Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
микроконтроллер 3 жумыс.docx
Скачиваний:
63
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
454.21 Кб
Скачать

Микроконтроллерлердің жекеленген топтары

2.1. Бiр кристалды микроконтроллер, 78k0r/lg3-m

Renesas Electronics компаниясы электр энергиясын есептейтін бiрфазалық статикалық электрондық есептеуiштерiнің қызметiн жобалауға мүмкiндiк беретiн 78K0R/LG3-M 16-дәрежелiк микроконтроллерлерді жасап шығарды. Құрамына 20 Мгц жиiлiкпен жұмыс істейтін және 128 Кбайттық флеш жадысы бар жоғары өнiмдi 16-биттiк ядроны біріктірген жаңа микроконтроллерлер есептеуiштiң барлық негiзгi функцияларын құрамына біріктірген.

2.1.-сурет. Бір кристалды 78K0R/LG3-Mмикроконтроллер

Айырмашылық ерекшелiктері:

  • Бiр фазалық электр энергиясы есептеуiштерiнiң ұлғаймалы функционалдығын қолдауы. Үлкен көлемдi флеш жадының арқасында электр энергиясының бiр фазалық есептеуiштерiндегi әр түрлi функциялардың iске асу мүмкiндiгi.

  • Кiрiстiрiлген метрологиялық iшкi жүйе. Микроконтроллерлер құрамына төрт кiрiстiрiлген 24-биттiк аналогты-цифрлық түрлендiргiш (АЦТ) кіреді. Метрологиялық қозғағыш қосымша функцияларды орындау үшiн калибрлеу функциясын және қуат есептеуiшті іске қосады. Құрылымның активті қуатты өлшеуінің жоғарғы дәлдiктерге жетуіне мүмкіндік туады (қателік шамамен 0.1% құрайды).

  • Ультратөмен энергия тұтыну. Микроконтроллерлер жұмыс қабiлеттiлiгін қорек көзінің кернеуін 1.8-3.6 В аралығында сақтайды және электр энергиясынан ажыратылған жағдайда кішкене корек көзінің арқасында өте аз энергия тұтынып құрылғының нақты уақыт сағатында жұмыс жасауына мүмкіндік туғызады.

2.2. 8-биттік микроконтроллерлер, XC82/XC83Smart

XC82x және XC83x сериялары 24 Мгц жиiлiкте жұмыс iстейтiн 8-биттiк Infineon микроконтроллерлерiнің топтарына жатады. Қазіргі кезде бұл микроконтроллерлер 2-8 Кбайттық флэш жадымен шығарылады. Микроконтроллердің сыртқы көрінісі 4-суретте бейнеленген.

Микроконтроллерлердiң ең маңызды мiнездемелерiне коммуникациялық интерфейстер, генерациялы ендік импулсті модулятор сигналы және көп каналды 10 биттiк АЦТ, сонымен бірге төмен энергия тұтынудың қауіпсіз режимін жатқызуға болады. Микроконтроллердің стандартты 8 биттiк мәлiметтердi өңдеуiн көбейту/бөлу модулі арқылы математикалық сопроцессор жылдамдатады. Бұл микроконтроллерлердiң базасында қозғалтқыштардың басқару жүйелерi үшiн тиiмдi және интеллектуалды шешiмдердi құруға мүмкiндiк бередi.

2.2-сурет. Infineon микроконтроллерлерiнің сұлбасы

Ерекшелiктері:

  • Сенсорлық басқару (ТЕСҚ-ның кеңейтілген кiтапханасымен);

  • Көбейту/бөлу блогы (өнiмдiлiктi қосымша жоғарылату және басқару мүмкiндiктерiн кеңейту үшiн);

  • 10 битті төрт каналдық АЦТ;

  • Векторлық сопроцессор (коллекторсыз қозғалтқышты векторлық басқару үшiн);

  • Тізбектелген интерфейстердің болуы;

  • Жұмыстың өшу/қосылу тәртiптері.

Микроконтроллерлердiң XC82x/XC83x топтары сенсорлық басқару интерфейсінiң арқасында қозғалтқыштарды автоматтық басқару және автомобилдiк нарықтың жаңа құрылғылары ретінде қолданыла бастады. Олардың әрқайсысына жекелей тоқтала кетсек, XC82x/XC83x микроконтроллерлерінiң негізгі қолданылу аймақтары былай жіктеледі:

  • Қозғалтқышты басқару құралдары:

  • Желдеткiштердi, үрлегiштерді және тағы басқа құрылғыларды басқаруға арналған кеңейтілген коммуникациялық құрымдардың тұрақты тоғының коллекторсыз қозғалтқыштарында;

  • Өлшегіш аспаптардың қозғалтқышын тiкелей басқаруда.

  • Автомобилдiң сенсорлық басқару құралдары:

  • Жарық шығаруда жарық диодтарының сәуле тарату түсiн реттеу;

  • Басқару құралдары (терезе көтергiштерді, айнаны, т.б.)

  • Автокөлiктiң төбесіндегі люкті басқару;

  • Отырғыштарды басқару;

  • Орталықтандырылған басқару жүйелерi, мысалы, жылыту, желдету және ауа тазарту;

  • Аспаптық панельдерді жарықтандыруды қамтамасыз етуді басқару.

3-БӨЛІМ