Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

УМК1 050420 ИГ2

.pdf
Скачиваний:
74
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
4.83 Mб
Скачать

3.Проекция жазықтығына параллель түзудің көлеңкесі осы жазықтыққа қалай түседі?

А– түзудің өзіне параллель; В – түзудің өзіне параллель емес;

С – сəуленің проекциясына параллель ;

D – сəуленің проекциясына параллель емес.

4.Проекция жазықтығына перпендикуляр түзудің көлеңкесі осы жазықтыққа қалай түседі?

А– түзудің өзіне параллель;

В – сəуле жазықтығымен беттеседі; С – түзудің өзіне перпендикуляр; D – проекция осіне параллель.

5.Проекция жазықтығына параллель жазық фигураның көлеңкесі осы жазықтыққа қалай түседі?

А– фигураның өзіне тең болады; В – фигураның өзіне тең болмайды;

С – фигура көлеңкесінің бұрыштары өзгереді; D – фигура көлеңкесінің қабырғалары өзгереді;

6.Жасаушылары осімен 55° жасайтын конустың өзіндік көлеңкесі қандай болады?

А– конус бетінің 1/3 бөлігі көлеңкелі болады;

В – түзу; С – конус бетінің 1/2 бөлігі көлеңкелі болады;

D – конус бетінің 1/4 бөлігі көлеңкелі болады.

7. Егер конустың жасаушысы осімен 45° бұрыш жасайтын болса, конус бетінің қандай бөлігі көлеңкелі болады?

А – 1/3 бөлігі; В – 1/2 бөлігі; С – 1/4 бөлігі; D – 1/6 бөлігі.

8. Қандай сызбада көлеңкелерді салуда кері сəулелер тəсілін қолдануға болады?

А – тек қана ортогональ сызбада; В – тек қана аксонометрияда; С – тек қана перспективада;

D – барлық сызбада.

63

9.Жарық сəулесінің екінші аксонометриялық проекциясын қай координаттық жазықтықта салған дұрыс?

А – көлеңке түскен жазықтықта; В – тек қана горизонталь жазықтықта; С – тек қана профиль жазықтықта;

D – тек қана фронталь жазықтықта.

10.Сызықтық перспектива аппаратын еске түсіріңіз. Көкжиек жазықтығы қалай орналасады?

А – сурет жазықтығына параллель; В – зат жазықытығына параллель;

С – зат жазықытығына перпендикуляр; D – жалпы жағдайда.

11. Сурет табаны деген не?

А – сурет жазықтығымен көкжиекте қиылысу сызығы; В – шексіз алыстағы түзу;

С – сурет жазықтығының зат жазықтығымен қиылысу сызығы;

D – көкжиек жазықытығының зат жазықтығымен қиылысу сызығы.

12.Сызықтық перспектива аппаратында көру нүктесі қай жерде орналасады?

А– сурет жазықтығында; В – көкжиек жазықтығында; С – зат жазықтығында;

D – сурет табанында.

13.Қандай қашықтық дисстанциялық деп аталады?

А– көру нүктесінен сурет жазықтығына дейінгі қашықтық;

В – көру нүктесінен зат жазықтығына дейінгі қашықтық; С – зат жазықтығы мен көкжиек жазықтығының арасындағы қашықтық; D – көкжиек сызығынан сурет табанына дейінгі қашықтық.

14. Сызықтық перспектива аппаратында көру нүктесі арқылы өтетін бас сəуле қалай орналасады?

А – зат жазықтығына перпендикуляр; В – зат жазықтығына 45° көлбеу бұрышпен;

С – көкжиек сызығына 45° көлбеу бұрышпен; D – сурет жазықтығына перпендикуляр.

64

15.Сурет жазықтығына перпендикуляр түзулердің перспективасы қай нүктеде тоғысады?

А– дистанциялық нүктеде; В – суреттің бас нүктесінде;

С – кез-келген тоғысу нүктесінде; D – көру нүктесінде.

16.Сурет жазытығына 45° бұрышпен көлбейтін түзулердің перспективасы қандай нүктеде тоғысады?

