделген реттер қосылмайды. Ортақ меншiк екi немесе бiрнеше тұлғаның меншiгiне мүлік түскен кезде пайда болады, оны өзiнiң мақсаты өзгертiлмейiнше бөлуге болмайды (бөлiнбейтiн заттар), өйткенi ол заңға сәйкес бөлiнуге жатпайды.  Бөлiнетiн мүлікке ортақ меншiк заң құжаттарында немесе шартта көзделген реттерде пайда болады. Бiрлескен меншiкке қатысушылардың келiсiмi бойынша, ал келiсiмге қол жетпеген жағдайда - сот шешiмi бойынша ортақ меншiкке осы адамдардың үлестi меншiгi белгiленуi мүмкiн.

Жылжымайтын мүлікке меншiк кондоминиум нысанында пайда болуы мүмкiн, бұл жағдайда жылжымайтын мүліктiң жекелеген бөлiктерi азаматтардың және (немесе) заңды тұлғалардың дара (бөлек) меншiгiнде болады, ал жылжымайтын мүліктiң бөлек меншiкте емес бөлiктерi ортақ үлестiк меншiк құқығымен жылжымайтын мүлік бөлiктерiнiң иелерiне тиесiлi болады. Әрбiр меншiк иесiнiң ортақ мүліктегi үлесi оның жылжымайтын мүліктiң өзiне тиесiлi бөлiгiне бөлек меншiгiнен ажырағысыз. Кондоминиумның әр алуан түрлерiнiң құқықтық режимiнiң ерекшелiктерi заң актiлерiмен айқындалуы мүмкiн.

Әрбiр меншiк иесiнiң ортақ мүліктегi үлесiнiң мөлшерi мен оны ұстауға арналған шығындарға қатысу дәрежесi, егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше көзделмесе, жылжымайтын мүліктiң дара (бөлек) меншiктегi бөлiктерiнiң мөлшерiне байланысты болады.

Инвестициялық пай қорының активтерiне ортақ үлестiк меншiктiң құқықтық режимiнiң ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы заң актiсiмен айқындалады.

Ортақ меншік қатысушыларының ортақ меншік объектісін пайдалану және басқару құқығы тең болады және қатысушылардың келісімі бойынша жүзеге асырылады (АК 213 б.). Ортақ меншік иелерінің бірі өз үлесін бөліп алуға ниет білдірген жағдайда, өзге меншік иелерінің, сатылатын үлесті сатып алуға басым құқығы бар екенін умытпауы қажет (АК 216 б.).

Ортақ бiрлескен меншiктегі мүліктер заңмен белгіленеді (219 бап), олар:

1) ерлi-зайыптылардың ортақ меншiгi;

2) шаруа және фермер қожалығының ортақ меншiгi;

3) жекешелендiрiлген тұрғын үйге ортақ меншiк түрiнде болады.

Заң құжаттарында ортақ бiрлескен меншiктiң басқа да түрлерi көзделуi мүмкiн.

Ортақ бiрлескен меншiк қатысушылар арасындағы келісім шартпен ортақ үлесті меншікке ауыстырылуға болады.

Ортақ меншік құқығы дегеніміз – ол екі немесе бірнеше тұлғалардың меншігінде болатын мүлікке деген құқығы. Ортақ үлестік меншік құқығы азаматтық өріске қатысушылардың барлығында болуы мүмкін, ал ортақ бірлескен меншік қатысушылардың үлестері алдын-ала белгіленбеген жағдайда туындайды. Ортақ бірлескен меншікте болатын мүлік түрлері заңмен көзделеді (ҚР АК 219 б.): жекешелендірілген тұрғын үйге деген ортақ бірлескен меншік, ерлі зайптылардың ортақ бірлескен меншігі және шаруа қожалығының ортақ бірлескен меншігі. Ортақ үлестік меншік құқығының бір түрі - кондоминиумға кіретін пәтерлердегі ортақ пайдаланудағы орындарға деген пәтер иелерінің ортақ меншігі. Ортақ меншік заңды тұлға құрмастан жай серіктестік шартын жасау негізінде де пайда болуы мүмкін. Заңды тұлға құрмастан ортақ меншік негізінде әрекет ету мысалы: ол консорциум және шаруа қожалығын құру (ҚР АК 12 тарауы).

