Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3.10 здік жмысты орын. арнал. матер..doc
Скачиваний:
23
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
141.82 Кб
Скачать

Лексика – грамматикалық тапсырмалар

1-тапсырма. Мына сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыздар.

Халықтың әл-ауқаты, банк қызметінің бұл түрі, жүйенің тиімділігі, батыс Еуропа елдері.

2– тапсырма. Бұл қызметтің тиімді және тиімсіз жақтарын топ болып талқылаңыздар, толықтырыңыздар.

Тиімді жағы

Тиімсіз жағы

1. Көптеген қызметкерлер үйде отырып-ақ жұмыс атқарады

1. Мекемелерде қызмет орындары азаяды.

2. ….....................................

2. …........................................

3. ….....................................

3. ….....................................

3 – тапсырма. Жақшаның ішіндегі сөздерді қазақ тіліне аударыңыз.

1. Жақын арада (по мнению западных экономистов), банк жүйесінде күрделі өзгерістер болады деп күтілуде.

2. Шетел банктері банк қызметінің осы түрі бойынша өзара (конкурируют).

3. Үйде де, көлікте де, жұмыста да компьютерлер (будут установлены).

4-тапсырма. Мына сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз.

1. «Home banking» жүйесі сізге ұнады ма?

2. Бұл жүйенің артықшылығы мен кемшілігі туралы не айтар едіңіз?

25-сабақ

Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау

Екінші деңгейлі банктердің негізгі активті операцияларының бірі – несиелік операциялар. Бәрімізге белгілі банктер несиелік опреациялары бойынша белгілі бір тәуекелге барады.

Несиелер бойынша банктердің зиянға ұшырауының өсуіне біршама әсер ететін факторларға жасалған талдау батыстың банкирлеріне мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік берді. Дүние жүзілік банктің мәліметіне сәйкес, несиелер бойынша банктердің зиян шегуінің басты себебіне, 67% - ішкі фактолар және 33% - сыртқы факторлар үлесі келеді. Несие бойынша банктердің зиян шегуіне себеп болатын сыртқы факторлар қатарында бірінші орында компаниялардың банкроттылығының тұруы тегін емес. Банктің кез-келген қарыз алушысы мұндай факторларды бастан кешуі мүмкін. Сондықтан қарыз алушының несиелік қабілетін талдай отырып, банк қызметкерлері міндетті түрде оның қаржылық жағдайын толық анықтап білуге тиіс.

Қарыз алушының несиелік қабілеті – қарыз беруші мен алушы арасында жасалған келісімшартқа сәйкес қарыз алушының өзінің қарыздық міндеттемелерін толық көлемде және уақтылы өтей алу қабілеті. Шетелдік банктердің тәжірибесінде қарыз алушының несиелік қабілетін жете бағалау несиелік тәуекелді төмендетудегі басты шара болып табылады. Қазақстанның банктерінде қолданылатын қарыз алушылардың несиелік қабілетін бағалауды жетілдіру үшін шетел тәжірибесін қарастырған өте маңызды болып отыр. Шетелдерде кеңінен қолданылатын қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау әдістеріне тоқталып кетейік.

Ағылшын банктерінде кеңінен пайдаланатын әдістердің бірі PARTS әдісін жатқызуға болады.

P – Person – потенциалды қарыз алушы туралы ақпарат, оның беделі;

A – Amount – сұрайтын несие сомасының мөлшері;

R – Repayment – несиені қайтару мүмкіндігі;

T – Term – мерзімі;

S – Security- несиенің қамтамасыз етілуі.

Сондай-ақ, шетел банктері тәжірибесінде кеңінен қолданылатын әдістердің қатарында скорингтік әдісті атап кету керек. Скоринг математикалық және статистикалық әдістерді бизнесте қолданудың сәтті мысалы болып табылады. СКОРИНГ – бұл банкке «бұрынғы» клиенттердің несиелік тарихы негізінде потенциалды қарыз алушының несиені қайтармау ықтималдығының қаншалықты жоғары екенін анықтауда көмек беретін математикалық немесе статистикалық үлгі.

Банктерде клиенттер туралы әртүрлі ақпараттар өте көп.

1-тапсырма. Мәтінді сөздікті пайдаланып аударыңыз

2–тапсырма. Мәтін бойынша сұрақ әзірлеңіз

3 – тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз

26-сабақ