А– суреттің бас нүктесінде;

В – оны салу арқылы табу керек; С – дистанциялық нүктеде;

D – көру нүктесінде.

17.Сурет жазықтығына перпендикуляр емес горизонталь түзулердің перспективасы қай нүктеде тоғысады?

А– суреттің бас нүктесінде; В – дистанциялық нүктеде; С – көру нүктесінде;

D – көкжиек сызығында табу керек.

18.Перспективада берілген жазықтықтың зат ізі деген не?

А– берілген жазықтықтың зат жазықтығымен қиылысу сызығы;

В – берілген жазықтықтың сурет жазықтығымен қиылысу сызығы; С – берілген жазықтықтың көкжиек жазықтығымен қиылысу сызығы; D – сурет жазықтығының көкжиек жазықтығымен қиылысу сызығы.

19.Перспективада берілген жазықтықтың сурет ізі деп нені айтады? А – берілген жазықтықтың зат жазықтығымен қиылысу сызығы;

В– берілген жазықтықтың сурет жазықтығымен қиылысу сызығы;

С– берілген жазықтықтың көкжиек жазықтығымен қиылысу сызығы; D – сурет жазықтығының көкжиек жазықтығымен қиылысу сызығы.

20.Перспективада берілген жазықтықтың тоғысу сызығы қалай орналасады? А – жазықтықтың сурет ізіне параллель;

В– жазықтықтың сурет ізіне перпендикуляр;

С– жазықтықтың зат ізіне параллель;

D – жазықтыққа тиісті кез келген түзуге параллель.

65

21. Перспективада сурет жазықтығына перпендикуляр түзулер үшін өлшеу нүктесі қандай нүкте болады?

А – суреттің бас нүктесі; В – дистанциялық нүкте; С – кез келген нүкте;

D – көру нүктесі.

22.Перспективада вертикаль түзулер үшін өлшеу нүктесі қандай нүкте болады?

А – көкжиек сызығындағы кез келген нүкте; В – тек қана бас нүкте; С – тек қана дистанциялық нүкте;

D – көру нүктесі.

23.Перспективада сурет жазықтығына параллель түзулер үшін өлшеу нүктесі қандай нүкте болады?

А – көкжиек сызығындағы кез келген нүкте; В – дистанциялық нүкте; С – суреттің бас нүктесі;

D – өлшеу нүктесін салулар арқылы табу керек.

24.Горизонталь түзу үшін өлшеу нкүтесі қандай нүкте болады?

А – көкжиек сызығындағы кез келген нүкте; В – дистанциялық нүкте; С – суреттің бас нүктесі;

D – өлшеу нүктесін беттескен көру нүктесінің көмегімен, салулар арқылы табу керек.

25. Нысанның перспективасын салу кезінде көру бұрышының тиімді шамасы неге тең?

А – 40-45°; В – 28-30°; С – 90°;

D – 60°.

26. Қандай жағдайда беттескен көру нүктесі қажет? А – позициялық есептерді шешу үшін; В – метрикалық есептерді шешу үшін; С – шеңбер перспективасын салу үшін;

D – нысанның перспективасын салу үшін.

66

27. Перспективада көлеңкелерді салу кезінде жарық көзінің (күн) екінші проекциясы қай жерде орналасу керек?

А – көкжиек сызығында; В – сурет табанында; С – кез-келген жерде;

D – сурет табанынан төмен.

28.Перспективада көлеңкелерді салу үшін жарық сəулелерінің бағытын қалай таңдайды?

А – тек қана сол жақтан; В – тек қана оң жақтан;

С – кез келген, бірақ сəулелер сурет жазықтығына параллель болу керек; D – кез келген, бірақ сəулелер зат жазықтығына параллель болу керек.

29.Интерьер перспективасын салу кезінде көру бұрышы қандай болу керек?

А – 90°;

В – 30°;

С – 45°;

D – 60°.

30. Интерьерде көлеңкелерді салу үшін қандай жарық көзін таңдау ұсынылады?

