- •1 Бөлім. Экономикалық теория ғылым ретінде.
- •1Тақырып. Экономикалық теория пәні мен әдістері.
- •Экономикалық теорияның даму кезеңдері төмендегідей бөлінеді.
- •Экономикалық теорияның зерттеу әдістері
- •Негізгі түсініктер мен терминдер
- •Қоғамдық өндірістің құрылымы
- •Ұдайы өндірістің типтері
- •Ұлғаймалы өндірістің түрлері:
- •Негізгі түсініктер мен терминдер
- •Бақылау сұрақтары
- •3 Тақырып. Экономикалық жүйелердің түрлері
- •Дәстүрлі экономиканық жүйенің сипаттамасы:
- •Әкімшілік - әміршілік экономиканың жүйенің сипаттамасы:
- •Таза нарықтық экономикалық жүйенің сипаттамасы:
- •Аралас экономикалық жүйенің сипаттамасы:
- •Нарықтық экономикаға өтудің Қазақстан республикасындағы басты міндеттері мыналар:
- •Қазақстан республикасының нарықтық экономикаға өтуінің ерекшеліктері:
- •Қазақстан республикасында экономиканы құрылымдық тұрғыдан қайта құру мәселелері.
- •«Қазақстан –2030» стратегиясы»
- •Ұзақ мерзімді жеті басымдық:
- •Экономиканы реформалауда меншіктің орны
- •Негізгі түсініктер мен терминдер
- •Меншік субъектісі меншік объектісі
- •Жекешелендірудің тәсілдері
- •Негізгі түсініктер мен терминдер
- •Бақылау сұрақтары
- •5 Тақырып Қоғамдық шаруашылықтың түрлері.Тауарлы шаруашылық.
- •Натуралды және тауарлы шаруашылық сипаттамасы
- •Негізгі түсініктер мен терминдер
- •Бақылау сұрақтары
- •6 Тақырып. Нарық шаруашылықтың жалпы сипаттамасы.
- •Нарықтық жүйенің негізгі белгілірі мыналар:
- •Артықшылығы
- •Кемшіліктері
- •Құрылымы жағынан нарықты мынадый критерилерге бөлуге болады:
- •Нарықтың құрылымдық түрлеріне байланысты. Тауарлар мен қызметтер нарығы
- •Қаржы нарығы
- •Нарық үлгілерінің сипаты
- •Шоғырланудың бағыттары
- •Негізгі түсініктер мен терминдер
- •Бақылау сұрақтары
- •7 Тақырып. Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері.
- •Негізгі түсініктер мен терминдер
- •Кәсіпкерлікке қажет экономикалық, әлеуметтік және праволық жағдайлар
- •Кәсіпорындардың негізгі формалары
- •Кәсіпкерлік істің элементтері
- •Негізгі түсініктер мен терминдер
- •Бақылау сұрақтары
- •9 Тақырып. Капиталдың айналымы.
- •Негізгі түсініктер мен терминдер
- •Бақылау сұрақтары
- •10 Тақырып. Кәсіпорынның шығындары мен табысТаРы.
- •Өндіріс шығындарының классификациясы
- •Шығындарды есепке алу тәсілдері бойынша:
- •Бухгалтерлік шығындар
- •Экономикалық шығындар
- •Өндірілген өнім көлемінің өзгеруіне байланысты:
- •4 Өндірістің тиімділігін және табыстылығын анықтайтын шығындар:
- •Орташа өнім (ар) – көрсеткіш жалпы өнімді (q) өзгермелі фактордың санына бөлумен анықталады:
- •Негізгі түсініктер мен терминдер
- •Бақылау сұрақтары
- •11 Тақырып. Өндіріс факторлар нарығы жӘне факторлық табыстардың қалыптасуы.
- •Өндіріс факторлар нарығы
- •Еңбек нарығы
- •Жер нарығы
- •Нақты тәжірибеде жалақының әр түрлі формалары кездеседі.
- •Мерзімдік
- •Негізгі түсініктер мен терминдер
- •Мұнда а – амортизациялық жарнаның сомасы.
