Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK_TPOiO_kazakh.docx
Скачиваний:
246
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
4.3 Mб
Скачать

2.5 Өзіндік бақылауға тест сұрақтары

1. Өндірістік үрдіс;

А) технологиялық үрдістік аяқталған бөлігі;

В) белгілі кәсіпорында шығарылатын бұйымдарды жасау немесе жөндеуге қажетті өндіріс құралы мен адамдардың әрекеттерінің жиынтығы;

С) операцияларды орындау үрдісіндегі жұмысшы әрекетінің аяқталған жиынтық;

D) қолданылатын құралдар мен беттің тұрақтылығымен сипатталатын, операцияның аяқталған бөлімі;

E) бір жұмыс орнында жүргізілетін, технологиялық үрдістің аяқталған бөлігі.

2. Құрастыру бірлігі

A) бұл кәсіпорында дайындауға жататын, зат немесе заттар жинағы;

В) бұл энергия немесе өндіріс жұмысының қозғалысын мақсатты түрде жүзеге асыратын механизм немесе механизмдер үйлесімі;

С) бұл жеке құралатын және бүтін құрастыру үрдісіне қатысатын, бұйым бөлшегі;

D) операцияларды орындау үрдісіндегі жұмысшы қозғалысының аяқталған жиынтық;

E) бір жұмыс орнында жүргізілетін, технологиялық үрдістің аяқталған бөлігі.

3. Сериялы өндіріс және оның ұйымдастырылған әдістері

A) бұл өндіріс затының (предмет) өлшемдері, пішінінің, сыртқы түрінің немесе ішкі қасиеттерінің бірізді өзгеруінен және оларды бақылаудан тұратын, өндірістік үрдістің бір бөлігі;

B) қарапайым дайындамаларға ықшамдалған құжаттаманы бірге қолдану кезінде күрделі және жауыпты дайындамалар үшін технологиялық құжаттама толығымен жасалады;

С) аталған өнеркәсіпте жығарылатын бұйымды жасауға немесе жөндеуге қажетті, адамдар мен өндіріс құралының барлық әрекетінің жиынтығы;

D) ұзақ уақыт ішінде үздіксіз жасалатын немесе жөнделетін, шығарылатын бұйымның аз атаутізімімен және үлкен көлемімен сипатталады. Реттелген білдектер мен автоматтарда біліктілігі төмен жұмысшы-операторлар жұмыс жасайды. Технологиялық құжаттама тетікке байланысты жасалады;

E) жасалатын немесе жөнделетін бұйымның кең көлемді атаутізімімен сипатталады, жұмысшылар біліктілігі өте жоғары, технологиялық құжаттама қысқартылған және ықшамдалған.

4. Жаппай өндірісте қандай жабдық қолданылады?

А) әмбебап нақты жабдықтар;

В) жоғарыөнімділікті арнайыландырылған жабдықтар;

С) әмбебап, арнайыландырылған және арнайы. ЧПУ білдектер, өңдеу орталықтары;

D) ЧПУ білдектерінің иілгіш автоматталған жүйелері, ЭЕМ басқарылатын және тасымалданатын құрылғылармен байланысты;

E) әмбебап нақты және жоғарыөнімділікті арнайыландырылған жабдықтар.

5. Жеке өндірістегі жұмысшылар біліктілігі

А) біліктілігі төмен жұмысшы-операторлар және біліктілігі өте жоғары жұмысшылар;

В) өте жоғары;

С) реттелген білдектер мен автоматтарда біліктілігі едәуір (срав­нительно) төмен жұмысшы-операторлар жұмыс істейді. Цехтарда біруақытта жоғарыбілікті білдектерді баптаушылар, электронды техника мен пневмоавтоматика мамандары жұмыс істейді;

D) күрделі әмбебап білдектерде жұмыс істейтін біліктілігі жоғары жұмысшылар, баптаушылармен қатар, реттелген білдектерде жұмыс істейтін жұмысшы-операторлар қолданылады;

E) кез келген білікті жұмысшылар пайдаланылады.