А – жарық сəулелері сурет жазықтығына параллель болады; В – бөлме ішіндегі нүктелік жарық көзі; С – бөлме сыртындағы нүктелік жарық көзі;

D – кез келген бағыттағы сəуле жəне оның екінші проекциясы.

Өздік бақылау үшін тестердің дұрыс жауаптары

№ п/п

Жауаптар

№ п/п

Жауаптар

1

В

16

C

2

С

17

D

3

A

18

A

4

B

19

B

5

A

20

A

6

В

21

B

7

C

22

A

8

D

23

C

9

A

24

D

10

В

25

B

11

C

26

B

12

B

27

A

13

A

28

C

14

D

29

D

15

B

30

B

67

2.8 Курс бойынша емтихан сұрақтары

1.Проекциялар жазықтығына перпендикуляр не параллель орналасқан түзулердің көлеңкелері қалай салынады?

2.Проекциялар жазықтығына перпендикуляр не параллель орналасқан шеңберлердің көлеңкелерін салыңыз.

3.Құлама жəне өзіндік көлеңке туралы түсінік.

4.Конустың көлеңкесін салу реті.

5.Конус жəне цилиндрдің көлеңкелерін сызғышсыз салып көріңіз (конус төбесі жоғарыда жəне төменде болуын ескереміз).

6.Көлеңке салуда қиюшы сəулелер жазықтықтары əдісін қолдану орны.

7.Айналу беттердің көлеңкелерін салуда жанама конус пен цилиндр əдісін қолдану.

8.Көлеңке салуда кері сəулелер əдісі.

9.«Шығару шамасымен» көлеңкелер салу əдісі.

10.Өзіндік жəне құлама көлеңкелердің шектеу сызықтарының өзара қандай байланысы бар? Сызбада мысал келтіріңіз.

11.Көлеңке салуда горизонталь жəне фронталь қосымша көмекші жазықтықтар қандай жағдайда қолданылады?

12.Айналу беті өзінің «шығару шамасы» қабырға жазықтығында белгілі болғанда өзіндік көлеңке шекарасының кез келген нүктесінің шығару шамасы қалай анықталады?

13.Квадрат жəне дөңгелек тақтадан (плита) дөңгелек ұстынға (колонна) құлама көлеңкелері қалай салынады?

14.Дөңгелек ұстынға білікшеден (валик) түсетін көлеңкені салу əдісі. 15.Ашық цилиндр қуыстың (ниша) ішкі бетіне оның жоғарғы ернеуінен

түскен көлеңкені салыңыз.

16.Конустық жəне сфералық қуыстарда қосымша фронталь жазықтықтар əдісімен көлеңкелерді салуға бола ма?

17.Сфералық жəне конустық қуыстарда құлама көлеңкелерді салу əдістері. 18.Дөңгелек тақтаның қырларынан каннелюрлі ұстын (колонна) бетіне

түскен көлеңкелерді салыңыз.

19.Көлеңке болатын нысанның бөлігі көлеңкенің қандай түрінде екені қалай ажыратылады?

20.Аксонометрияда көлеңкелер салу əдісі қандай?

21.Кері сəулелер əдісі аксонометрияда қалай қолданылады? 22.Аксонометрияда жарықтау сəуле бағыты қалай алынады?

23.Гомология жəне кеңістіктің өзіндік емес (шексіз алыста) элементтері. Мысал келтіріңіз.

24.Түзудің тоғысу нүктелері қалай салынады?

25.Түзудің бастапқы нүктелері дегеніміз не?

68

26.Төменгі түзулердің перспективаларын, тоғысу нүктелерін анықтаңыз:

a.сурет жазықтығына (картинаға) перпендикуляр жəне параллель орналасқан,

b.зат жазықтығына перпендикуляр не параллель орналасқан,

c.сурет жазықтығына 45° –пен көлбейтін,

d.планда тұру S2 (S2 Î p2) нүктесінен өтетін.

27.Нүкте, түзу, жазық фигураның перспективасы қалай салынады?

28.Шеңбердің перспективасы қалай салынады? Оған параллель орналасқан осі беттескен шеңберлердің перспективасы қалай салынады?

29.Айналу бөлшектердің перспективасы қалай салынады?

