Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3.10 здік жмысты орын. арнал. матер..doc
Скачиваний:
23
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
141.82 Кб
Скачать

Қазақстандағы білім беру жүйесі

Республиканың білім беру жүйесі өзара тығыз байланысты бірнеше баспалдақтардан тұрады: балабақша, жалпы білім беретін мектеп, кәсіби- техникалық училище, арнаулы орта және жоғары орындары, мектептен тыс мекемелер, дипломнан кейінгі білім (аспирантура, докторантура), әртүрлі мамандық бойынша жетілдіру курстары.

Жалпы білім беретін мектеп үш сатылы: бастауыш (1-4сынып), толық емес орта(5-9 сынып) және толық орта (10-11 сынып).

Бірінші және екінші сатылы білім міндетті. Ал үшінші сатыны 10-11 сыныпты жалпы білім беретін күндізгі немесе кешкі мектептерде, кәсіби-техникалық, арнаулы орта білім беретін оқу орындарында жалғастыруға болады. Орта білім алудың қазіргі кезде жаңа түрлері: белгілі бәр пәнді тереңдетіп оқытатын мектептер, гимназия, лицейлер, жеке меншік мектептер көптеп пайда болуда.

Республикада 249 арнаулы орта білім беретін оқу орындары бар, онда 200 мың оқушы оқиды.

Ал жоғары білім беру жүйесінде 100 шақты мемлекеттік және мемлекеттік емес оқу орны тіркелген.

Тапсырма. Көңіл-күйіңіз көтеріңкі жүрсін.

Армандастар

Сөзі: Н.Әлімқұлов.

Әні. Ә. Бейсеуов.

Бір ауылдың түлеп ұшқан жастары едік,

Бір дәірдің мөлдіреген аспаны едік.

Бәріміз де жазылмаған дастан едік,

Армандастар-құрдастар.

Қайырмасы:

Біз дәуірдің мөлдіреген аспаны едік,

Бәріміз бір өмір жолын бастап едік.

Армандастар қайда?

Абзал достар қайда?

Замандастар, қарлығаштар қайда екен?

Арман қуған, қиял қуған кезің қайда,

Құрбы-қыздар, мөлдіреген көзің қайда?

Сол алғашқы алалаулаған сезім қайда?

Армандастар-құрдастар.

Қайырмасы.

Бәрің достар, әр тарапқа кеттіңдер ме,

Әлде биік асулардан өттіңдер ме?!

Әлде игі армандарға жеттіңдер ме?!

Қайдасыңдар, құрдастар?!

Қайырмасы.

7-сабақ

Тапсырма. Мәтінді аударыңыз.

Реформы в системе образования

В настоящее время в мире насчитывается 800 млн. взрослого населения- безграмотных, а миллионы детей не имеют возможности обучаться в школах. Неслучайно период с 2003 по 2012 гг. объявлен ЮНЕСКО Декадой грамотности, а 8 сентября отмечается как Международный день грамотности. Образование определяется в качестве одного из ключевых моментов в стратегии развития Казахстана в XXI веке, обеспечение его соответсвующего уровня будет служить гарантией национальной безопасности, основой последующего экономического и интеллектуального процветания страны.

Сегодня приоритетной задачей, поставленной главой государства, является повышение качества подготовки специалистов до уровня развитых стран.

С приобретением независимости государства у нашей молодежи появился прекрасный шанс получить образование за рубежом.

Обучение- это не только процесс передачи профессиональных знаний, но и формирование определенного образа мышления, системы взглядов на определенные жизненные приоритеты. Из стен вуза должны выходить не просто грамотные специалисты, но интеллигентные, нравственно богатые люди.

8 – сабақ

Тапсырма.

Өз ісінің маманы. Шығарма жазу.

Оқу-білім туралы мақал-мәтел жаттау.

9 – сабақ

Тапсырма. Мәтінді оқыңыз.

Қазақстан экономикасы

Қазақстан өзінің табиғи қазбаларымен және адам ресустарымен дүние жүзіндегі бай елдердің бірі болып есептеледі.

Тәелсіздік алуына байланысты Қазақстан экономикасында демократиялық қоғам жағдаиында, нарық еркіндігін жасау межеленіп отыр.

1992 жылдан бастап елімізде мемлекеттік мекемелерге жекешелендіру жүргізілді.

Нарық жағдайындағы Қазақстанстанның жекеменшік секторы еліміздің болашақ экономикалық тұрақтылық базасын қалыптастыруда орасан зор биіктіктерге көтерілу үстінде.