6. Машина құрылымының технологиялығы қандай негізгі көрсеткіштермен бағаланады?

А) материалдар маркасының бірыңғайлығы, еңбексиымдылығы;

В) бұйым элементтерінің өзіндік құны, бірыңғайлығы және қалыптылығы;

С) бұйым элементтерінің өзара ауысымдылық дәрежесіне жеткен материалсиымдылығы;

D) машина массасы, ерекше тетіктердің және бұйымның құрама бөлігінің құрылымдық артықшылығы;

Е) еңбексиымдылығы, өзіндік құны және материалсиымдылығы.

7. Дайындамаларды механикалық өңдеу кезінде орнықтардың тұрақтылық принципі қандай роль атқарады?

А) орнықтардың тұрақтылық принципі өңделетін дайындамалардың дәлдігі мен сапасына ешқандай әсер етпейді; өңделетін дайындамалардың дәлдігі мен

В) орнықтардың тұрақтылық принципі өңделетін дайындамалардың дәлдігі мен бетінің кедір-бұдырлығын азайтады;

С) орнықтардың тұрақтылық принципі өңделетін дайындамалар бетінің кедір-бұдырлығын арттырады;

D) орнықтардың тұрақтылық принципі өңделетін дайындамалардың дәлдігін азайтады;

E) орнықтардың тұрақтылық принципі өңделетін дайындамалардың дәлдігі мен бетінің кедір-бұдырлығын жоғарылатуға мүмкіндік береді.

8. Дәлдік қандай көрсеткіштермен сипатталады?

А) өлшемдер дәлдігімен;

В) геометриялық пішінінің дәлдігімен;

С) өлшемдер дәлдігімен, кедір-бұдырлық дәрежесімен;

D) өлшемдер дәлдігімен, геометриялық пішінінің дәлдігімен, өңделетін беттердің өзара дұрыс орналасуымен;

Е) өлшемдер дәлдігімен, геометриялық пішінінің дәлдігімен, өңделетін беттердің өзара дұрыс орналасуымен, кедір-бұдырлық дәрежесімен.

9. Қандай қателіктер кездейсоқ болып табылады?

А) қарастырылатын партияның барлық дайындамалары үшін тұрақты болып қалатын қателік;

В) қарастырылатын партияның барлық дайындамалары үшін әрбір өңделетін дайындамадан келесіге өту кезінде заңдылықты өзгеретін қателік;

С) қарастырылатын партияның барлық дайындамалары үшін тұрақты болып қалатын немесе әрбір өңделетін дайындамадан келесіге өту кезінде заңдылықты өзгеретін қателік;

D) қарастырылатын партияның әртүрлі дайындамалар үшін әркелкі мәнге ие, және оның пайда болуы ешқандай заңдылықтарға бағынбайтын қателік;

E) қарастырылатын партияның барлық дайындамалары үшін тұрақты, және оның пайда болуы ешқандай заңдылықтарға бағынбайтын қателік.

10. Өлшемдер дәлдігін бағалау қандай әдістермен жүзеге асырылады?

А) эталонды үлгілермен салыстыру әдісімен;

В) бақыланатын өлшемді өлшейтін құралмен өлшеу әдісімен;

С) бақыланатын өлшемді өлшейтін құралмен жанама өлшеу әдісімен;

D) бақыланатын өлшемді, дәлдігі бақыланатын өлшем дәлдігіне тең, өлшейтін құралмен тура немесе жанама өлшеу әдісімен;

E) бақыланатын өлшемді, дәлдігі бақыланатын өлшем дәлдігінен жоғары, өлшейтін құралмен тура немесе жанама өлшеу әдісімен.

11. Пішін дәлдігін бақылау қандай әдістермен жүзеге асырылады?

