Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
силлабус_Жаза таг._2_2013_каз.doc
Скачиваний:
18
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
351.74 Кб
Скачать

Семинар сабақтарының тақырыптық жоспары

Тақырып

Ауызша сұрау, проблемдық сұрақтар

Жазбаша сұрау

Жаңа оқу әдістемелері мен жаңа технологияларды қолдану

Нормативтік материалдар мен оқу-монографиялық әдебиеттер, мерзімдік басылымдардағы мақалалар

1

Жаза тағайындаудың түсінігі, маңызы және қағидалары (1 сағат)

1. Жаза тағайындаудың түсінігі, жаза тағайындау үрдісін жіті құқықтық реттеудің маңызы

2. Жаза тағайындау қағидаларының түсінігі, олардың маңызы

3. Жаза тағайындаудың жекелеген институционалдық қағидаларының нақты мазмұны

4. Жаза тағайындау қағидаларының қылмыстық құқықтың салалық қағидаларымен және жаза тағайындаудың жалпы негіздерімен ара қатынасы

Ауызша сұрастыру Қосымша әдебиеттен алынған мәлеметтерді баяндау

Тақырып бойынша слайдтарды презентациялау

Әдебиеттер дәріс тақырыбында көрсетілген

2

Жаза тағайындаудың жалпы негіздері (1 сағат)

1. Жаза тағайындаудың жалпы негіздерінің түсінігі және мәні

2. Жаза тағайындаудың жалпы негіздерінің мазмұнын құрайтын талаптар

3. Жаза тағайындау жіктері және олардың сипаттамасы

Ауызша сұрастыру Қосымша әдебиеттен алынған мәлеметтерді баяндау

Жазбаша есеп шығару

Қылмыстық істер бойынша шығарылған үкімдермен жұмыс істеу

Әдебиеттер дәріс тақырыбында көрсетілген

3

Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар (1 сағат)

1. Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлардың түсінігі мен құқықтық табиғаты

2. Жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлардың негізгі және қосымша белгілері

3. Жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды топтастыру

4. Жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлардың жаза тағайындау қағидаларын жүзеге асырудағы маңызы

Ауызша сұрастыру Қосымша әдебиеттен алынған мәлеметтерді баяндау

Жаза тағайындаудың дұрыстығына жазбаша баға беру

Қылмыстық істер бойынша шығарылған үкімдермен жұмыс істеу

Әдебиеттер дәріс тақырыбында көрсетілген

4

Заңда көзделгеннен неғұрлым жеңіл жаза тағайындау

-

-

-

-

5

Қылмыстардың және үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау (1 сағат)

1. Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындаудың сатылары

2. Қылмыстардың жиынтығы бойынша түпкілікті жазаны анықтау

3. Үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындаудың ерекшеліктері

4. Үкімдердің жиынтығы бойынша жаза анықтаудың тәсілдері

Ауызша сұрастыру, қосымша әдебиеттен алынған мәлеметтерді баяндау

Топ болып есеп шығару

Жаза тағайындаудың дұрыстығына жазбаша баға беру

Қылмыстық істер бойынша шығарылған үкімдермен жұмыс істеу Сase-study форматында дайындалған есеп ұсыну

Әдебиеттер дәріс тақырыбында көрсетілген

6

Жаза тағайындаудың жеке (арнайы) негіздері (1 сағат)

1. Жаза тағайындаудың жеке (арнайы) негіздерінің түсінігі, олардың жаза тағайындаудың жалпы негіздерімен ара қатынасы

2. Аяқталмаған қылмыс үшін жаза тағайындаудың арнайы ережелері

3. Қатысып жасалға қылмыс үшін жаза тағайындаудың арнайы ережелері

4. Қылмыстардың қайталануы жағдайында жаза тағайындаудың арнайы ережелері

5. Кәмелетке толмағандарға жаза тағайындаудың ерекшеліктері

Ауызша сұрастыру, қосымша әдебиеттен алынған мәлеметтерді баяндау

Топ болып есеп шығару

Жаза тағайындаудың дұрыстығына жазбаша баға беру

Қылмыстық істер бойынша шығарылған үкімдермен жұмыс істеу Сase-study форматында дайындалған есеп ұсыну

Әдебиеттер дәріс тақырыбында көрсетілген

7

Шартты түрде соттау: құқықтық табиғаты, қолдану және күшін жою тәртібі

-

-

-

-

8

Шетелдердің қылмыстық құқығындағы жаза тағайындау (1 сағат)

1. Шетелдердің қылмыстық құқығындағы жаза тағайындаудың жалпы негіздері

2. Шетелдердің қылмыстық құқығы бойынша қылмыстардың қайталануы жағдайында жаза тағайындау

