Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

41

.pdf
Скачиваний:
2
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
2.96 Mб
Скачать

Қорытынды. Қазақстан аумағында күрделі санаттағы туристік тау жорықтары үшін ыңғайлы бірнеше таулы аймақтар орналасқан. Оларға Батыс, Солтүстік, Орталық Тянь-Шань, Алтай және Жоңғар таулы аймақ бөліктері жатады.

Кең ауқымда алғанда туризм біршама тұрақты (бальнеологиялық туризм, тау шаңғы демалысы) және бағыттық (табиғатқа бағытталған, спорттық туризм, экскурсия, танымдық туризм) сияқты түрлерін қамтиды.

Картографиялық модельдеу мүмкіншіліктеріне сүйене отырып, тау туризмін сәйкес тау жорығының күрделігіне қарай, аумақтың бедеріне қарай нақты үлгі алуға болады. Бұл үлгі арқылы түсірілген әр бір аумақ үшін біршама қолайлы, оңтайлы және қауіпсіз түрде ауданды географиялық тұрғыдан жан-жақты таныстыру мүмкіндігін айқындайды.

АТЫРАУ ОБЛЫСЫН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ЖӘНЕ КАРТОГРАФИЯЛАУ

Ержан Г.

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Ғылыми жетекші: г.ғ.д, профессор Көшім А.Ғ.

Атырау облысында қоршаған ортаға техногендік жүктеме жылдан жылға өсіп келеді. 1986-2009 жылдары 212,48 млн тонна мұнай өндірілген. Атмосфера бассейніне 3,53 млн тонна зиянды заттар тасталған. Стационарлы көздерден ау бассейніне 2,6 млн тонна тасталған, орташа жылдық көрсеткіш

– 104,12 мың тонна. Облыс аумағының ауданы 118600 шаршы шақырым. Атмосфера бассейніне тасталатын зиянды заттардың жалпы көлемінің ішінен бір шаршы шақырым аумаққа келетіні29,8 тонна ластаушы заттар.

Табиғи ортаның барлық сферасы (ауа, су, өсімдік, жануар мен адам ағзасы) ластанады. Жекелеген сфералардың ішінен ауа ортасының ластануын келесідей себептерге байланысты

қарастырамыз:

ауа адам және басқа да тірі организмдердің өмір сүруіне қажетті құрам бөлік болып табылады. Дәрігерлердің пайымдауынша, адам ауасыз тек бес минут қана өмір сүре алады. Адам ауаның сапасына қарамастан онымен демалады. Ауа құрамындағы ластаушы заттар адам ағзасына бірнеше жолдар арқылы түседі:

адам ауамен тыныс алатындықтан ластанған ауа және оның құрамындағы зиянды заттар адам ағзасына енеді.

ластанған ауа топыраққа түседі. Топырақта өсімдіктер өседі, оларды жануарлар қорек етеді. Жануарлардың етін, сүтін біз тамақ ретіндепайдаланамыз.

ластанған ауа су бетіне түседі. Суда балықтар тіршілік етеді, оларды да адамдар азық ретінде пайдаланады.

Оның үстіне, шығындылар көлемі жөніндегі мәліметтер нақты әрі дәл. Оларды мемлекеттің статистикалық есеп берулерінде қолданады.

Штатты тәртіпте кен өндіру кезінде апаттар мен экологиялық қиындықтар аймақтың экологиялық сыйымдылығын ескерместен кең көлемде жер қойнауынан мұнай игеру нәтижесінде пайда болуы мүмкін. Мұнай өндірісі кезіндегі атмосфера бассейніне түсетін зиянды заттар өзіндік таралу ерекшелігіне ие. Зиянды заттардың бір бөлігі ауа ағыны арқылы басқа мекендерге тасымалданса, олардың қалған бөлігі басқа қосылыстарға құбылып, жер бетіне шөгіп қалады.

Ал қоршаған орта өз кезегінде ластаушы заттарды бейтараптандыруға (қышқылдау, қалпына келтіру, адсорбция, трансформация) тырысады. Бірақ ол үшін қоршаған ортаға өте көп уақыт қажет (жүздеген, мыңдаған жылдар). Алайда кен өндірушілер қоршаған ортаға мұндай мүмкіндікті бермесі анық.

Ұзақ уақытқа созылған кен өндіру үрдісі кезінде қоршаған орта оған келіп түсетін зиянды заттармен тұнып қалады. Зиянды улағыш заттардың топырақта, өсімдіктерде, сулы ортада, адамның, жануарлардың, балықтар мен құстардың ішкі ағзасында жинақталуы жүреді. Ақырғы кезеңінде қоршаған ортаның барлық сферасы токсиканттармен уланады.

Келешекте, тұз астындағы ауқымды мұнай қорларын толық игерген жағдайда атмосфера бассейніне, біздің есептеуіміз бойынша, 28,0 млн тонна зиянды улағыш заттар тасталуы мүмкін. Олардың компоненттерінен 9,93 млн т күкірт қышқылы, 5,3 млн т азот қышқылы және 10,45 млн т көмір қышқылы құрылуы мүмкін, олар дүние жүзінің табиғи ортасын құртушы қосылыстар болып табылады.

201

Апаттар мен экологиялық қиындықтардың туындауына қоршаған ортаға тигізер әсерін ғылыми негізі жоқ есептермен жүргізу, жер қойнауынан өндіретін жалпы мұнайдың шектік көлемін анықтамай тұрып, табиғи ортаның теңдігін сақтамастан Солтүстік Каспий теңізінде масштабты түрде мұнай өндіру операциялары себепші болады.

ҒАРЫШТЫҚ СУРЕТТЕРДІ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ЖАҒАЛАУ СЫЗЫҒЫНА МОНИТОРИНГ ЖАСАУ

Женибек Е.Т.

Г.С. Мадимарованың жетекшілігімен

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

e-mail:zhenibeck_elzhas@mail.ru

Мақалада теңіз аймағындағы жағалау сызығына мониторинг қарастырылған.

