- •1 Бөлім. Экономикалық теория ғылым ретінде.
- •1Тақырып. Экономикалық теория пәні мен әдістері.
- •Экономикалық теорияның даму кезеңдері төмендегідей бөлінеді.
- •Экономикалық теорияның зерттеу әдістері
- •Негізгі түсініктер мен терминдер
- •Қоғамдық өндірістің құрылымы
- •Ұдайы өндірістің типтері
- •Ұлғаймалы өндірістің түрлері:
- •Негізгі түсініктер мен терминдер
- •Бақылау сұрақтары
- •3 Тақырып. Экономикалық жүйелердің түрлері
- •Дәстүрлі экономиканық жүйенің сипаттамасы:
- •Әкімшілік - әміршілік экономиканың жүйенің сипаттамасы:
- •Таза нарықтық экономикалық жүйенің сипаттамасы:
- •Аралас экономикалық жүйенің сипаттамасы:
- •Нарықтық экономикаға өтудің Қазақстан республикасындағы басты міндеттері мыналар:
- •Қазақстан республикасының нарықтық экономикаға өтуінің ерекшеліктері:
- •Қазақстан республикасында экономиканы құрылымдық тұрғыдан қайта құру мәселелері.
- •«Қазақстан –2030» стратегиясы»
- •Ұзақ мерзімді жеті басымдық:
- •Экономиканы реформалауда меншіктің орны
- •Негізгі түсініктер мен терминдер
- •Меншік субъектісі меншік объектісі
- •Жекешелендірудің тәсілдері
- •Негізгі түсініктер мен терминдер
- •Бақылау сұрақтары
- •5 Тақырып Қоғамдық шаруашылықтың түрлері.Тауарлы шаруашылық.
- •Натуралды және тауарлы шаруашылық сипаттамасы
- •Негізгі түсініктер мен терминдер
- •Бақылау сұрақтары
- •6 Тақырып. Нарық шаруашылықтың жалпы сипаттамасы.
- •Нарықтық жүйенің негізгі белгілірі мыналар:
- •Артықшылығы
- •Кемшіліктері
- •Құрылымы жағынан нарықты мынадый критерилерге бөлуге болады:
- •Нарықтың құрылымдық түрлеріне байланысты. Тауарлар мен қызметтер нарығы
- •Қаржы нарығы
- •Нарық үлгілерінің сипаты
- •Шоғырланудың бағыттары
- •Негізгі түсініктер мен терминдер
- •Бақылау сұрақтары
- •7 Тақырып. Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері.
- •Негізгі түсініктер мен терминдер
- •Кәсіпкерлікке қажет экономикалық, әлеуметтік және праволық жағдайлар
- •Кәсіпорындардың негізгі формалары
- •Кәсіпкерлік істің элементтері
- •Негізгі түсініктер мен терминдер
- •Бақылау сұрақтары
- •9 Тақырып. Капиталдың айналымы.
- •Негізгі түсініктер мен терминдер
- •Бақылау сұрақтары
- •10 Тақырып. Кәсіпорынның шығындары мен табысТаРы.
- •Өндіріс шығындарының классификациясы
- •Шығындарды есепке алу тәсілдері бойынша:
- •Бухгалтерлік шығындар
- •Экономикалық шығындар
- •Өндірілген өнім көлемінің өзгеруіне байланысты:
- •4 Өндірістің тиімділігін және табыстылығын анықтайтын шығындар:
- •Орташа өнім (ар) – көрсеткіш жалпы өнімді (q) өзгермелі фактордың санына бөлумен анықталады:
- •Негізгі түсініктер мен терминдер
- •Бақылау сұрақтары
- •11 Тақырып. Өндіріс факторлар нарығы жӘне факторлық табыстардың қалыптасуы.
- •Өндіріс факторлар нарығы
- •Еңбек нарығы
- •Жер нарығы
- •Нақты тәжірибеде жалақының әр түрлі формалары кездеседі.
- •Мерзімдік
- •Негізгі түсініктер мен терминдер
- •Мұнда а – амортизациялық жарнаның сомасы.
- •Жиынтық сұранысқа (ад) әсерін тигізетін факторлар
- •Негізгі түсініктер мен терминдер
- •Негізгі терминдер мен түсініктер
- •Фрикциондық жұмыссыздық
- •Бақылау сұрақтары
- •14 Тақырып. Экономиканың циклдық дамуы жӘне экономикалық Өсу.
