Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

УМК1 050420 ИГ2

.pdf
Скачиваний:
74
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
4.83 Mб
Скачать

2.2Дəріс сабақтарының конспектісі.

1– дəріс. Көлеңке салудың теориялық негіздері. Сəулеттік тəжірибеде көлеңке салудың маңызы. Жарық сəулелерінің бағыты. Монж эпюрінде нүктенің, түзудің, жазық фигураның көлеңкелері

Сəулетші мен суретші сəулет ғимараттарын немесе кеңістіктегі кез келген затты қарағанда, оның пішімін анықтауда жарық пен көлеңкенің қандай маңызы бар екенін жақсы түсінеді. Сондықтан, жазық сызбада кескінделген кеңістік

образы оның табиғи шын кескініне мейлінше ұқсас болу үшін сəулетш проекциялық сызбада көлеңкелерді салу əдістерін жетік білу керек.

Сəулеттік сызбаларда композицияның кеңістік шешімін толық білдіру үшін беттің рельефтігін, бөлшектің(тетіктің) масштабтығын білдіру үшін көлеңкелер салынады. Көлеңкелер адамның көрі қабілеті физиологиясын ескере отырып, геометриялық жəне физикалық заңдылықтарының негізніде салынады.

Сəулеттік сызбалардағы көлеңкелері салынған нысанның кескіні оның шын бейнесін елестетуге едəуір көмектеседі. Керек десеңіз, көлеңкелермен толықтырылған бір ғана кескіні(проекциясы), екінші проекциясы болмаса да, оның кеңістік шешімін түсінуге, сызбаны «оқуға» мүмкіндік береді.

Көлеңкелердің шекарасын салу – сызба геометрияның екі есебін шешу болып табылады.

Бірінші – берілген зат (бет) пен оны жанамалап өтетін сəуле беттерінің (жазықтықтардың) жанама сызығын анықтау, бұл өзіндік көлеңкенің шекарасын анықтаудың негізі болып табылады.

Екінші – екі беттің қиылысу сызығын анықтау, оның бірі – берілген бет, екіншісі – сəулелік бет. Қиылысу сызығы құлама көлеңкенің шекарасы болады. Сондықтан, көлеңкелерді салуды жетік меңгеру үшін сызба геометрияның осы екі есебін шешуді жақсы білу керек.

Сəулеттік сызбаларда көлеңкелер көбіне фасад(қасбет) кескіндерінде салынады, алайда кейде көлеңкелер басқа да кескіндерде де салынады, мысалы,

қабаттардың

пландарында, бас пландарда, тіліктерде, аксонометрияда жəне

перспективада.

 

 

 

 

Жарық сəулелерінің бағытын жақтарыp1, p2, p3

проекция жазықтықтарына

параллель

кубтың

диагоналіне

параллель

болатындай

қабылдайды. Бұл

жағдайда сəулелердің проекциялары проекция осьтеріне45° бұрышпен көлбеу орналасады (1.1-сурет).

13

Сəулелердің

бағытын

осылай

қабылдау

көлеңкелерді

салуды

едəуі

жеңілдетеді жəне ғимарат элементтерінің

орналасуын анықтауға

мүмкіндік

береді, өйткені, көлеңкенің ені элементтің тереңдігіне(ғимарат бетінен шығу

 

өлшеміне) тең болады. Сəуленің куб жақтарымен бұрышының жуық шамасы 35°

 

болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Монж эпюрінде нүктенің көлеңкесін салу (1.2-сурет). Берілген нүкте арқылы

 

өтетін сəуленің проекция жазықтықтарындағы

ізі

осы

нүктенің

көлеңкесі

болады. Нүктенің көлеңкесі сəулеге бірінші кездескен проекция жазықтығына

 

түседі. 1.2-суретте сəуле p1

жазықтығымен А¢ нүктесінде бірінші қиылысады. А¢

 

нүктесі – А нүктесінің нақты көлеңкесі, А¢¢ - жорамал көлеңкесі болады.

 

 

Түзу кесіндісінің көлеңкесін салу(1.3-сурет). Түзудің көлеңкесін салу үшін

 

оның кез-келген екі нүктесінің көлеңкесін салып, оларды түзумен қосу керек.

 

Түзу кесіндісінің көлеңкесін салу төмендегідей ретпен орындалады:

 

 

1. Алдымен

кесіндінің көлеңкесін

бір

ғана

проекция

жазықтығында

анықтайды (екінші проекция жазықтығын ескермей).