Қазіргі таңда, жағалау сызығының өзгере беруі нәтижесінде теңіз шекараларын қайта қарау және ағымдағы жағалау сызығына тәуелсіз бекітілген сызықтан бастап шекараларды қайта өлшеу, теңіздің күрделі мәселелері болып табылады. Әдетте, судың жағалау сызықтары картографиялық мәліметтерді жаңғырту кезіндегі сабалық кезеңде бір рет анықталатын. Ғарыштық түсіріс су қоймаларына шекараны бір реттік орнатумен ғана шектелмей, су қоймалары және басқа да су объектілерінің жағалау сызықтарының орналасуын жиі анықтауға, су айдынының пішінің барлық өзгерістерін берілген мезгілділікпен қадалағалап отыруға жағдай туғызадыв. Өте жоғары дәлдікті жерсеріктерінен алынған мәліметтерді қолдану мәселесі қызықты болып табылады, мысалы, WorldView1, WorldView2, GeoEye1 және т.б. Бұл мәліметтер 1:5000–1:10000 масштабтағы инвентаризациялаумен қатар, өзенді меандрлеу динамикасын анықтау және жерасты құбыр желілерін жобалау мен қолдану кезіндегі арналық мезоформаларды жаңадан құру үрдісін анықтау үшін қолданыла алады.

Әртүрлі жылдағы Жерді қашықтықтан зондтау мәліметтерін салыстыру нәтижесінде осындай объектілерге қауіпті болып табылатын арналық үдерістер анықталады. Судан қорғайтын және гидротехникалық құрылыс нысандарының жағдайына, су қорғау аймақтары мен ластану көздеріне мониторинг жасау. Бұл категорияға кіретін мәселелерді шешу үшін өте жоғары дәлдікті ғарыштық суреттерді қолдану тиімді болып келеді және оларды біріктіреді. Ғарыштан алынған Жерді қашықтықтан зондтау мәліметтері құрылыс нысандарының техникалық жағдайына баға беруге, жаңа объектілерді жоспарлауда қажет. Әсіресе бұл мәліметтерді келешекте қолдану құрылыс барысында тартылған объектілерге, су қорғау бөгеттерінде, гидротехникалық құрылыс нысандарында, қол жетімсіз аймақтарда қолдануда пайдасын тигізеді. Желмен эрозиялық шайып кету, карсттық, термокарттық процесстердің салдарынан пайда болған қуыстар, физикалық және химиялық үгілу процесстерінің алдын алу мақсатында уақытылы мониторинг жасау өте маңызды болып табылады.

ЖАЗ МӘЛІМЕТТЕРІН ТАҚЫРЫПТЫҚ ӨҢДЕУ ӘДІСТЕРІ

Жеңісова Н.

Г.С. Мадимарованың жетекшілігімен

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

nazim_99_69@mail.ru

Жерді ара қашықтықтан зерделеу мәліметтерін тақырыптық өңдеу әдістерін зерттеуде біз ғарыштан алынатын әртүрлі мәліметтерді ыңғайлы әрі сенімді жолмен өңдеу тәсілдерін қарастырамыз. Қолданылатын тәсілдің артықшылығы мен кемшілігін салыстыра отырып, қолданушыға ғарыштан алынған мәліметтерді өңдеудің жинақталған әрі жүйеленгентүрін ұсынамыз.

Қазіргі таңда жерді арақашықтықтан зондтау бойынша алынған мәліметтерді, яғни суреттерді өңдеудің көптеген түрлері белгілі. Көптен ерекшеленіп жетілдірілген түрі – тақырыптық өңдеу болып табылады. Жалпы суретті өңдеуде алдымен бастапқы өңдеуден өтсе, суреттер тақырыптық өңдеуден де өтеді. Тақырыптық өңдеу деп отырғанымыз кеңістіктегі объектілер мен құбылыстарды жеке-жеке тану процесі болып табылады. Ол өзінің 5 түрлі әдістерінің көмегімен суретте толыққанды өңделуін қамтамасыз етеді. Әдістеріне келетін болсақ, жерге қатысты түстерді түрлендіру, әртүрлі

202

индекс суреттері, негізгі компоненттерді анықтап талдау, спектральды бөлу, сонымен қатар жіктей отырып суреттерді өңдейді. Өңдеу процесінде осы тақырыптық өңдеудің әдістерін белгілі бір алгоритм бойынша, нақты қадамдар арқылы өңдеу керек. Себебі мұндай жүйе бізге толыққанды өңделген мәліметтерді беріп, жұмыстың тиянақты болуына алып келеді. Тақырыптық өңдеудің ерекшеліктерінің бірі – барлық қолданушыға түсініктілігі әрі қарапайымдылығы болып табылады.

Қорытындылай келе, бұл зерттеу бізге ЖАЗ мәліметтерінің өнімділігі мен сапалылығына жету жолын көрсетеді. Бүгінгі таңда уақытты үнемдей отырып, жұмыстың жоғары деңгейде орындалуы – біз үшін аса маңызды. Сол себепті ұжым болып тақырып өңдеу тәсілін қолданып – бір жүйеге ұмтылуымыз қажет.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ҚАМТУ АЙМАҒЫНА МОНИТОРИНГ ЖАСАУ

Жүнісов А.

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Ғылыми жетекші: г.ғ.д, профессор Көшім А.Ғ.

Бүгінгі күні ақпараттық-телекоммуникациялық инфрақұрылым экономикалық дамудың аса маңызды элементі болып табылады. Қазіргі заманғы қолжетімді телекоммуникациялық инфрақұрылымсыз Қазақстанның әлемдік экономикалық және ақпараттық кеңістікке енуі мүмкін емес. АКТ қолжетімділігі ақпаратты қоғам құруға арналған тұғырнама болып табылады.

Қазіргі уақытта сандық технология мемлекеттің экономякалық және әлемуеттік дамуында ерекше орынға ие.Жер планетасындағы халықтың 40 % -ға жуығына интернет қол жетімді, және әр бір 10 үйдің 7-еуінде ұялы телефон бар.

Телекоммуникация қызметтерін дамыту келесі индикаторлармен сипатталады:

1)жергілікті телекоммуникация желілерін цифрландыру деңгейі (95,6 %);

2)Интернет желісін пайдаланушылардың саны 8,8 миллион адамға жетті (53,5 %);

3)тіркелген телефон байланысы абоненттерінің саны 4,2 миллионнан астам абонентті құрады (26

%);

4) ұялы байланыс абоненттерінің саны 26,2 млн. құрады (158,3 %).