- •Тоқырау фазасының сипаттамасы:
- •Жандану фазасының сипаттамасы:
- •Өрлеу фазасының сипаттамасы:
- •Циклдардың себептерін зерттеген басты бағыттар
- •Мемлекеттің дағдарысқа қарсы қолданылатын құралдары
- •Экономикалық циклдардың типтері
- •Экономикалық өсудің типтері
- •Интенсивті
- •Экстенсивті
- •Экономикалық өсудің факторлары:
- •Экономикалық өсуге жету барысында қойылған міндеттер:
- •Негізгі түсініктер мен терминдер
- •Ақша түрлеріне байланысты айналыс жүйесі екі типке бөлінеді:
- •Несие функциялары:
- •Несиенің түрлері
- •Несиелік жүйенің незізгі элементтері:
- •Банктердің функциялары:
- •Қазақстан республикасы Ұлттық банкінің қызметтері мен міндеттері:
- •Екінші дәрежедегі банктердің қызметтері:
- •Мемлекеттің ақша-несие саясатының мақсаттары:
- •Мемлекеттің ақша-несие саясатының құралдары:
- •Несиелік белсенділікті басқару
- •Негізгі түсініктер мен терминдер
- •Каржы негізінде төрт қызмет атқарады:
- •Мемлекеттік бюджеттің төлемдері:
- •Салық жүйесінің принциптері:
- •Салық сипаты тұрғысынан:
- •Негізігі түсініктер мен терминдер
- •Бақылау сұрақтары
- •17 Тақырып.Мемлекеттің сыртқы экономикалық
- •Мемлекеттің сыртқы сауда саясаты екі типте жүргізіледі.
- •Сыртқы сауда саясатының салыстырмалы сипаттамасы.
- •Халықаралық экономикалық интеграция
- •Қазақстанның дүниежүзілік шаруашылыққа интеграциялау бағыттары.
- •Негізгі түсініктер мен терминдер
- •Бақылау сұрақтары
- •Негізгі түсініктер мен терминдер
- •Абстрактылы еңбек - тауар айырбасы кезінде көрінетін жалпы адам
- •Ең төмен жалақы - мемлекеттің ресми белгілеген еңбек (минималды) ақысының ең төмені деңгейі.
- •Тақырып 1. Жалпы экономика теория пәні, оның әдістемелік негізі (1кредит-сағат)
- •(1Кредит-сағат).
- •(1Кредит-сағат).
- •Арасындағы айырмашылықтар.
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тақырыптар жинағы.
- •Студентің өзіндік жұмысты ұйымдастыру туралы нұсқаулар
- •7. Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер:
- •8. Курстың саясаты.
- •9.Білімді бағалау ақпараты.
- •Пән бойынша білімді бағалау кестесі.
- •Студенттердің білімдерін емтиханда бағалау
- •Студенттердің білімін бағалау шкаласы.
Нақты тәжірибеде жалақының әр түрлі формалары кездеседі.
Жалақы Жұмыс атқарған
уақытына байланысты Өндірілген өнім санына
байланысты
кесімдікМерзімдік
Жұмыс
х Бір сағаттың сағат
саны ақысы өндірілген
өнім х Әр дананың саны
ақысы
Жалақыны екі незгізгі формаға бөлуге болады:
мерзімдік жалақы еңбектердің нақты атқарған жұмыс уақытының шамасына байланысты төленеді;
келісімдік жалақы еңбеккердің қажетті сапада өндірген өнімінің мөлшеріне байланысты төленеді.
Осы көрсетілген жалақының формалары өз кезегінде бірнеше жүйеден құралады.
Жалақының формалары
Мерзімді Келісімді Аккордты
Мерзімді
сыйлықты Жай
мерзімді Кесімді
сыйлықты Тікелей
кесімді Кесімді
прогрессивті
Қоғамда табыстар біркелкі бөлінбейді, табыстың біркелкі бөлінбеуі деңгейі графикте Лоренц қисығыменкөрсетіледі.
