- •Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті
- •Студенттің пәндік
- •1 Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •1.1 Оқытушылар туралы мәліметтер:
- •1.2 Пән туралы мәліметтер:
- •Оқу жоспарының көшірмесі
- •1.5. Пәннің қысқаша мазмұны
- •1.5.1. Пәннің мақсаты:
- •1. 5.2. Пәннің міндеті.
- •1.6. Тапсырмалардың тізімі мен түрлері және оларды орындау кестесі:
- •1.7. Оқу әдістемелік жадығаттар
- •1.2. Қосымша:
- •1.8. Білімді бақылау және бағалау
- •Бақылау түрлеріне қарай рейтингтік балдарды бөлу
- •Студенттердің білімдерін бағалау
- •Модульдер мен аралық аттестация бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар тізімі
- •Пәннің саясаты мен процедурасы
- •2 Негізгі таратылатын материалдар тізімі
- •2.1. Курстың тақырыптық жоспары
- •2.2. Дәрістік сабақ конспектілері
- •1.1. Сурет. Ұңғыларды тура жуу тәсілінің нобайы.
- •Балшық ерітіндісін гидравликалық әдіспен дайындау
- •1. Негізі органикалық емес материалдар қатарына:
- •2.3. Зертханалық жұмыстар Зертханалық жұмыстардың тақырыптар:
- •2.4. Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізетін сабақтардың жоспары (соөж) Тапсырмалар
- •2.5. Студенттердің өздік жұмысы бойынша сабақ жоспары (сөж).
- •2.6 Өзін бақылау үшін тестік тапсырмалар
- •2.6. Емтихан сұрақтары
- •2.7. Глоссарий
- •39. Суды желпу - суды ауамен тазарту, ауаландыру.
- •46. Ұңғыларды саздандыру.
- •050708 «Мұнайгаз ісі» («Мұнай және газ ұңғыларын бұрғылау») мамандығына арналған
- •Таңатаров Төлеужан
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті
Геологиялық барлау институты
«Ұңғыларды бұрғылау технологиясы және техника» кафедрасы
Студенттің пәндік
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
«Бұрғылау және тампондау сұйықтары» пәні бойынша 050708 «Мұнайгаз ісі»мамандығы үшін
Алматы 2006
Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ студенттеріне арналған 050708 «Мұнайгаз ісі» мамандығы үшін «Бұрғылау және тампондау сұйықтары» пәнінің оқу-әдістемелік кешенін профессор Таңатаров Т. жасаған.
Құрастырған Таңатаров Т.Т. – т.ғ.к., Халықаралық академиясының мүше корреспонденті, ҰБТжәнеТ кафедрасының профессоры. Алматы: ҚазҰТУ, 2006.
Аңдатпа
«Бұрғылау және тампондау сұйықтары» пәнінің оқу-әдістемелік кешені ҚР МЖБС-ның мазмұнында, кәсіби сипаттамасына, мамандықтың типтік және жұмыс жоспарына, дайындау бағытына байланысты орындалған және оқылатын пәннің негізгі мазмұнын береді.
Студенттің оқу-әдістемелік кешені білім алу мақсатында қойылған жетістіктер мен курстың мақсаттарын, оларды оқу барысында бұрғылау және тампондау сұйықтарының түрлері мен олардың қолдану аймақтарын нақтылап түсіндіруге және игеруге арналған. Студенттердің таңдап алған инженер-бұрғышы мамандығын меңгеру үшін білімі мен біліктілігін қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
© Қ.И.Сәтбаев атындағы
Қазақ ұлттық техникалық университеті, 2006
1 Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
1.1 Оқытушылар туралы мәліметтер:
Сабақ жүргізетін оқытушы Таңатаров Төлеужан Таңатарұлы
Байланыс түрі: 92-99-97 қосымша 3-72
Кафедрада болатын орны мен уақыты 701 МҒ
1.2 Пән туралы мәліметтер:
Пән атауы «Бұрғылау және тампондау сұйықтары»
Кредит саны - 3
Өткізу орны 701 МҒ
1-кесте
Оқу жоспарының көшірмесі
Курс |
Семестр |
Кредит тер |
1 аптадағы академиялық сағаттар | ||||||
Дәрістер 1 аптадағы академиялық сағаттар |
Зертханалық сабақтар
|
Тәжіри белік/ семин. сабақт. |
СӨЖ* |
СОӨЖ* |
Барлығы, 1 аптадағы академ. Сағаттар |
Бақылау түрі | |||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
3 |
5 |
2 |
2 |
1 |
- |
3 |
3 |
9 |
Емтихан (ауызша) |
1.3. Алдыңғы реквизиттер: химия, жалпы мұнай геологиясы, жалпы гидрогеология.
1.4. Соңғы реквизиттер: ұңғыларды бұрғылау, ұңғыларды мұнай мен газға және жер асты суларына бұрғылау технологиясы мен техникасы, ұңғыларды шиеленісті жағдайларда бұрғылау, ұңғыларды аяқтау.
1.5. Пәннің қысқаша мазмұны
1.5.1. Пәннің мақсаты:
«Бұрғылау және тампондау сұйықтары» пәнді оқытудың негізгі мақсаты «Мұнай және газ ұңғыларын бұрғылау» мамандығында оқитын студенттерді ұңғыларды жуу әдістерімен, бұрғылау және тампондау сұйықтарымен жете таныстыру.
Пәннің бұрғылау сұйықтары (жуу агенттері) бөлімінде оқып үйренетін, талданып игеретін тақырыптар:
- ұңғыларды жуу әдістерімен таныстыру және олардың қолданатын аймақтарын оқып білу;
- бұрғылау сұйықтарының түрлерін анықтап, оларды қолданатын жағдайлар жайлы толық мәліметтер алып игеру;
- бұрғылау сұйықтарының негізгі қасиеттерін (параметрлерін) анықтауды жете меңгеру;
- жуу агенттерін өңдеу тәсілдері туралы негізгі түсініктерді алу және тәжірибелік жұмыстар арқылы меңгеру;
- бұрғылау сұйықтарын тазарту және дайындау әдістерімен таныса отырып, қолданылатын техникалық жабдықтарымен технологиясын оқып, болашақ маман ретінде толық меңгеру;
Тампондау сұйықтары бөлімінде студенттерді ұңғыларды тампондаудың негізі мақсаттарымен, олардың түрлері және қолдану аймақтарымен таныстыру. Сонымен қатар тампондық материалдардың түрлерімен, олардың негізгі қасиеттерін (параметрлерін) анықтау және қатаюын реттеу тәсілдерімен таныстыру.
Бұл бөлім «Ұңғыларды аяқтау» пәнін оқығанда өз жалғасын табады.