Ұялы байланыс қызметтері Қазақстан тұрғындары арасында үлкен сұранысқа ие, ол абоненттер санының тұрақты артуына байланысты.

Сондай-ақ 2011 - 2012 жылдары Интернет және ұялы байланыс қызметтеріне тарифтерді төмендету бойынша іс-шаралар жүргізілді. Ұялы байланыс операторларының желі ішінде қоңырау шалуға жұмсалатын ең төменгі құны 30 %, ұтқыр Интернетке ең жоғарғы тариф 50 % дейін төмендеді.

Интернет желісіне белгіленген кең жолақты қолжетімділік тарифтер бойынша жарияланған IT 2012 әлемдік есебіне сәйкес Қазақстан әлемде 13-орынды иеленді (2009 жылғы қорытындылар бойынша 19-орын).

2013 жылы CDMA 450/EVDO технологиялары бойынша Интернет желісіне КЖҚ қызметтерімен тұрғындар саны 50 және одан да көп елді мекендердің тұрғындары қамтамасыз етіледі.

FTTH технологиясы бойынша Интернет желісіне КЖҚ барлық қалалар мен облыс орталықтарында 2015 жылға дейін аяқталатынболады.

3G үшінші буынның ұтқыр байланысымен 2013 жылдың басында тұрғындар саны 50 мың және одан да көп адамды құрайтын елді мекендердің тұрғындарын, ал 2015 жылдың басына дейін тұрғындар саны 10 мың және одан да көп адамды құрайтын аудан орталықтары мен елді мекендердің тұрғындарын қамтамасыз ету жоспарланады.

2013 жылдың басына 4G төртінші буын стандарты Астана, Алматы қалаларында, 2014 жылдың басына - республиканың барлық облыс орталықтарында, 2015 жылдың басында - тұрғындар саны 50 мың және одан да көп адамды құрайтын барлық елді мекендерде, ал 2018 жылдың басында - Қазақстан Республикасының бүкіл аудан орталықтарында енгізілетін болады.

Ұялы байланыс қызметтері тарифтерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін (сондай-ақ, мобильді Интернет) ұялы байланыстың басым операторларының трафигіне қосылу және оларды жіберу қызметтерінің тарифтерін төмендету іске асырылады (2015 жылға дейін жыл сайын кемінде

10 %).

2017 жылы Қазақстан Дүниежүзінде электрлік және телекомуникациялық байланыс желілері бойынша 53-ші орынды алды.

203

«АТЛЕТИКАЛЫҚ ҚАЛАШЫҚ» АУМАҒЫН ҮШӨЛШЕМДІ ҮЛГІЛЕУ ЖӘНЕ БЕЙНЕ ВИЗУАЛИЗАЦИЯСЫ

Зұлхарнай Д.М.

Г.К. Джангулованың жетекшілігімен

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

e-mail: diks_94@mail.ru

Ұсынылып отырған мақалада аудандардағы құрылыс, қайта құру және қалпына келтіру жұмыстары бойынша жобаларды әзірлеу сияқты әртүрлі инженерлік тапсырмаларды орындау, жергілікті геоақпараттық жүйені құрастыру, физикалық процестерді үлгілегеу, т.б. жұмыстарды жүргізу ғимараттың үшөлшемді үлгісін құрастырғанда қолданылу қарастырылған. Сонымен қатар, үшөлшемді үлгілер визуализация және даму үдерісіндегі жобаларды таныстыру үшін пайдаланылуы мүмкін.

Үшөлшемді үлгілерді жасау үшін деректер көзі мен қолданыстағы графикалық құжаттар (топографиялық карталар мен жоспарларды, габариттік сызбалар), (жер және әуе лазерлік сканерлеу нәтижесі тахеометриялық түсіріс көмегімен) тікелей өлшеу нәтижелері ретінде әрекет ете алады.

Ақпараттық қолдауды үлгілеу жұмыстарының екі шешімі бар. Біріншісі, дайындық жұмыстары. Ол көбіне екіөлшемді үлгілеу кезеңіндегі жұмыстарға ұқсас, дегенімен, мұнда әуеғарыштық суреттерді немесе арақашықтықтан зерделеу мәліметтерін талап етеді. Екінші, аналитикалық-есептеу жұмыстары. Үшөлшемді үлгіні құрастыруға қатысты барлық параметрлерді қамтиды.

Декарттың кеңістіктің көрінісі өзара перпендикуляр үш ось: X, Ү және Z екені белгілі. Бұл нысанның үзындығын, биіктігін және енін көрсетеді. Алайда, осы сипаттамаларға ие болса да, нысан тағы өзгере алады. Нысанның өзгеруі төртінші өлшем – уақытқа байланысты болады. Осылайша біз нақты нысандары бар бірқалыпты кеңістікке ие болады. Бірқалыпты кеңістікті компьютерде үлгілеу үшін үшөлшемді үлгілеу орталары бар. Мұндай орта кеңістіктің ауқымын пішіндеп, оны әртүрлі нүктелерден бақылауға, нысанды қозғалтып және өзгертуге болады.

Сонымен қатар, мақалада Алматы қаласында бой көтерген «Атлетикалық қалашықтың» үшөлшемді үлгісін құрастыру барысында сандық үлгілеу, әуеғарыштық сурет және ГАЖ мәліметтерін қолдану қарастырылған.

Аталмыш үлгіні «Атлетикалық қалашық» аумағында жасау төмендегідей мүмкіндіктерді береді: Қалашықтың шынайы бейнесінің картасын және үлгідегі виртуалды қозғалысты жүзеге асырады; Қалалық пейзаж деректерін үлгілеу және талдау мүмкіндігі;

Тақырыптық қабаттарды ендірілген 3D нысандармен біріктіру;

Перспективалық үшөлшемді топологиялық ГАЖ деректерін және үлгілерін дайындау әдістерін зерттеу.

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӨНЕРКӘСІП-ИГЕРУ АЙМАҚТАРЫН МЕДИЦИНАЛЫҚЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН КАРТОГРАФИЯЛАУ

Исқақова Г.А.

