- •1 Бөлім. Экономикалық теория ғылым ретінде.
- •1Тақырып. Экономикалық теория пәні мен әдістері.
- •Экономикалық теорияның даму кезеңдері төмендегідей бөлінеді.
- •Экономикалық теорияның зерттеу әдістері
- •Негізгі түсініктер мен терминдер
- •Қоғамдық өндірістің құрылымы
- •Ұдайы өндірістің типтері
- •Ұлғаймалы өндірістің түрлері:
- •Негізгі түсініктер мен терминдер
- •Бақылау сұрақтары
- •3 Тақырып. Экономикалық жүйелердің түрлері
- •Дәстүрлі экономиканық жүйенің сипаттамасы:
- •Әкімшілік - әміршілік экономиканың жүйенің сипаттамасы:
- •Таза нарықтық экономикалық жүйенің сипаттамасы:
- •Аралас экономикалық жүйенің сипаттамасы:
- •Нарықтық экономикаға өтудің Қазақстан республикасындағы басты міндеттері мыналар:
- •Қазақстан республикасының нарықтық экономикаға өтуінің ерекшеліктері:
- •Қазақстан республикасында экономиканы құрылымдық тұрғыдан қайта құру мәселелері.
- •«Қазақстан –2030» стратегиясы»
- •Ұзақ мерзімді жеті басымдық:
- •Экономиканы реформалауда меншіктің орны
- •Негізгі түсініктер мен терминдер
- •Меншік субъектісі меншік объектісі
- •Жекешелендірудің тәсілдері
- •Негізгі түсініктер мен терминдер
- •Бақылау сұрақтары
- •5 Тақырып Қоғамдық шаруашылықтың түрлері.Тауарлы шаруашылық.
- •Натуралды және тауарлы шаруашылық сипаттамасы
- •Негізгі түсініктер мен терминдер
- •Бақылау сұрақтары
- •6 Тақырып. Нарық шаруашылықтың жалпы сипаттамасы.
- •Нарықтық жүйенің негізгі белгілірі мыналар:
- •Артықшылығы
- •Кемшіліктері
- •Құрылымы жағынан нарықты мынадый критерилерге бөлуге болады:
- •Нарықтың құрылымдық түрлеріне байланысты. Тауарлар мен қызметтер нарығы
- •Қаржы нарығы
- •Нарық үлгілерінің сипаты
- •Шоғырланудың бағыттары
- •Негізгі түсініктер мен терминдер
- •Бақылау сұрақтары
- •7 Тақырып. Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері.
- •Негізгі түсініктер мен терминдер
- •Кәсіпкерлікке қажет экономикалық, әлеуметтік және праволық жағдайлар
- •Кәсіпорындардың негізгі формалары
- •Кәсіпкерлік істің элементтері
- •Негізгі түсініктер мен терминдер
- •Бақылау сұрақтары
- •9 Тақырып. Капиталдың айналымы.
- •Негізгі түсініктер мен терминдер
- •Бақылау сұрақтары
- •10 Тақырып. Кәсіпорынның шығындары мен табысТаРы.
- •Өндіріс шығындарының классификациясы
- •Шығындарды есепке алу тәсілдері бойынша:
- •Бухгалтерлік шығындар
- •Экономикалық шығындар
- •Өндірілген өнім көлемінің өзгеруіне байланысты:
- •4 Өндірістің тиімділігін және табыстылығын анықтайтын шығындар:
- •Орташа өнім (ар) – көрсеткіш жалпы өнімді (q) өзгермелі фактордың санына бөлумен анықталады:
- •Негізгі түсініктер мен терминдер
- •Бақылау сұрақтары
- •11 Тақырып. Өндіріс факторлар нарығы жӘне факторлық табыстардың қалыптасуы.
- •Өндіріс факторлар нарығы
- •Еңбек нарығы
- •Жер нарығы
- •Нақты тәжірибеде жалақының әр түрлі формалары кездеседі.
- •Мерзімдік
- •Негізгі түсініктер мен терминдер
- •Мұнда а – амортизациялық жарнаның сомасы.
- •Жиынтық сұранысқа (ад) әсерін тигізетін факторлар
- •Негізгі түсініктер мен терминдер
- •Негізгі терминдер мен түсініктер
- •Фрикциондық жұмыссыздық
- •Бақылау сұрақтары
- •14 Тақырып. Экономиканың циклдық дамуы жӘне экономикалық Өсу.