Бірлескен қызмет туралы келісім шарт жай серiктестiк деп аталады. АК-ң  228-бабына сай жай серiктестiк бiрлескен қызмет туралы шарт негiзiнде құрылады. Бiрлескен қызмет туралы шарт (жай серiктестiк шарты) бойынша тараптар табыс табу немесе заңға қайшы келмейтiн өзге де мақсатқа қол жеткiзу үшін бiрлесiп әрекет жасауға мiндеттенедi.  Жай серiктестiк заңды тұлға болмайды. Бiрлескен қызмет туралы шарт (жай серiктестiк шарты) азаматтардың, азаматтар мен заңды тұлғалардың арасында, заңды тұлғалар арасында жасалады (консорциум). Жай серiктестiк қатысушыларының бiрлескен қызметi туралы шартқа байланысты мiндеттемелерi, егер бiрлескен қызмет туралы шартта өзгеше көзделмесе, үшінші жақтар алдында ортақ болып табылады.

ПӘННІҢ АТАУЫ: ЗАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ

Тақырып №3 Рим құқығындағы заттық құқық

  1. Заттар ұғымы және олардың жіктелуі.

  2. Рим жеке құқығындағы меншік институты.

  3. Бөтеннің мүлкіне құқық.

І. Затқа қатысты Дигестыларда келесідей анықтама ұсынылған: «Қандай да бір тұтастықты білдіретіндердің және мүліктік құндылыққа иелердің барлығы затқа жатқызылады». Сыртқы немесе физикалық сипаттамаларына орай заттар келесідей түрлерге жіктеледі1:

1) пішінді және пішінсіз. Бұған қатысты Гай келесідей анықтаманы ұсынады: «қол тигізіп ұстауға жарайтын заттар пішінді заттар деп танылады мысалы, егін алқабы, құл, көйлек, алтын немесе күміс және басқа да көптеген мүліктер. Ал, мұра, узуфрукт, әралуан міндеттемелер сияқты қол тигізу мүмкін емес құқықтар пішінсіз заттар деп танылады». Бұдан әріде, Гай былай жалғастырады: «Әдетте, мұраны егін алқабынан алынатын пішінді заттар немесе өнімдер құрауы себепті олар пішінді заттар ретінде танылады және міндеттемеге орай бізге тиесілі мүліктер жалпылай алғанда, пішінді заттар болып табылады. Атап айтқанда, егін алқабы, құл немесе ақша соммасы. Ал, мұраның, узуфрукттың өзіне құқық және міндеттеменің өзі пішінсіз заттар деп танылады». Ал, Гарсиа Гарридо Цицеронның да заттарды пішінді және пішінсіз деп жіктегенін жеткізеді: қолмен ұстап көруге болатын заттар біріншісіне жатқызылса, ал, ұстауға болмайтын тек, ақылмен танылатындары екіншісіне жатқызылады;

2) құқықтық салдарларына орай заттар бөлінетін және бөлінбейтін деп жіктеледі;

3) жай және күрделі заттар: Помпоний заттардың үшке жіктелетінін жеткізіледі: «Құл, бөрене және осы сияқты дербес бір бөлік болып табылатын заттар; ғимарат, кеме сияқты өзара байланысты құрамдас бөліктерден тұратын заттар; үшінші топты өзара байланысты емес заттар болғанымен бір атаумен аталатын мүліктер құрайды. Мысалы, халық, легион немесе табын»;

4) тектік белгілерімен және жеке-дара айқындалған заттар: Genus perire non censetur [Тектік белгілерімен айқындалған заттар жойылмайды (яғни, егер тектік белгілерімен айқындалған заттар жарамсыз болып қалса, жоғалса онда борышқор орындаудан босатылмайды]2;