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Ақтөбе облысының мұнай кен орындары, олардың өнімдерін өндіру, тасымалдау және сақтау жұмыстары қоршаған ортаға қатты әсер етеді.

Ақтөбе облысы территориясында 18 кен орны ашылып, пайдалануға берілді. Олар: Ақжар (1931) және Шығыс Ақжар(1931), Алібекмола (1988), Бозоба, Жақсымай (1931), Жаңажол (1978), Жаңатан (1992), Қаратөбе (1957), Оңтүстік Қаратөбе (1978), Кенқияқ (1959), Қожасай (1983), Қопа, Құмсай (1960), Лақтыбай (1992), Оңтүстік Мортық (1992), Синельниковское (1987), Урихтау (1983),

Дөңгелексор (1959-1960).

Ең ірі Кенқияқ мұнай кен орны Көкжиде құмды алабының солтүстік-батыс бөлігін алып, Кенқияқ, Сарыкөл, Шұбаршы ауылдарынан Кенқияқ су жинауына дейінгі улескіде орналасқан. Кенқияқ ауылының оңтүстік-батысына қарай 3,5 км-де қалдықтардың муниципальды полигоны орналасқан. Алайда, нақты, қалдықтарды орналастыру оның территориясынан тыс ауылға жақын болып келген. Полигонда мұнай өнімдерін тазарту және жағу жүргізілген. Ішінде, үйіндінің өңірлерінде мұнаймен ластанған грунт кездеседі.

204

Кенқияқ елді мекенінің орталық бөлігінің бүкіл территориясы дерлік екінші ауытқу деңгейі аймағында орналасқан. Ластанудың орташа деңгейі Кенқияқта -74 мг/кг, салыстырма үшін, Сарыкөлде – 94 мг/кг, Шұбаршыда - 63 мг/кг-ды құраса, ең жоғарғы мәні Кенқияқ пен Сарыкөлде осыған сәйкес 407 мг/кг және 171 мг/кг болды.

Күкіртті сутек, бензопирен және шаң бойынша, айтарлықтай мөлшерлерін шектен шығаратын, ең қолайсыз кен орнының солтүстік-шығыс және оңтүстік-шығыс желдері болып табылады. Қауіптілік деңгейі бойынша химиялық заттар мемлекетаралық стандартта ГОСТ 17.4.1.102-83 үш класқа бөлінеді: жоғары қауіпті, қалыпты қауіпті, аз қауіпті.

Топырақ, өсімдіктер жамылғысының мұнай қалдықтарымен ластануы.

Антропоген қызметі нәтижесінде топыраққа түсетін химиялық заттарға мыналар жатады: қауіптіліктің бірінші класына – күшән, кадмий, сынап, селен, қорғасын, мырыш, фтор және

бенз(а)пирен; екінші класқа – бор, кобальт, никель, молибден, мыс, сурьма, хром;

үшінші класқа – барий, ванадий, вольфрам, марганец, стронций, ацетофенон.

Топырақтағы мұнай өнімдерінің шоғырлануы қоршаған ортаның экологиялық өзгеруіне кері әсерін тигізу деңгейіне жеткен кезде топырақты ластанды деп есептеуге болады: топырақтан не жертопырақтан және олардың судағы еруінде мұнай өнімдерін шаю нәтижесінде топырақтың экожүйесіндегі экологиялық тепе-теңдік бұзылады, топырақ биоталары жойылады, өсімдіктердің өнімділігі төмендейді не олар өле бастайды, топырақ морфологиясының, сулы-физикалық құрамының өзгерісі пайда болады, олардың өнімділігі төмендейді, жер асты және жер бетілік сулардың ластануына қауіп туындайды.

Зерттеу территориясы топырақтағы мұнай өнімдерінің көптігімен сипатталады. Топырақтағы мұнай өнімдерінің фондық құрамы, ең жоғары нүктелік мәндегі 22315 мг/кг, 11,7 мг/кг-ды құрайды.

Өсімдіктердің және мал өнімдерінің ластануы

Елді мекендерден алынған көкөніс өнімдері зерттеулерінің нәтижелері бойынша, Кенқияқ елді мекені аумағы кадмий, қорғасын, мырыш, күшән бойынша микроэлементтер нормасы жоғары. Кадмий бойынша РШШ-дың өсуі -1,5-ке, қорғасын бойынша – 3,7-ге, мырыш бойынша -2,3-ке және күшән бойынша 1,1-ге жетті /9/.

ҒАРЫШТЫҚ СУРЕТТЕР АРҚЫЛЫ АРАЛ ТЕҢІЗІНІҢ ЖАҒАЛАУ СЫЗЫҒЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

Калыбаева А.К. Г.С.Мадимарованың жетекшілігімен

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Е-mail:kalibaeva1404@gmail.com

Бұл жұмыста Арал теңізінің экологиялық проблемасын ғарыштық суреттер арқылы бақылау жайлы жазылған.1960-2017 жылдар арлығындағы спутниктік жүйеден алынған әр түрлі динамикалық ақпарат кездеседі. Морфометриялық сипаттамаларының өзгерістері (жағалау сызығы, жағажай бетінің ауданы мен көлемі), теңіз деңгейі және мұз режимі қарастырылған. Сонымен қатар, теңіздің құрғау процесінде жағалауы мен тұздылығының өзгеру нәтижесінде Үлкен аралдың батыс бөлігіндегі шығыс жағалауында апвеллинг сияқты орын алған құбылыстар, Амудария өзенінің шығыс бөлігіне эпизодтық серпілісі,шаңды дауыл жайлы айтылған.

Арал теңізі – Қазақстанның інжу-маржаны, шөл белдеміндегі бірден-бір көгілдір су айдыны еді. 1961 жылға дейін Арал теңізінің көп жылдық орташа деңгейі 53 абс. м, орташа аумағы 66,1 км², көл. 1062 км3 болған. Өзендердің теңізге құйылу мөлшерінің кемуі, теңіздің су деңгейінің азаюы оның 2- ге бөлінуіне әкеп соқтырды.