3. Шетелдердің қылмыстық құқығындағы қылмыстар мен үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау ережелері

Ауызша сұрастыру, қосымша әдебиеттен алынған мәлеметтерді баяндау

Топ болып есеп шығару

Тақырып бойынша слайдтарды презентациялау

Әдебиеттер дәріс тақырыбында көрсетілген

9

Қылмыстық жауаптылықтан босату институтының түсінігі және қалыптасу тарихы (1 сағат)

1.Қазақстан Республикасының қылмыстық жауаптылық пен жазадан босатуға қатысты қылмыстық құқықтық саясатының негізгі бағыттары

2.Қылмыстық жауаптылықтан босату түсінігі және қылмыстық құқық жүйесіндегі орны

3.Қылмыстық жауаптылықтан босату институтының даму тарихы (төңкеріске дейінгі кезеңі, кеңестік кезең, тәуелсіздік кезең)

Ауызша сұрастыру, қосымша әдебиеттен алынған мәлеметтерді баяндау

Тақырып бойынша слайдтарды презентациялау

Әдебиеттер дәріс тақырыбында көрсетілген

10

Қылмыстық жауаптылықтан босату негіздері мен мақсаттары, түрлері (1 сағат)

1.Қылмыстық жауаптылықтан босату негіздерінің түсінігі, әлеуметтік құқықтық негіздемесі

2.Қылмыстық жауаптылықтан босату негіздерінің жіктелуі

3.Қылмыстық жауаптылықтан босату мақсаттары мен міндеттері

4.Қылмыстық жауаптылықтан босату түрлері

Ауызша сұрастыру, қосымша әдебиеттен алынған мәлеметтерді баяндау

Тақырып бойынша слайдтарды презентациялау

Әдебиеттер дәріс тақырыбында көрсетілген

11

ҚР қолданыстағы заңнамасы бойынша жазадан босату түрлерінің сипаттамасы (1 сағат)

1.Жазадан босату түсінігі: жалпы теориялық мәселелері

2.Жазадан босату институтының қалыптасу ерекшеліктері

3.Жазадан босатудың қолданыстағы қылмыстық заң бойынша түрлері

4.Жазадан босату нормаларының жүзеге асырылу тетіктері

Ауызша сұрастыру, қосымша әдебиеттен алынған мәлеметтерді баяндау

Тақырып бойынша слайдтарды презентациялау

Әдебиеттер дәріс тақырыбында көрсетілген

12

Кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату мәселелері

-

-

-

-

13

Шетел заңнамасындғы қылмыстық жауаптылық пен жазадан босатудың теориялық және практикалық мәселелері (1 сағат)

1.Шетел заңнамасындағы қылмыстық жауаптылықтан босату институты

2.Шетел заңнамасындағы жазадан босату институты

Ауызша сұрастыру, қосымша әдебиеттен алынған мәлеметтерді баяндау

Тақырып бойынша слайдтарды презентациялау

Әдебиеттер дәріс тақырыбында көрсетілген

СОӨЖ тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі (10 \ 5 сағат)

Тақырыптың атауы

Тақырып бойынша тапсырмалар

Ұсынылатын әдебиеттер

СОӨЖ өткізу нысаны

СОӨЖ өткізу аптасы

1

Жаза тағайындаудың түсінігі, маңызы және қағидалары – 1 сағат

1-тапсырма: Ұсынылған әдебиеттерді талдау негізінде:

1) жаза тағайындау қағидаларының аясы және олардың нақты мазмұны жөнінде өзіндік пікір қалыптастырып, оны жазбаша баяндаңыз.

2) жаза тағайындаудың «суперпринципін» ұсыну жөніндегі талпыныстардың негізсіздігін жазбаша уәждеңіз.

2-тапсырма: П.П.Осиповтың «Теоретические основы построения и применения уголовно-правовых санкций» монографиясының 3-тарауының 1-параграфымен танысып, негізгі ойларын конспектілеп алыңыз.

Дәрістер мен семинар сабақтарының сәйкес тақырыптарында көрсетілген

Жазбаша жұмыс пен конспект тексеру

1

2

Жаза тағайындаудың жалпы негіздері – 1 сағат

1-тапсырма: ҚР ҚК-нің 52-бабы мен РФ ҚК-нің 60-бабын салыстырыңыз: жаза тағайындаудың жалпы негіздерінің талаптарын, жаза таңдау жіктерін салыстырмалы түрде талдап, кесте сызыңыз.

2-тапсырма: Ғалымдардың пікірін ескере отырып, жаза тағайындаудың жалпы негіздерін заңда бекітудің оңтайлы жолдарын ойластырыңыз, ҚР ҚК-нің 52-бабының жаңа редакциясын ұсыныңыз. Бұл ретте жаза тағайындаудың жалпы негіздерін жаза тағайындау қағидаларынан ажырату керектігін есте ұстаңыз.