5) тұтынылатын және тұтынылмайтын заттар: Мысалы, көмір, тағам өнімдері. Юстиниан тұтынылатын заттар санатына қолданудан ескіретін заттарды да жатқызады;

6) жылжитын және жылжымайтын заттар;

7) басты зат және керек-жарақ. Бұған қатысты Дигестыларда келесідей анықтама берілген (D.34.2.19.20): «Егер, қымбат бағалы тастар алтын және күміс вазаларға орналастырылса, онда олар алтын және күмістің керек-жарағы болып табылады; өйткені, біз қай заттың үлкен құндылыққа ие екендігіне емес, қай затты әсемдеуге қолданылатынына назар аударамыз»;

8) манципацияланатын және манципацияланбайтын заттар. О.С. Иоффенің деректері бойынша өндірістің маңызды құралдары болуы себепті құлдар, ірі қара мал, италиядағы жер бөліктері Римдегі ең құнды игіліктер болып табылған. Сондықтанда, олардың иелерінің мүдделерін тиісінше қорғауға қатысты арнайы шаралар қабылдау қажет болды. Сондай шаралардың бірі манципация болып табылды. А.В. Орлянскаяның пайымдауынша, манципация бес куәнің қатысуымен күрделі нысанда өтетін болды. Бір сөзден қателесу мәміленің жарамсыздығына әкелетін болды.

9) айналымдағы және айналымнан алынып тасталған заттар.

Павел узуфруктқа қатысты келесідей анықтама береді: «Бөтеннің мүлкін пайдалану құқығы және затты сақтай отырып одан өнім алу узуфрукт болып табылады».

Римдегі заттық құқықтың келесідей түрлері болды: - меншік құқығы; - иелену құқығы; - бөтеннің мүлкіне құқық.

ІІ. Бастапқы кезеңдерде меншік термині Рим құқығында қолданылмайтын. Меншік құқығын сипаттау үшін Рим құқығында екі термин қолданылды: Dominium және Proprietas. И.Б. Новицкий өзінің еңбегінде республикалық дәуірдің соңғы кездерінен бастап Proprietas терминінің тұрақты қолданысқа енгізілгенін тілге тиек етеді3. Е.А. Скрипилев болса б.з. 2 ғасырдың ортасындағы Гай институцияларында Proprietas терминінің алты рет қолданылғанын, сондай-ақ, аталған сөздің синонимі болып табылатын Dominium терминінің де алты рет кездесетіндігі жөнінде деректер келтіреді. Меншік құқығының бірнеше түрлері болды: квириттік меншік, перегриндердің меншігі, аймақтық (провинциалдық) меншік, бонитарлы меншік. “Proprietas est plena in re potestas” – “Затқа қатысты толықтай билік меншікті білдіреді”. Меншік иесінің келесідей өкілеттіктері болды: затты пайдалану құқығы (ius utendi); затқа билік ету құқығы (ius abutendi); ius fruendi (затқа билік ету немесе пайдалану нәтижесінде кірістер алу).

Қоғамдық мүдделерге орай меншік құқығына келесідей бірқатар шектеулер қойылуы мүмкін болды:

- діни пайымдар бойынша қойылатын шектеулер: ХІІ кесте заңдарында мәйіттерді қаланың шеңберінде және қала аяқталғаннан кейінгі алпыс фут шегінде жерлеуге тыйым салынды;

- құрылыстық нормаларға қатысты қойылатын шектеулер: Мысалы, Гозидиан сенатусконсультына сәйкес құрылыс материалдары ретінде сату мақсатында ғимаратты бұзуға меншік иесіне тыйым салынған. Осындай мазмұндағы шектеулердің саны классикалық кезеңнен кейінгі құқықта арта түсті және соңынан олар Зенон конституциясында сұрыпталған болатын;

