Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK_TPOiO_kazakh.docx
Скачиваний:
246
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
4.3 Mб
Скачать

9.4 Сурет – Күпшегі бар конусты тісті доңғалақ

Конусты доңғалақтарды жасау үрдісінде және тісті қиып бітіргеннен кейін тісөлшегіштін көмегімен бақылайды. Ен үлкен диаметрі жағынан конусты бөлгендегі күйге сәйкескелетін хорда шеңбері бойынша тістің қалыңдығын, бұрышын және кординаттар бойынша тістің пішінін тексереді. Тістің бағытын бақылау үшін конусты білікмөлшерлегішті (екі мөлшерлегіш керек) қолданады. Оларды конусты бөлігімен тістердің ойымына қойып конусты қайралған төбелерінің сәйкестік дәрежесін анықтайды.

Тісті доңғалақты түйіс дағы бойынша соңғы бақылау үшін домалату білдектерін қолданады. Мұндай білдектерде диаметрі 1600 мм дейінгі доңғалақтарды орнатуға болады.

Бақылау сұрақтары:

1. Тегершік дайындамаларын алу тәсілдері?

2. Тегершіктер материалы?

3. Тісті доңғалақтың дайындамасын алу тәсілдері?

4. Тісті доңғалақтың дайындама материалы?

5. Конусты

6. Шыршатісті доңғалақтарды механикалық өңдеудің ерекшеліктері неде?

Ұсынылған әдебиеттер: Нег.2 [123-134]; қос. 4 [357-368].

10 Дәріс. Түзілімдерді, механизімдерді және толығымен машинаны құрастыруға қойылатын талаптар.

Құрастыру – Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясыдың технологиялық үрдісінің соңғы кезені. Бұл кезеннін міндеті машинаның қажетті техникалық және пайдалану сипаттамаларын, өңдіріс жабдықтары мен еңбек шығындарының мүмкіндігінше төмен болуымен белгіленген мерзімде берілген машина санын жасауды қамтамасыз ету.

Машина құрастырудың бірізділігі негізінен оның құрылымымен анықталады, бірақта нақты технология мен оны ұйымдастыру түрі шығарылатын машина санына, сондай ақ осы өндірістін техникалық мүмкіндіктеріне де белгілі бір денгейде тәуелді болады.

Машинаны жасау кезіндегі құрастыру жұмыстарының еңбек сиымдылығы оларды жасаудың жалпы еңбек сиымдылығынын 25...35 % құрайды.

Машина құрастырудың технологиялық үрдістерін жасау кезінде бастапқы берілгендер болып машина сызбалары, оның негізгі сипаттамаларына техникалық талаптар және қолданылу міндетінің суреттемесі; жасалатын машиналардың саны, және де технологиялық үрдісті орындау ұсынылған өндіріс бөлімшесі, цех, зауыт туралы мәліметтер.

Машинаны құрастырудың технологиясын жасаудың жалпы принциптік бірізділігі келесідей: машинаның қолданылу міндеті және оның негізгі техника-қолдану сипаттамаларының сараптамасы; машина сызбаларын және оны жасауға қойылатын техникалық талаптарын оқу; машинаны және оның жекелеген құрастыру бірліктерін құрастырудың жалпы бірізділігін жасау; құрастырудың жалпы сұлбасын жасау және құрастыру жұмыстарының еңбексиымдылығын бағалау; машина құрастыруды ұйымдастыру түрін таңдау; машинаның және оның құрастыру бірліктерінің жалпы құрастыруға операциялар бойынша технологиялық үрдісті жобалау.

Құрастыру сұлбасы. Бұйым деп жасалатын кезкелген затты айтамыз. Машина, оның құрастыру бірлігі және жекелеген тетіктері бұйым болуы мүмкін. Құрастыру бірлігінің сипаттамалық ерекшелігі болып оның құрастырылуы жеке орындалу мүмкіндігі табылады. Құрастыру бірліктері әртүрлі күрделілікте болуы мүмкін. Қарапайымдары бірнеше тетіктен тұрады, біршама күрделілері – тетіктер және төменгі қатардағы құрастырулардан тұрады. Машинаны құрастыру сұлбасы оны жасауға технологиялық үрдістерді жасау үшін негіз болып табылады. Әдетте машинаның күрделі құрылымы үшін жалпы құрастыру сұлбасын, содан кейін өте ұсақ құрастыру бірліктерінің сұлбасын жасайды. Мұндай жағдайда құрастыру бірліктерінің технологиялық үрдісін құрастыру бірліктері мен механизімдердің жекелеген түрлерімен айналысатын бірнеше технологтар параллель жобалай алады, бұл технологияны жасау сапасын арттырады және өндірісті дайындауға кететін уақытты біршама қысқартады.

Құрастырудың ұйымдастыру түрін таңдау кезінде 10.1 сурет, шешуші фактор болып белгіленген уақытта жасалатын машина саны табылады.

Құрастыру

Ағымды емес

Стационарлы

Қозғалмалы

Ағымды

Стационарлы

Қозғалмалы

Құрастырылатың объектінің үздіксіз қозғалуымен

Құрастырылатың объектінің периодты қозғалуымен

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]