Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3.10 здік жмысты орын. арнал. матер..doc
Скачиваний:
23
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
141.82 Кб
Скачать

Қазақстан екінші Сингапур бола ала ма?

Сингапур бұрын Ұлыбританияның отары (колония) болған. Өзінің толық тәуелсіздігін 1965 жылы ғана алған. Сингапур өмір сүру деңгейі бойынша Азия құрлығында Жапониядан кейінгі екінші орында тұр. Мұнайды қайта өңдеу бойынша Сингапур әлемде үшінші орынды, контейнерлік порттар саны жөнінен бірінші орын алса, компьютерге арналған диск табағын шығарудан жетекші елдер қатарында. Бірқатар халықаралық фирмалардың бағалауы бойынша, Сингапур капитал салуға қауіп-қатері (опасности) өте аз үш елдің (Жапония, Швейцариямен бірге) қатарына кіреді.

Шағын және орта кәсіпкерлік жедел қарқынмен (интенсивно) дамыған. Өйткені, Үкімет кәсіпкерлерге тек моральдық тұрғыдан ғана қолдау көрсетумен шектелмей, шағын және орта бизнеспен айналысуға тәуекел еткендерге белгілі бір дәрежеде жеңілдіктер береді. Кәсіпкерлер өз бизнесін кеңейту үшін, тиімді деген елдерді таңдап алады. Ондай елдер қатарында Қытай, Вьетнам, Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттері бар.

Сингапурда әрбір жұмысшы еңбекақысының 40 пайызын салымдарға (депозит) салады. Бұл салымдарға салық салынбайды және қаржы мекемелері салымшыларға жыл сайын коммерциялық банктердегі жинақталған ақшаға тең пайыз мөлшерінде өсім беріп отырады. Өз есепшотында жиналған ақшаны салымшы үй сатып алуға, дәрігерлік қызмет көрсетуге, жекешелендіруге жататын ірі мемлекеттік корпорациялардың акциясын сатып алуға жұмсай алады.

Сингапурды тазалықтың символына жатқызуға болады. Шетелдіктер таңертеңгісін көшені арнайы машина немесе аула (двор) сыпырушының кір жуатын ұнтақ салынған сумен жуатындығын аңыз (легенда) қылып айтады. Қоғамдық орында тәртіп бұзып, көшені ластап, тазалықты сақтамайтындар қатал жазаланады. Сингапурлықтарға ылғи да: «Өз еліңіздегі мұндай ғажайып жетістіктің сыры неде?» - деген сұрақ қойылады. Бұған олар: «Тиімді географиялық орналасуымыз, тынымсыз еңбекқорлығымыз, биліктің елді парасатты, ойлы басқаруы», - деп жауап береді.

Қазақстанның Сингапурға теңесер болашақ көкжиегі (горизонт) қашан көрінер екен?

(Қазақстан-ZAMAN №19, 2006)

Лексика – грамматикалық тапсырмалар

1 – тапсырма. Тірек сөздер мен сөз тіркестерін меңгеріңіз.

2-тапсырма. Мына сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыздар.

Жедел қарқынмен даму, тазалықтың символы, тиімді географиялық орналасу.

3 – тапсырма. Екі қатардағы сөздерден сөйлем құрастырыңыз.

1) Сингапур -

А) жедел қарқынмен дамыған.

2) көшеге қоқыс тастап, ластағанға

Ә) үймен қамтамасыз етілген.

3) шағын және орта кәсіпкерлік

Б) тазалықтың символы.

4) халықтың 90 пайызы

В) капитал салуға қауіп-қатері өте аз ел

5) Сингапур

Г) айыппұл салынады.

4-тапсырма. Дұрыс қосымшаны қойыңыз.

1. Сингапур бұрын Ұлыбритания [-ға, -мен, -ның] отары болған.

2. Шағын және орта кәсіпкерлік жедел қарқын [-нан, -мен, -ның] дамыған.

3. Үкімет кәсіпкерлер[-ге, -мен, -дің] тек моральдық тұрғыдан ғана қолдау көрсету[-ге, -мен, -інде] шектелмейді.

5-тапсырма. Жақшаның ішіндегі сөздерді қазақ тіліне аударыңыз.

6-тапсырма. «Қазақстанның Сингапурға теңесер болашақ көкжиегі қашан көрінер екен?» деген тақырыпта шығарма жазыңыз.

21-сабақ

Еуропа экономикалық қоғамдастығы

Еуропа экономикалық қоғамдастығы – батыс Еуропа елдерінің аса ірі экономикалық одағы. 1957 жылы құрылған. Оған Батыс Еуропаның 12 мемлекеті: Германия, Франция, Италия, Бельгия, Дания, Нидерланд, Люксембург, Ұлыбритания, Ирландия, Греция, Испания, Португалия кіреді. Еуропа экономикалық қоғамдастықта біртұтас кеден одағы құрылып, мүше елдер арасында капиталдардың, тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің, жұмыс күшінің еркін орын ауыстыруына қойылатын шектеулерді жоятын ортақ нарық жұмыс істеді, сондай-ақ, бірыңғай валюта жүйесі құрылды. 1992 жылдан бастап ол Еуропа қауымдастығы деп аталды.

С. Тоқсанбай,

(«Қазақстан» энциклопедиясы, Алматы 2001, 458-бет.).

1-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.

2-тапсырма. Сұрақтарға мәтіннен жауап іздеңіз.

  1. Еуропа экономикалық қоғамдастығы қашан құрылды?

  2. Оған неше мемлекет кіреді?

  3. 1992 жылдан бастап қоғамдастық қалай аталады?

3-тапсырма. Мәтіннен таныс емес сөздер мен сөз тіркестерін теріп жазыңыз.

4-тапсырма. Өзіңіз жазып алған таныс емес сөздермен сөйлем құраңыз.

22-сабақ

Мәтінді қазақ тіліне аударыңыз