- қоғамдық жолдар: қоғамдық жолдармен жанасып жатқан жер бөліктері иелерінің ол жолдарды жөндеу міндеті ХІІ кесте заңында бекітілген болатын. Егер, жол одан өтуге болмайтындай жағдайда бұзылатын болса, онда оған жанасып жатқан жер бөліктерінің немқұрайлы меншік иелеріне өз жерлерінен өткізу міндеті жүктелетін болды;

- су жағалауындағы жер бөліктеріне қойылатын шектеулер: бұл жер бөліктерінің иелері теңізшілер мен балық аулаушыларға теңізде жүзу не балық аулау мұқтаждықтары үшін өз жер бөліктерін пайдалануға рұқсат етуге міндетті болды;

- жер қойнауларын пайдалануға салынатын шектеулер: Гарсиа Гарридо өз еңбегінде классикалық құқықтың минералды ресурстарды басқа тұлғаларға тиесілі жер бөліктерінен емес, тек, қоғамдық жерлерден ғана алуға мүмкіндік бергендігін жеткізеді. Сондай-ақ, б.з. 382 жылғы Конституцияға сәйкес пайдалы қазбаларды бөтеннің жерінен меншік иесіне 10% төлей отырып, өндіру мүмкіндігі қарастырылғандығын айтады;

- қоғамдық мұқтаждықтардың туындауына орай меншікті алу: Негізінен, классикалық құқықта азаматтардан мүлікті алуға мүмкіндік беретін қандай да бір ортақ бір ережелер болмаған болатын. Дегенмен, магистраттар сенат келісімін ала отырып, нақты бір жағдайларда жекелеген тұлғалардың мүліктеріне билік ете алатын болды.

Сонымен бірге, И.А. Покровский өзінің еңбегінде ХІІ кесте заңдарының өзінде меншікке қатысты келесідей бірқатар шектеулердің болғандығын білдіреді және солардың санатына мыналарды атап өтеді: а) Меншік иесі өзінің жер бөлігінің шекарасынан жүріп өтуге арналған 2 футтай бос бөлік қалдыруы тиіс; b) Меншік иесі өзінің көршісінің 15 футтан аспайтын ағашының аулаға түсетін бұтақтарына шыдаммен қарауға міндетті; c) Меншік иесі өзінің ауласына көршісінің ағашынан түсетін жемістерді жинап алуы үшін көршісін күн ара өзінің жер бөлігіне келуіне тосқауыл жасамауы тиіс; d) Меншік иесі жасанды құрылғыларды қолдана отырып, жаңбыр суының табиғи ағысын өзгертпеуі тиіс. Уақыт өте келе, бұлардың санатына өзге де шектеулер қосылды. Мысалы, ешкімде қалыпты шектен асқан шуға, иіске және т.б. шыдамдылықпен қарауға міндетті емес4.

Меншік құқығын алудың әдістерін екіге жіктеуге болды: бастапқы және туынды. Меншік құқығын алудың бастапқы әдістері бұрынғы иесінің еркінен тәуелсіз туындайтын болды. Ал, туынды әдісте алдыңғы меншік иесінің еркі қажет болды және ол Ульпианның «ешбір тұлға басқаға өзі иеленетіннен артық құқық бере алмайды» деген ережесіне негізделетін.

Меншік құқығын алудың бастапқы әдістері ретінде келесілерді атауға болады5: 1) оккупация: ешкімге тиесілі емес заттардың тұлғаның меншігіне өтуі оккупация деп аталынады. Бұл әдіс бойынша әдетте «res nullis6» яғни, бастапқыдан ешкімге тиесілі болмаған заттар алынады. Оккупацияның ең танымал түрлері ретінде келесілерді атауға болады:

  • жабайы аңдарды (venatio), құстарды (aucupium) және балықтарды аулау. Аңдар қолға түскенімен, өзінің табиғи бостандығын жоғалтпауы мүмкін. Аулану әдістеріне қарай жануарлар үшке жіктелінген: 1) табиғи бостандықтағы жабайы жануарлар (ferae bestiae) – бұларды әрбір тұлға өз меншігіне айналдыра алатын болды; 2) қолға немесе үйге үйретілген жануарлар (mansuetae не mansuefactae) – бұлар табиғи бостандықта болғанымен, адамның бақылауында болады және әдетте, оған қайта оралады; 3) адамның билігінің аясындағы үй жануарлары (quorum non est fera natura). Ал, аңшылық құқығы адамзат жер өңдеуге кіріскенге дейін оған тиесілі болған ежелгі, көне құқық болып табылады. Сондықтанда, бөтеннің жерінде аң аулауға тыйым салынбады;

  • жау қолынан алынған әскери олжа. Бұған қатысты Гай Институцияларында (2.69) келесідей сөздер берілген: «Жау қолынан түсіргендеріміздің бізге тиесілі болуы, табиғи құбылыс», (4.16) «Жау қолынан түсірген заттарымыз біздің ең даусыз меншігіміз болып есептеледі».

  • теңізде қалыптасқан арал және теңіздің жағалауға шығарған заттары. Мысалы, Дигестыда келесідей сөздер кездеседі (D.1.8.3): «Теңіз жағалауынан табылған тастар, қабықшалар (раковины) және өзге де заттар табиғи құқыққа сәйкес оны тапқан тұлғаның меншігіне айналады».

  • бұрынғы меншік иесі бас тартқан заттар (res derelicta). Бұған қатысты Юстиниан Институцияларында келесідей сөздер берілген (2.1.47): «Өтіп бара жатқан арбадан құлап, меншік иесі оның құлағанын байқамай қалған заттар «бас тартылған» заттар ретінде қарастырылмайды».

ПӘННІҢ АТАУЫ: ЗАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ

Тақырып № 4 АЗАМАТТАРДЫҢ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ

  1. Азаматтардың меншік құқығы ұғымы, оның түрлері мен туындау негіздері

  2. Меншік құқығының субъектілері

  3. Азаматтардың меншік құқығының объектілері

1. Азаматтардың менші құқығы ұғымы. Азаматтардың меншік құқығы жеке меншік құқығы түрлерінің бірі болып табылады. Қазақстан Рсепубликасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады (ҚР Конституциясының 26-бабының 1-тармағы). Азаматтардың меншіктері экономикалық санат ретінде жеке дара иемденудің барлық нысандарын қамтиды. Азаматтық заңнама мүлікті азаматтар меншігіне айналдыру, олардың бұл мүлікті иемдену, пайдалану, оған билік ету және сол мүлікті қорғау жөніндегі қатынастарды реттейді.

Азаматтардың меншік құқығы дегеніміз – материалдық игіліктерді жеке дара иемдену тұрғысынан алғандағы құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынастар.

Кеңестік кезеңде азаматтар меншігінде тек қана тұтынушылық сипат болды, ол мемлекеттің қоғамдық өнімнің бір бөлігін таратып бөлу нәтижесінде құрылды. Ал, иелік сипаты, көбіне, өндіру құралдарының мемлекетке тиесілігімен анықталған 90-шы жылдардың басында Қазақстанда өндіру құралдарының басым көпшілігі жекешелендірілді. Соның нәтижесінде иелік сипаты елеулі өзгерістерге ұшыраады, ол өз кезегінде азаматтар меншігінің түрлеріне, оның мазмұнынв өзгерістер енгізді. Өзгерістердің негізі Конституциясының 26-бабының 4-тармағында келтірілген, оған сәйкес «әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар». Яғни, акцент меншіктің тұтынушылық сипатынан оның ұлғаюға ұмтылатын капитал ретінде жұмыс істеуін жандандыруға ауысты.

Азаматтардың меншік құқығының негізінде әр сипаттағы қатынастар болуы мүмкін. Олар иемдену тәсіліне, азаматтар меншігі пайда болғанда туындайтын экономикалық қатынастардың ерекшелігіне байланысты.