30.Көпжақтардың (шартты ғимараттар) перспективасы қалай салынады? 31.Сəулетшілер əдісімен перспектива қалай салынады?

32.Радиалды əдістің ерекшелігі неде?

33.Тор əдісімен перспектива қалай салынады?

34.Перспективаны құруда көру бұрышының шамасы план жəне қасбетке қатысты қалай алынады?

35.Оптималды көру бұрышы қандай себептермен шектелу керек?

36.Интерьер перспективасын салуда көру бұрышының шамасында қандай шектеулер қойылады?

37.Беттестірілген биіктіктер əдісін перспективада қалай қолданады? 38.Ернеу (карниз), ұстын (колонна) перспективалары қалай салынады? 39.Беттестірілген көру нүктесі қандай жағдайда қолданылады?

40.Түзу кесінділерін перспективада қалай пропорционал бөлуге болады?

41.Шеңберді перспективада тең бөліктерге қалай бөлуге болады?

42.Түзу кесіндісінің нақты шамасы перспективада қалай анықталады?

43.Перспективада координаттар қалай анықталады?

44.Зат жазықтығында орналасқан квадраттың перспективасы қалай салынады, егер де оның бір қабырғасының перспективасы берілген болса?

45.Екі жазықтық қиылысу сызығы перспективада қалай анықталады?

46.Түзу мен жазықтықтың қиылысу нүктесі перспективада қалай анықталады?

47.Кубтың перспективасы қалай салынады, егер ол зат жазықтығында орналасқан болса жəне оның диагоналі перспективада берілген болса?

48.Перспективада көлеңкелерді салуда күннің орналасуы қандай болуы мүмкін? Жарықтау сəулелердің тоғысу нүктелері қалай орналасады?

49.Дербес орналасқан түзулердің перспективада көлеңкелері қалай салынады?

50.Айналу беттердің перспективада көлеңкелерін салу əдістері.

69

Глоссарий

Аксонометрия (грекше аксон-ось, метрео-өлшеу)- көрнекі кескіннің бір түрі, параллель проекциялау əдісімен координаталар жүйесімен бірге салынатын сызба. А. түрлеріизометрия, диметрия (мысалы 1а-суретте - аксонометрияның жалпы түрі).

Алгоритм – (Алxорезми ғалымның нұсқауы бойыншаның латыншасы) - құрал мəтінінде – есеп шығару ережелерінің дəйектілігі, берілген шарттан шешу

нəтижесіне апаратын

нұсқаулар.

 

 

Архитекторлар

(сəулетшілер) тəсілі – нысанның

өзара

параллель

горизонталь түзулерінің тоғысу нүктелерін пайдалану арқылы перспективаны салу тəсілі.

Бет - геометриялық дене, мысалы – сфера, цилиндр, конус. Беттің ең қарапайым түрі жазықтық, оның қисықтығы нөлге тең.

Беттің анықтауышы – берілген бетті басқа беттерден ажыратушы

шарттар. беттің анықтауышы екі бөліктен тұрады. Геометриялық бөлігі сызбада ең аз мөлшердегі сызықтармен, минималды сызба түрінде беріледі. Алгоритмдік бөлігі – ол геометриялық бөлігі негізінде беттің жасалу шартын көрсетеді, ол мəтін түрінде беріледі.

Горизонт – (грекше-горизо-шектеймін)-көкжиек, тау-кен саласында қабат, бір деңгейде орналасқан тау-кені орындарының жиынтығы.

Горизонталь жазықтық - оның нүктелерінің деңгейлері, z координаталары бірдей(z=a-оның өрнегі)

Горизонталь проекциялаушы түзу, жазықтық - горизонталь жазықтығына тік, перпендикуляр орналасады, сондықтан түзудің проекциясы-нүкте, жазықтықтың проекциясы-түзу.

Дистанциялық нүкте – бас нүктенің оң немесе сол жағында, көкжиек сызығының бойында дистанциялық қашықтықта орналасқан нүктелер.

Ендік масштабы – перспективтік масштабтағы х осі.

