Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК ИС,ВТ,Инф 2 курс ксіби.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
18.11.2019
Размер:
456.7 Кб
Скачать

Тиістіліктің, керек, қажеттіліктің берілуі

  1. Сөйлемдерді оқыңыз. Тиістілікті, қажеттілікті, керектікті білдіретін сөздерге назар аударыңыз. Өзіңіз сөйлем құрастырыңыз.

Қазақ тілін жақсы білуім үшін маған көп дайындалу қажет. Бүгін менің ата-аналарыма баруым керек, себебі әкем ауырып қалды. Әрбір азамат заңдарды сақтауы міндетті. «Сен жақсы оқуға тиіссің», - деп әкесі баласына ескертті. Менің осы еңбекті аяқтап шығуым керек, себебі жүйелі жазылған жаттығулар аз. Әкеме хабарласуым керек, себебі ол кісі мені үнемі іздеп отырады.

Назар аударыңыз!

Тиіс сөзі - тиістілікті, қажеттілікті білдіретін ең бейтарап сөз. Міндет, міндетті сөзінде қызмет көрсету немесе әлеуметтік міндет сипатының бар екендігін көрсетеді, сондықтан кітаби нұсқаларда жиі қолданылады: Үкімет жыл сайын бюджетті қалыптастыруға міндетті. Субъект жүзеге асыратын міндеттілік, керектілік, қажетті әрекет басқа да синтаксистік конструкциялармен де беріледі.

  1. Жақша ішіндегі сөздерді пайдаланып, сөйлемді толықтырыңыз.

Оқытушының (міндет) – студенттерді жақсы оқыту. Студенттерді оқыту оқытушының (міндет) болып табылады. Әрбір студенттің (парыз) жақсы оқу. Біздің (парыз) – ата-ана еңбегін ақтау. Біздің (борыш) – жас ұрпаққа жақсы аманат қалдыру.

  1. Әрекеттің қажеттілігін білдіретін сөйлемдерді оқыңыз. Осыған ұқсас сөйлем құрастырыңыз.

Менің кітапханаға баруым керек. Желтоқсанның соңына қарай бізге лабораториялық жұмысты орындауымыз қажет. Далада, таза ауада көбірек жүру керек. Сіздерге қазақша көбірек сөйлеу керек. Сізге үлкен сөздік сатып алу керек. Бұл әнді жиі тыңдауың қажет. Балаларға көп қимылдау қажет.

БОӨЖ тапсырмалары

6. Диалогты оқыңыз. Модаль сөзді (керек, қажет, тура келеді) конструкцияларды пайдалана отырып, сөйлемдердің мазмұнын айтыңыз.

1. – Сен әлі дайындаласың ба? – Иә, ертең семинарда баяндама жасау ....

2. – Сен бізбен бірге стадионға барасың ба? – Жоқ, менің әлі мақаланы аудару ....

3. – Сенің басқа елге кеткің келе ме? – Жоқ, мен осында дүниеге келдім, осында өмір сүру ....

4. – Менің жұмыс уақытым бітті. – Маған тек қана мөр басу ..., бір минут уақыт бөліңізші.

Назар аударыңыз!

Қажетті, керек әрекеттің семантикасы қосымша реңктермен толығуы мүмкін. Кейбір жағдайда субъект әлдебір әрекетті орындауына, орындауға тиіс болады, оған осыны орындауға жағдай талап етіп тұр.

  1. Сөйлемдерді оқыңыз. Осы мысалдарға ұқсас сөйлемдер айтыңыз.

Жаңбыр құйып кетті, біздің үйге қайтуымызға тура келді. Ауылға қарай жолды табу үшін, біздің орманда ұзақ жүруімізге тура келді. Маған бірнеше күнге ауылға барып келуге тура келді. Декан бос емес, біздің оны жарты сағаттай күтуімізге тура келеді. Саған бәрін достарыңа айтуыңа тура

15 Сабақ

Әлемдегі ірі ақпараттық технологиялар бойынша оқу орындары.

Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті.

Белгісіздіктің берілуі

  1. Сұрақтарды талқылаңыздар.

  1. Сіздің болашақ мамандығыңыз қандай? Бұл мамандықты не себепті таңдадыңыз?

  2. Ақпараттық технологиялар мамандығы бойынша әлемдегі қандай оқу орындарын білесіздер?

  3. Қазақстанда қандай оқу орындары осы мамандықты дайындайды?

  4. Бұл мамандықтың ерекшелігі неде?