11.2. график. Лоренц қисығы. | |
табыс% 100 С
80
60
В 40
20
D отбасы% 0 А 20 40 60 80 100 |
АС - түзу сызықта абсолюттік теңдік көрсетілген, яғни 20% отбасы 20 % табыс алады. АВС - табыстың нақты бөлінуі. Табыстарды бөлудегі теңсіздіктің нақты деңгейі “Джинни коэффициентімен” есептеледі. Коэффициент өскен сайын табысты бөлу теңсіздігі де өседі.
Кдж= АВС ауданы АДС ауданы
|
Капитал - көп мағыналы ұғым: ол материалдық игіліктердің қоры, ол сонымен қатар материалдық емес элементтерді де қамтиды, атап айтқанда адамның қабілеті, білімі. Капиталдың екі негізгі формасын айтуға болады: өндіргіш капитал-өндіріс құрал - жабдықтары, ақшалай капитал – ақша капитал тиімді пайдалану арқылы ол иесіне табыс әкеледі, Капиталдың өсімі – пайызы деп аталады.
Нарықтағы сатушылар мен сатып алушылардың арақатынастарының объектісіне байланысты, капитал нарығы деген түсінікке анықтаманың екі түрлі болуы мүмкін.
Өндіріс факторлары нарығында капитал деп олардың құндық өлшеміндегі физикалық капитал түсініледі. Бұл жағдайда капиталдар нарығы өндіріс факторлары нарығының бір бөлшегі болып табылады.
Қаржы нарығында капитал дер ақша капиталы түсініледі. Сондықтан капиталдар нарығы қарыз капиталдар нарығының құрамды бөлігі болып табылады.
Қарыз капиталының нарығыдеп ақша капиталы объектісінің қызметін атқаратын және осы капиталға сұраныс пен ұсыныс қалыптастыратын, өзара қатынастардың жиынтығы аталады. Қарыз капиталдарының нарығы ақша нарығына және капиталдар нарығына бөлінеді. Ақша нарығы мерзімді бір жылға дейінгі банк операцияларын жүргізумен байланысты болады. Капитал нарығы банктің орта мерзімді және ұзақ мерзімді операцияларына қызмет етеді.
Капитал нарығындағы сұраныс – бұл өздерінің инвестициялық жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін фирмалардың физикалық капиталға сұранысы. Ақшалай салым түрінде капиталы бар үй шаруашылықтары бизнеске материалдарына сұраныс түрінде қолнадуға өз капиталын береді. Бұл үшін олар салынған қаражаттарға процент түрінде табыс алады.
Несие проценті– белгілі бір мерзімде капитал иесіне оның құралдарын пайдаланғаны үшін төленетін бағасы. Несие проценті капиталға деген сұраныс пен ұсыныс арқылы қалыптасады. Капиталға дегенсұраныс келесі факторларғатәуелді:
инвестицияның пайдалылығына,
экономиканың дамуына,
мемлекеттің сұранысына,
салым мерзіміне,
салым салу саласына тәуекелге және басқа да факторларға.
Несие пайызы номиналды және нақтылы мөлшері болып бөлінеді. Номинальдыпроцент ставкасы – инфляцияның өсімін есепке алмайтын, ағымдағы нарықтық пайыздың мөлшері.
Нақтылынесие процент мөлшерлі номиналды мен алдағы болатын инфляцияның өсімі арасындағы айырмашылық.
π
Мұнда: r – нақты процент ставкасы;
n – номиналды процент ставкасы;
π – күтілетін инфляция өсімі.
Мысалы: жылдық номинальдық несие проценті – 15%, алдағы уақытта инфляцияның өсімі – 7 %(жылына) онда нақтылы процент (15-7)= 8%.
Жер - ауыл шаруашылығының басты өндіріс құралы және аграрлық экономиканы шектуеші фактор болып табылады. Жер қоғамдық өндірістің негізі болғанымен оның салаларында әртүрлі қызмет атқарады. Мысалы, өндеуші өнеркәсіп үшін ол - кәсіпорын орналасатын алаң, ал ауыл шаруашылығы үшін жер әрі еңбек құралы, әрі еңбек заты болып саналады. Еңбек заты дегеніміз – жерді өңдеп, оған тұқым сеуіп, онда өнім өсіріледі. Ал, еңбек құралы болатын себебі - тұқымды сепкен күннен бастап өнімді өсіру қызметін Жер-ана атқарады. Жердің өндіріс құрал-жабдығы ретінде ерекшеліктері бар:
біріншіден, жердің кеңістік жағынан шектеулілігі,
екіншіден, жер адам іс-әрекетінің өнімі емес, табиғаттың жемісі, сондықтан, оның құны жоқ, бірақ табыс әкеледі, сатып алынады және сатылады, яғни бағасы бар.