Арал теңізінің жағалауын картаға түсіру үшін спутниктік ақпараттарды пайдалану 1970-шы жылдардың екінші жартысында оның морфометриялық сипаттамалары өзгерген кезде пайда болды.

Арал теңізінің жағалау сызығын ғарыштық суреттер арқылы картографиялау Қазақ аэрогеодезиялық кәсіпорынында шешілген болатын. Мұнда 1977,1984 және 1989 жылдары Ресурс-Ф (R~30 м дәлдігімен ) спутниктік жүйесінен алынған суреттерді фотопланға айналдырып, осы жылдар аралығындағы жағалау сызықтарын дишифрлеп, 1990 жылы «Арал теңізінің 1957-1989 жылдар аралығы мен 2000 жылға дейінгі болжам динамикалық картасы» басылып шығарылды.

205

М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің География факультетінің Картография және геоинформатика кафедрасында Арал жағалауындағы өзгерістерді 1989 жылдан бастап 2008 жылға дейінгі ғарыштық суреттерді қолдана отырып картографиялауды жалғастырды.

2001 жылдан кейін Аралдың жай-күйін бақылау АҚШ мемлекетінің Аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі ұлттық басқармасының NASA Terra спутнигінің спектрорадиометрінен алынған суреттер арқылы жеңілдетілді. Олар күнделікті дәлдігі 250м MODIS жүйесінен Жер бетінің екі көрінетін аймағынан түсіріс жасай отырып және жақын инфрақызыл түсіріс арқылы глобальды бақылау жүргізетін. Соның нәтижесінде картографиялауды әр жылы бір мезгілде теңіздің деңгейі минимальды болған жағдайда картографиялауға және теңіздің жағалау сызықтарының мезгілдік өзгеруін зерттеуге мүмкіндік берді.Бұл жұмыста NASA Terra спутнигінің 2000-2017 жылдар аралығындағы тамыз айындағы ғарыштық суретері кездеседі.

ЖЕРДІ ҚАШЫҚТЫҚТАН ЗЕРДЕЛЕУ МӘЛІМЕТТЕРІ БОЙЫНША СУ РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

Керимкулова Б.

Д.Н. Сулейменованың жетекшілігімен

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

bayan_98_175@mail.ru

Мониторинг – бұл қоршаған ортаның бірнеше элементімен қайталанбалы уақыттық және кеңістік бақылаулары процесі. Бақылаулар параметрлерді өлшеу және мәліметтерді жинаудың салыстырмалы әдістемеін қолданумен алдын ала дайындалған жоспарға сай белгілі бір мақсатта жүргізіледі. Мониторинг қоршаған орта сипаттамасы өзгеруінің қазіргі жағдайы және алдында бақыланған тенденциясы туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді.

Су ресурстарының мониторингі қоршаған ортаның кешені мониторингінің құрамдас бөлігі ретінде оған табиғи және антропогендік факторлардың әсері нәтижесіндегі олардың өзгерісін тұрақты бағалау, болжау және бақылау үшін олардың жағдайын тұрақты бақылаудантұрады.

Сол арқылы су ресурстарын басқару жүйесін мемлекеттің су бассейндері аумағында және оның шегінде экологиялық, санитарлы-эпидиомологиялық және су шаруашылық жағдайы туралы уақытылы, толық және дәлелді ақпаратпен қамтамасыз етеді.

Бұдан басқа, су мәселелерінің уақытылы алдын алу, анықтау және шешу мәселелерінде және де мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізілмегенде түзеуші әрекеттерді анықтау үшін су ресурстарын тиімді басқаруда қолайлы жағдайлар құрылады.

Су ресурстарына мониторинг жүргізудің негізгі мақсаты – су ресурстарын бағалау үшін немесе онымен байланыста мәселелерді қарастыру үшін қажетті ақпаратты алу.

Ал, мониторинг жүйесін қалыптастырудың негізгі мақсаты – мемлекеттік су қорын басқаруды ақпараттық қамтамасыздандыру болып табылады.

Қазақстан Республикасының су заңнамасына сай су объектілерін мемлекеттік мониторингілеу қоршаған орта мен табиғи ресурстардың мемлекеттік мониторингі жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады және Қазақстан Республикасы су қорын құраушы барлық су объектілерінде жүзеге асырылады. Су ресурстары комитеті мемлекеттік органдарын алынған мониторингінің біріншілік материалдарын жинау, жиынтықтау, талдау және бағалауды қамтамасыз етеді және су ресурстарының республикалық ақпараттық – аналитикалық жүйесін біріге отырыпқұрады.

206

ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ҚАШЫҚТЫҚТАН ЗОНДТАУ МӘЛІМЕТТЕРІ БОЙЫНША САНДЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

Куан Н.Т.

Г.С. Мадимарованың жетекшілігімен

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

nazerkekuan@mail.ru

Жұмыс, қоршаған ортаны қашықтықтан зондтау арқылы алынған мәліметтерге мониторинг жасаудың мақсаты мен тиімділігін қарастыруға арналған.

Жоба тақырыбының кезеңдері:

I кезең: Қашықтықтан зондтау мен қоршаған ортаның бір-бірімен байланысын және бөлек мағыналарын ашу түсіндіру арқылы жобаны жүйеге келтіру,пайдаланылған әдебиеттер бойынша ғылыми конспект жасау.

II кезең: Қашықтықтан зондтау арқылы алынатын мәліметтер мен сандық технология мониторингінің мағынасын ашу арқылы,олардың шығу тегі мен қолдалныатын аясы бойынша түсінік беру.

III кезең: Қоршаған ортаны қашықтықтан зондтау арқылы алынған мәліметтердің: бағыттарын,салаларын,қолдану аясын,түрлерін,тәсілдерін жазу. Алынған мәліметтерге сандық технологиялық мониторинг жүргізу тиімділігін жазу. Сонымен қатар, тақырыпқа байланысты жаңалықтарға тоқталу.