- •Тоқырау фазасының сипаттамасы:
- •Жандану фазасының сипаттамасы:
- •Өрлеу фазасының сипаттамасы:
- •Циклдардың себептерін зерттеген басты бағыттар
- •Мемлекеттің дағдарысқа қарсы қолданылатын құралдары
- •Экономикалық циклдардың типтері
- •Экономикалық өсудің типтері
- •Интенсивті
- •Экстенсивті
- •Экономикалық өсудің факторлары:
- •Экономикалық өсуге жету барысында қойылған міндеттер:
- •Негізгі түсініктер мен терминдер
- •Ақша түрлеріне байланысты айналыс жүйесі екі типке бөлінеді:
- •Несие функциялары:
- •Несиенің түрлері
- •Несиелік жүйенің незізгі элементтері:
- •Банктердің функциялары:
- •Қазақстан республикасы Ұлттық банкінің қызметтері мен міндеттері:
- •Екінші дәрежедегі банктердің қызметтері:
- •Мемлекеттің ақша-несие саясатының мақсаттары:
- •Мемлекеттің ақша-несие саясатының құралдары:
- •Несиелік белсенділікті басқару
- •Негізгі түсініктер мен терминдер
- •Каржы негізінде төрт қызмет атқарады:
- •Мемлекеттік бюджеттің төлемдері:
- •Салық жүйесінің принциптері:
- •Салық сипаты тұрғысынан:
- •Негізігі түсініктер мен терминдер
- •Бақылау сұрақтары
- •17 Тақырып.Мемлекеттің сыртқы экономикалық
- •Мемлекеттің сыртқы сауда саясаты екі типте жүргізіледі.
- •Сыртқы сауда саясатының салыстырмалы сипаттамасы.
- •Халықаралық экономикалық интеграция
- •Қазақстанның дүниежүзілік шаруашылыққа интеграциялау бағыттары.
- •Негізгі түсініктер мен терминдер
- •Бақылау сұрақтары
- •Негізгі түсініктер мен терминдер
- •Абстрактылы еңбек - тауар айырбасы кезінде көрінетін жалпы адам
- •Ең төмен жалақы - мемлекеттің ресми белгілеген еңбек (минималды) ақысының ең төмені деңгейі.
- •Тақырып 1. Жалпы экономика теория пәні, оның әдістемелік негізі (1кредит-сағат)
- •(1Кредит-сағат).
- •(1Кредит-сағат).
- •Арасындағы айырмашылықтар.
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тақырыптар жинағы.
- •Студентің өзіндік жұмысты ұйымдастыру туралы нұсқаулар
- •7. Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер:
- •8. Курстың саясаты.
- •9.Білімді бағалау ақпараты.
- •Пән бойынша білімді бағалау кестесі.
- •Студенттердің білімдерін емтиханда бағалау
- •Студенттердің білімін бағалау шкаласы.
Мемлекеттің сыртқы сауда саясаты екі типте жүргізіледі.
1. Протекционизм - жергілікті тауар өндірушілерді шетелдік бәсекелестерден қорғау саясаты. Импортты шектеу негізінде үш негізгі шаралар қолданылады:
Кеден, баж салығы немесе тарифтік кедергілер жүргізу. Шетел тауарларына салық арқылы олардың бағасын көтеріп, сұранысты азайту.
Тарифтік емес кедергілер (импортқа тыйым салу немесе шектеу қою: квота, лицензия және т.б. шаралар арқылы).
Экспортты қолдау.
2. Фритредерство немесе еркін сауда саясаты, яғни ішкі нарықта шетел капиталы мен қызметтерді енгізуді қолдау.
17-кесте
Сыртқы сауда саясатының салыстырмалы сипаттамасы.