A) бақыланатын өлшемді, дәлдігі бақыланатын өлшем дәлдігінен жоғары, өлшейтін құралмен бірнеше нүктені өлшеу әдісімен;

В) бақыланатын өлшемді, дәлдігі бақыланатын өлшем дәлдігіне тең, өлшейтін құралмен тура немесе жанама өлшеу әдісімен;

С) бақыланатын өлшемді өлшейтін құралмен бірнеше нүктені жанама өлшеу әдісімен;

D) бақыланатын өлшемді өлшейтін құралмен бірнеше нүктені тура өлшеу әдісімен;

E) эталонды үлгілермен салыстыру әдісімен.

12. Беттік қабат сапасы қандай параметрлермен сипатталады?

A) Rа пішінінің (профиль) орта арифметикалық ауытқуымен;

В) беттік қабаттың кедір-бұдырлығымен,толқындылығымен және физика-механикалық қасиеттерімен;

С) Sm тегіс еместігінің орташа қадамымен;

D) беттің кедір-бұдырлығымен;

E) Rz ондаған нүктесі бойынша пішіннің тегіс еместігінің биіктігімен.

13. Беттің кедір-бұдырлығына технологиялық жүйенің қатаңдығы қалай әсер етеді?

А) технологиялық жүйенің қатаңдығы беттің кедір-бұдырлығына әсер етпейді;

В) тербеліс жиілігі мен амплитудасы тегіс еместік пішіні мен өлшеміне әсер етпейді;

С) өңдеу кезіндегі дайындаманы бекіту шарты (консольді немесе ортада) тегіс еместік пішіні мен өлшеміне әсер етпейді;

D) дайындама қимасындағы оны бекіту шарттарымен шарталған әртүрлі қатаңдық, өңделген беттің ьіркелкі емес кедір-бұдырлығының пайда болуына әкеледі;

E) дайындамаларды консольді бекіту кезінде өңделген беттің кедір-бұдырлығы ұзындық бойында біркелкі болады.

14. Қандай дәлдік тобы мен беттің кедір-бұдырлығы ысқылаумен жүзеге асырылады?

А) 3 дәлдік тобы мен беттің кедір-бұдырлығы Rа =1,25.. .0,32 мкм;

В) 2 дәлдік тобы мен беттің кедір-бұдырлығы Rа = 0,8...0,1 мкм;

С) 4 дәлдік тобы мен беттің кедір-бұдырлығы Rа =12.5...6,3 мкм;

D)1 дәлдік тобы мен беттің кедір-бұдырлығы Rа = 0,1 мкм және төмен болғанда;

E) 2 дәлдік тобы мен беттің кедір-бұдырлығы Rа = 2,5.. .0,63 мкм.

15. Тетік

А) бұл атауы және маркасы бойынша біртекті материалдан құрастыру операциясын қолданбай жасаған бұйым;

В) бұл өнеркәсіпте жасалатын өндіріс заты немесе заттар жиынтығы;

С) бұл жеке жиналатын және ары қарай құрастыру үрдісінде бір тұтас қолданылатын бұйымның бір бөлігі;

D) бір жұмыс орнында жүргізілетін, технологиялық үрдістің аяқталған бөлігі;

E) бұл өнеркәсіпте жеке жиналатын өндіріс заты немесе заттар жиынтығы.

16. Сериялы өндірісте қандай жабдықтар қолданылады?

А) әмбебап нақты және жоғарыөнімділікті арнайыландырылған жабдықтар;

В) ЧПУ білдектерінің иілгіш автоматталған жүйелері;

С) әмбебап, арнайыландырылған және арнайы. ЧПУ білдектер, өңдеу орталықтары;

D) жоғарыөнімділікті арнайыландырылған жабдықтар;

Е) әмбебап нақты жабдықтар.

17. Тетіктерді жоңқаны түсіріп өңдеудің технологиялық әдістері

А) жануыштау, жону, дөңгелектету, бүрлеу;

В) қаралтым жону, жоңғылау, тегіс ажарлау, электржеліндік өңдеу;

С) электрұшқындық өңдеу, тартажону, ұңғылау, бұрғылау;

D) жону, жануыштау, ұңғылау, үңгілеу, бұрғылау, тартажону;

Е) жануыштау, әрлеу, ысқылау, жону, дөңгелектету, бүрлеу .