Дәрістер мен семинар сабақтарының сәйкес тақырыптарында көрсетілген

Кесте мен 52-баптың жобасын тексеру

2

3

Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар – 1 сағат

1-тапсырма: Нақты қылмыстық істер бойынша шығарылған 10 үкімді талдау негізінде жаза тағайындау барысында қандай жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар ескерілетінін теріп жазып алыңыз, соттардың заң талаптарын қаншалықты сақтайтынына баға беріңіз (жазбаша):

1-топ: Бөтен мүлікті талан-тараждау қылмыстары

2-топ: Өмір мен денсаулыққа қарсы қылмыстар

3-топ: Сыбайлас жемқорлық қылмыстар

2-тапсырма: О.А.Мясниковтың «Смягчающие и отягчающие наказание обстоятельства в теории, законодательстве и судебной практике» монографиясымен танысып, оқырмандар конференциясына дайындалыңыз.

Дәрістер мен семинар сабақтарының сәйкес тақырыптарында көрсетілген

Кесте мен оған берілген жазбаша шолуды тексеру

3

4

Заңда көзделгеннен неғұрлым жеңіл жаза тағайындау – 1 сағат

1-тапсырма: ҚР ҚК Ерекше бөлімінің «Жеке адамға қарсы қылмыстар» тарауының кез-келген 10 бабын таңдап алып, солардың санкцияларының мысалында ҚК-тің 55-бабында көзделген тәртіп бойынша жазаның төменгі және жоғарғы шекараларын көрсете отырып, жаза тағайындаудың жаңа шектерінің кестесін құрастырыңыз (жазбаша).

2-тапсырма: Нақты қылмыстық істер бойынша шығарылған 5 үкімді талдау негізінде соттар қандай мән-жайларды ерекше деп танитынын анықтаңыз, соттар өздерінің заңда көзделгеннен неғұрлым жеңіл жаза тағайындау туралы шешімдерін қаншалықты тыңғылықты дәйектейтініне баға беріңіз (жазбаша).

Дәрістер мен семинар сабақтарының сәйкес тақырыптарында көрсетілген

Жазбаша жұмысты тексеру

4

5

Қылмыстардың және үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау – 1 сағат

1-тапсырма: Қылмыстық істер бойынша шығарылған үкімдердің резолютивтік бөлімдерін зерттеп, ҚР ҚК-нің 58 және 60-баптарының талаптары қаншалықты сақталатынына талдау жасаңыз, солардың негізінде 2 есеп құрастырыңыз (үкімдер қоса тапсырылады).

2-тапсырма: Қылмыстардың жиынтығы бойынша түпкілікті жазаны анықтау барысында сіңіру тәсіліне жүгінуден мүлде бас тартуды ұсынатын ғалымдарға негізді қарсы пікір дайындаңыз (жазбаша).

Дәрістер мен семинар сабақтарының сәйкес тақырыптарында көрсетілген

Конспект тексеру.

Есептерді тексеру

5

6

Жаза тағайындаудың жеке (арнайы) негіздері – 2 сағат

1-тапсырма: ҚР ҚК-нің 56, 57, 59, 80-баптарының ережелерін түсіндіретін қаулының жобасын дайындаңыз. Бұл ретте жаза тағайындаудың жеке (арнайы) негіздері жаза тағайындаудың жалпы негіздерімен қайшылыққа түспей, оларды тек толықтыруы керек екендігін есте ұстаңыз (жазбаша).

2-тапсырма: Жаза тағайындаудың жалпы және жеке (арнайы) негіздері туралы нормаларды жетілдіру жолдары жөніндегі негізді ұсыныстар тұжырымдаңыз.

Дәрістер мен семинар сабақтарының сәйкес тақырыптарында көрсетілген

Жазбаша жұмысты тексеру

6-7

7

Шартты түрде соттау: құқықтық табиғаты, қолдану және күшін жою тәртібі – 2 сағат

Тапсырма:

1-топ: Еліміздегі соттардың шартты түрде соттауды қолдану тәжірибесін зерттеп, жазбаша шолу дайындаңыз (кем дегенде 10 үкім негізінде).

2-топ: Шетелдердің қылмыстық құқығындағы пробация (шартты түрде соттау) институтымен танысып, жазбаша шолу дайындаңыз.

3-топ: ҚР ҚК-нің 63 және 64-баптарының қолданыстағы редакциясына ғылыми-тәжірибелік түсініктеме (комментарий) әзірлеңіз.

