Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
khimia_pptx.doc
Скачиваний:
120
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
737.79 Кб
Скачать

Тұздар гидролизi

Жұмыстың мақсаты

Тұздардың гидролиздену реакцияларын зерттеу,

ортаның рН-өзгерiсін және гидролиздiң

температура мен сұйылтуға тәуелді екенін байқау.

Жұмыстың мазмұны

а) Гидролиз кезiнде қышқылдық тұздардың түзiлуi.

б) Гидролиз кезiнде негiздік тұздардың түзiлуi.

в) Бiрнеше тұздардың бірге гидролизденуi.

г) Температура мен сұйылтудың гидролизге әсерi.

Жұмыстың теориялық негізі

Гидролиз деп тұз иондары мен су иондарының арасындағы реакцияны айтады. Реакция нәтижесiнде әлсiз электролиттер түзiледі және ерітiндi ортасының рН өзгереді.

I-жағдай.

Күштi негiзден және әлсiз қышқылдан түзiлген тұздың гидролизi әлсiз қышқылдың анионы арқылы жүредi:

СО32- + НОН НСО-3 + ОН-

Na2CO3 + HOH NaHCO3 + NaOH яғни pH > 7.

II-жағдай.

Әлсiз негiзден және күштi қышқылдан түзiлген тұздың гидролизi әлсіз негіздің катионы арқылы жүредi:

АI3+ + НОН АIОН2+ + Н+

АIСI3 + НОН АIОНСI2 + НСI яғни pH < 7.

III-жағдай.

Әлсiз қышқылдан және әлсiз негiзден түзiлген тұздың гидролизi катион және анион арқылы жүреді.

+4 + СН3СОО- + НОН 4ОН + СН3СООН

4СН3СОО + НОН 4ОН + СН3СООН яғни pH 7.

IV-жағдай.

Әлсiз негiзден және әлсiз қышқылдан түзiлген тұздың гидролизi бiр саты бойынша жүретін қайтымсыз процес, егер реакция нәтижесiнде түзiлген заттың бiрi газ күйiнде болса:

АI2S3 + 6HOH 2AI(OH)3 + 3H2S яғни pH7.

V-жағдай.

Бiрнеше тұздардың бірге гидролизі нәтижесiнде суда ерімейтiн немесе суда кездеспейтiн қосылыстар түзiледi.

АI2(SО4)3 + 3Nа2СО3 + 6HOH = 2АI(ОН)3 + 3Н2СО3 + 3Nа24

2АI3+ + 3СО32- + 6НОН = 2АI(ОН)3+ 3Н2СО3 яғни pH7.

қолданбалы химия кафедрасы

Барлық тәжiрибеде жүрген гидролиз реакцияларының молекулалық және

иондық теңдеулерін жазыңыз, ортаның рН-н және әлсiз электролиттердiң

Кд-н көрсетiңiз (кесте).

Қолданылатын реактивтер:

Тұздар: калий карбонаты, натрий сульфиты, алюминий хлоридi, магний хлоридi, натрий ацетаты, сурьманың қаныққан ерiтiндiсi, дистилленген су, индикаторлар.

Жұмыстың барысы

1- тәжiрибе. Гидролиз нәтижесiнде қышқылдық тұздардың түзiлуi.

Екi пробиркаға 2-3 мл дистилденген су құйып, 1-2 тамшы фенолфталеин тамызыңыз және микрошпателмен төменгi тұздардың түйірлерін салыңыз:

қолданбалы химия кафедрасы

1-шi пробиркаға калий карбонатын, 2-ге натрий сульфитiн. Әлсiз қышқылдардың диссоциациялану константасын пайдаланып гидролиз реакциясының теңдеуінің бiрiншi сатысын жазыңыз. Қандай тұздың ерiтiндiсiнде фенолфталеиннің бояуы ашық болады? Қандай ерiтiндiде ОН--иондарының концентрациясы жоғарылау болады? Қандай тұздың гидролиздену дәрежесi жоғары болады?

2- тәжiрибе. Гидролиз нәтижесiнде негiздік тұздардың түзiлуi

Екi пробиркаға 3-4 мл дистилленген су құйып, келесi тұздарды ерітiңiз: 1-шi пробиркаға - магний хлоридiн, 2-шi пробиркаға - алюминий хлоридiн салып, универсалды индикатор қағазымен ерітіндінің ортасын анықтаңыздар. Қайсысының рН-ы жоғары болады?

3- тәжiрибе. Екi тұздың бiрге гидролизі

Бiр пробиркаға 6-8 тамшы алюминий хлоридiн құйыңыз. Оған сонша тамшы натрий карбонатын құйыңыз. Пробиркада көмiртегi(IV) оксидiнiң бөлiнетiнін байқаңыз. Осы жағдайда алюминий гидроксидiнiң тұнбасы түзiледi. Не себептен алюминий карбонаты түзiлмейдi?

4- тәжiрибе. Температураның гидролиздену дәрежесiне әсерi

Пробирканың жартысына 1/3 дейiн дистилленген су құйыңыз және оған микрошпателмен 2-3 түйір натрий ацетатын салыңыз. Ерiтiндiнiң рН мәнi қаншаға тең? Пробиркаға 1-тамшы фенолфталеин қосыңыз. Пробирканы ыстық су моншасына салыңыз. Фенолфталеиннің түсi қалай өзгередi? Гидролиз процесінің тепе-теңдiгi қандай бағытта ығысады? Осы құбылыстың себептерін көрсетіңіз.

5- тәжiрибе. Ерiтiндiнi сұйылтудың гидролиздену дәрежесiне әсерi Пробиркаға 2-3 тамшы сурьма(III) хлоридiн құйыңыз оған ақ тұнба сурьма хлороксидi - SbОСI пайда болғанша бiртiндеп тамшылатып су құйыңыз. Бұл тұнба гидролиздiң үшінші сатысында су молекуласы бөлiнiп шығуы нәтижесiнде пайда болады. Түзiлген тұнбаны қалай ерiтуге болады, яғни гидролиздiң иондық тепе-теңдiгiн қалай сол жаққа қарай ығыстыруға болады?

Жұмысты өңдеу

Лабораториялық дәптерге барлық жасалған реакциялардың теңдеулерін молекулалық және иондық түрiнде жазыңыз. Ортаның рН-ын көрсетіңіздер.

Бақылау сұрақтары

  1. 1.Мына тұздарды атаңыз: KHSO4, Ca(HCO3)2, Fe(OH)ClO4, CrOHSO4.

  2. Na3PO4, Cu(NO3)2, KCl тұздарының гидролиздену реакциясының теңдеуін құрыңыздар.

  3. 0,01 M HNO3 ерітіндісінің рОН-ын есептеңіз.

Қолданбалы химия кафедрасының

26.08.2014 ж. отырысында

№1 бұйрықпен бекітілді

қолданбалы химия кафедрасы

8 зертханалық жұмыс

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]