18. Тетіктерді жоңқаны түсірмей өңдеудің технологиялық әдістері

А) жануыштау, әрлеу, ысқылау, жону, дөңгелектету, бүрлеу;

В) электрұшқындық өңдеу, тартажону, ұңғылау;

С) қаралтым жону, жоңғылау, тегіс ажарлау, электржеліндік өңдеу;

D) бүрлеу, кеңейжаю, тесікті қыртысжажу, тесіктерді шариктермен немесе құралбіліктермен мөлшерлеу, илемділік деформациялау;

E) жануыштау, жону, дөңгелектету.

19. Тетіктерді абразивті құралдармен өңдеудің технологиялық әдістері

А) жануыштау, жону, дөңгелектету, бүрлеу;

В) қаралтым жону, жоңғылау, тегіс ажарлау, электржеліндік өңдеу;

С) жануыштау, әрлеу, ысқылау, ажарлау;

D) электрұшқындық өңдеу, тартажону, ұңғылау;

Е) бүрлеу, кеңейжаю, тесікті қыртысжазу, тесіктерді шариктермен немесе құралбіліктермен мөлшерлеу.

20. жұмыс жасап тұрған өндіріске механикалық өңдеудің технологиялық үрдісін жобалау үшін қандай бастапқы мәліметтер қажет?

А) тетіктердің жұмыс сызбасы;

В) тетіктердің жұмыс сызбасы мен техникалық шарттары;

С) шығару көлемі, тетіктердің жұмыс сызбасы мен техникалық шарттары;

D) тетіктердің жұмыс сызбасы, техникалық шарттары, шығару көлемі, бұйым шығарудың жоспарланған уақыт интервалы;

Е) тетіктердің жұмыс сызбасы, техникалық шарттары, шығару көлемі, бұйым шығарудың жоспарланған уақыт интервалы, нақты жабдықтар жайлы мәліметтер, бар жабдықтар мен басқа да жергілікті өндіріс жағдайлары жайлы мәліметтер.

21. Ұсталық баспалау жабдығының тұрқылық тетіктерін өңдеу кезінде жоңғылау білдегі үстелінің аумағында жүктемені бірқалыпты тарату қаай қамтамасыз етіледі?

А) дайындаманы қатаң түрде үстелдің ортасына бекітімен;

В) дайындаманың үстел устінде орналасуының еш қатасы жоқ;

С) үстел үстінде екі дайындама орнатылады;

D) үстелде қосымша жүктер орнатылады немесе дайындаманың үстелге түсіретін қысымын тарататын арнайы төсемдер қолданылады;

Е) өңдеудің щадящие режімін тағайындау;

22. Қандай тоқпақтардың тұғырлары төсте бекітіледі?

А) тоқпақтар тұғыры төспен байланысты емес;

В) соқпалық тоқпақтардың тұғырлары төсте бекітіледі;

С) қалыптаушы тоқпақтар тұғырлары төсте бекітіледі;

D) біртіреуішті соқпалы тоқпақтардың тұғырлары төсте бекітіледі;

Е) соқпалық тоқпақтардың аркалы тұғырлары төсте бекітіледі.

23. Екі тіреуішті тоқпақтар тұғырының бірбиіктікті тіреуіші қалай қамтамасыз етіледі?

А) дайындамаларды өңдеу алдында дәл белгілеу жүргізіледі;

В) алдымен төменгі табаны өңделеді, содан кейін одан жоғарғысы белгіленеді;

С) алдымен жоғарғы табаны өңделеді, содан кейін одан төменгісі белгіленеді;

D) өңдеуге бірдей әдіптері бар дайындамларды алумен;

Е) текшеде бір орнатумен екі тіреуіштерді бір уақытта өңдеу.

24. Тоқпақтар соташығының дайындамасын алу әдісіне қойылатын талаптар.

