Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Диплом Олжас.doc
Скачиваний:
67
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
930.3 Кб
Скачать

Қорытынды

Ұлы Отан соғысы кезінде Қазақстанда жасақталған ұлттық әскери құрамалар жөнінде тарихшы, академик М.Қозыбаев: «Ұлы Отан соғысы жылдарында ұлттық республикаларда ұлттық-әскери құрамалар құрылғандығы белгілі. Алайда, олардың басым көпшілігі соғыста дұрыс пайдаланбады. Ал кейбір атты әскери құрамалар танкілерге қарсы шығып, жауған оқтың астында бірден жоқ болып кетті. Бұл бір жағынан халқымызға көрсетілген сенімсіздік болса, екінші жағынан тағдыр салған зобалан еді. Өйткені мұндай әскери құрамаларға жаңа ғана өркендей өсіп жетіле бастаған зиялы қаумнның өкілдері алынғанды. Ұлы Отан соғысы жылдарында қазақ сақарасының 1миллион 900мың адам әскери және еңбек майданына мобизасияланды. Бұл халықтардың төрттен бірі еді», - деп жазған болатын.

Қазақстандықтар өз Отанының қаһармандық жолын заңды мақтаныш етеді.

Өткен сұрапыл соғыс жылдарында Қазақстан еңбекшілері жеңіске үлкен үлес қосты. Қазақстанда Қызыл Армияның ірі құрамалары Алматы, Жамбыл, Ақтөбе, Ақмола, Петропавл, Семей және басқа қалаларда жасақталды. Олардың арасында 238, 316-дивизиялармен қатар, 310, 312, 314, 387, 391,- атқыштар дивизиясы болды. 1941 жылдың аяғына дейін тағы бір дивизия үш бригада – 74, 75 – теңіздік атқыштар және 39- крусанттық атқыштар бригадрлары құрылды. Бұл құрамалар соғыс басталысымен іле – шала жасқталып, жедел әскери дайындықтан өтіп, майданға жөнелтілген қазақстандық дивизиялардың алғашқы тобына жатады. 1942 жылдың бас кезінде Қазақстанннан майданға 3 атқыштар және бір атты әскер дивизиясы, бір атқыштар бригадасы аттандырылды. Олардың ішінде 8-атқыштар дивизиясы (Семейде құрылған), 29- атқыштар дивизиясы (Ақмолада құрылған), 38-атқыштар дивизиясы (Алматыда құрылған ), 152- атқышар бригадасы (Оралда жасақталған ), 81-атты әскери дивизиясы ( Жамбылда құрылған ) болды.

Қазақстандық әскери құрамалар жұмысшылардан (40пайыздай), қолхозшылардан (50 пайыздайы) және зиялылардан (10пайызы) жасақталды. Дивизиялар құрамына: 3-4 атқыштар, бір артиллерия полкі, жеке танк жойғыш дивизион, миномет, сапер, байланыс, дәрігерлік – санитарлық батольондар, зениттік – артиллериялық батарея, барлау ротасы, авторота, химиялық қорғаныс ротасы, т.б.бөлімдер біріктірілді.

1941ж. 13 қарашадағы Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінің алғашқы жоспары бойынша, Қазақстан аумағында республика ресустарынан 5 атты әскер, 4 ұлттық атқыштар дивизиясы және 4 жекелеген ұлттық атқыштар бригадасы құрылуы тиіс еді, бірақ бұл жоспар көптеген себептерге байланысты орындалмады. Тек ұлттық 100, 101-атқыштар бригадалары, 105, 106, 96-атты әскер дивизиялары құрылды.

Атқыштар бригадасындағы адам саны 4365-дан 6000- ға дейін жетті. Онда 3–4 атқыштар батольоны артиллерия және миномет дивизиондары мен басқада бөлімдері болды.

Соғыстың алғашқы кезеңінде Қазақстанда барлығы 14 атқыштар және атты әскер дивизиясы, 6 бригада жасақталып, майданға аттандырылды. Бұдан кейінірек 6 артиллериялық және авиация полкі, 12 құрлыс, 2 автобатольон 7 автомотшылар батольоны құрылды. Осы кезеңде соғысып жатқан армияға толықтыру ретінде тылдағы он мыңдаған қазақстандық барып қосылды. Қазақстан аумағында жасақталған дивизиялар Ұлы Отан соғысының алғашқы қиын кезеңінде ерлікпен шайқасып, Кеңес Қарулы Күштерінің мақтанышына айналды. Олардың мұнан кейінгі ерлікке толы жауынгерлік жолыда Ұлы Отан соғысы тарихынан лайықты орын алады.

Қазақстан еңбекшілерінің майдандағы ерлігі халықаралық құрметке де ие болады. Ағылшын тарихшысы А.Верт былай деп жазды: «Қызыл Армияның табанды жауынгерлерінің бірі қазақтар еді, соғыстың барысында қазақтар өздерінің ең жақсы жақтарынан көрсетіп отырды. Ал Сталинградтта үздік жаунгерлер қатарында Орта Азия халықтарының өкілдері – қырғыз қазақ және башқұрттар болды».

Қазақстанда құрылған әскери құрамалар мен тамаша ерлік үлгісін көрсетті. Олардың бесеуіне гвардиялық дивизия деген құрметті атақ берілді. Бұлар 8- Панфилов атындағы, 72, 73- сталинградтық, 30, 27- гвардиялық дивизиялар еді.