 

 

 

 

 

 

2. Егер салынған көлеңке Ох осін қиып өтетін болса, онда көлеңке осы

 

қиылысу нүктесінде сынып, екінші проекция жазықтығына өтеді.

 

 

 

 

Дербес

жағдайда орналасқан

кесінділердің көлеңкесін

(1салу.4,

1.5-

 

суреттер).

Проекция жазықтығына перпедикуляр

кесіндінің

көлеңкесі

жарық

 

сəулесі проекциясымен беттеседі, ал жазықтыққа параллель кесіндінің көлеңкесі

 

кесінді проекциясының өзіне параллель болады.

 

 

 

 

 

 

Жазық

фигураның

көлеңкесін

салу(1.6-сурет).

Егер

жазық

фигура

 

жазықтыққа параллель болса, онда фигураның осы жазықтықтағы көлеңкесі фигураның өзіне тең болады.

Негізгі əдебиеттер: 1 нег.[233-237],

Қосымша əдебиеттер: 4 қос.[112-123], 5 қос.[151-161], 9 қос.[322-327]

Бақылау сұрақтары:

1.

Ортогональ

проекцияларда

жарық

сəулелерінің

бағыты

қал

қабылданады?

 

 

 

 

 

 

2.

Проекция жазықтықтарына перпендикуляр жəне параллель

түзулердің

 

көлеңкелері қалай түседі?

 

 

 

 

 

3.

Проекция

жазықтықтарына

параллель

жəне

перпендик

шеңберлердің көлеңкелерін салыңыз?

 

 

 

 

 

14

1.1-сурет

1.2-сурет

1.3-сурет

15

1.4 -сурет

 

1.5 - сурет

 

 

 

1.6 - сурет

1.7 - сурет

16

2–дəріс. Көлеңке салу тəсілдері. Қарапайым геометриялық формалардың көлеңкелерін салу. Кері сəулелер тəсілі. Өзіндік жəне құлама көлеңкелер.

Призманың өзіндік жəне құлама көлеңкелерін салу (2.1-сурет).

1.Призманың екі жағы көлеңкеде болады. Өзіндік көлеңке – бұл призманың көлеңкедегі жақтары.

2.Құлама көлеңке горизонталь жазықтықта салынған.

3. Үшбұрыш

жазықтығы

проекция

жазықтығына

параллель

болғандықтан

D А¢¢В¢¢С¢¢= D А2В2С2

 

 

 

 

екінші бір зат

бетіне

Кері

сəулелер

тəсілі (2.2-сурет). Бұл тəсілді бір заттан

түскен

көлеңкені

анықтауда

қолданған

.қолайлыАлдмен

берілген

геометриялық образдардың

проекция

жазықтықтарына түскен

көлеңкелерін

салып,

олардың

қиылысу

нүктелерін

анықтайды. Белгіленген

нүктелерден

жарық

сəулелеріне

кері

сəулелер

жүргізеді. Əрбір

кері

сəуле

берілген

геометриялық элементтермен қиылысып, олардың беттеріндегі көлеңкені салу үшін қажетті нүктелерді анықтайды.

Мысал. MN түзуінің

a( D АВС) жазықтығына түскен көлеңкесін салу керек

(2.2-сурет).

 

 

 

 

 

1.

АВС үшбұрышының жəне MN түзуінің құлама көлеңкелерін салады.

 

2.

Үшбұрыштың

көлеңкесінің MN түзуінің

көлеңкесімен

қиылысу

нүктелерін анықтау керек.

 

 

 

3.

Белгіленген нүктелерді кері сəулелермен проекцияларда анықтау керек.

Бұл

тəсіл

ортогональ

проекцияларда

ғана, аксонометрияемес

мен

перспективада да қолданылады.

 

 

 

Сəулелік қималар

тəсілі(2.3-сурет). Суретте

карнизден көпжақты

бетке

түскен құлама көлеңкені сəулелік қималар тəсілімен салу көрсетілген.

 

Негізгі əдебиеттер: 1 нег.[233-237]

Қосымша əдебиеттер: 4 қос.[124-147], 5 қос.[161-174], 9 қос.[328-336]

Бақылау сұрақтары:

1.Кері сəулелер тəсілімен көлеңкені салудың ерекшелігі неде?

