Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Диплом Олжас.doc
Скачиваний:
67
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
930.3 Кб
Скачать

2.1. Ұлы отан соғысы жылдарындағы аналар мен арулардың еңбегі

Ұлы Отан соғысы жылдарында колхозшылар мен совхоз жұмысшылары ерлікпен еңбек етті. 1945 жылы республика ауыл шаруашылығында 1 миллион 311 мың адам жұмыс істеді.

Ұлы Отан соғысының отқа оранған жылдарыңда Қазақстан Отанға 4 829 мың тонна астық, 217,6 мың тонна картоп, 1193, 1 мың тонна қант қызылшасы, 600 мың тонна ет, 960 мың тонна сүт, т.б. ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізді. 1941-1945 жылдары мемлекетке соғыстың алдындағы бесжылдықтағыдан әлдеқайда көп ауыл шаруашылығы өнімдері өндірілді.

«

Әсина Шауқанова

Колхоз құрылысының ардагерлері, әйелдер, жасөспірімдер бүкіл соғыс бойына еңбектің ерен вахтасын қажырлылықпен атқарды. Шығанақ Берсив гектарынан 200 центнерден аса өнім алып, тары өсірудің дүние жүзілік рекордын жасады, Ыбырай Жақаев, Қим Ман Сам, Анна Дацкова, Жазылбек Қуанышбаев, Александр Орлов, Сындыбала Оңғарбаева, Досым Асанов, Петр Томаровский және басқа да көптеген адамдар үздік табыстарға жетті».

Ұлы Отан соғысы жылдарында адамзаттың асқан данышпаны В.И. Ленин құрған колхоз құрылысы уақыт сынынан сүрінбей өтті. Әскери кезеңнің қатал да қиын жағдайларында ауыл-село еңбеккерлері күнді күнге, таңды таңға қосып қажымай-талмай еңбек етті. Отан колхоз, совхда, қала берді тұтас аудан, облыстар Мемлекеттік Қорғаныс Қомитетінің ауыспалы Қызыл Туымен наградталды. 800 мыңнан астам тыл еңбеккерлері СССР-дің орден, медальдарын омырауына тақты. Қазақстан осылайша майданның берік арсеналына, қызу да қажырлы еңбектің мекеніне айналды[33].

Соғыс тудырған қиындықтардың бірінен соң бірін жеңіп, социалистік ауыл щаруашылығы еңбеккерлері майданды азық-түлікпен, өнеркәсіпті – шикізатпен үздіксіз қамтамасыз етіп отырды.

Бір біріне тізе қоса еңбек еткен Қазақстан жұмысшы табы мен колхозшы шаруасы Ұлы Отан соғысының жарқын беттерін осылайша жазды.

1941-1945 жылдардағы ірі соғыс тарих парағындағы ұмытылмас оқиғалардың бірі болып әр адамзаттың жадында мәңгіге қалары бәрімізге мәлім. Ұлы Отан соғысындағы Кеңес халқының жеңісіне қазақстандықтар да лайықты үлес қосты.

Фашистік Германияға қарсы тек фронттың күшеюі емес, сонымен бірге тылдың күшебі талап етлді. Фронта болған әр жеңіс тыл күшінің арқасында. Фронт пен тыл тығыз байланысты.

Сол кездің 19-43 жас аралығының ер азаматтары соғысқа аттанды. Артынан жылап қалған аналар, қарындас - әпкелер, әйелдері ерлерін жоқтамай соғыс үшыі бел буып еңбек даласына шықты. «Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін» деген ұранмен халық шаруашылығының барлық саласына әрбір саналы жұмысшы, колхозшы өз орнында еңбек етті. Уақытпен санаспай күнде де түнде демалмай майдан үшін күннен күнге арттыра өнім беріп отырды. Осынау ауыр күндердегі әйелдердің еңбегі шын мәнінде теңдесі жоқ ерліктің белгісі болған еді. 1943 ждылы Ленинагор корғасын заводының жұмысшыларының 67 пайызы әйелдер еді. Осы кезде кеншілерге 3700 әйел жұмысқа келіп, ерлердің орнынан белсене қатысты. Олардың екі мыңы еңбек екпіндісі, бір жүз сегізі стахановшы атанды. Соғыста атылған әрбір он оқтың екеуі осында жасалып, дайындалғаны жұртшылыққа мәлім.

Жауынгерлерді азық-түлікпен, киіммен үздіксіз қамтамасыз етуге оларға басты мақсат болды. Соғыс кезеңдерінде Қазақстанның жеңіл өнеркәсіп бірнеше жүздеген дивизия әскерлерін киіндіруге жеткілікті жазғы және қысқы киім түрлерін тігуге нәзік жанды арулардың мойнында болды.

Темір жолдағы жұмыстың көбін әйелдер атқарды. Олар темір жолшылардың 35 пайызын қамтыды. Олардың Қазақстан өнеркәсібінің соғыс жылдарындағы жеңіске қосқан үлесі кеңес халқының ауыр күндеріндегі сүйеніш, тірегі болғандығын қазақ халқы орынды мақтан етеді. Үздік жанашырлар мен астықтан мол өнім алудың майталмандары: Мұнира Сатыбалдина, Анна Дацкова, Нүрке Алпысбаева және тағы басқаларды орынды мақтан етеміз.