|
Протекционизм |
Фритредерство |
Мағынасы: |
Шетел өнімдерін ішкі нарыққа кіргізуді ұлттық өндірісті қорғау үшін шектеу. |
Ешбір кедергілерсіз мемлекеттер арасында тауарлар мен қызмет-тердің еркін жүруі. |
Артықшылықтары: |
Төлем балансын теңдес-тіреді, демпингтен қор-ғайды. Жаңа салаларды қорғайды, өндіріс көле-мінің өсуін ынталан-дырады. |
Бәсекені ынталандырады, монополияны шектейді, өндіріс тиімділігі өседі, бағалар төмендейді. Тауарларды таңдау мүмкіндігі еді, мемлекет арасында жақындасу, бірігу процесі өседі. |
Кемшіліктері: |
Өндіріс тиімділігі төмендейді, бағалар өседі, тауарды таңдау мүмкіндігі болмайды, экспорт мүмкіншілігі азаяды. |
Ұлттық экономиканы шетелдің теріс әсерінен қорғау мүмкіндігі болмайды (демпинг, сапасыз тауарлар және т.б.). |
Мемлекеттің сыртқы экономикалық байланыстарын сипаттауға төлем балансы қолданылады.Төлем балансыдегеніміз белгілі бір кезендік статистикалық есеп беру және келесі құбылыстарды көрсетеді:
белгілі бір елдің басқа елдер арасындағы тауарлық, қызметтік, табыстық операциялар;
меншіктегі өзгерістер және сол елдің қаржылық талаптар мен міндеттемелеріндегі өзгерістер;
бір жақты аудармалар.
Төлем балансына сыртқы саудадан, тасымал құралдары төлемінен, шетелге капитал шығарудан, шетел туризмінен және валюталық несиелік операциялардан және т.б. түскен табыстар кіргізіледі. Дәл осындай баптар төлем балансының шығын бөлімінде көрсетіледі. Төлем балансының көрсеткіштері сол елдің белгілі бір кездегі экономикалық жағдайы туралы мәлімет береді. Егер төлем балансында теріс сальдо болса, онда сол ел дүниежүзілік нарықта сенімсіздікке ұшырайды, мұның өзі ұлттық валютаның басқа елдердің ұлттық валютасымен салыстырғанда, төмендеуіне әкеліп соғады.
Халықаралық несие– бұл қайтарымдылық, жеделдік, процент төлеу шарты бойынша валюталық және тауар ресурстарының берілуі, яғни мемлекеттердің бір - біріне ақша немесе тауар ресурстарын қарызға беруі. Бұл жағдайда қарыз беруші мен қарыз алушы рөлінде жеке фирмалар, компаниялар, мемлекеттің үкіметі, аймақ, облыс, қала әкімшіліктері мен халықаралық мекемелер болады. Халықаралық несие әр түрлі формада болады:
Өзінің мақсатты пайдаланылуына байланысты халықаралық несие байланысқан және қаржылық деп бөлінеді.
байланысқан несие несиелік келісімде бекітілген қатаң түрдегі мақсатты сипаты болады (коммерциялық, инвестициялық несиелер);
қаржылық несиелер қарыз алушының кез келген мақсатына сәйкес беріледі.
Ұсынылу формасы бойынша тауарлық және валюталық деп бөлінеді.
Берілу мерземі бойынша қысқамерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді, онкольдік деп бөлуге болады.
Несие берушінің кім екендігіне байланысты жекеше, үкіметтік, халықаралық ұйымдар несиелерді ажыратады.
Валюталық несиелер берілу валюта бойынша бөлінеді.
Әлемдік басты несие–қаржылық орталықтарға жататындар: Халықаралық валюталық қор (ХВҚ)
ол Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) мекемесі болып саналады;
халықаралық ірі қаржы несие мекемесіне Дүниежүзілік банк жатады. Оған бір-бірімен байланысқан 4 халықаралық қаржы институттары енеді. Олар: Халықаралық даму және реконструкциялау банкі (ХДРБ), Халық аралық даму ассоциялары, халықаралық қаржы корпорациясы;
Қарыз беруші елдердің «Париж клубы»
Қарыз беруші банктердің «Лондон клубы» және т.б.
Халықаралық жұмысшы күші нарығы жұмыс күшінің сырттан келуімен (эмиграция) және кетуімен (иммиграция) қалыптасады, яғни ұлттық шаруашылықтар арасындағы жалдамалы еңбектің ауысуы (миграция) Оның пайда болуы өмір сүру деңгейінің төмендегі мен даму қарқыны төмен елдерде тұрғындардың салыстырмалы елдердің дәрежесінің жоғары болуымен түсіндіріледі. Сол себептен қосымша жұмыс күшін қажет ететін интенсивті дамыған елдерге ауысып отырады.