Дәрістер мен семинар сабақтарының сәйкес тақырыптарында көрсетілген

Жазбаша жұмысты тексеру

8-9

8

Шетелдердің қылмыстық құқығындағы жаза тағайындау – 1 сағат

Тапсырма: Шетелдердің қылмыстық құқығындағы жаза тағайындау ережелерін ҚР ҚК-де бекітілген жаза тағайындау ережелерімен салыстырып, кесте сызыңыз:

1-топ: Шығыс Еуропаның бір мемлекеті

2-топ: ТМД-ға мүше бір мемлекет

3-топ: Батыс Еуропаның бір мемлекеті

Дәрістер мен семинар сабақтарының сәйкес тақырыптарында көрсетілген

Кестені

тексеру

10

9

Қылмыстық жауаптылықтан босату институтының түсінігі және қалыптасу тарихы – 1 сағат

ҚазССР-нің 1959 жылғы және ҚР-ның 1997 жылғы Қылмыстық кодекстеріндегі қылмыстық жауапкершіліктен босату институттарын салыстырып, кесте күйінде бейнелеңіз.

Дәрістер мен семинар сабақтарының сәйкес тақырыптарында көрсетілген

Кестені

тексеру

11

10

Қылмыстық жауаптылықтан босату негіздері мен мақсаттары, түрлері – 1 сағат

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 28 қаңтардағы №401-IV «Медиация туралы» Заңымен танысып, қойылған сұрақтарға жауап беріңіз:

Медиация дегеніміз не?

Медиация үдерісі қандай қағидаларға негізделеді?

Заң медиаторларға қндай талап қояды?

Қылмыстық сот өндірісінде медиация қандай санаттағы қылмыстарға қатысты қолданылады?

Дауды шешу жөніндегі келісім дегеніміз не?

Сот өндірісі аясында жүргізілетін медиацияның ерекшеліктері қандай?

Дәрістер мен семинар сабақтарының сәйкес тақырыптарында көрсетілген

Сұрақтарға жауаптарды тексеру

12

11

ҚР қолданыстағы заңнамасы бойынша жазадан босату түрлерінің сипаттамасы – 1 сағат

Жазадан босату нормаларының қылмыстылықтың алдын алушылық эффектісін бағалаңыз: рецидивтілік деңгейімен ара қатынасы (босатылған соң 3, 5 жыл өткеннен кейінгі көрсеткіштері бойынша)

Дәрістер мен семинар сабақтарының сәйкес тақырыптарында көрсетілген

Тапсырма кесте күйінде орындалуға тиіс

13

12

Кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату мәселелері – 1 сағат

Төмендегі есептерді шығарыңыз:

1.Он төрт жасар Васильев ҚР ҚК-нің 175-бабының 2-бөлігінің «в» тармақшасы бойынша төрт жыл бас бостандығынан айыру жазасына сотталады. Жазаны өтеу барысында ол өзін үлгілі ұстап, оқуына адал қарайды, тәрбиелік шараларға белсенді түрде қатысады. Васильев тағайындалған жазаның 8 айын өтеген соң тәрбиелеу колониясының әкімшілігі оны жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босатуға ұсыну жөнінде шешім қабылдайды.

Тәрбиелеу колониясы бастығының әрекеттері заңға сай ма? Кәмелетке толмағандарды жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босатудың ерекшеліктері қандай?

2.Он төрт жасар Алексин төбелес барысында адам өлтіреді де (ҚР ҚК-нің 96-бабының 1-бөлігі) қашып кетеді. Екі жылдан соң ол кәнігі бұзақылығы үшін үш жыл бас бостандығынан айыру жазасына сотталып, тағайындалған жазаны толық өтеп шығады. Колониядан босаған соң бес жылдан кейін Алексиннің бұрын жасаған адам өлтіру қылмысы ашылады.

Алексин адам өлтіргені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартыла ала ма? Қылмыстық жауапкершілікке тартудың ескіру мерзімі туралы мәселені шешіңіз.

Дәрістер мен семинар сабақтарының сәйкес тақырыптарында көрсетілген

Берілген есептердің шығарылуының дұрыстығын тексеру

14

13

Шетел заңнамасындағы қылмыстық жауаптылық пен жазадан босатудың теориялық және практикалық мәселелері – 1 сағат

Өз қалауыңыз бойынша таңдап алынған екі шетелдік мемлекеттің қылмыстық заңнамасындағы жазаны орындауды кейінге қалдыру мен жазадан мерзімінен бұрын шартты түрде босатудың өзіндік ерекшеліктерін сипаттап жазыңыз.

Дәрістер мен семинар сабақтарының сәйкес тақырыптарында көрсетілген

Баяндама

15

Барлығы: 15 сағат