2.Сəулелік қималар тəсілімен көлеңкені салудың ретін айтып беріңіз.

3.Конус көлеңкесін салудың реті қандай?

17

2.1 - сурет

2.2 - сурет

2.3 - сурет

18

3 – дəріс. Негізгі геометриялық формалардың көлеңкелері. Жанама

конустар мен цилиндрлер тəсілі.

Дəріс конспекті.

Конустың өзіндік көлеңкесін салу (3.1, 3.2 – суреттер).

Цилиндр мен сфераның өзіндік көлеңкелерін салу (3.3, 3.4 – суреттер). Жасаушылары 45° жəне 35° бұрышпен көлбейтін конустардың көлеңкелерін

салу (3.5, 3.6 – суреттер).

Айналу бетінің өзіндік көлеңкесін жанама конустар мен цилиндрлер тəсілімен салу (3.7-сурет).

1.1,2 нүктелері жанама цилиндрдің көмегімен анықталады.

2.3,4,5,6 нүктелері екі жанама конустың көмегімен анықталады.

3.7,8,10,11 нүктелері

 

 

 

жасаушысы

45°

бұрышпен

 

 

 

көлбейтін

 

 

конустың

 

 

 

көмегімен анықталады.

 

 

 

4. Жоғарғы

12

нүктесі

 

 

 

жəне

төменгі 9

нүктесі

 

 

 

жасаушысы бет осімен55°

 

 

 

бұрышпен

көлбейтін, ал

 

 

 

табанымен

35°

бұрыш

 

 

 

жасайтын

 

 

конустың

 

 

 

көмегімен табылады.

 

 

 

Негізгі əдебиеттер: 1

 

 

 

нег. [233-237]

 

 

 

 

 

Қосымша əдебиеттер:

 

 

 

4 қос.[147-155], 5 қос.[161-

 

 

 

174], 9 қос.[336-343]

 

 

 

 

Бақылау сұрақтары:

 

 

 

1.

Айналу

бетінің

3.1 -

 

3.2 - сурет

өзіндік

көлеңкесін

жанама

 

 

 

конустар

 

мен

цилиндрлер

 

 

 

тəсілімен

 

салу

принципін

айтыңыз.

 

 

 

 

 

2.

«Шығарма» сызығы арқылы көлеңкені қалай салады?

 

 

3.

Тік

конустың, төңкерілген

конустың

жəне

цилиндрдің

өзіндік

көлеңкелерін салыңыз.

19

3.3 - сурет

3.4 - сурет

3.5 - сурет

 

3.6 - сурет

 

 

 

20

3.7 - сурет

21

 

4

дəріс. Негізгі

сəулеттік

формалардың

көлеңкелері. Қуыстардағы

көлеңкелер, кронштейннің, сəулет тетіктердің көлеңкелері.

 

 

 

 

4.1-суретте m(m1, m2) түзуінің

көпжақты беттегі

құлама

көлеңкесін

салу

көрсетілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4.2а,б,в-суреттерінде қуыстарда көлеңке салу көрсетілген:

 

 

 

 

а) тік бұрышты қуыс; б) жартыдөңгелек қуыс; в) цилиндрлі қуыс.

 

 

4.3-суретте ұстыннан қабырғаға түскен, абактан (тікбұрышты тақта) ұстынға

жəне қабырғаға түскен көлеңкені салу көрсетілген.

 

 

 

 

 

 

4.4-суретте

дөңгелек

тақтадан

дөңгелек

ұстынға

түскен

көлеңк

биссекторлық экрандар тəсілімен салу көрсетілген.

 

 

 

 

 

 

Тақтадан экранға түскен көлеңкені салып (радиусы r1 шеңбер), оның цилиндр

жасаушыларынан

түскен

көлеңкелермен

қиылысуын

 

анықтаймыз, яғни

1'

,2'

,3' ,4

'

нүктелерін.

Осы

нүктелерден

кері

сəулелерді

 

жүргізіп, сəйкес

0

0

0

0

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

жасаушылармен қиылысу нүктелерін- 1¢,2¢,3¢,4¢,5¢ нүктелерін табамыз. 2¢ нүктесі – жоғарғы, 1¢ жəне 3¢ нүктелері бір деңгейде, 4¢ нүктесі – цилиндрлік ұстынның өзіндік көлеңкесінің шекарасындағы нүкте болады.

4.1 - сурет

22