Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
khimia_pptx.doc
Скачиваний:
120
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
737.79 Кб
Скачать

Қайтымды реакциядағы тепе-теңдіктің ығысуы

Жұмыстың мақсаты

Заттың концентрациясының тепе-теңдіктің ығысуына әсерін зерттеу.

Жұмыстың теориялық негізі

Көптеген химиялық реакциялар соңына дейін жүрмейді. Мұндай реакцияларды қайтымды реакциялар деп атайды. Қайтымды реакцияларға қайтымдылық белгісі  қойылады. Мысалы:

А + В  С + Д

Белгілі бір уақыттан кейін қайтымды реакцияларда тепе-теңдік орнайды. Тепе-теңдік дегеніміз - тура және кері реакцияның жылдамдығы теңескен кездегі жүйенің күйі. Тепе-теңдікті ығыстыруға болады. Тепе-теңдікті тура және кері бағытқа ығыстыруға болады. Тепе-теңдіктің ығысуы Ле-Шателье принципі арқылы іске асады. Заттың концентрациясын өзгерту арқылы тепе-теңдікті ығыстыруды қарастырайық.

Қажетті реактивтер:

А) Калий роданидінің ерітіндісі, С=0,0025моль/л;

Ә) Темір(ІІІ) хлориді ерітіндісі, С=0,0025моль/л;

Б) Калий хлоридінің түйірлері;

В) Пробиркалар

Жұмыстың жүру барысы:

Екі пробиркаға 5 мл-ден калий роданиді С=0,0025моль/л мен темір (ІІІ) хлориді ерітіндісін С=0,0025моль/л құйыңдар. Оларды бір-біріне құйып, араластырыңдар. Ерітінді қандай түске боялды? Алынған жалпы ерітіндіні тең етіп 4 пробиркаға бөліп құйыңдар. І-пробиркадағы ерітіндіні эталон ретінде қалдырыңдар. ІІ-пробиркаға 1 мл қаныққан темір(ІІІ) хлориді ерітіндісін, ІІІ-пробиркаға 1 мл калий роданидінің ерітіндісін құйыңдар. IV-пробиркаға калий хлоридінің бірнеше кристалдарын салыңдар. Әрбір пробиркадағы түстің өзгеруін бақылаңдар, эталон ерітіндімен салыстырыңдар.

Тәжірибеден алынған нәтижелерді жазу:

Бақылау нәтижесі төмендегідей жазылады:

  • Қайтымды реакцияны жазып, тура және кері реакцияның тепе-теңдік константасының өрнегін жазыңдар;

  • Қай зат ерітіндіге қызыл түс беріп тұр?

  • Ерітіндінің түсі темір(ІІІ) хлориді, калий роданиді ерітінділерін құйғанда және калий хлоридінің кристалдарын салғанда қалай өзгереді?

  • Әрбір әсерге байланысты химиялық тепе-теңдіктің ығысуын сипаттап айтып беріңдер.

қолданбалы химия кафедрасы

Бақылау сұрақтары:

  1. 2CH3COONa + H2SO4  Na2SO4 + 2CH3COOH қайтымды реакцияның сол жағындағы заттардың біреуінің концентрациясын азайтқанда, тепе-теңдік қай бағытқа ығысады?

  1. 2CO +O2  2CO2 +Q тепе-теңдікті солға ығыстыру үшін не істеу керек?

  2. H2 + I2  2HI реакциясына қатынасатын заттар концентрациялары төменгідей болғанда [H2] = 0,5 моль/л, [I2] = 0,1 моль/л, [HI] = 1,8 моль/л реакция тепе-теңдік күйге келеді. Сутегі мен иодтың бастапқы концентрацияларын және тепе-теңдік тұрақтысын табыңыздар.

Қолданбалы химия кафедрасының

26.08.2014 ж. отырысында

№1 бұйрықпен бекітілді

қолданбалы химия кафедрасы

5 зертханалық жұмыс

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]