Азаматтардың меншік құқығы түрлері. Азаматтардың меншік түрлері оның пайда болу негіздеріне қарай бірнеше түрлерге бөлінеді:

- дара еңбек меншігі – кіріс алуға бағытталмаған және өндіру құралдарымен жүзеге асырылған өндіру нәтижесінде иемденген меншігі;

- шағын жеке меншігі – өндіру құралдарымен жүзеге асырылған және кәсіпкерлік қызмет нәтижесінде туындаған меншік;

- ірі жеке меншік – өндіру құралдарының меншік иесі өндіруге өзі тікелей қатыспай басқаның еңбегін пайдалану нәтижесінде иемденген меншік;

- өзіндік меншік – мемлекеттік меншік жалақы, сыйақы, жәрдемақы, стипендия, медициналық қызмет көрсету, зейнетақы және т.б. арқылыбіртіндеп азаматтың меншігіне ауысса.

Азаматтардың меншік құқығының пайда болу негіздері. Азаматтардың меншік құқығы жалпы негіздер бойынша туындайды. Оның ең көп тараған түрі мәміле (сатып алу-сату, сыйға тарту т.б.). Меншіктің туындауының басқа жалпы негіздері мұра лу, акция дивиденттері және басқа бағалы қағаздар және т.б. Бірақ, азаматтар меншігінің құрылуында «әлеуметтік» тәсілдердің де өзіндік үлесі аз емес. Бұл тәсілге: жәрдемақы, қоғамдық тұтыну қорларынан, қайырымдылық қорларынан және басқа да көздерден төленетін төлемдер.

2. Кез келген азамат, тіптен кәмелетке толмаған, тіптен әрекет қабілеттілігі жоқ адам меншік құқығы субъектісі бола алады. Ұлттық құқықтық режим, заңнамада көзделген шектеулермен, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарда тарайды. Бұл ортақ қағида.

Бірақ, меншіктің пайда болу көзі өзінің кәсіпкерлік қызметі болған жағдайларда бірқатар қосымша талаптар туындайды. Бірінші кезекте олар азаматты кәсіпкер ретінде тіркеу қажеттігімен байланысты.

Кез келген адам кәсіпкерлік қызметпен айналыспай меншік иесі бола алады. Мысалы, егер оның меншігі сыйға тарту нәтижесінде пайда болса. Басқа мәсімлеге қатысу үшін азаматтық әрекет қабілеттілік болу керек. Кейбір мәмілелер, мысалы жылжымайтын мүлікке қатысты мәміле міндетті тіркелуге тиіс. Басқа жағдайларда мүлік арнаулы тіркеуге алынады. Оған мысал, автокөлік, катер т.б. көлік құралдарына қатысты мәміле жасау. Бірақ, бұл тіркеулердің азаматтарды кәсіпкер ретінде тіркеумен ешқандай байланысы жоқ.

Азаматты дара кәсіпкер ретінде тіркеу «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңда белгіленген.

3. Азаматтардың меншік құқығы объектілерінің ауқымына мемлекеттік саясат ықпал етеді. Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан бастап –ақ меншіктің тұтынушылық мақсатынан бас тартып, азаматтардың мүлікті кәсіпкерлік мақсат үшін пайдалануын жан-жақты қолдап отыр.

Азаматардың меншік құқығы негізгі екі қағидаға негізделеді:

  1. Азаматтардың меншігінде заң құжаттарына сәйкес азаматтарға немесе заңды тұлғаларға тиесілі бола алмайтын жекелеген мүлік түрлерінен басқа кез келген мүлік болуы мүмкін (ҚР АК-ң 191-б. 2-т. 1-бөлігі).

  2. Жеке меншікте болатын мүліктің саны мен құны шектелмейді (ҚР АК-ң 191 б. 2 т. 2-бөлігі).

Бірінші қағида бойынша азаматтардың жеке меншігінің шектеулері заң құжаттарында белгіленеді. Аталған заң құжаттарына: заңдар, заң күші бар Президент жарлықтары, Парламент қаулылары, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің қаулылары жатады.