Қазақстан экономикасы үшін шет ел инвестициясына жол ашық.

Өтпелі кезеңнің қиындығына қарамастан елбасының «Қазақстан 2030» бағдарламасы елеміздің өркендеген елдердің бірі ететін, экономикасы дамыған демократиялық қоғамға айналдыруға кепілдік береді.

Тапсырма. Мәтіндегі әр сөйлемге сұрақ құрастырыңыз.

Қазақстан экономикасына байланысты сұхбат жүргізу.

10 – сабақ

Тапсырма.

Атақты экономистер туралы реферат дайындаңыз.

11-сабақ

Тапсырма.

Базаршы жігіт пен ақылды қыз оқып мазмұндаңыз. Қараңыз: З.С. Күзекова, Г. Қарақұсова «Қазақ тілі» Алматы, 2001 ж.

12-сабақ

Тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз

Ұлттық байлық дегеніміз не?

Ұлттық байлық дегеніміз – елдің экономикалық күш-құатының ең маңызды көрсеткіштерінің бірі. Ұлттық байлықты алғаш рет 1664 жылы ағылшын экономисі У. Петти есептеп шығарды. Ұлттық байлықты тұңғыш бағалау Францияда 1789 жылдан, АҚШ-та 1805 жылдан, Ресейде 1864 жылдан жүргізіле бастады. Біздің Қазақстанда ше?

Экономикалық әдебиеттерде Ұлттық байлық деп-еңбекпен жасаланытын, өндіріс пен тұтыну үшін пайдаланылатын материалдық игілектердің қорын айтады. Кейбір экономистер Ұлттық байлыққа табиғи ресурстарды да қосады. Кейбіреулері ұлттық байлық ұғымы ғылыми білім мөлшерін, халықтың мәдени дәрежесін т.б. қамтуы тиіс деп санайды.

Сонымен ұлттық байлыққа не жатады?

Ұлттық байлық негізінен мына малалардан тұрады:

а) Қазақстан аймағындағы және сырт жерлердегі ғасырлар бойы ата-бабаларының қалдырған барлық мұрасы.

ә) табиғатымыздың және жер асты байлығымыз.

б) Әдеби, мәдени, тарихи мұралар.

Әдеби, мәдени, тарихи мұраларымыз – халықтың, мемлекеттің өсіп- өркендеуін, байлығын көрсететін ұлттық игілігіміздің күре тамыры. Кез-келген мемлекет өзінің ұлттық мұрасын мақтап тұтады. Оның құны-сол елдің байлығының кепілі.

Әлемнің қай мемлекетін алмаңыз, тіпті дамып келе жатқан ел болсын ұлттық байлықтарының құны бар. Әр тасына дейін есептеп, тіркеп, құнын анықтап, халықаралық каталогке тіркеп, бірін кеденіне, екіншісін интерполға беріп қойғалы қашан.

Ұлттық байлыққа жеке коллекционердің қолындағы көне заттар да жатады.

Венеция хартиясы бойынша, отыз жылдан артық тұрған сәулет құрылысы, мекеме, мәдени, ресми, жеке үй, тағы да басқалары ұлттық байлыққа жатады.

Барлық мемлекетте ғасырлар бойы жинақталған ұлттық байлықтары бар. Оны ғалымдар ең құндысын рет-ретімен ғылыми жұмыстарымен дәлелдеп қана қоймай, ол заттың құны валютамен есептеліп шығарылған.

Тапсырма. Артық болмас білгенің.

Құстар мекені

Ырғыз-Торғай көлдері- су құстарының тұрақты мекені. Мұнда жер жүзінде сирек кездесетін аққудың 130 мыңдайы мекендейді. Бұл жабайы қаз бен үйректердің де өсіп- өрбіп жатқан жері. Сондай-ақ бұл аймақта жыл сайын 250 мыңдай ақбөкен төлдейді. Алматы қорығында құлан, марал, бұғы, таутеке, қарақұйрық, елік, құндыз, күзне өсіріледі. Шымкент облысының Түлкібас ауданындағы «Ақсу- Жабағлы» қорығындағы марал, арқар, таутеке, Қызылорда облысының Арал теңізіндегі «Барсакелмес» аралығындағы қорықта құлан, ақбөкен және басқа бағалы аңдар өсірілуде. Бұлардан басқа да бірнеше аңшылық шаруашылықтарда47.178 гектар жерде аңдар мен құстар бақылауға алынып, көптеп өсіріліп келеді. Бұлар республикамыздың қосымша байлығы.

