Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
силлабус_Жаза таг._2_2013_каз.doc
Скачиваний:
18
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
351.74 Кб
Скачать

Сөж орындау және өткізу кестесі

Тақырыптың атауы

Тақырыптар бойынша тапсырмалар

Ұсынылатын әдебиеттер

СӨЖ өткізу нысаны

СӨЖ өткізу аптасы

1

Жаза тағайындаудың түсінігі, маңызы және қағидалары

ҚР ҚК Ерекше бөлімінің «Меншікке қарсы қылмыстар» тарауы баптарының санкцияларын талдап, олардың қылмыстық-құқықтық санкцияларды құрастырудың ғылыми негізделген ережелеріне қаншалықты жауап беретінін анықтаңыз.

Дәрістер мен семинар сабақтарының сәйкес тақырыптарында көрсетілген

Жазбаша жұмысты тексеру

2

2

Жаза тағайындаудың жалпы негіздері

Жаза тағайындау барысында сотталушының жеке басын ескеру дегеніміз не екенін түсініп алыңыз, жаза таңдаудың осы жігін заңда нақтыландырудың маңызына назар аударыңыз, «айыптының жеке басы» терминін қолданудың дұрыстығына баға беріңіз.

Дәрістер мен семинар сабақтарының сәйкес тақырыптарында көрсетілген

Конспект тексеру

4

3

Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар

Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды түрлі жіктер негізінде топтастырыңыз, олардың ғылыми және тәжірибелік құндылығын талдаңыз.

Дәрістер мен семинар сабақтарының сәйкес тақырыптарында көрсетілген

Конспект тексеру

5

4

Заңда көзделгеннен неғұрлым жеңіл жаза тағайындау

Сот өз бетімен (өз қалауы бойынша) шешетін мәселелер аясын тарылта отырып, жаза тағайындау ережелерін формальдандыру проблемасын зерттеңіз. Жаза тағайындау ережелерін формальдандырудың ғалымдар ұсынған жолдарымен танысыңыз.

Дәрістер мен семинар сабақтарының сәйкес тақырыптарында көрсетілген

Есептің жазбаша шешімін тексеру

5

5

Қылмыстардың және үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау

Үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау барысында жазаның өтелмеген бөлігін дұрыс анықтаудың маңызына назар аударыңыз. Қылмыстардың жиынтығы және үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау ережелерінің үйлесуінің мүмкін нұсқаларын ойластырыңыз.

Дәрістер мен семинар сабақтарының сәйкес тақырыптарында көрсетілген

Есептің жазбаша шешімін тексеру

6

6

Жаза тағайындаудың жеке (арнайы) негіздері

Соттардың жаза тағайындаудың жеке (арнайы) негіздерін бекітетін нормаларды қолдану тәжірибесімен танысып, жиі кездесетін қателіктер мен олардың себептерін анықтаңыз. Кәмелетке толмағандарға жаза тағайындаудың арнайы ережелерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар тұжырымдаңыз.

Дәрістер мен семинар сабақтарының сәйкес тақырыптарында көрсетілген

Есептің жазбаша шешімін тексеру

7

7

Шартты түрде соттау: құқықтық табиғаты, қолдану және күшін жою тәртібі

Шартты түрде соттауды қолдану кезіндегі сынақ мерзімінің оңтайлы ұзақтығын анықтаңыз. Шартты түрде соттауды жаза түрі ретінде қарастыратын Жоғарғы соттың ұстанымына баға беріңіз. Тәжірибе жүзінде жағымды және жағымсыз негіздер бойынша шартты түрде соттаудың күші қаншалықты жиі жойылатындығын талдаңыз.

Дәрістер мен семинар сабақтарының сәйкес тақырыптарында көрсетілген

Конспект

тексеру

Есептерді

Тексеру

8

8

Шетелдердің қылмыстық құқығындағы жаза тағайындау

Компаративистиканың жалпы курсынан салыстырмалы-құқықтық және салыстырмалы-тарихи әдістерді дұрыс және тиімді қолданудың негізгі талаптарын еске түсіріңіз.

Дәрістер мен семинар сабақтарының сәйкес тақырыптарында көрсетілген

Конспект тексеру

9

9

Қылмыстық жауаптылықтан босату институтының түсінігі және қалыптасу тарихы

Қылмыстық жауаптылықтан босату түсінігі мен жазадан босату түсінігінің арақатынасын анықтаңыз және олардың әрбірінің құқықтық салдарына қатысты сипаттама беріңіз

Дәрістер мен семинар сабақтарының сәйкес тақырыптарында көрсетілген

Конспект, жазбаша жауап

10

10

Қылмыстық жауаптылықтан босату негіздері мен мақсаттары, түрлері

Қылмыстық жауаптылықтан босату мәселелерін зерттеумен айналысатын ғалымдардың еңбектеріне контент-анализ жасау жолымен қылмыстық жауаптылықтан босату негіздерін толықтыруға және өзгертуге қатысты ұсыныстарына талдау жасаңыз.

ҚР Қылмыстық кодексінің Ерекше бөліміндегі қылмыстық жауаптылықтан босатудың арнайы түрлерінің қолданылу жағдайларына талдау беріңіз

Дәрістер мен семинар сабақтарының сәйкес тақырыптарында көрсетілген

Конспект, статистикалық баяндама

11

11

ҚР қолданыстағы заңнамасы бойынша жазадан босату түрлерінің сипаттамасы

Жазадан босату нормаларының ҚР жаңа қылмыстық заңының жобасында көрініс табуы (салыстырмалы зерттеу)

Дәрістер мен семинар сабақтарының сәйкес тақырыптарында көрсетілген

Аналитикалық баяндама

12

12

Кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату мәселелері

Кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауаптылықтан босату институтының жетілдірілу жолдары

Дәрістер мен семинар сабақтарының сәйкес тақырыптарында көрсетілген

12

13

Шетел заңнамасындғы қылмыстық жауаптылық пен жазадан босатудың теориялық және практикалық мәселелері

Ұлыбритания, АҚШ, Германия, Франция, Жапония сияқты елдердің қылмыстық заңнамаларындағы қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату институты

Дәрістер мен семинар сабақтарының сәйкес тақырыптарында көрсетілген

Салыстыру кестесі

13

Барлығы: 45 сағат