Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Брылау жне тампондау сйытары УМК.doc
Скачиваний:
147
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
2.94 Mб
Скачать

2.3. Зертханалық жұмыстар Зертханалық жұмыстардың тақырыптар:

  1. Бұрғылау сұйықтарының негізгі қасиеттерін анықтау (1,2 және 3-тапсырмалар).

  2. Жуу агенттерін химиялық реагенттермен өңдеу (4-тапсырма).

  3. Тампондық сұйықтар және қоспалармен танысып, олардың негізгі қасиеттерін анықтау (5,6 және 7 тапсырмалар).

  4. Қатқан тампондық материалдардың физика-механикалық қасиеттерін анықтау (8-тапсырма).

1-тапсырма.

Жуу сұйықтарының негізгі параметрлерін (қасиеттерін) анықтайтын аспаптармен танысу. АГП-3ПП, АБР-1, СПВ-5, ВБР-5, СНС-2, ВМ-6, ВС-1м, ЦС-2 және т.б.

Негізгі әдебиеттер: НӘ 1 [25-40],

Қосымша әдебиеттер ҚӘ 6 [37-42], ҚӘ 2[2-4 жұмыстар].

Бақылау сұрақтары:

  1. АГП-ЗПП аспабы қандай балшық ерітіндісінің қандай параметрін анықтау үшін қолданылады?

  2. СНС-2 аспабы не үшін қолданылады?

  3. ВМ-6 аспабымен су бергіштіктен басқа тағы қандай параметрлерді анықтауға болады?

2-тапсырма.

Саз балшық ерітіндісінің тығыздығын, тұтқырлығын, ЫСК-ін және субергіштігін анықтау.

Негізгі әдебиеттер: НӘ 1 [26-35],

Қосымша әдебиеттер ҚӘ 6 [42-52], ҚӘ 2 [2-4 жұмыстар]

Бақылау сұрақтары

  1. Саз балшық ерітіндісінің тығыздығы дегеніміз не?

  2. Ертіндінің тұтқырлығы деніміз дегеніміз не?

  3. ЫСҚ қалай анықталады?

3-тапсырма.

Жуу сұйығының балшық қабыршағының қалыңдығын, коллоидтылығын, құммөлшерін, тәулік тұнбасын және тұрақтылығын анықтау.

Негізгі әдебиеттер: НӘ 1 [35-40],

Қосымша әдебиеттер ҚӘ 2 [2-4 жұмыстар], ҚӘ 6 [52-62]

Бақылау сұрақтары

  1. Балшық қабыршағының қалыңдығы қандай болуы қажет?

  2. Ертіндідегі құм мөлшері қандай пайыздан аспауы қажет?

  3. Балшық ерітіндісінің коллоидтылығын қандай аспаппен анықтайды?

4-тапсырма.

Бұрғылау сұйықтарын электролиттермен бірінші және екінші қайтара өңдеу және олардың балшық ертінділерінің қасиеттеріне тигізетін әсері.

Негізгі әдебиеттер: НӘ 1 [49-61],

Қосымша әдебиеттер ҚӘ 6 [141-155].

Бақылау сұрақтары

  1. Электролиттерге қандай реагенттер жатады?

  2. Бұрғылау сұйықтарын бірінші өңдеу қандай жағдайларда қолданылады?

  3. Сұйықтарды екінші рет өңдеу не үшін қажет?

  4. Қорғауыш коллидтарға қандай реагенттер жатады?

  5. ССБ және КССБ реагенттерді жуу сұйықтарына қандай әсер етеді?

  6. КМЦ қандай жағдайда қолданылады?

5-тапсырма.

Тампондық материалдармен тынысып, қолданатын аймақтарын оқып-білу және анықтау.

Негізгі әдебиеттер: НӘ 2 [174-179]

Қосымша әдебиеттер ҚӘ 5 [4-7], [15-25]

Бақылау сұрақтары:

  1. Тампондық сұйықпен қоспалардың айырмашылықтары қандай?

  2. Цементтердің қандай түрлері бар?

  3. Тампондық цементтердің қандай түрлері бар?

  4. Қосынды тампондық қоспалар деп нені айтады?

  5. Қандай жағдайда полимерлер ұңғыларды тампондауға қолданады?

6-тапсырма.

Тампондық сұйықтардың негізгі параметрлерін анықтайтын аспаптармен жете танысып, оқып үйрену.

Негізгі әдебиеттер: НӘ 2 [179-186],

Қосымша әдебиеттер ҚӘ 65 [6-14], [25-36]

Бақылау сұрақтары

  1. Тампондық қоспалардың иілімділік беріктігін қандай аспаппен анықтайды?

  2. ВИН инесінің құрылысы қандай?

  3. Консистометрлер қандай параметрді анықтау үшін қолдыналады?

  4. АзНИИ аспабының құрылымына нелер кіреді?

  5. Пикнеметрді не үшін пайдаланады?

7-тапсырма.

Тампондық сұйықтар мен қоспалардың параметрлерін анықтау.

Негізгі әдебиеттер: НӘ 2 [186-199], НӘ 1 [179-186]

Қосымша әдебиеттер ҚӘ 5 [4-7], [15-25]

Бақылау сұрақтары

  1. Тампондық сұйықтардың (ТС) тығыздығы қалай және қандай аспаптармен анықталады?

  2. ТС қату уақытын қалай анықтайды?

  3. Су мен цементтің қатынасы дегеніміз не?

  4. ТС пен қоспалардың су бергіштігін қалай анықтауға болады?

8-тапсырма.

Қатқан ТС мен қоспалардың физика-механикалық қасиеттерін анықтау.

Негізгі әдебиеттер: НӘ 2 [186-192]

Бақылау сұрақтары

  1. Тампондық тастардың (ТТ) қысуға беріктігін қалай анықтайды?

  2. ТТ иілу қаттылығын қандай аспаппен және қалай анықтайды?

  3. ТТ созылу беріктігін қалай анықтауға болады?

  4. ТТ су өткізгіштігін қалай анықтауға болады және қандай аспаппен?