Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK_TPOiO_kazakh.docx
Скачиваний:
246
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
4.3 Mб
Скачать

8.1 Кесте – Пісірілген және құйылған тұғырларды жасаудың салыстырмалы мәндері.

Көрсеткіштер

Баспақ тұғыры Р = 40000 кН

Баспақ тұғыры Р = 63000 кН

Құйылған

Пісірілген

Снижение

Құйылған

Пісірілген

Снижение

Салмағы, Т

114

90

24

180

140

40

Өндірістік цикл (тәулік)

51

28

23

62

37

25

Еңбексиымдылық нормо-сағат:

Еңбексиымдылық нормо-сағат:

Механикалық өңдеусіз

8725

4575

4150

12000

6580

5420

Механикалық өңдеу

1830

1100

730

2120

1460

660

Күші 40 МН баспақ тұғыры үшін, жалпы салмағы 90т, дайындама салмағы келесідей бөлінеді:

- илемнен алынған тетіктер - 55 т;

- құйылған дайындамалар - 28 т;

- соғылмадан алынған тетіктер - 7 т.

Қосиінді біліктер. Қосиінді біліктер аңбалары өзгермелі жүктеулерде жұмыс жасайтын, ауыр жүктелген тетік болып табылады, ол дайындаманың материал сапасына үлкен талаптар қоюды қажет етеді. Қаңылтыр қалыптау баспақтарының орташа өлшемді қосиінді біліктерін (коренной) және бұлғақты мойндарының диаметірі 200...300 мм, әдетте 40 болаттан жасайды. Аса жүктелген біліктер үшін 40ХН пайдаланады.

Ауыр біліктердін дайындамасы ретінде баспақ соғылмалары қолданылады, көптеген дайындамаларды тоқпақтарда алады. Соғудан кейін дайындамаларды у босандатумен қалыптандырады, содан кейін олардың қаттылығы мен механикалық қасиеттерін және де дайындама материалының құрылымында ақаулар барма тексереді. Алдын ала өңдеу кезінде біліктердің бетінен біршама метал қабаты алынады (30...60 мм), бұл ішкі кернеулердін қайта таралуына әкеледі. Осыған байланысты көптеген жағдайларда термиялық өңдеу жүргізуге тура келеді.

Әдетте бұлғақ мойынының иіннін дайындамада пішіндемейді 8.4 сурет. Артық металды 2 периметірі бойынша радиал-бұрғылайтын білдекте немесе I—I сызық бойымен бұрғыланып және II—П сызық бойымен дискілі ара арқылы ойықтарды кесумен алып тастайды.

Осыған байланысты қосиінді біліктердің дайындама материалын қолдану коэффициенті өте төмен (0,35...0,5). Алдынғы қатарлы кәсіпорындарда дайындамаларды бөлікті қалыптар көмегімен алады, бұл біршама үнемділік әсерін береді.

8.4 сурет – Қосиінді білік

Мысалға, ұзындығы 3000 мм білік дайындамасы үшін ескі технология бойынша массасы 5 т соғылма алу үшін массасы 8 т құймакесек керек болды. Жаңа технология бойынша массасы 2,5 т құймакесек қажет, одан қалыптаудан кейін массасы 1,1 т дайындама алады. Сонымен қатар қосиінді білікті механикалық өңдеудің еңбек сиымдылығы 600 сағатқа төмендеді.

Қосиінді біліктерге жоғарғы техникалық талаптар қойылады; коренной және бұлғақты мойындардың диаметрлік өлшемдерінің дәлдігі 0,1 мм, олардын параллель еместігі 0,2мм/м, мойын пішінінің қателігі 0,05 мм, кедір-бұдырлығы 1,25 мкм.

Эксцентрлік біліктер. Эксцентрлік біліктерді жасау технологиясы қосиінді біліктерді өңдеудің технологиясында, операциялардың бірізділігінде және технологиялық жабдықтар мен әбзелдерді қолдануда ұқсастықтары өте көп.

Ауыр эксцентрлік біліктің дайындамасы болып болат соғылма (болат 45, 40ХН) табылады. Негізгі техникалық талаптар тірек мойындарының және эксцентрлік сатының диаметрлік өлшемдерінің дәлдігін, пішін дәлдігін және осы беттердің кедір-бұдырлығын, және де эксцентрикпен тіреуші мойындардың остерінің параллельдігін ережелейді, 8.5 сурет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]