Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекции по ИК исправленные.doc
Скачиваний:
498
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
1.03 Mб
Скачать

Қазақстанның оңтүстік бөлігінің Ресей империясының құрамына енуі

Жоспар

  1. Оңтүстік Қазақстан Ортаазиялық хандықтар езгісінде

  2. Оңтүстік Қазақстан территориясының патша үкіметімен отарлануы

Кіші және Орта жүз территорияларының көпшілігі Ресей империясының құрамына 18 ғасыр мен 19 ғасыр басында енді. 1824 жылы Ресей құрамына Жетісу енді. 19 ғасыр ортасына қарай тек Оңтүстік Қазақстан территориясы оңтүстігінде Ташкенттен Шуға дейін және солтүстігінде Сырдариядан Ақ-Мешітке дейін Ресейге бағынбады, өйткені өлкенің бұл бөлігі Қоқанд хандығының билігінде болды.

19 ғасырдың бірінші жартысында Хиуа және Қоқанд хандықтары Сырдария бойында бірқатар форпосттар мен бекіністер тұрғызды. Өз форпосттары арқылы хиуалықтар Сырдарияның төменгі бойын, Сырдария мен Қуаңдария аралығын бағындырды. Сырдария жағалауының қалған бөлігі, сондай-ақ Қазақстанның оңтүстігі Қоқанд бақылауында болды. Қоқандық және хиуылық бекіністердің стратегиялық маңызды орналасуы қазақтардың көшпелі және отырықшы халқы сырдария бойымен өткен уақытта бақылауға мүмкіндік берді. Қазақтардың кей рулары қос бағыныштылықта болды: бір жағынан Ресейдің және екінші жағынан Хиуа мен Қоқанд езгісінде болды. Әсіресе, Орынбор облысына жазғы жайлауға көшкен қазақтар орыс үкіметіне салық төлесе, ал қыстауға қоқанд жағына көшсе сол жаққа салық төлеуге мәжбүр болды. Қазақтар бірнеше рет хиуалықтар мен қоқандықтарға қарсы көтерілістер жасады. 1843 жылы қазақтар қуаңдариядағы бекіністі, ал 1845 жылы көктемде сол бекіністі қалпына келтіруге аттандырылған екі мыңдық хиуа әскерін талқандады. Сондай-ақ осы жылдары хиуалық Бесқала бекінісі қиратылды. Қоқандықтар жаулап алған территорияларда да бірқатар көтерілістер болып отырды. Олардың ең ірісі 1812 жылғы Тентек-төре басшылығымен болған 12 мың көтерілісшілер қатысқан көтеріліс. 1845 жылы сырдариялық қазақтар қоқандық Жүлек, Жаңақорған, Тұрсынбай бекіністерін басып алды.

Ресейдің оңтүстік Қазақстандағы тірек пунктері болды. 1825 жылы Ұлы жүзге Ямышевск бекінісінің коменданты Шубин В. басшылық еткен 120 казактан тұратын отряд аттандырылды. Мұнда Алатау, Қапал, Сергиополь, Лепсі бекіністері, Аягөз, Көкпекті приказдары құрылды. 1848 жылы 10 қаңтарды Ұлы жүзде ресей приставы тағайындалды. Сырдарияда бірнеше бекіністер салынды: 1847 жылы Сырдария сағасынан 70-80 км жерде Райым бекінісі, сонымен қатар № 1 Қазалы форты, № 2 Қармақшы форты салынды. 1851 жылы Таушыбек бекінісінен, 1853 жылы Ақ-Мешіт бекінісінен қоқандықтар ығыстырылды.

Бұл жерде Орынбор губернаторы, кавалерия генералы, граф В.Перовскийдің қазақтардың қолдауымен бұл аудандардан қоқандықтарды ығыстырудағы өте сәтті операцияларын айта кеткен жөн. Осыдан кейін Батыс Сібір генерал-губернаторы Г.Гасфорттың Сырдария және Сібір әскери желілерін қосу жөніндегі ұсынысы қолдау тапқан болатын. Осы мақсатпен Көксу және Іле өзендері аралығында бірнеше бекіністердің негізі қаланды. 1854 жылдың көктемінде Ұлы жүз приставы майор Перемышельский Верный бекінісінің негізін қалады. 1855 жылы мұнда Қапалдағы приставтың резиденциясы ауысты. Верный Жетісу өлкесінің орталығына айнала бастады.

1858 жылдың көктемінде Әулие-Ата ауданында қазақтардың қоқанд езгісіне қарсы ірі көтерілісі басталды. Көтеріліс Шымкенттен Пішкекке дейінгі ірі территорияны қамтыды. Көтерілісшілер Пішпек түбінде, Шымкент маңында ірі соққылар берді, Әулие-Атаны қоршады. Алайда олар маңызды жетістікке жете алмай, қоқанд әскерлерінің қысымымен Ресей бақылауындағы территорияларға шегінуге мәжбүр болды. Дегенмен көтеріліс жаңа аудандарды қамтып, 1858 жылдың көктемінде қазақтар Созақ, Мерке, Шолаққорған бекіністерін басып алды, Янықорған және Түркістан бекіністерін қоршады. Қоқанд билеушісі Құдияр-хан бірнеше қазақ рубасыларын өз жағына қаратып, көтерілісшілерді басуға мүмкіндік алды. Көтерілістің негізгі орталықтары басылды. Көтеріліс қоқанд билігінің құлауын және Қазақстанның Ресейге қосылуын тездетті.

Әулиеата, Мерке, Пішпек, Тоқмақта қоқанд әскерлерінің күшеюуін пайдаланып, 1860 жылы орыс әскерлері полковник Циммерманның басшылығымен Қастек бекінісінен шығып, Шу өлкесі арқылы Әулиеата, Шымкент, Ташкентке қарай жылжыды. 26 тамызда Тоқмақ, ал 4 қыркүйекте 5-күндік қоршаудан соң өлкедегі ірі қоқандық тірек пункті Пішпек алынды. Бұған қарамастан 22 мың адамдық Қоқандық отряд Верныйға қарай бағытталды. Қазан айында Ұзын-ағаш маңында қоқандық және Алатау аймағының билеушісі Г.Колпаковскийдің басшылығымен орыс әскерлері кезедесіп, 3 күндік ұрыс нәтижесінде 19-21 қазанда қоқандықтар талқандалды. Қазақтар қоқандықтардың да, орыстардың да жағында шайқасты.

Ресейдің сәтті шабуылдары 1864 жылы басталды. Полковник Черняев басқарған әскер Верныйдан шығып, 4 маусымда Әулиеатаны алды, 12 маусымда Ақ-Мешіттен шыққан полковник Веревкиннің әскері Түркістанды басып алды, 22 қыркүйекте Шымкент алынды. 1865 жылы 17 маусымда үш күндік ұрыстардан соң орыс әскерлері ташкентті басып алды. 1866 жылы көктемде орыс әскерлері Бұхар эмиратының территорияларына дейін жетті, ал 1867 жылы оның маңызды бөлігі құрылған Түркістан генерал-губарнаторлығының құрамына енді. Осылайша, бұрын Ортаазиялық хандықтар тәуелділігінде болған Қазақстан территориясы Ресей империясының құрамына енді. Қазақстанның Ресейге қосылуы отаршылық жаулаумен аяқталды.