- •Жиынтық сұранысқа (ад) әсерін тигізетін факторлар
- •Негізгі түсініктер мен терминдер
- •Негізгі терминдер мен түсініктер
- •Фрикциондық жұмыссыздық
- •Бақылау сұрақтары
- •14 Тақырып. Экономиканың циклдық дамуы жӘне экономикалық Өсу.
- •Тоқырау фазасының сипаттамасы:
- •Жандану фазасының сипаттамасы:
- •Өрлеу фазасының сипаттамасы:
- •Циклдардың себептерін зерттеген басты бағыттар
- •Мемлекеттің дағдарысқа қарсы қолданылатын құралдары
- •Экономикалық циклдардың типтері
- •Экономикалық өсудің типтері
- •Интенсивті
- •Экстенсивті
- •Экономикалық өсудің факторлары:
- •Экономикалық өсуге жету барысында қойылған міндеттер:
- •Негізгі түсініктер мен терминдер
- •Ақша түрлеріне байланысты айналыс жүйесі екі типке бөлінеді:
- •Несие функциялары:
- •Несиенің түрлері
- •Несиелік жүйенің незізгі элементтері:
- •Банктердің функциялары:
- •Қазақстан республикасы Ұлттық банкінің қызметтері мен міндеттері:
- •Екінші дәрежедегі банктердің қызметтері:
- •Мемлекеттің ақша-несие саясатының мақсаттары:
- •Мемлекеттің ақша-несие саясатының құралдары:
- •Несиелік белсенділікті басқару
- •Негізгі түсініктер мен терминдер
- •Каржы негізінде төрт қызмет атқарады:
- •Мемлекеттік бюджеттің төлемдері:
- •Салық жүйесінің принциптері:
- •Салық сипаты тұрғысынан:
- •Негізігі түсініктер мен терминдер
- •Бақылау сұрақтары
- •17 Тақырып.Мемлекеттің сыртқы экономикалық
- •Мемлекеттің сыртқы сауда саясаты екі типте жүргізіледі.
- •Сыртқы сауда саясатының салыстырмалы сипаттамасы.
- •Халықаралық экономикалық интеграция
- •Қазақстанның дүниежүзілік шаруашылыққа интеграциялау бағыттары.
- •Негізгі түсініктер мен терминдер
- •Бақылау сұрақтары
- •Негізгі түсініктер мен терминдер
- •Абстрактылы еңбек - тауар айырбасы кезінде көрінетін жалпы адам
- •Ең төмен жалақы - мемлекеттің ресми белгілеген еңбек (минималды) ақысының ең төмені деңгейі.
- •Тақырып 1. Жалпы экономика теория пәні, оның әдістемелік негізі (1кредит-сағат)
- •(1Кредит-сағат).
- •(1Кредит-сағат).
- •Арасындағы айырмашылықтар.
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тақырыптар жинағы.
- •Студентің өзіндік жұмысты ұйымдастыру туралы нұсқаулар
- •7. Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер:
- •8. Курстың саясаты.
- •9.Білімді бағалау ақпараты.
- •Пән бойынша білімді бағалау кестесі.
- •Студенттердің білімдерін емтиханда бағалау
- •Студенттердің білімін бағалау шкаласы.
Нарықтың құрылымдық түрлеріне байланысты. Тауарлар мен қызметтер нарығы
тұтыну тауарларының нарығы – азық - түлік және азық - түлік емес тауарларының нарығы;
қызметтер нарығы;
тұрғын үй және өндірістік емес ғимараттар нарығы.
Өндіріс факторының нарығы
жылжымайтын мүліктер нарығы;
еңбек құрылымдарының нарығы;
шикізат пен материалдар нарығы;
қуат ресурстарының нарығы;
пайдалы қазбалар нарығы.
Қаржы нарығы
капиталдар нарығы немесе инвестициялық нарықтар;
несие нарықтары;
құнды қағаздар нарығы (акция, облигация, т.б.);
валюта, ақша нарықтары.
