Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3.10 здік жмысты орын. арнал. матер..doc
Скачиваний:
23
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
141.82 Кб
Скачать

Пластиковые карточки, как элемент платежной системы.

Сегодня невозможно представить себе жизнь без платиковой карточки. Банковские карточки уже около 60 лет служат внутренним платежным инструментом. Банковские карточки играют ключевую роль в рыночной стратегии любого банка, являясь «третьим китом» банковских продуктов – депозитов, кредитов.

В Казахстане в последние годы выпущено более 600 тысяч международных пластиковых карточек Euro Card/ Master Card и не менее 900 тысяч карточек VIZA. Если сравнивать Казахстан с некоторыми странами СНГ, то развитию рынка пластиковых карточек, мы находимся на втором месте. Россия заметно опережает Казахстан. Но наша страна лидирует по сравнению с Арменией.

23-сабақ

«Ломбард қашан пайда болған?»

Адамдардың жеке меншігіндегі заттарды қабылдау арқылы қарыз ақша беретін мекеме тұңғыш рет Францияны ХІ Людовик билеген сонау ХY ғасырда пайда болған. Оларды алғаш ашқан Францияға сауда-саттықпен жиі баратын Ломбарция (Италия) елді мекенінің өсімқорлары (Ломбард деген атау содан қалған). Уақыт өте келе Италия мен Германияда да ломбардтар ашылып, өзге елдерге де тараған. ХІХ ғасырда барша капиталистік мемлекеттерде пайда болып, ірі монополиялар бақылау жасаған.

Ресейдегі жеке өсімқорлық үрдісті көз қырында ұстаған Анна Иоановна патшайым қарыз алуға күміс немесе алтыннан жасаған зат өткізушілерге ғана рұқсат еткен. Соның өзінде негізгі бағаның төрттен бірін ғана. Ал патшайымның жарлығымен құрылған Мемлекеттік қарыз банкі қаржыны қымбат металдар мен жылжымайтын мүлік есебінен ғана беретін болған. Мемлекеттік ломбардтар Мәскеу мен Петербургте 1772 жылы ІІ Екатерина патшайымның тұсында ашылған.

ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында ломбард акционерлік негізде одан әрі дамиды. Алайда, 1918 жылы революцияға дейінгі қарыз беру мекемелерінің бәрі жабылады да, 1922-1923 жылдары қайтадан ашылады. Бұрынғылардан айырмашылығы, олар жергілікті кеңестерге қарасты тұрмыстық қызмет көрсету мекемелерінің қарамағында болған. Тұрмыс-халі нашарлап, қиындыққа ұшыраған қарапайым бұқараға тиімділігі – олар азын-аулақ қаржыға өткізген жеке заттары есебінен белгілі бір мерзімге молдау мөлшерде қаржы алатын болған.

Қазақстанда ломбардтың пайда болып, халық игілігіне кеңінен қызмет ете бастағанына аса көп уақыт өткен жоқ. Ломбард деген ұғымның онша түсінікті емесі де сондықтан болуы мүмкін.

Нарықтық экономика үстемдік еткен тұста ломбардтың пайдадан бөлек зияны жоқ. Ал ломбардтың қалай, қашан пайда болу тарихы қысқаша осындай.

(«Парасат» журналы, №1, 2006, 36-бет)

1-тапсырма. Мәтінді сөздікті пайдаланып аударыңыз.

2–тапсырма. Мәтін бойынша сұрақ әзірлеңіз.

3 – тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз.

24-сабақ

Лексикалық тақырып: «Home banking» - үйде және жұмыс орнында

Банктік қызмет көрсету

Мәтінді оқыңыз.

Банкоматтарды қолданумен қатар, әлемдегі банк жүйесі тұтынушыларға төлемдердің электрондық жүйесін, яғни электронды техниканы пайдаланып, банк операцияларын үйде отырып-ақ жүзеге асыруды ұсынады.

Банк қызметінің бұл түрі Батыс Еуропада өткен ғасырдың 80 жылдарында қарқынды дамыды. 1982 жылы Nottingam Building Society құрылыс қоғамы мен Шотландия банкі және British Teleсom компаниясы Homelink жүйесін енгізді. Батыс Еуропадағы ең ірі банктер бір-бірімен бәсекелес бола бастады.

Үйде немесе жұмыс орнында болсақ та, уақытымызды үнемдеп, банк операцияларының барлық түрін іске асыруға арналған банк қызметінің бұл түрі, қазіргі кезде Франция мен Американың ең ірі банктерінде және Ресейдегі кейбір коммерциялық банктерде енгізілген. «Home banking» банк қызметін таңдаған клиенттерге пароль немесе кілті бар дискет беріледі. Осы дискет арқылы олар барлық төлем түрлерін компьютер арқылы жіберіп, электронды қол қойып растайды. Бұл жүйе аптасына жеті күн тәулік бойы қызмет көрсетеді.

Батыс экономистерінің болжамы бойынша, жақын арада банк мекемелерінде күрделі өзгеріс болады деп күтілуде. Өйткені телекоммуникация мен ақпараттық технологияның дамуы миллиондаған қызметкерлердің үйде отырып жұмыс атқаруын қамтамасыз етеді. Мұның салдарынан мекемелерде төрт миллионға жуық қызмет орны босайды; әкімшілік ғимараттарға сұраныс азаяды. Бұл өзгерістер еңбек өнімділігін төрт есе көбейтіп, ірі кәсіпорындардың шығынын кемітеді. Адамның жұмыс орны – үйі болып, бүкіл қажетті ақпаратты үйдегі сенімді досы – компьютерден алуы ықтимал, деп күтілуде.

(Банковкие технологии» журналы, 2000. -№9. С.47-50.).

Ойтүрткі.

1. Қазақстанда банк қызметінің бұл түрі әлі дамыған жоқ.

Қалай ойлайсыз, бұл жүйе бізге керек пе?

Сіздің ойыңыз: ________________________________________________

2. ҚР Банк жүйесі қазір қандай деңгейде?

Сіздің ойыңыз: ________________________________________________

3. Бұл жүйенің дамуы үшін халықтың әл-ауқаты жоғары болуы қажет пе?

Сіздің ойыңыз: _________________________________________________