Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
микроконтроллер 3 жумыс.docx
Скачиваний:
63
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
454.21 Кб
Скачать

4.2. Микроконтроллердің қолданылуы

Жаңа ғасырға аяқ басқалы бері жоғары технологияларға жататын ғылыми бағыттардың қарқынды дамуы байқалып отыр. Осылай болуы шартты-да, себебі қазіргі заманда техникалық прогрестің ерекшелік белгісі адамның тіршілік әрекетінің барлық салаларында автоматтандырылған техниканың көп қолданылуы болып табылады. Кез-келген автоматтандырылған жүйе құрылысында микроконтроллерлер негіз болады, оларды қазіргі заманғы аспаптарда кездестіруге болады. Мысалы, телефон, кір жуатын машина және т.б. Дүниежүзіндегі ең көп шығарылатын процессорлар-микроконтроллерлер.

Кез- келген жерде- өнеркәсіпте, жылу энергетикасында көлікте медицинада, байланыс салаларында, электроника және микроэлектроника құрылғылары арқылы программалық басқарылатын машиналар мен жабдықтарды кең түрде қолдану микроконтроллердің қажеттілігін тудырады. Төмендегі 4-суретте микроконтроллердің адам өмірінде қолданылу аймақтары көрсетілген.

МИКРО-

КОНТРОЛЛЕР

4.2-сурет. Микроконтроллердің қоғамда қолданылуы

Қорытынды

Қазіргі уақытта микроконтроллерлердiң қолданылу аясы, параметрлері тағы басқа қасиеттері бойынша бір- бірімен айырмашылықта болатын үлкен номенклатурасы (10000-нан астам) бар. Микроконтроллерлердiң шығарылымымен ондаған өндiрушiлер шұғылданады.

Микроконтроллердің негiзгi тағайындалуы – оны автоматты басқару жүйелерiнде, тiптен әр түрлi құрылымдарда (несие карточкасы, ұялы телефондар, музыкалық орталықтар, жуу машинасы, қорғау сигнализациясының жүйесi, ядролық реакторлар және тағы басқа) қолданылуы болып табылады.

Микроконтроллерлерді жобалау кезінде бірінші жағынан өлшемдері мен бағасына екінші жағынан икемділігі мен өнімділігіне назар аудару қажет. Әр түрлі үстемелерге оңтайлы параметрлер арақатынасы өте қатты түрленуі мүмкін. Сондықтан микроконтроллерлер түрі өте көп: архитектуралық модульді процессті айырмашылықтары, құрылған жад типі мен көлемі, қосымша құрылғылар жиынтығы, типті корпусты және т.б. болады.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

  1. Студенттердің пәндік оқу-әдістемелік кешені: «Микпроцессорлық жүйелер және кешендер» пәні бойынша. 5В071600 – «Аcпап жасау » мамандығы үшін. Құрастырушылар: Купарова А.Т. Жамуратова М.М. Кыдырбаева Н.К.

  2. Новиков Ю.В., Скоробогатов П.К. «Основы микропроцессорной техники». Интернет-Университет информаицоннных технологий.

  3. Жұмашева Ж.Т., Шоланов Қ.С. Мехатроника және робототехника негіздері: Оқу құралы. – Алматы: ҚазҰТУ, 2010.

  4. http://www.google.kz/

  5. http://ru.wikipedia.org/wiki/

Глоссарий

Мехатроника – машиналар мен қозғалысы компьютермен басқарылатын жүйелерді жасап шығару мен қолдануға арналған ғылым мен техниканың жаңа саласы.

Микроконтроллер – бiр микросхемада орналасқан компьютер, электронды құрылғыларды басқару үшін қолданылады.

Микропроцессор (МП) – бұл бір немесе бірнеше үлкен интгералды схемада, өте үлкен интегралды сұлбаларда программалық басқарылатын құрылғы, ол ақпаратты өңдеу және оны басқару процессін жүзеге асырады.

24