/ Ғалам ғажайыптары /

13- сабақ

Тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз.

Нарықтың мәні, құрылымы.

Нарық- бұл сатушылар мен сатып алушылар арасындағы экономикалық қатынастардың белгілі бір жүйесімен сипатталатын тауар айырбасының саласы.

Нарық- тауарларды сатуып алу, сатумен байланысты орын алатын қатынастар жиынтығы. Осы тұрғыдан алғанда, нарықты әртүрлі тауар өндірушілер мен тұтынушылардың арасында болатын экономикалықбайланыстар мен қатынастар жүйесі деп сипаттауға болады.

Дүниежүзілік нарық – сатушылар мен сатып алушылар арасындағы тауарлар мен қызметтерді айырбастау жүйесі түрінде көрінетін бүкіләлемдік шаруашылықтың құрамдас бөлігі. Ол халықаралық еңбек бөлінісінің, валюталық несие және қаржы қатынастарының негізінде құрылып, орнықты. Дүниежүзілік нарық өндірістік кооперация арқылы ішкі нарықпен байланыста болады.

Ұлттық нарық – бір елдің мемемлекет шекарасының аумағымен шектелген жалпы ішкі нарық. Ұлттық нарықта белгілі дәрежеде өндірістің нәтижелері мен шарттарына байланысты экономикалық қатынастар дамиды. Бұл қатынастар, нарық қызметінің шарты-ақша және тауар айналысының болуын анықтайтын тауар – ақша форма түрінде көрінеді.

14-сабақ

Тапсырма. Мәтінді аударыңыз.

Рынок, на котором монополист торгует с монополистом, представляет собой двустороннюю монополию. На рынке труда двусторонняя монополия может возникнуть, когда представители профсоюза и компании, которая нанимает рабочих определенной квалификации, встречаются для переговоров о зарплате. Фирма на конкурентном рынке рабочей силы будет нанимать рабочих до тех пор, пока предельный продукт труда не станет равным ставке зарплаты.

15- сабақ

Жаттығу орындаймыз!

  1. Үстеулердің түрін анықтаңыз.

Бұрын банктер несиені аз беретін. Бүрсігүні шағын кәсіпорынның ашылу кеші болады. Биыл Қазақстанның төл ақшасы – теңге шықты. Бүгінгі таңда нарықтық экономика даму үстінде.Мен қолма-қол есеп айырыстым. Оқудың ақшасын төлегеніме бірталай уақыт өтті.

  1. Мына етістіктермен күрделі сөйлем құраңыз.

Қаржыландыру, сақтандыру, қауіпсіздендіру, арттыру, жоспарлау.

  1. Жинақтау сан есімін көрсетіңіз.

Қонақтардың үшеуіне орын жетпей қалды. Біздің банктың қызметкелерінің жалпы саны – жетеу. Біздің фирманың қызметкелерінің екеуін жұмыстан шығарып жіберді. Бухгалтерлердің бесеуінің де жоғары білімі бар. Сатып алушылардың төртеуіне де көйлек жетпей қалды.

16-сабақ

Тапсырма.

Сұрақтарға жауап беріңіздер.

1.Бәсеке деген не?

2. Бәсекенің қандай жақтары бар?

3. Бәсеке адамзатқа тән қасиет пе?

4. Бәсеке өркениетті қоғамда қандай болу керек?

5. Әділетті бәсек деген не?

6. Әділетті бәсеке мемлекет үшін керек пе? Пайдасы бар ма?

7. Экономикадағы прогресс, жақсы, сапалы, әлемдік деңгейдегі сапалы өнім көзі ме?

8. Әділетсіз бәсек деген не?

9. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарлар» қандай бәсекеде көрінеді?

10. Ғылымдағы, өнердегі бәсеке неге жеткізеді?

Тапсырма. Мәтінді әңгімелеңіздер.

Нарықтық экономиканы ілгері жеткізетін күш- бәсекелестік, екінші – істеген іске, оның нәтижесіне жауапкершілік. Жауапкершілік- меншікпен келеді.

Нарық бәсекелестігі – заңдылық, ол меншік иелері мен мемлекеттер арасында бірдей. Оған пара өтіп, ұят жүрмейді, аяушылықты білмейді, қабілет пен іскерлікке жүгінетін қатынас.

Бәсеке - өзара жарыс, бір- бірінен озу сайысы, жақсы өнім сайысы.

17- сабақ

Мәтінді қазақ тіліне аударыңыз