Екінші қағида бойынша жеке меншікте болатын мүліктің саны мен құны шектелмейді. Тек, мүліктің кейбір түрлерін иемденгенде қазақстандық салық заңнамасына сәйкес кіріс көзін декларациялау керек. Мысалы, Салық кодексінің 171-б. 1 т. сәйкес, салық жылы 2000 айлық есептік көрсеткіштен асатын сомада ірі бір жолғы табыс алған жеке тұлғалар үшін жиынтық жылдық кірісті декларация жасау көзделген, оған тұрғын жай құрылысы және ол құрылыс үшін құрылыс материалдарын алу жатпайды.

Азаматтардың меншік құқығының объектілері екі түрлі тәртіпке бағынады:

  1. Жалпы тәртіп;

  2. Арнаулы тәртіп.

Жалпы тәртіп бойынша мүліктің қандай да бір түрін иемденуге, пайдалануға және оған билік етуге қатысты бекітілген арнайы нормативтік ереженің болмауы. Меншік иесі азаматтық құқықтарды жүзеге асырудың шегіне қатысты шеңберде (ҚР АК-ң 8 б. 3т.: «Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру басқа құқық субъектілерінің құқықтарын және заңдармен қорғалатын мүдделерін бұзбауға, айналадағы ортаға зиян келтірмеуге тиіс.») мүлікке қалай билік жасаймын десе де өз еркінде.

Атаулы режим бірқатар объектілер үшін белгіленген:

- Бәрінен бұрын жылжымайтын мүлікті айтуға болады. Онымен мәміле мемлекеттік тіркеуден олар өткен кезден бастап жасалды деп саналады.

-Сонымен қатар, жерге байланысты мәміле жасау үшін бірқатар қосымша рұқсаттар керек.

-Автокөлік құралдары ІІМ-ң аумақтық органдарында тіркеуден өтеді. Ол құралдарды пайдалана алу және ауық-ауық техникалық бақылаудан өткізу көзделген.

-Бағалы қағаздардың айналымын арнайы заңнама реттейді.

-Сонымен қатар, біраз объектілер азаматтық айналымда шектелген. Қару-жарақ, күшті әсер ететін улар, жарылғыш заттар, өнер туындылары және тағы басқалар жайында осыны айтуға болады. Біреулерін пайдаланғанда арнаулы есепке қою керек, басқалары үшін тиісті бір қызметте болу шарт, ал үшіншісінде, оларды иемдену мен сатудың ерекше ережесі қарастырылған.

Азаматтардың меншік құқығының ең маңызды объектілері – жер мен тұрғын үй болып табылады. Оларға қатысты мемлекет ерекше құқықтық тәртіп белгілеген.

Жер учаскесі азаматтардың меншік құқығының объектісі ретінде. Қазақстан Республикасының Конституциясының 6-б. 3-т. Сәйкес, жер жеке меншікте болуы мүмкін.Жер кодексі жер учаскесінің құқықтық тәртібін анықтайтын негізгі нормативтік құжат болып табылады. Жерге жеке меншік азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың меншігі ретінде көрініс табады.

Жерге жеке меншік құқығы – азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалардың өздеріне тиесілі же ручаскесін Жер кодексінде және басқа заңнамада белгіленген жағдайларда және шектерде иемдену, пайдалану және билік ету құқығы.

Жер учаскесін жеке меншікке беру тиісті аумақтардағы аудандық, қалалық, поселкелік, ауылдық атқарушы органдардың құзырында. Заң құжаттарында басқадай көзделмегендіктен, жер учаскесіне құқық, осы учаске шеңберіндегі топырақтың жоғарғы қыртысына, тұйық су қоймаларына, отырғызылған өсімдіктерге таралады. Жер учаскесінің иесі өз қалауынша және қандай да бір рұқсат алмай-ақ сол учаскенің бетіндегі және астындағы нәрселердің барлығын пайдалануға құқылығы егер ондай пайдалану басқа адамдардың немесе мемлекеттің құқықтарын, сондай-ақ жерге, суға, орманға және әуе кеңестігіне құқықтарды бұзбайтын болса.Жер қатынастары субъектілерінің өзіне тиесілі құқықтарды жүзеге асыруы табиғи объект ретінде жерге, қоршаған табиғи ортаға, сондай-ақ басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтірмеуі тиіс.