Жердің саны шектелген, сондықтан жердің ұсынысы абсолютті икемсіз. Жердің ұсынысына төмендегі факторлар әсер етеді:
Жер құнарлылығы;
Жер участкісінің нарыққа алыс-жақын орналасуы.
Жер нарығында тек сұраныс белсенді фактор. Жерге сұраныс өзгерістерінің нәтижесі шамалы болғандықтан, оны пайдаланғанда осы ресурстың иесі белгілейтін баға шешуші фактор болып табылады.
11.3. график. Жер нарығы. |
|
Р
S
Е
Ре P0 D
Qе Q |
Жердің ұсынысы абсолютті икемсіз, сондықтан ұсыныс тік сызық түрінде болады. Жер нарығында тек сұраныс көлемі, бағаға байланысты өзгереді. Р – жердің бағасы; Q – жердің көлемі.
|
Рента меншікке келетін табыстың бір түрі, капиталды жерге пайдалану құқы үшін меншік иесіне түсетін төлем. Оның көлемі аренда келісімінде белгіленеді. Жер рентасы – жер учаскесін уақытша қолданғанға төленетін төлем. Жер рентасының екі түрі бар: дифференциалды және абсолютті.
Абсолюттік рента – бұл жериелерінің иемденетін табыстарының бір түрі. Оның абсолюттік деп аталатын себебі – ол құнарлылығы мен басқа да жағдайларға байланыссыз жалға берілген барлық жерлерден алынады. Мұны жерге меншік монополиясы болу салдарынан, жер иесіне жерге капитал пайдалану үшін төленетін төлем. Қай елде болмасын, халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін құнарлы жермен қатар өнімділігі төмен жерлерді де пайдалануға тура келеді. Сондықтан нарық бағасы құнарлылығы төмен жерде өндірілетін өнімдердің жеке өндірістік бағасымен өлшенеді. Сондықтан нашар деген жерлерден де орта пайдадан артық пайда алынатын болады. Мұндай артық пайданы абсолюттік рента түрінде жер иелері иемденді.
Дифференциальды рентаның қайнар көзі құнарлылығы жоғары және нарыққа жақын жерлерде өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің жеке өндіріс шығындары қоғамдық өндіріс шығындарынан әлдеқайда кем болады да, сондай жерлерді пайдаланатын жалгерлердің үстеме пайдасы болып табылады.
Жердің табиғи құнарлылығына және жер учаскелерінің нарыққа жақын орналасуына байланысты алынатын пайданың төлемі ретінде жер иелеріне көшуін дифференциальдық І рента деп атайды.
Жердің құнарлылығын жасанды жолмен жақсарту арқылы алынатын үстеме пайданы дифференциалдық ІІ рента деп атайды. Екінші дифференциалдық рента егіншілікті интенсивті жүргізу әдісін және жердің құнарлығын өсіруді, прогрессивті биотехнология қолдануды, жоғары потенциалы бар тұқымдарды тілейді.
Жердің экономикалық құнарлылығын арттыру дегеніміз - жерді интенсивті игерудің келуі, яғни жаңа өндіріс құрал-жабдығын сапалы тұқымдар, тыңайтқыштар т.б. қолдану арқылы.
Жерге жекеменшік болғандықтан, ол да тауар ретінде сатылуы мүмкін. Тәжірибеде жердің бағасы екі жағдайға: жер рентасына және банк ппайызды шамасына байланысты қалыптасады.
Жердің бағасы рентаға тура қатынаста да, несие пайызына кері қатынаста болады.
Мұнда: Ч – рента,
S – несие пайызы,
ЖБ – жер бағасы.
Сонымен, жалақы, пайызы және рента – бұл өндіріс факторларын пайдаланғаны үшін алынатын табыстар. Бірақ та, жалақы, пайызы және рента қайсыбір шаруашылық субъектілеріне (өндіріс факторларын ұсынушыларға) табыс әкеледі де, ал басқа субъектілерге (өндіріс факторларын сұрайтындарға) - шығындар болып табылады.