Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК ИС,ВТ,Инф 2 курс ксіби.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
18.11.2019
Размер:
456.7 Кб
Скачать

1 Сабақ

ХХ ғасыр ақпараттық технологиялар дәуірі

Етістіктің шақтары.

  1. Мамандыққа қатысты сөздер және сөз тіркестерімен жұмыс істеңіздер.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, компьютерлік жүйелер, электронды пошта, компьютерлік сауаттылық, дербес компьютер, десте, интернет желісі

  1. Мәтінді оқыңыздар.

Қазіргі заманғы қоғам, тауарлар, қызметтер және еңбек нарығы барлық жағынан алғанда ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың (АКТ) қарқынды дамуымен сипатталады. Адамзат өміріндегі компьютердің қызметі артып келеді. Компьютерлер қоғамдық өмірдің барлық саласында: білім беру мен медицинада, телевизия мен радиода, өнеркәсіп пен ауылшаруашылығында және т.б. тиімді көмекші құрал ретінде қолданылады. Бүгінде АКТ шағын кәсіпорындардың, дүкендердің, мекемелердің, жұмысқа орналастыру орталықтарының, тіпті фермалардың да ажырамас бөлігі болып отыр. Компьютерлік жүйелердің көмегімен құжаттамалар жүргізіліп, электронды пошта және мәліметтер, банктермен қатынас қамтамасыз етіледі. Электронды есептеу машиналары (ЭЕМ) жүйелері бір мекемедегі немесе елдің әр жерінде отырған түрлі пайдаланушыларды өзара байланыстырады.

Осының бәрі ақпараттық қоғамда толыққанды өмір сүріп, жемісті кәсіби қызмет атқару үшін ең маңызды шарт – азаматтардың компьютерлік сауаттылығы екенін дәлелдеп отыр. Бұл –кез келген адам дербес компьютер, Windows амалдық жүйесі дегенннің не екенін біліп, Microsoft Office дестесіндегі қосымшалармен (Word, Excel, Power Point) жұмыс істей алуы, Интернет ғаламдық желісінің қызметтерін пайдалана білуі қажет деген сөз.

  1. Сіздің пікіріңіз.

Келісіңіз немесе қарсылығыңызды білдіріңіз.

  1. Компьютер күнделікті өмірде барлық салада пайдаланылады.

  2. Компьютердің көмегімен түрлі құжаттарды жүргізуге болады.

  3. Компьютер тек қана банктерде ғана қолданылады.

  4. Компьютердің пайдасы аса зор.

  5. Бүгінгі күннің талабы – ақпараттық технологияларды жақсы меңгеру.

  1. Сұрақтарға жауап беріңіздер.

  1. Ақпараттық технологиялар қай салаларда көп қолданылады?

  2. Елімізде ақпараттық технологиялардың даму барысы қандай?

  3. Сіздің мамандығыңыз қандай?

  1. «Ақпараттық технологиялардың дамуы» тақырыбында өз пікіріңізді жазыңыз.

БОӨЖ тапсырмалары

6. Берілген сөйлемдерге назар аударыңыз, өзіңіз де сөйлем жазып қөріңіз.

1. Ғалым: ескерткішке деген көзқарас – халық мәдениетінің көрсеткіші болып табылады, - деді.

Ғалым ескерткіштерге деген көзқарасты халық мәдениетінің көрсеткіші деп санайды.

2. Білімділіктің басты факторы - ана тілінде сөйлеу деп түсінемін

Мәдениет үшін ең алдымен білім керек деп ойлаймын. Ой да, тілек те, тіл де, бойдағы бар нәрсе әсем де сыпайы болуы тиіс деп ойлаймын.

7. Ақпаратты «саналады, санайды» байланыстырушы етістігімен айтыңыз.

Үлгі: Хеопс пирамидасы - әлемдегі жеті кереметтің бірі. Хеопс пирамидасын әлемдегі жеті кереметтің бірі деп санайды.

1. Бұрын географтар Еуропа мен Азияның арасындағы шекараны Орал өзені деп есептеген. Қазір Еуропа мен Азияның арасындағы шекараны Эмба өзені деп санайды.

2. Әлкей Марғұлан - өз заманының ғұламасы.

3. Амозонка - әлемдегі ең суы көп өзен.

4. Көпірлердің саны бойынша Петербург Венециядан кейінгі екінші қала .

8. Берілген ақпаратты «санау, саналу» құрылымды конструкцияны пайдаланып, айтыңыз. Жазыңыз.

Үлгі: Олжас Сүлейменовтің пікірінше, Николай Рерих – Солтүстіктегі жалғыз ақын. Олжас Сүлейменов Николай Рерихті Солтүстіктегі жалғыз ақын деп санайды.

1. А.Д.Сахаровтың пікірінше, Байкал – Ресейдің символы.

А. Д. Сахаров Байкалды .....................................................

2. Оқытушының пікірінше, Балқаш – Қазақстанның символы.

Оқытушы .....................................................

3. Ғалымның айтуынша, «Алтын адам» - Қазақстанның символы.

Ғалым ..............................................................................

4. Ғалым Д.С.Лихачевтің пікірінше, адам – табиғаттың ажырамас

бөлігі.

Ғалым ........................................................................................