Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК по ОЭТ (1).doc
Скачиваний:
130
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
1.14 Mб
Скачать

Ұзақ мерзімді жеті басымдық:

  1. Ұлттық қауіпсіздік.

  2. Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы.

  3. Шетел инвестициялары мен ішкі жинақталымдардың деңгейі жоғары ашық нарықтық экономикаға негізделген – экономикалық өсу.

  4. Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты.

  5. Энергетика ресурстары.

  6. Инфрақұрылым. Әсіресе көлік және байланыс.

  7. Кәсіби мемлекет.

Қойылған мақсаттарды жүзеге асыру үшін мына үш кезеңде болуы қажет:

  • 1998-2000 жылдар,

  • 2001-2010 жылдар,

  • 2011-2030 жылдар,

2000 жылдың 21 ақпанында Республика Үкіметімен кездесуінде Қазақстан республикасы Президенті ұзақ мерзімді стратегияда анықталған реформалардың І кезеңі аяқталғанын атап көрсетті:

  • әлеуметтік ахуалды жақсарту және кәсіпкерлік қызметті одан әрі дамыту;

  • басқарудың тиімділігін арттыру;

  • өндіріс секторына несие беру;

  • экономикалық шикізат бағдарын өзгерту;

  • аймақтық диспропорцияларды жою

Президент әлеуметтік ахуалды жақсарту деп ең маңызды мәселе халықты жұмыспен қамту мәселесі екенін атап көрсетті. Жұмыспен қамту мәселесін шешуде шағын кәсіпкерлікке маңызды рөл берілді. Осы мәселелер туралы дайындалатын бағдарламаларда шағын және орта бизнесті одан әрі дамыту, олардың өкілдері Қазақстан шикізатын өндеуді кеңейтуге негізделген өндірістерді құрауға және дамытуға атсалысу қажеттілігі көзделеді.

Экономикада шикізат бағдарын өзгерту мәселесі шешумен байланысты кешенді құрылымдық саясат жүргізу, яғни отандық шикізаттың жаңа, бірінші, екінші, үшінші және төртінші сатыларын құруда, ауыл шаруашылығын өңдеу өнеркәсібін құру мен дамытуда айқын белгіленген стратегия, импортты алмастыру бағдарламасын құру.

Мұнай өңдеуді ұйымдастыру, мұнай химиясының басқа да өнімдерінің өндірістерін ұйымдастыру, мұнай өңдеу мен мұнай өндіру үшін машина жасау өнеркәсібін дамыту міндеттері қойылды.

Осы жұмыстың негізгісі – бәсекеге қабілетті баға мен технология сапасын қамтамасыз ету, яғни бәсекеге қабілетті өңдеу өнеркәсібін құру.

Экономикалық саясаттың тағы бір бағыты аймақтар дамуындағы диспропорциялар әсіресе, оңтүстік пен солтүстік аудандардағы диспропорциялар, оңтүстік аудандарда солтүстік аудандармен салыстырғанда жұмыссыздықтың басымдылығынан болатын төмен табыстар мен кедейлік деңгейі бойынша халықтың жіктелуінен көрініс табады. Осындай диспропорция салдары халықтың елдің ең қолайлы аудандарына қоныс аударуынан көрінеді.

Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптің әлі іске жаратылмаған әлеуетінде жаңа жұмыс орындарын құруды, шағын және орта бизнесті дамытуда қарастырылатын көші - қон саясатын жасау міндеті қойылды.

Экономиканы реформалауда меншіктің орны

Реформалау дегеніміз экономикалық жүйе үлгісінің бір түрінен басқасына өту болып табылады. Бұл процесс үстемдік ететін меншік формасының өзгеруі қалайда қажет деп тілемейді. XX ғ. Басына қарай нарық механизмдеріне негізделетін және еркін нарықпен реттелетін экономикалық үлгі өзін өзі жоюға мәжбүр болды. Еркін нарық механизмінің орнына реттелген нарық механизмі келді.

Меншік формасы экономикалық бағыттың өзгеруінің қатал жүргізілуіне кедергі етпейді. Белгілі жағдай, монополияда, бюрократияда экономикалық өкіметтің тоталитарлық синатына икемділігін білдіреді. Осылай, XX ғ. 30-шы жылдарының ортасында КСРО-да қоғамдық меншік жағдайында әкімшілік экономика орнады, ал Германияда, жеке меншік негіздерінің мықтылығына қарамастан, бұйрық экономикасы орнады. Кейін осы жағдай Франко тұсындағы Испанияда, Пиночет тұсындағы Чилиде қайталанды. Бұлардың барлығында тоталитаризмнің келуіне үлес қосқан, сол мерзімде осы елдерде орын алған, экономикалық және саяси шешімдердің үстемдігі болды.

Өндірістің шоғырлануы мен бәсеке меншіктің орталықтануына ат салысады. Бұл процесс шаруашылық субъектілері болып табылатын меншік иелерінің санын біршама төмендетеді. Мысалы, меншік иелерінің (акциялар иелері) санына қарамастан, акционерлік қоғам нарықта келісім жасасатын бір ғана заңды тұлға болып танылады.

Ал экономикалық жүйелердің өздеріне тән айырмашылықтары сақталады: тауар өндірісі мен тауар айналымының даму дәрежесі; экономикалық өкіметтің типі және оны жүзеге асыратын формалар; осы қоғам жүйесіндегі байлық деп түсінетін экономикалық әрекеттердің орны, рөлі. Реформа жүргізу сырттан қарағанда субъективтік акт болып көрінеді. Оны жүргізудің дүниежүзілік тәжірибесі осы процестерді анықтайтын бірсыпыра құбылыстарды ашты.