Жобаның мақсаты: Тақырыпты зерттеу барысында қоршаған ортаны қашықтықтан зондтау мәліметтері бойынша сандық технологиялық мониторинг жүргізу тиімділігін толықтай ашу. Қашықтықтан зерделеу арқылы қоршаған ортаның

-Қоршаған ортаның жалпы жағдайын; -Қоршаған ортаның өзгерістерін, соның ішінде: тәуліктік,мезгілдік,маусымдық, жылдық

өзгерістерін анықтау; -Қоршаған ортаның өзгеру себептерін;

-Антропогендік факторлар қоршаған ортаға әсерін және тағы басқа мәліметтерді ЖАЗ спутниктері арқылы мәліметті тез әрі таза ала отырып өңдеу.

Жоба нәтижесі: Сандық технологиялық мониторинг қоршаған ортаны қашықтықтан зондтау арқылы әртүрлі факторлардан қорғау,апаттардың алдын алуы жіне тиімділігі қарастырылды. Сандық мониторинг мағынасын тереңірек ашып және мәліметтерді өңдеу жұмыстары жүргізілді.

Қорытынды: Жобаны қорытындылай келе қашықтықтан зондтау әртүрлі сала бойынша өз орнының бағалы екенің, соны ішінде қоршаған ортаға тиімділігін ескердік. Сонымен қатар, сандық технологиялық мониторинг арқылы, алынған мәліметтерді пайдалану,өңдеу және жобалау өте тиімді. Жұмыс тек геодезия және картография мамандары саласында емес, экология, қоршаған ортаның дамуына үлес қосып жатқан мамандарға пайдалы.

ЕГІНШІЛІК ЖЕРЛЕРДІ КАРТОГРАФИЯЛАУ ЖӘНЕ МӘСЕЛЕЛЕРІН ҚАРАСТЫРУ (ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ЖАҒДАЙЫНДА)

Құдайберген С.А.

Р.Т. Бексейтованың жетекшілігімен

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Symbat.kudaibergen@mail.ru

Қызылорда облысы – Қазақстан Республикасының оңтүстік бөлігінде орналасқан әкімшілік аймақ. Облыс өзінің егін шаруашылығымен ерекшеленеді. Облыс көлемінде егін шаруашылығы ерте кезден дамыған. Бұл күнде ата кәсіп әлі күнге дейін өз жемісін беруде. 2017 жылы облыс бойынша барлығы 181,1 мың га жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылған. Оның ішінде, күздік бидай 3086 га, жаздық бидай 2048 га, арпа 352 га, дәндік жүгері 681 га, сұлы 107 га, тары 388 га, күнбағыс 510 га, мақсары 6309 га, сүрлемдік жүгері 655 га, жаңа жоңышқа 18974 га, ескі жоңышқа 40498 га, картоп 4360 га, көкөніс 4998 га және бақша 7257 га. Негізгі дақыл – күріш, оның алып жатқан аудандық көлемі 90882 га құрайды. Сонымен қатар, жыл сайын күріш егу саласында

207

сорт түрлерін өзгерту, дақылдарды әртараптандыру бағыты бойынша қарқынды жұмыс жасауда. Жылдан жылға егіс көлемінің, дақыл түрлерінің артуы, бос жатқан жерлердің игерілуі облыстың егін шаруашылығын қарқынды дамытуда.

Еліміздегі егін шаруашылығының қайнар көзі болып табылатын бұл ортаның әлі күнге дейін егіншілік картасы құрастырылмаған. Бұл жұмыс барысында Қызылорда облысының егіншілік жерлерін картографиялау және мәселелерін шешу жолдарын қарастырылған. Заманауи технологияларды қолдана отырып, алдын ала жобалау жұмыстары арқылы қойылған мәселені шешуге болады.

Жұмыс барысында «Егіншілік картасын құрастыру не үшін қажет?» деген сауал туындауы мүмкін. Бұл сауалға жауап:

1.Қызылорда облысы еліміздің басты егіншілік аймақтарының бірі;

2.Жыл сайын егін көлемінің артуы, жаңа жерлердіңигерілуі;

3.Әртараптандыру мен жаңа тұқым түрлерін өңдіру, сорттау барысында егіншілік карталарының, мониторинг мақсатымен, қажет боларысөзсіз.

Картографиялау барысында Қызылорда облысы әкімдігінен негізгі мәліметтер жинақталып, ArcGIS бағдарламасында мәліметтерді еңгізіліп олардың базасы құрылады. Бұл жұмыс барысында, жыл сайын жаңа мәліметтерді енгізу, мониторинг жасау арқылы егін шаруашылығы барысында туындайтын мәселелердің шешілуін басшылыққа алуға болады. Облыс әкімінің 2017 жылғы жолдауы бойынша, облыс көлемінде күріш көлемін азайтып, майлы дақылдар өндіру ісін қолға алу жұмыстары қарқынды түрде алдағы жылы басталуы тиіс. Осы жұмыс барысында Қызылорда облысының егіншілік карталарын құрастыру арқылы, дақылдарды әртараптандыру, егіншілік жерлерді картографиялау, алдын ала жоспарлау жұмыстары қажет екенісөзсіз.

Еліміздің қарқынды дамуы ел экономикасымен тығыз байланысты. Шаруашылық көздерін дамыту, ауыл шаруашылығына ден қою, халқымыздың әл-ауқатын көтеру Қазақ елінің басты мақсаттарының бірі. Осы тұрғыда, Қызылорда облысы егін шаруашылығын мониторинг мақсатымен картографиялық қамтамасыздандыру өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

ЖЕР БЕТІ ЖЫЛЖУЫНЫҢ ШӨГУ ЖЫЛДАМДЫҒЫН БОЛЖАУ КЕЗІНДЕГІ АРАҚАШЫҚТЫҚТАН ЗЕРДЕЛЕУ МӘЛІМЕТТЕРІН ҚОЛДАНУ ӨЗЕКТІЛІГІ

Кудайбергенов М.К.