Дүниежүзілік шаруашылықтың интернациалануының тереңдеуі жағдайында капитал экспортының мәні өсуде. Капиталдың миграциясы– бұл белгілі бір ұлттың айналымында жүрген капитал бөлігін басқа елдің экономикасына тауар немесе ақша формасында енгізу процесі. Оның басты себебі: бір елде капитал мөлшерінің салыстырмалы түрде көр болуы, яғни оның шектен тыс көп жинақталуы. Капитал миграциясының түрлері көп:
жеке меншік және мемлекеттік капитал миграциясы;
ақша және тауар капитал миграциясы;
қысқа және ұзақ мерзімдегі миграциясы;
қарыз және кәсіпкерлік капитал миграциясы.
Қарыз капиталысақтаудағы ақшадан, несиеден түсетін процент көлемінде табыс әкеледі.Кәсіпкерлік капиталдышетке шығару – басқа елдердің территориясында өзінің өндірісін салу үшін қаржы жұмсау. Кәсіпкерлік капитал екі түрге бөлінеді:
Тікелей инвестиция - өнеркәсіп, сауда т.б. салаларға бағытталған.
Портфельдік инвестиция – шетелдік облигация, акция мен басқа да құнды қағаздарға бағытталған.
Трансұлттық корпорациялар (ТҰҚ) қазіргі кездегі дүниежүзілік байланыстардың негізгі субъектілері, яғни елдердің компаниялары, акционерлік қоғамдардың бірігуі.
Әлемдік экономикада елдер арасындағы төлем мен есеп айырысу операциялары валюталық қатынастар арқылы жүргізіледі. Осындай валюталық қатынастар халықаралық валюта жүйесін құрайды. Валюта жүйесіне бірлескен валюта қорлары, халықаралық есеп айырысуда жүретін активтер, валюталық поритет пен оларды өзара келістіру жағдайлары, валюта мен алтынның әлемдік нарығы т.б. кіреді.
Ақша сыртқы экономикалық байланыстарға қатысқанда валюта түрінде қолданылады.
Валютаның түрлері: ұлттық, шетелдік валюталық бірлік (теңге, доллар, евро). Валюта айналымына байланысты:
конверсияланатын, яғни еркін айналатын валюталар;
жартылай конверсияланатын, яғни валюталық шектеулері бар елдердің валюталары;
конверсияланбайтын, яғни елдер арасындағы айырбасқа тыйым салынатын валюталар болып бөлінеді.
Валюталық курс– бір елдің ақша бірлігінің басқа елдердің ақша бірліктеріне бейнеленген бағасы. Валюта қатынастары тарихында үш валюта жүйесі белгілі.
Алтын стандарты негізінде 1879-1934 жылға дейін: ақша бірлігінде алтын үлесінің болуы, алтын қоры мен ішкі ақша ұсынысының тең болуы, осының нәтижесінде мемлекет валюталық курсты қатал шектеуде ұстап отырады.
Бреттон Вуд жүйесі 1944-1971 ж. ақша айналымына алтын девиза енгізілді, яғни мұндай өлшеуіш алтынның орнына алтыны аз елдердің кейбір ұлттық немесе бірлескен валюталардың жүруіне жол берілді. (алтын-доллор стандарты)
1971 жылдан бастап дүниежүзілік ақша міндетін алтын емес, ұлттық валюта мен біріккен валюта атқара бастады да бұл жүйе - еркін өзгеріп отыратын валюталық курс жүйесі деп аталды, яғни валюталық курс мемлекет әсерін тигізіп отыратын сұраныс пен ұсынысқа қарай өзгеріп отырады.
Валюталық курсты реттеу үшін 4 негізгі тәсіл қолданылады:
Валюталық интервенция валюталық нарыққа мемлекеттің араласуы. Валюталық сұраныспен ұсынысты қажетті бағытқа өзгерту үшін мемлекет осы валютаның қажетті санын сатады немесе сатып алады.
Валюталық бақылау жүргізу, яғни егер елде шетелдік валютаның көлемі кемісе, оған сұраныс өссе, оның өсуін баяулату үшін валютаның легін ішкі нарықта қайта бөлуге кіріседі.
Сыртқы сауданы бақылау арқылы валюталық сұраныс пен ұсынысқа жанама түрде мемлекет ықпалын жүргізеді.
Ішкі макроэкономикалық реттеудің әртүрлі шаралары бойынша валютаның айырбас пропорциясына мемлекет әсерін тигізеді.