Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекции по ИК исправленные.doc
Скачиваний:
498
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
1.03 Mб
Скачать

Индустриализация және оның Қазақстандағы ерекшеліктері. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру

  1. Тоталитарлық жүйенің қалыптасуы. Индустрияландыру саясаты.

  2. Ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру және көшпелі қоғамды отырықшылыққа күштеп көшіру.

  3. Мәдени саладағы жетістіктер мен қайшылықтар.

  4. Сталиндік жаппай саяси қуғын-сүргін

1. Тоталитарлық жүйенің қалыптасуы. Индустрияландыру саясаты.

1920 жылдардың бірінші жартысында елде Кеңес өкіметі толық орнатылды. Оның мемлекеттік органдары мен әкімшілік жүйесі қалыптасты. Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы құрылып, оның негізгі заңы – кеңестікКонституция қабылданды. Азамат соғысының нәтижесінде қираған халық шаруашылығы қалпына келтірілді. Сондықтан да 1920 жылдардың ортасында Кеңестер Одағында социализм орнатудың доктринасы іске асырыла бастады. Ол үш үлкен міндетті: индустриаландыруды (аграрлық елден дамыған индустриялы елге); ұжымдастыруды (социалистік ұжымдық ауыл шаруашылығын құру); мәдени революцияны (сауатсыздықпен күресу, кеңестік білім жүйесін құру, ғылым мен мәдениетті, кеңестік идеологияға қызмет ететін зиялы қауымды және жаңа өмір салтын қалыптастыру) қамтыды.

Алғашқы қадам қадам елді индустрияландыру саясатынан басталды. 1925 жылы желтоқсанда БКП(б) XIV съезі өтіп, онда елді индустрияландыру бағытына көшіру туралы шешім қабылданды. Бұл шешім бойынша үкіметтің алдына жедел қарқынмен аграрлы елден дамыған өнеркәсіпті елге айналдыру мақсаты қойылды. Индустрияландыру басталған кезде Қазақ АКСР-ның халық шаруашылығының жалпы өнімі 84,5%-ды құраса, ауылда тұратын халық саны 90% болды. Одақтың орталық органдары алғашқы күннен бастап Қазақ өлкесін Кеңес Одағының шикізат базасына айналдыру бағытын көздеді. Жоғарғы басшылық жер байлығын зерттеудің бағдарламасын жасап, түсті металл, көмір және мұнай өнеркәсібін дамытуды негіздеді.

1920 жылдардың соңы мен 1930 жылдардың басында Қазақстанның барлық аймағында табиғи байлықты зерттеу ісімен айналысқан экспедициялар жұмыс істеді. 1928-1929 жылдарды республикада 50-ге жуық геологиялық топ жұмыс істесе, ал 1931 жылы олардың саны 140-қа жетті.

Индустрияландырудың ең ірі құрылысының бірі – Түркістан–Сібір теміржолын салу болды. 1445 км-ге созылған Сібір мен Орта Азияны жалғайтын жол құрылысы 1927 жылы сәуірде басталды. Құрылыс бүкіл халықтық сипат алды. 1930 жылы 25 сәуірде мерзімінен 17 ай бұрын аяқталды.

Сол кезеңдегі ірі құрылыстардың қатарына Шымкент қорғасын зауыты, Балқаш мыс және Ащысай полиметалл комбинаттары жатады. Сондай-ақ Текелі полиметалл, Жезқазған мыс балқыту комбинаттарының, Өскемен қорғасын-мырыш зауытының құрылысы басталды. Бұлар тек Қазақ өлкесіндегі ғана емес, Кеңес Одағындағы түсті металлургияның ірі кәсіпорындары еді.

Шымкент, Ақтөбе және басқа аудандарда химия кәсіпорындарын салу басталды. Мұның бәрі электр қуатын өндірудің көлемін арттыруды талап етті. Соған орай Қарағанды ОЭС-і, Үлбі ГЭС-і, Балқаш мыс өңдеу комбинатының ЖЭО-сы сол кездегі екпінді құрылыс бағыттарына айналды. Ембі мұнай өндіру аймағы дамыды. Бұрынғы өнеркәсіп орындары – Қосшағыл, Мақат кеңейтіліп, жаңа кен орындары – Құлсары, Сағыз іске қосылды. Қазақстан түсті металл өндіруде Одақ бойынша екінші орынға, ал мұнай өндіруде үшінші орынға көтерілді. Қарағанды Одақ бойынша үшінші көмір базасына айналды.

Индустриаландыру жылдары ірі тамақ өнеркәсібі орындары да салынды. Оларға Семей ет комбинаты, Гурьев балық зауыты, Алматы жеміс-консерві комбинаты, Жамбыл, Мерке, Талдықорған қант зауыттары жатады. Егер 1926 жылы

Қазазстанда 44 қала және қалашық болса, 1939 жылы олардың саны 81-ге жетті. Қала тұрғындарының саны 8,2%-дан 27,7%-ға өсті. Инженертехникалық, жұмысшы кадрларының білікті тобы қалыптасты. 1926 жылы халық шаруашылығында істейтін жұмысшылар саны 10,7%-ды құраса, 1939 жылы бұл көрсеткіш 33,8%-ға жетті.

Сонымен қатар индустриаландырудың келеңсіз жақтары да аз емес еді. Индустриаландыруды жүйеге асыру үлкен қаржылық қорды қажет етті, ал ол қаржы ауыл шаруашылығы есебінен және ішкі несие арқылы алынды. Индустриаландырудың Одақ бойынша дамуы Қазақстан өнеркәсібін шикізат өндіру бағытында ғана дамытуға әкеліп соқты. Газ, мұнай, металл өңдейтін, машина, станок, прибор, автомобиль жасау кәсіпорындары салынбады. Қазақ Республиеасы елді электрлендіру, теміржолдар мен оны пайдалану бойынша Одақ көлемінде артта қалды. 1928-1939 жылдары Қазақстан қалаларының халқы қоныс аударушылардың есебінен ғана 1,8 миллион адамға жетті. Нәтижесінде 1920-1930 жылдары болған аштық пен қоныс аударудың салдарынан қазақтардың үлесі 1939 жылы 33,8%-ға дейін төмендеп кетті.

Бұл жерде мынаны баса айту керек – 1925-1933 жылдары Қазақ өлкесін революционер Ф.И. Голощекин басқарды. Ол Қазақстанда сталиндік бағытты жүргізіп, «Кіші Қазан» идеясын жүзеге асырған басшы болды. Ф.И. Голощекинге қарсы оппозициялық бағытта Қазақ Республикасының мүддесін қорғау мақсатында күрес жүргізген қайраткерлер Тұрар Рұсқұлов, Смағұл Садуақасов, Сәкен Сейфуллин, Сұлтанбек Қожанов, Жалау Мыңбаев және басқалары қуғын-сүргінге ұшырады.