Х.М. Касымканованың жетекшілігімен

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ.

e-mail: muratbek.kudaibergenov@mail.ru

Бұл мақалада Жер беті жылжуының шөгу жылдамдығын болжау кезіндегі арақашықтықтан зерделеу мәліметтерін қолдану өзектілігі қарастырылған

В этой статье рассмотрены Актуальность использование данных дистанционного зондирования при прогнозировании скорости оседания движения Земной поверхности

This article discusses the relevance of the use of remote sensing data in the prediction of the velocity of subsidence of the motion of the Earth's surface

Жер қойнауын қарқынды игерудің нәтижесі болып қоршаған ортаның экологиялық және геодинамикалық қауіпсіздігінің ғаламдық өзгеруі табылады. Пайдалы қазбаларды қарқынды игеру жер қойнауына деген жүктемені арттырғаны мәлім, ал ол өз кезегінде қоршаған табиғи ортаға жағымсыз (қауіпті) әсер етіп қоймай, тау массивтерінің ауқымды көлемінің кернеулідеформацияланған күйінің (КДК) өзгеруіне әкеледі. Тау жыныстары мен жер бетінің деформациялану үдерісіне көптеген аумақтар ұшырауда, біркелкі шөкпеу және көлденең қозғалуы нәтижесінде пайда болған деформациялар апатты жағдайға әкелуі мүмкін, ол өз кезегінде қоршаған орта мен кәсіпорын жұмысының режиміне ғана зиян келтіріп қоймай, адам өміріне де қауіп төндіреді. Жер қойнауына қарқынды техногенді жүктемесі бар аудандарда жер бетінің деформация үдерісін бақылау (мониторинг) мәселесі өзекті болуда.

Қазіргі таңда ауқымды аумақтардың деформация үдерісін бақылау (мониторинг), әдетте, жоғары дәлдіктегі нивелирлеу және жоғары дәлдіктегі ғарыштық бақылау сияқты дәстүрлі маркшейдерлікгеодезиялық әдістермен жүзеге асырылады. Бұл әдістер эталонды болып табылғандықтан, үлкен материалдық және уақыт шығындарын талап етеді. Сонымен қатар, осы әдістер арқылы ақпарат алу жеделдігі төмен, себебі деформация үдерісі дамуының динамикасы туралы ақпарат алу үшін үнемі бақылап және оның нәтижесін үнемі өңдеуді талап етеді.

208

Жерді арақашықтықтан зерделеу (ЖАЗ) мәліметтерін қолдана отырып, шөгу үдерісін бақылау (мониторинг) әдісі 15 жыл бұрын ғана дами бастады. Аталған әдіс қозғалысты бақылаудың (мониторинг) классикалық әдісіне қарағанда көптеген артықшылықтарға ие, нивелерлеу және ғаламдық жайғастыру әдісі көмегімен, аумақты зерттеуші мен өндіріс үшін қызығушылық танытқан аумақты айтарлықтай ауқымды қамтуға мүмкіндігі бар.

Ғарыштан жерді арақашықтықтық зерделеу (ЖАЗ) мәліметтері әртүрлі мәселелерді шешуде кеңінен қолданылады, оның ішінде Жер беті қозғалысының шөгу жылдамдығын болжауда сәтті қолданылуда. Жетуге жолы қиын (қолжетімсіз) аудандарда дәстүрлі әдіс арқылы геологиялықгеофизикалық ақпаратты алу қиындығы мен жоғары бағасы, мәліметті арақашықтықтық технологиялары арқылы алу маңызын арттырады. Қазіргі дағдарыс кезінде, ірі компаниялардың өздері геологиялық барлау жұмыстарының көлемін қысқартуда, осы сәтте ғарыштан алынған түсірілімдерді қолдану өзектіболуда.

ЖАЗ мәліметтерін өңдеу кезінде айтылған әдісті қолдану атмосфералық әсерге байланысты көптеген қателіктерді болдырмауға (алдын-алуға) және бағалауға мүмкіндік береді. Ең бастысы, аталған әдіс арқылы, осы уақытқа дейін бағаланбаған, тек оның пайда болу мүмкіндігі қысқартылған өрістеу фазасының қателіктерін болдырмауға және бағалауға мүмкін болады. Өрістеу фазасының өрескел қателіктерін бағалауда жер бетілік құрал-жабдықтық бақылау арқылы мәліметтерді тексеру қажеттілігі жоқ, себебі ЖАЗ мәліметтері интерферометрикалық жоғары дәлдікті анализді өзін-өзі бақылау құрал-жабдығы болады.

Геодезиялық зерттеу аса күрделі және ғылымды қажет ететін сала, себебі барынша дәл қорытынды мәліметтерді алу үшін және оның сәтті жүзеге асуы үшін, кәсіби дайындығы жоғары мамандардың көп болуы шарт.

Геодезиялық түсірілімнің көздеген соңғы мақсатына байланысты, оны бірнеше түрге бөлуге болады: топографиялық, тік, көлденең, орындаушы, қасбеттік, қабаттық және т.б. Осы түрлердің әрқайсысына нормативті-техникалық тәртіпке сәйкес қажетті ультразаманауи және жоғары дәлдікті құрал-жабдық таңдалады. Алынған мәліметтер математикалық, сызбалық және арнайы геодезиялық бағдарламалық өнімдер арқылы өңделеді, содан соң электронды форматта жаңғыртылады.

Геодезиялық бақылаулар арзан, әрі шөгу үдерісінің дамуы туралы бейнелі көзқарас беруі үшін, мүмкін болатын салдары мен инженерлік қорғаныс шараларын жобалау үшін, мүмкіндігінше максималды шөгу орындарын дәл таңдау қажет. Жобалау үшін қажетті үлгі ретінде тапсырыс берушіден алынған үдеріс сипаттамасын қолдану қажет. Келесі мәліметтердің болғаны абзал:

1)шөгу ойысының дамуының орташа жылдамдығы мен стационарлық емес үдеріс жағдайында осы жылдамдықтардың уақыт бойынша өзгеруі туралы;

2)шөгу ойысының ауданы мен пішіні және тең шөгу изосызықтары мен қозғалысытуралы;

3)пайдалы қазбалардың жобаланған көкжиегінің (горизонты) тау-эксплуатациялық параметрлері.

