Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК ИС,ВТ,Инф 2 курс ксіби.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
18.11.2019
Размер:
456.7 Кб
Скачать

5. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Компьютердің және интернет желісінің пайда болуымен кәдімгі кітап жағдайы не болды?

2. «Электронды кітаптардың» артықшылығы мен кемшілігі қандай?

3. Қалай ойлайсыз? ХХІ ғасырда кітаптың жағдайы қалай болады? Оны электронды құрылыс толық алмастыра ала ма?

4. Сіз «электронды кітапты» пайдаланасыз ба? Мысалы ағылшын тілін, қазақ тілін оқыған кезде? Көркем әдебиет оқыған кезде? Қандай артықшылықтары бар?

5. Rocket Book, Soft Book электронды кітаптарымен таныссыз ба?

6.Мәтінге жоспар құрып, әңгімелеңіз.

7. «ХХІ ғасыр кітабы» тақырыбы бойынша пікіріңізді жазыңыз.

8.Сөздерді оқыңыз. Таныс емес сөздерді сөздіктен қараңыз.

Сиқырлы кітап ғаламдық желі ( глобальная сеть)

Қызықты кітап тұрмыстық электроника

Палмтоп ( ауызекі тілде палм) - қалта компьютер

9.Мәтінді оқыңыз. Сұрақтарға жауап беруге дайындалыңыз.

Электронды кітапты оқуға арналған микрокомпьютерлер бар. Микрокомпьютерді Интернетке қосып, дискіге өзіңіздің қалаған кітабыңызды көшіріп алуыңызға болады. Электронды кітаптар туралы идея 1945 жылы Ванавар Буштың еңбектерінде айтылған. Алайда, оның орындалуы тек қана электронды техника пайда болғаннан кейін, сондай-ақ, 1968 жылы Т. Нельсон гипермәтін технологиясын құрғаннан кейін ғана мүмкін болды. Бұл күндері гипер мәтін технологиясы Интернет негіздерінің де бірі болып табылады. Сонымен бірге бұл кез-келген «электронды кітаптың» да негізі.

1998 жылдың соңында американдық фирмалар Soft Book және Nuvo Media электронды кітаптың алғашқы екі моделін ( Soft Book Reader және Roket eBook) ұсынды. Шындығында бұл кәдімгі аккумулятормен жұмыс істейтін, электр жүйесіне тәуелсіз «палмтоптар» - қалта компьютерлер. Электронды кітаптар туралы армандар осылайша орындала бастады. Қазір компьютер көптеген үйде бар. Бүгіндері компьютер кітап құмарларға не сыйлай алады? «Жанды» немесе интерактивтік кітаптар өмірге келді. Бұлар – мультимедия технологиясы саласындағы жаңа бағыт.

Сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Электронды кітап туралы идеяны кім айтты, қашан айтты?

2.Осы идеяны қашан жүзеге асыра алды?

3.Қазір қандай электронды кітаптар бар? Электронды кітаптардың артықшылығы мен кемшілігі неде?

4.Қалай ойлайсыз? Болашақта электронды кітаптар кәдімгі кітапты алмастыра ала ма? Қандай кітапты оқисыз? ( электронды кітапты ма әлде кәдімгі жай кітапты ма?) Неге?

Жақша ішіндегі сөйлемдердің мазмұнын пайдалана отырып, сөйлемдерді толықтырыңыз, іс-әрекет мақсатын айтыңыз.

Үлгі: Мен ... екі апта сайын кітапханаға барамын. ( оқыған кітапты тапсырып, жаңасын алу керек. –Оқыған кітапты тапсырып, жаңасын алу үшін мен екі апта сайын кітапханаға барамын.

Мен екі апта сайын ... кітапханаға барамын. (оқыған кітапты тапсырып, жаңасын алу керек). Менің көршім ... маған кітаптар қалдырып кетті (мен оларды кітапханаға тапсыруым керек).

Қазақ тілінің оқытушысы ... белгілі жазушылардың еңбектерінің тізімін ұсынды (жазда осы еңбектерді оқып шығуымыз керек).

Қазір Қазақстанда ... мәдени мұраға қатысты тарихи әдебиеттер шығарылуда. (халықтың өткен тарихына қызығушылығын туғызу керек).

Апта сайын мен ... кітап дүкеніне кіріп тұрамын (жаңа кітаптарды қарап шығу керек және өзіме керек кітаптарды сатып алу керек).

БОӨЖ тапсырмалары

13. а) ЭВМ қолданылатын салаларды атаңыз және олардың қолданылу мақсатын берілген ақпараттарға сүйене отырып, айтыңыз.

Математика – теңдеуді шешу, есептеу; экономика – ақпаратты жеткізу, жинақтау; геология – нәтижелерді өңдеу, архив – ақпаратты сақтау, құжаттарды іздеу.

б) Сіздің мамандығыңыз бойынша сізге таныс барлық салаларда ЭВМ-нің қолданылу мақсатын айтыңыз.

14.а) Мәтінді оқыңыз. Ондағы мақсат мәнді конструкцияны табыңыз, оларға сұрақ қойыңыз, құрастырылған сұрақтарға сүйене отырып, физиктер туралы айтыңыз.

ХХ ғасырдың 30-шы жылдары ғалым-физиктер Ф.Жолио-Кюри Э.Резерфорд, Н.Бор және тағы басқа ғалымдар атомдық ғылымды жылдам дамыту мақсатында өздерінің күшін біріктірді. Физик ғалымдар адамдарға пайда әкелу мақсатында, бейбітшілікке, прогреске қызмет ету мақсатында жұмыс істеді. Хиросима, Нагасаки трагедиясынан кейін ғалымдар қауіпті қаруға тыйым салу мақсатында әр түрлі қалаларда қарсылық митингісін өткізе бастады. Адамзатты құтқару мақсатында ғалымдар өздерінің ойлап тапқандарын өздері жоюға шешім қабылдады.

1957 жылы атом энергиясын бейбіт пайдалану мақсатында халықаралық агенттік (МАГАТЭ) құрылды. (МАГАТЭ – международное агенство по атомной энергии).

15.Күрделі сөйлемдердің мазмұнын мақсатында, мақсатпен сөздерін пайдалана отырып, айтыңыз. Төменде берілген сөздерді пайдаланыңыз.

1. Ғалымдар қоршаған ортаның одан әрі қарай ластануын тоқтату үшін және қалдықтар мөлшерін азайту үшін жаңа технологиялар жасауда.

2. БҰҰ (Біріккен Ұлттар Ұйымы) Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін халықтар арасында ынтымақтастықты дамыту үшін және қауіпсіздік пен бейбітшілікті қолдау үшін құрылды.

3. Барлық прогрессивтік күштер Жерде бейбітшілікті сақтау үшін күштерін біріктіру керек.

4. Дау-жанжалдарды реттеуге жаңа жол табу үшін барлық күшті салу қажет.

5. Планетадағы соғыс ошақтарын жою үшін бейбітшіл күштер қажетті шараларды қолдануда.

(қолдау, дамыту, азайту, тоқтату, сақтау, жою)

16. Мақсат мағыналы конструкцияларды пайдалана отырып, сұрақтарға жауап беріңіз.

Экология және адам құқығы бойынша халықаралық конференциялар қандай мақсатпен өткізіледі? Теледидарда қандай мақсатпен «Жануарлар әлемі», «Саяхатшылар клубы» хабарлары беріледі?