А) кез-келген құрылымдық болат, дайындама алу әдісінің еш қатысы жоқ;

В) кез-келген құрылымдық болат, дайындаманы центрден тепкіш құю арқылы алу;

С) кез-келген құрылымдық болат,дайындаманы қысыммен құю арқылы алады;

D) қоспаланған болат, дайындаманы шыбықтан кесіп алу арқылы алады;

Е) сапалы болат, дайындаманы ары қарай термоөңдейтіндей соғу арқылы алады.

25. Соташықты тоқпақ соққысымен бекіту әдісі.

А) пісіру;

В) бұрандалы қосу;

С) кілтекпен;

D) оймакілтекті қосылыс;

Е) конусқа тұйық қосу.

26. Тоқпақ цилиндрі тозған кезде, поршень-цилиндр түйіндесуі қалай қалпына келеді?

А) өлшемі үлкейтілген поршенді балдақты орнату жолымен;

В) тозу мөлшері бойынша өлшемі үлкейтілген поршен жасалады;

С) цилиндрдің ішкі бетін балқытып қаптастыру және оны ары қарай поршень өлшеміне дейін өңдеу жүргізіледі;

D) цилиндрдің келесі жөндеу өлшеміне дейін кеулейжонылады, жөндеу өлшемінің поршені мен балдағы жасалады;

Е) цилиндр жаңаына ауыстырылады.

27. Ұсақ қаңылтырқалыпты баспақтардың тұғырын алу әдісі

А) болат құйма;

В) қаңылтыр илем;

С) сортты илем;

D) шойын құйма;

Е) аралас-болат құймалар және пісіріп қосылған қаңылтыр илем.

28. Ауыр жүктелген иінді білік дайындамасын алу әдісі және материалы

А) құйылған шойын (СЧ20) дайындамалар;

В) құйылған болат (35Л) дайындамалар;

С) 45 болаттан сортты илем;

D) 40ХН болаттан баспақты соғылма;

Е) 45 болаттан тоқпақты соғылма.

29. Эксцентикті білікке қойылатын негізгі техникалық талаптар

А) диаметрлі өлшемнің дәлдігі және тіреуішті мойнақ пішінінің дәлдігі;

В) диаметрлі өлшемнің дәлдігі және эксцентрик пішінінің дәлдігі;

С) диаметрлі өлшемдерінің дәлдігі және тіреуішті мойнақ пен эксцентрик пішінінің дәлдігі;

D) пішін дәлдігі және тіреуішті монақ бетінің кедір-бұдырлығы;

Е) диаметрлі өлшемдерінің дәлдігі және тіреуішті мойнақ пен эксцентрик пішінінің дәлдігі, осыбеттердің кедір-бұдырлығы, тіреуішті мойнақ пен эксцентрие остерінің параллельдігі.

30. КШМ тегершігіне қойылатын, негізгі техникалық талаптар

А) қонтыру тесігінің дәлдігі, барлық беттердің жоғары центрлестігі;

В) жетек белдігінің астындағы фасонды беттер дәлдігі;

С) қондыру тесігінің дәлдігі, жетек белдігінің астындағы фасонды беттер дәлдігі, барлық беттердің жоғары центрлестігі, айналу остерін сәйкес теңгеру;

D) барлық беттердің жоғары центрлестігі, айналу остерін сәйкес теңгеру;

Е) қондыру тесігінің дәлдігі, барлық беттердің жоғары центрлестігі, айналу остерін сәйкес теңгеру.

Дұрыс жауаптар коды

Сұрақ нөмірі

Дұрыс жауабы

Сұрақ нөмірі

Дұрыс жауабы

Сұрақ нөмірі

Дұрыс жауабы

1

В

11

А

21

D

2

С

12

В

22

С

3

В

13

D

23

Е

4

D

14

D

24

Е

5

В

15

А

25

Е

6

Е

16

С

26

D

7

Е

17

D

27

D

8

Е

18

D

28

D

9

D

19

С

29

Е

10

Е

20

Е

30

С

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]