Арақашықтан зерделеу мәліметтерін дешифрлеу арқылы зерттеу аймағымыздың толық ақпаратын ұсына аламыз. Дешифрлеу процестері түсірілімдерді көзбен шолып көруден басталады. Мұнда жалпыдан жекеге көшу ұстанымы қолданылады. Бастапқыда жалпы түсірілімді қарап шығып, мүмкіндігінше стереоскопиялық түрде бақылап, сонан соң ұсақконтурлы телімдерді үлкейте отырып зерттеу қажет. Ғарыштық түсірілімдерді пайдалану кезінде ірі масштабтағы топографиялық карталарды пайдаланған дұрыс. Бұл территорияның негізгі көрінісін анықтауға көмектеседі. Жалпы түсірілімдерді қарап шығу нәтижесінде жергілікті жердің географиялық жағдайы, табиғитерриториялық немесе шаруашылық-территориялық кешендердің сипаттық заңдылықтары айқындалады. Бұл процестен кейін нақтылы сараптама жасау процесіне көшуге болады.

Дешифрлеуші маман түсірілімдер ірі нысандардан ұсаққа, жалпы көріністен контурлардың мазмұндарына, көрінісі бар нысандардан жанама белгілері арқылы дешифрленетін нысандарға анализ жасайды. Бастапқыда факторлар жинақталып орындарына жайғастырылады. Сонан соң жергілікті территориямен жақын таныса отырып, бұл факторлар бір жүйеге келтіріледі, Яғни маңыздылығы мен пайдасы бойынша реттеледі. Сондықтан дешифрленген нысандарды қайта қарастыру және түсірілімдерді қайта қарап шығу процестері камералдық дешифрлеуге тән құбылыс.

Сонымен қатар Жер беті жылжуының шөгу жылдамдығын болжау кезінде геодезиялық түсірілімдердің де маңызы өте зор.

Осы екі негізгі әдістер жер беті жылжуының шөгу жылдамдығын болжау кезінде өзекті болып табылады. Сонымен қатар, олар бір-бірін толықтырып нақты нәтиже береді.

209

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДАҒЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ СТАТИСТИКАНЫ ЖИНАҚТАУ, ӨҢДЕУ ЖӘНЕ КАРТОГРАФИЯЛАУ

Мырзабекова Ақбота Р.Т. Бексеитованың жетекшілігімен

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті e-mail: akbotofficial@gmail.com

Қазіргі кездегі қоғамның даму көрсеткіші адамзат баласының қоршаған ортаны пайдалануымен тығыз байланысты. Оның себебі - адам қажеттілігінің барлығын табиғаттан алады. Ғылым мен техниканың қарыштап дамуы, өнеркәсіп орындарының көбеюі, транспорт түрлерінің сан алуандығы, жер асты қазба байлықтарын игеру қоршаған ортаға өзіндік кері әсерін тигізіп, биосфералық тепетеңдіктің бұзылуына әкеліп соғады. Қоршаған ортаның бұзылуы - адамзат денсаулығына да зиянын тигізіп, түрлі аурулардың таралуына себеп болады. Қоршаған ортаның Республикамыздағы халықтың науқастануына тигізер әсері 60% шамасында. Соның ішінде бірнеше экологиялық мәселелер тоғысқан Қызылорда облысындағы ластану деңгейінің көрсеткіштерінің халықтың денсаулығына тигізетін зияныны да байланысты.

Жалпы Қызылорда облысы тұрғындарының денсаулық көрсеткіштерін анықтау мақсатында зерттеулер жүргізу барысында облыс аумағында Арал теңізінен ұшқан шаң тозаңдар, Байқоңыр ғарыш айлағынан зымыран ұшыру нәтижесінде жер бетіне құлаған гептил қалдықтарының зиянның әсері анықталды. Қызылорда облысы тұрғындарының денсаулық көрсеткіштері әлеуметтікэкологиялық жағдайлармен тығыз байланысты. Халықтың жалпы ауруға шалдығуы 100 мың адамға 64016,1 адамнан келеді екен, ішек инфекцияларымен 5547 адам ауырады. Республика халқы бойынша ішек ауруларына шалдығушылардың 40 %-ы Қызылорда облысының үлесіне тиеді. Бұл өз кезегінде ауыз су мәселесінің әлі шешілмегенімен түсіндіріледі. Ішек инфекцияларымен 18 және одан жоғары жастағылар көп ауырады.

Статистикалық мәліметтерге сүйене отырып жасалған медициналық карталар жоқ емес, бірақ олардың әртүрлілігі мәселесі өте маңызды. Бұл жұмыста Қызылорда облысының халықтың денсаулық көрсеткіштерін сипаттайтын статистикалық деректер 10 жыл көлемін қамтитындай етіп алынды. Сол арқылы әр жыл ішіндегі өзгерісті байқауға болады. ArcGIS бағдарламалық кешені арқылы әр жыл ішіндегі сандық мәліметтерді диаграммалар көмегімен көрсетуді жөн көрдік. Әр ауру таралу көрсеткішіне әртүрлі түс қолданылды. Сапалық фон арқылы облыс аумағындағы аурудың таралуын бейнеленді. Сонымен қатар, аурудың кең етек алған аймақтары мен аурудың аз таралған аймақтарының ара жігін бөлу арқылы қарастырылды. Карта бетіне сыймаған қосымша ақпарат көздері облыс аумағынан бөлек беріледі.

Зерттеу жұмыстарының жалпы қорытындысы медициналық карта арқылы тек қана облыстық ауру көздерінің таралуын ғана емес, олардың таралу себептерін қоса ашып көрсетуге болады. Қазақстан Республикасында медициналық карталар қатары сирек. Медициналық карталарға қосымша ретінде медициналық география термині дамып келуде. Медициналық география аурулардың таралу географиясын және адам денсаулығына табиғи, шаруашылық және әлеуметтік-экономикалық факторлардың әсер етуін зерттейді. Медициналық статистикалық ақпарат көздеріне: жалпы және жекелеген түрде халық денсаулығының жағдайы және динамикасы анықталады (жынысы және кәсібі бойынша), денсаулық сақтау мекемелерінің және органдарының қызметі, қоршаған ортаның адамға және оның денсаулығын жақсартуға бағытталған шараларының тиімділігіне баға беріледі.Қазіргі таңда медициналық географиялық зерттеулерді картографиялық мәліметтерсіз елестету мүмкін емес. Аталған карталардың маңызы аумақтағы экологиялық мәселелердің денсаулыққа тигізер зиянын ашып көрсетіп, олардың пайда болу жолын зерттеуде үлкен көмегінтигізеді.

210

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]