Интелектуалды өнімдер нарығы - иновацияландыру, ойлап табудағы информациялық қызметтердің, әдебиет және еңбектерінің нарықтары. Жұмыс күші нарығы – бұл еңбек ресурстары қозғалысының экономикалық формасы. Бұнда нарық экономикасы заңдарына сәйкес жұмыс күші миграция жасап отырады. Аймақтық нарықтар - жергілікті, ішкі ұлттық, сыртқы, халықаралық нарықтар.
Экономикалық теориядағы жасырын экономика - әртүрлі себептермен ресми түрде статистика арқылы есепке және бақылауға алынбаған өндіріс, айырбас және материалдық игіліктерді бөлу процестері. Нарықты өмірде жасырын экономика факторын есепке алмау қоғам мүддесіне қайшы келетін өте ауыр әлеуметтік экономикалық салаларға лауазымдық қызметкерлердің қылмысының өсуіне және басқа да әртүрлі қылмыстық істерге әкеліп соқтырады.
Нарық механизмінің негізгі элементтеріне жататындар: баға, сұраныс пен ұсыныс, бәсеке. Сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасының өзгерістеріне байланысты бағалар қалыптасады.
Бәсеке - нарықта реттеушілік қызметін атқарады. А. Смит – бәсекені нарықтың - «Көрінбейтін қолы» деп атаған. Бәсеке арқылы нарықтық субъектілері өз пайдасына қарай әрекет етіп, тұтас болғанда қоғам үшін тиімділіктің негізін қалайды. Осы айтылған элементтердің өзара қатынасы арқылы нарық қалыптасады. Бәсеке – нарық субъектілерінің пайданы барынша ұлғайтуға, яғни қойылған мақсатты жүзеге асыру жолында өндірістің аса қолайлы жағдайлары үшін кәсіпкерлердің өзара күрес қатынастар ретінде көрінетін экономикалық жарысы.
Бәсекені бірнеше белгілері бойынша мынадай тұрлерге бөлуге болады:
Даму масштабы бойынша:
Жеке бәсеке – жеке бір қатысушы нарықтың аса қолайлы жағдайларын таңдап алуға талаптанады.
Жергілікті бәсеке – жергілікті қайсыбір территорядағы тауар иелерінің жарысы.
Сала ішіндегі бәсеке – сала ішіндегі жарыс.
Сала арасындағы бәсеке - әртүрлі сала субъектілерінің жарысы.
Ұлттық бәсеке – ел ішіндегі жарыс.
Ғаламдық бәсеке - әр түрлі мемлекет субъектілерінің жарысы.
Жүргізу әсеріне қарай:
Бағалық бәсеке – бағаны төмендету арқылы
Бағасыз бәсеке – тауар сапасы, жарнама, қызмет көрсету арқылы.
Ниет тәсілдері бойынша:
Адал ниеттілік бәсеке
Ниетсіз бәсеке – нарықтық ережелерін бұзу, жалған жарнаманы қолдану және т.б. арқылы.
Бәсеке даму сипатына қарай:
Жетілген бәсеке
Жетілмеген бәсеке (олигополия, монополия, монополистік бәсеке).
Осы айтылғандарға сәйкес нарық былай бөлінеді: жетілген бәсеке нарығы және жетілмеген бәсеке нарығы.
Жетілген бәсеке нарығы– кез келген ұқсас (бір-бірін ауыстыратын) тауарларды сататын сатушылар мен сатып алушылардың көптеген құрамынан туады. Бірде бір сатып алушы мен сатушы жеке дара сұранысты, нарыққа тауардың түсуін немесе оның бағасын бақылай алмайды. Сатушы бағаны нарықтық бағадан жоғары қоюға дәрмені жетпейді. Себебі, сатып алушы өзіне қажетті мөлшерде тауарды нарықтық бағамен еркін ала алады. Әрбір сатушы бір ғана тауар өнімін сатады. Бұл нарыққа кіру де шығу да жеңіл.
Жетілмеген бәсеке қандай да тауарлар мен қызмет түрін өндірудегі ерекше өндірушінің пайда болуы. Жетілмеген бәсекенің бірнеше түрлері бар: монополия, олигополия, монополистік бәсеке.
6.1.кесте