сот биологиялы сараптама
.docxCот-биологиялық сараптамасын тағайындау туралы
ҚАУЛЫ
«__» қаңтар 2015 жыл Алматы қаласы
Алматы қаласы Бостандық ауданы ІІБ ТБ тергеушісі полиция лейтенанты С.Стамкулов 274,275 және 276-баптардың талаптарын сақтай отырып, №15751503501112 қылмыстық іс материалдарын қарап,
А Н Ы Қ Т А Д Ы М :
11.01.2015 ж. шамамен 17.00 сағатта Алматы қ., Бостандық ауд., ІІБ-на 21.08.1981 ж. туылған азаматша Ахметова Айман Болатқызы, Алматы қ., Бостандық ауд., Темирязева көшесі, 22-үй, 10-пәтер тұрғыныны, оның күйеуін 01.01.1967 ж. туылған Ермеков Арман Асқарұлын, қонаққа келген «Асқар» есімді бұрынғы жолдасы, ас бөлмедегі, үстел үстіндегі пышақты алып, екі-рет сұғу арқылы өлтіргені туралы хабарлама түсті.
Жоғарыда көрсетілгеннің негізінде, Алматы қаласы Бостандық ауданы, Тимерязева көшесі, 22-үй, 10-пәтер, оқиға болған жерді қарау барысында қылмыс қаруы болған асқаналық пышақтан алынған, қан іздері жәбірленуші А.А.Ермековке жататындығына қатысты сот-биологиялық сараптама өткізілуі туындап тұр, ҚР ҚПК-нің 180, 270-273 баптарының талаптарына сәйкес,
Қ А У Л Ы Е Т Т І М :
1.Осы сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне 2015 жылғы 11 қаңтарда №15751503501112 іс бойынша сот-биологиялық сараптама өткізілсін.
2.Сараптама жүргізуді Алматы қаласы Бостандық ауданы ІІБ-ның Жедел криминалистикалық бөліміне тапсырылсын.
3.Сарапшыға келесі сұрақтар қойылсын:
-қылмыс оқиғасынан алынған қылмыс қаруы асханалық пышақтағы қан іздері, жәбірленуші А.А. Ермековке жатадыма?
Алматы қаласы Бостандық ауданы
ІІБ-ның ТБ-нің тергеушісі
полиция лейтенанты С.Стамкулов