Соғыстың басынан аяғына дейін қазақстандық 9 дивизия өзгермей сақталды: 314, 310, 316 (8-гвардиялық атқыштар), 238 (30-гвардиялық атқыштар), 391, 387, 8, 29 (72-гвардиялық атқыштар), 38 (73-гвардиялық атқыштар) дивизиялар.

Бұл құрамалар Мәскеуді, Ленинградты, Сталинградты қорғауда, Курск шайқасында, Украинаның оң жағалауын, Қырыммен Қарпатты азат ету жолындағы шайқастарда өздерін өшпес даңққа бөледі.

Мысалы соғыс жылдары тек панфилов дивизиясының бір өзі қанды шайқастарда жаудың 85 мыңнан астам солдаты мен офицерінің көзін жойып, 387 танкісін, 65 бронды машинасын, 43 ұшағын, 451 зеңбірегін, 2010 автомобилін, 180 минометін, 828 пулеметін, басқада көптеген қару – жарағын жойды немесе қолға түсірді. 34 Панфиловшы Кеңес Одағының Батыры атағын алды және 9487 жауынгер мен офицер ордендармен, медальдармен марапатталды.

Ал, Гитлерлік әскер­лердің Сталингард түбіндегі қанды шайқаста яғни 20-21 қарашада болған ұрыстарда тек қазақстандық 38-дивизияның ғана қол жеткен жетістігі мынадай болды:

1) 20-румын жаяу әскер дивизиясының қорғанысын бұзы­лып, 82-жаяу әскер полкінің 1-батальоны, 83-жаяу әскер полкінің екінші батальоны және 91-полктің бір батальоны толығымен жойылды. 20-жаяу әскер дивизиясының, 39-артил­лерия полкінің бірінші, үшінші дивизиондары талкандалды;

2) Дұшпанның 3000-нан астам солдаты мен офицері жер жастандырылды;

3) 160 адам тұтқынға алынды, 128,2 биіктігі маңындағы оқ-дәрі қоймасы жарылды;

4) 21 танк, 1 броньды машина қиратылды, үш зеңбірек, әр түрлі калибрлі үш миномет, т.б. көптеген қару-жарақ қолға түсірілді немесе жойылды.

Украинаны азат ету кезіндегі жауынгерлік тапсырманы үлгілі орындағаны үшін 72-гвардиялық дивизия Қызыл ту орденімен марапатталған, оған «Красноград дивизиясы» құрметті атағы берілді. 118- дивизия «Мелитополь дивизиясы», 27-гвардиялық дивизия «Новобуг дивизиясы» және Қызыл ту дивизиясы болды. 387-атқыштар дивизиясы Қырымды азат ету жолындағы шайқастарда «Перекоп дивизиясы», 8-атқыштар дивизиясы «Ямполь дивизиясы» және осы дивизияның екі полкі – 15-атқыштар және 62-артиллерия полкі « Карпат полкі» болып аталды, ал 229 және 310-атқыштар полкі – бірі III дәрежелі Суворов орденімен, екіншісі III дәрежелі Кутузов орденімен марапатталды. Жоғарғы бас қолбасшысының бұйрығымен оларға бірнеше мәрте алғыс жарияланды, қаһарман кеңес жауынгерлерінің ерлігі бірнеше рет салютпен атап өтілді.

Соғыстың қарсаңында Гитлер былай деп сандырақтағанды: «Немістен басқа бірде – біреудің қару ұстауына ешқашан жол беруге болмайды... Славянин де, чех та, қазақ та, украин да емес, тек неміс қана қару ұстауға құқықты». Бұл сөздердің ғұмыры ұзаққа бармады. Өмір шындығы оның жалғандығын тағы да дәлелдеді. Қазақсанда соғыс жағдайының барлық талаптарына жауап беретіндей қуатты құрамалар жасақталды. 1941 ж. аяғы мен 1942 ж. бас кезінде мұнда 100 және 101- дербес ұлттық атқыштар бригадалары, үш атты әскер дивизиясы құрылды.

Барлығы 1941–1945 жылдар аралығында Қазақстанда 12 атқыштар мен 4 кавалериялық дивизия, 7 атқыштар бригадасы мен 5 жеке полк және әр түрлі әскер түрлерінің батольандары құрылған. Оның ішінде 3 атты әскер дивизясы мен 2 атқыштар бригадасы ұлттық құрамалар ретінде құрылған.

Кейінгі деректерге сүйенсек, соғыс қимылы біздің жерде өтпесе де 1938 – 1945 жылдары сол кездегі Қазақстан халқының 1366000мың адамы армия қатарына шақырылыпты. Ұлы көрсеткіш әлемдік тәжірибеде жоғары көрсеткіш болып табылады. Тіпті, соғыстың негізгі ұйымдастырушысы болған фашистік Германия тотальдық моблизация жүргізген кездің өзінде әскери іске 12 пайыз халқын тартқан екен. Соғысқа қатысқан 601011мың қазақстандық азамат опат болған. Бұл тізімде Атырау обылысының Мақамбет ауданы және Жамбыл облысы алты ауданы тұрғындары мәліметтері жоқ. Соғыс жылдары туу 592мың адамға азайды, сонымен жалпы адам шығыны 1202000 – ға жетті. Көрсеткіш бұрынғы кеңес мемелекеттері бойынша тек Ресейден кейінгі орынды алады.

Қазақстандық құрамалардың майдандағы ерлік жолы, өшпес даңқы мезгіл озған сайын тұлғалана бермек.