Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
khimia_pptx.doc
Скачиваний:
120
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
737.79 Кб
Скачать

Тотығу-тотықсыздандыру реакциялары

Жұмыстың мақсаты

Тотығу-тотықсыздандыру реакцияларын жүргiзу.

Элементтердiң тотығу дєрежесiн анықтау арқылы

реакцияны электрондық баланс немесе

иондық-электрондық әдiстері бойынша теңестiру.

Тотығу-тотықсыздандыру реакциясының жүру

жағдайларына тәуелді екенін зерттеу.

Жұмыстың мазмұны

а) Натрий сульфитінің калий перманганатымен әртүрлі ортада тотығуы.

б) Аммоний дихроматының молекула ішілік тотығуы.

в) Иодтың сілтілік ортада диспропорциялануы.

Жұмыстың теориялық негізі

Әрекеттесуші заттардың құрамына кіретін атомдардың тотығу дәрежелері өзгере жүретін реакцияларды тотығу-тотықсыздану реакциялары деп атайды.

Электрондарын беретін молекулаларды, атомдарды немесе иондарды тотықсыздандырғыштар деп атайды. Реакция кезінде олар тотығады.

Электрондарын қосып алатын молекулаларды, атомдарды немесе иондарды тотықтырғыштар деп атайды. Реакция кезінде олар тотықсызданады.

Барлық тотығу-тотықсыздандыру реакциялардың теңдеуiн екi жолмен: электрондық баланс және жартылай иондық әдiспен көрсету керек.

Мысалы: Zn0 + 2HCl Zn2+Cl2- +H20

Тотықсыздандырғыш: Zn0 -2е Zn2+ тотығу процессі

Тотықтырғыш: 2Н+ +2е Н20 тотықсыздану процессі.

Қажетті химиялық реактивтер:

  1. Иодтың кристалы.

  2. Калий перманганаты, натрий сульфиті, аммоний дихроматы тұздарының ерітінділері.

  3. Тұз және күкірт қышқылы.

  4. Натрий гидроксидінің ерітіндісі.

Жұмыстың жүру барысы

1-тәжірибе. Натрий сульфитінің калий перманганатымен қышқыл ортада тотығуы.

Пробиркаға 2-3 тамшы калий перманганатын тамызып, сондай мөлшерде 2н күкірт қышқылын, сонан кейін натрий сульфитін толық түсі жойылғанша құйыңдар. Марганец қышқыл ортада қандай тотығу дәрежесін көрсетеді?

қолданбалы химия кафедрасы

2-тәжірибе. Натрий сульфитінің калий перманганатымен нейтрал (бейтарап) ортада тотығуы

Пробиркаға 2-3 тамшы калий перманганатын тамызып, сондай мөлшерде натрий сульфитін қосыңдар. Қандай өзгеріс байқалды? Тұнбаға қандай қосылыс түсті? Ерітіндінің түсі қандай? Марганецтің нейтрал ортадағы тотығу дәрежесі неге тең?

3-тәжірибе. Натрий сульфитінің калий перманганатымен сілті ортада тотығуы

Пробиркаға 2-3 тамшы натрий гидроксидін тамызып, сондай мөлшерде натрий сульфитін қосыңдар. Содан кейін 2-3-тамшы калий перманганатының ерітіндісін құйыңдар. Ерітіндінің түсі қандай түске боялды?

4-тәжірибе. Аммоний дихроматының молекула ішілік тотығу-тотықсыздануы

Құрғақ пробиркаға 2-3 шпатель аммоний дихроматын салып, реакция басталып кеткенше қыздырыңдар. Одан кейін қыздыруды тоқтатыңдар. Реакция нәтижесінде түзілген өнімдерге назар аударыңыздар: азот және су буы, қатты хром оксиді.

5-тәжірибе. Иодтың сілтілік ортада диспропорциялануы

Пробиркаға иодтың 1-2 түйірін салып, оған 1-2 мл натрий гидроксидін қосыңыз. Ерітіндінің түсі қалай өзгереді? Сілтілік ортада фтордан басқа барлық галогендерге диспропорциялану реакциясы тән болғандықтан, осы жағдайда натрий иодиді мен натрий иодататы түзіледі.

Жұмысты өңдеу

Лабораториялық журналға тәжірибеде қарастырылған химиялық теңдеулерді жазып, электрондық баланс және жартылай иондық әдіспен теңестіріңдер. Тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыштарды табыңдар.

Бақылау сұрақтары:

  1. ТТР реакциясы дегеніміз не?

  2. Маңызды тотықтырғыштар, мысал келтіріңіз.

  3. Маңызды тотықсыздандырғыштар, мысал келтіріңіз.

  4. ТТР реакциясын теңестіру әдістері.

  5. Тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыштың эквиваленттік молярлық массасын есептеңіздер.

Қолданбалы химия кафедрасының

26.08.2014 ж. отырысында

№1 бұйрықпен бекітілді

қолданбалы химия кафедрасы

9 зертханалық жұмыс

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]