Тұрғын үй азаматтардың меншік құқығының субъектісі ретінде. Тұрғын үйдің құқықтық режимі тұрғын үй қатынастары туралы Заңда анықталған.

ПӘННІҢ АТАУЫ: ЗАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ

Тақырып № 5 ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ

  1. Заңды тұлғаның меншік құқығы ұғымы.

  2. Меншік құқығының субъектілері, нысандары және мазмұны.

  3. Заңды тұлғалардың түрлеріне қарай меншік құқығын иемдену ерекшеліктері.

Заңды тұлғаның меншік құқығы дегеніміз- заңды тұлғаның заң құқықтарымен танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иемдену, пайдалану және оған билік етужөніндегі заң құжаттарында танылған және қорғаатын құқығы.

Мемлекеттік емес заңды тұлғаның меншігі- жеке меншіктің түрі болып табылады. Көбінесе азаматтық- құқықтық мәміле мен құрылтайшылардың салымы негізінде заңды тұлға меншігі пайда болады. Пайда болу негіздері: өндіру, құқық мирасқорлық, мерзім көнелігі, олжа табу және т.б. Заңды тұлғаның меншік құқығы-заңды тұлға тіркелгенде басталады, тіркеуден шығарылған кезде тоқтайды.

Қозғалмайтын заттарға меншік құқығы мәмілені тіркегенде туындайды. Заңды тұлғаның меншік құқығы- дербес балансында көрініс табады. Балансы болса ғана мүлікті меншік иесіне тиесілі екендігі анықтайды.

Меншік құқығының туындауының әрбір тәсілі ерекше процедурамен рәсімделеді. Мыс: заңды тұлға қосылғанда, біріккенде немесе қайта құрылғанда меншікке өткізу актісі негізінде, бөлінгенде, бөліп шығарғанда бөлу балансы негізінде.

Заңды тұлғаның меншік құқығын иемденуі- құқыққабілеттігімен байланысты. Айналысу үшін лицензия алу керек.

Мемлекеттік емес заңды тұлғалар меншік құқығының субъектілері болып табылады. Олар коммерциялық және коммерциялық емес болып бөлінеді.

Заңды тұлғаның меншік иесінің өзіне тиесілі мүлкіне қатысты оның құрылтайшыларында немесе міндеттемелік құқықболуы, не ешқандай құқықтың сақталмауы мүмкін. Мүлкіне өзінің құрылтайшылары міндеттемелік құқығын сақтайтын заңды тұлғаға шаруашылық серіктестіктері, акционерлік қоғамдар және кооперативтер жатады. Коммерциялық ұйымның мңүшесі өз үлесін (акциясын, пайын) сата алады, оған өндіріп алу ауысуы мүмкін.

Заңды тұлғаның меншік құқығы- мазмұнын ҚР АК анықтайды. Коммерциялық ұйымда жалпы құқыққабілеттілік, ал коммерциялық еместе арнаулы құқыққабілеттілік болады. Коммерциялық емес ұйымның құрылтай құжаттарында заңды тұлғаның қызметінің мәні мен мақсаты белгіленуге тиіс. Коммерциялық емес ұйымдарға қарағанда, коммерциялық ұйымдарда қызметтің заң актілерінде немесе құрылтай құжаттарында тыйым салынбаған түрлерімен айналысу үшін қажетті азаматтық құқықтар мен міндеттер көтереді. Ал қызметтің белгілі бір түрлерін жүзеге асырушы заңды тұлғалар үшін, заң актілерінде көзделген жағдайда, қызметтің басқа түрімен айналысу мүмкіндігі жоққа шығарылады немесе шектеледі.

Заңды тұлғаның мүлкін құру жәіне оның таза табысын бөлу ережесін құрылтайшы құжаттар белгілейді.