Жобалық перспектива – көкжиектің биік болған кездегі(«құс ұшу биіктігінен») салынған перспектива.

Көру бұрышы – пландағы ең шеткі сəулелердің арасындағы бұрыш. Көру нүктесі – перспективада проекция центрі болып табылады.

Масштаб (немісше мас-өлшем, штаб-таяқ) – объекттің сызбадағы сызықтық өлшемдері жəне оның нақты өлшемдерінің қатынасын көрсетеді (мысалыМ1:2-екі есе кішірейтілген сызбаның масштабы).

Меридиан – бойлық (латынша-меридианус-талтүс (полуденный))- жорамалдағы сызық, жер бетінде солтүстік жəне оңтүстік полюстерді қосатын ең қысқа сызық (қарапайым түсінік).

Метрикалық есептер – сызбада берілген геометриялық элементтерге, денелерге қатысты өлшеумен анықталатын есептер, мысалы перпендикуляр

70

жүргізу, ара қашықтықты, бұрыштарды, ұзындықты, аудан мен көлемді анықтау.

Монж эпюрі (французша эпюр-сызба, Монж сызба геометрияны жүйелі түрге келтірген француз матақырыптигі), М.э.-қайтымды сызба, фронталь жəне горизонталь проекциялар жазықтығына тік бұрыштап проекциялаумен пайда

болады (мысалы А(АА1 2)

– А нүктесінің

1-Афронталь ,

А2-горизонталь

проекциялары).

 

 

 

Очеркі беттің - (орысша очеркнуть-сызық жүргізу) – сызбада беттерді,

денелерді

шектейтін

сызықтар. Мысалы

сфераның

очеркі-горизонталь

проекциясында экватор, фронталь проекциясында бас меридиан болады. Перспектива – (латынша perspicere, perspectus – анық, дұрыс көрінетін). Перспективтік масштаб – перспективада салынған координаттық осьтер.

Позициялық есептер – Сызбада

берілген геометриялық элементтердің,

денелердің

өзара

орналасуын

анықтау, мысалы

олардың

тиістілігін,

параллельдігін, қиылысуын анықтау.

 

 

 

Проекция

(латынша-проектио-алдыға тастау) –

жазықтықтағы

кескін,

проекциялау əдісімен салынған (мысалы Монж эпюрінде А,А - А нүктесінің

1 2

проекциясы).

Проекциялар жазықтығы – проекциялау əдісімен салынған кескіндер жазықтығы, фронталь п.ж., горизонталь п.ж., профиль п.ж., p0-план жазықтығысандық белгілері бар п.ж.. болып ажыратылады.

Проекциялаушы түзу, жазықтық - проекциялар жазықтығына перпендикуляр орналасқан түзу, жазықтық. Олардың проекциялары нүкте, түзу болады.

Сызықтық перспектива – жазықтықта салынған перспектива. Тереңдік масштабы – перспективтік масштабтағы y осі.

Түзудің тоғысу нүктесі– түзудің шексіз алыста орналасқан нүктесінің перспективасы.

Тор əдісі – перспективаны салудың перспективтік масштабты қолдануға негізделген əдіс.

71

София Дінисламовна Ысқақова Уалихан Төленұлы Қарымсақов Казимир Генрихович Войцеховский

ИНЖЕНЕРЛІК ГРАФИКА 2

Пəннің оқу-əдістемелік кешені

(5В042000 – «Сəулет» мамандығы үшін

Редакторы Техн. редакторы

«Сызба геометрия жəне графика»

 

кафедрасы жиналысының хаттамасы

№ 8 , «30» наурыз 2011 ж.

«Машина жасау» институты

 

ОƏК жиналысының хаттамасы

№ 4, «28» cəуір 2011 ж.

 

Басылымға берілді 2011 ж.

Тиражы

дана. Пішімі 60х84 1/16. №1 типографиялық қағаз.

Көлемі

ес.-б.т. Тапсырыс №

. Келісімді баға.

Қ.И. Сəтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің баспасы ҚазҰТУ ғылыми-техникалық баспа орталығы

Алматы қаласы, Ладыгин көшесі, 32

72