Өмір мен үшін бәрінен қымбат, бірақ елімнің еркіндігі мен азаттығы үшін бәрін де құрбан етуге дайынбыз деген аналар қауымы намысты қолдан жібермей далада, ашық аспан астында, жаңбыр құйып тұрғанда, қақаған аязда майдандағы жауынгерлер үшін игі істерінен айқын көрінеді. «Шаршап жүрсекте... қайсарлық керек солдатқа. Бізде қайсар болуымыз шарт» деп қызылша алқабына шықты, шөп шауып оны маялады, сушы да болды. Отаннан қол үзіп қалған жандарды бауырларына баса білді. Шешелері шөп шапса, бабалары соңынан бау баулады, қыз-келіншектер шалғай жердерден ділдей ауыр тастарды нәзік иықтарына бір-бірлеп салып таситын.

Сол кезде Адам он соттық қызылша жинаса ғана, еңбек ақысана бір кесе бидай алып келетін. Ол кезде тойып тамақ ішу арман еді.

Күндіз-түні түзде қолдарынан күрек-кетпені түспеген кезде, таңертеңгі қалталарына бір кесе қуырылған бидаймен өзек жалғайтын. Күндіз қызылша жинаса, түнде айдың жарығымен бидайды оратын. Бидайдың сабағынан немесе жуаның қабығындай шай қайнататынкүндері де болған.

Әйелдерді құрылыста, шақталарда және орман өңдеуде кездетіруге болатын. Бастарына түскен қайғыларына қарамастан, қайсарлығымен көтере білген. Миллиондаған әйелдер ер адамының кәсібін игеріп орындаған. Академик Патон Е.О. «Сол кездегі әйелдерді мен ешқашанда ұмытпаймын. Жүздеген әйелдер заводқа кейде балаларымен келіп, ең ауыр жұмысты істеп, балаларын тәрбиелеп, оларға әке орнына әке бола білген. Күйеуінің баласының, ағасының қаз болғандығын естігенде қайғырмай бар күш-жігерін жігерлендіре түсті. Олар нағыз фронт жұмысшы мақтан етуге лайықты» деп жазған.

«Біздің жерімізде фашист жүргенде, біздің жүрегіміз тыныштықта тұрмайды, біздің қолымыз демалмайды егер, Отанымыз бізден қайратты талап еткенде», деп норманны асырап, егін науқандарын жинаған.

Механиктердің көбісі әйел қауымынан шыққан еді. Бұ жайында селоның әйелдерге сәлемін жолдаған снайпер Л.М. Павличенко «Сіз әйел қауымы селода ең негізгі күштердің бірісіңдер. Қазіргі науқан жинауы да сіздердің мойныңызда жатыр. Фронтта біздің әрқайсымыздың күйеулеріміз, ағаларымыз, достарымыз, әкелеріміз бар».

Сол кездегі егін алқабында әйелдер тракторлық бригадалар құрып көзге түсті. Жарыс жүзінде 150 мың әйел тракторшы қатысқан. Орта жасқа келсе де 1943 жылы 300 күні колхозда жұмыс істеді. Морева сол кезде оның 10 баласы, 14 немересі фронтта болған.

Тыл жұмысшылары қиындыққа қарамай ерлікті жұмыс жасады. Киіммен, қару-жарақпен, азық-түлікпен қамтамасыз еткендердің ішінен біздің қымбатты апа-аналарымызда жүрді.

Ұлы Отан соғысы майдандарында Кеңес қарулы күштерінің жеңіске жетуіне елде қалған еңбекшілер жанқиярлық еңбегімен үлкен үлес қосты. Соғыстың алғашқы айларынан бастап, Қазақстандағы экономиканы соғыс мүддесіне бейімдеп отырды. Олардың баршасында Кеңес адамының асқан патриотизмі, интернационалдық сезімі, майдан мен тылдың мызғымас бірлігі, Кеңес қарулы күштерінің сарқылмас асқан күші барынша көрінеді. Оларда Кеңес адамының Отан деп лүпілдей соққан жүрегі, бар Кеңес халқына тән қасиеттері сан қырынан байқалады[36].

Ұлы Отан соғысы басталысымен армия мен халықты азық-түлік өнімдерімен, ал өнеркәсіпті шикізатпен қамтамасыз етуде еліміздің басқа шығыс аудандары сияқты Қазақстанның ролі де бұрынғыдан арта түсті. Жау жалпы көлемі 71 миллион гектар құнарлы егістік жерді басып алған еді, ал бұл еліміздегі барлық егіс көлемінің 40 пайызы болатын.

Ауыл шаруашылығын әскери жағдайға бейімдеп, қайта құру аса қиын жағдайларда жүргізілді. Соғыстың алғашқы бір жарым жылы ішінде республиканың село халқы 586 766 адамға азайды, мұның 302 100-і еңбекке жарамдылар болатын. Ал осы мерзім ішінде село халқының құрамындағы 16-дан 49 жасқа дейінгі ер-азаматтар саны екі еседен кеміді. Жарамды, қуатты тракторлар, жүк машиналары еліміздің қорғаныс қабілетін күшейтуге алынды.

Міне, осындай ауыр кезеңде республика ауыл-село еңбеккерлері қиын жерден қиыстыра жол тауып, ерекше қажыр-қайрат, тығыз топтасқандық пен бұрын-соңды болмаған ерен еңбектің тамаша үлгісін көрсете білді. Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауылында еңбек еткен белгілі украин тракторшысы П.Н.Ангелинаның «Майдан шебі алыстағы Теректі ауылына дейін созылып жатыр: бұл біздің шебіміз, майдандағы біздің жауынгерлік учаскеміз» – деген сөздері сол кезеңдегі барша тыл еңбекшілерінің жүрегіндегі, көкейіндегі сөз еді.

ВҚП (б) Орталық Комитетінің 1941 жылы 17 қарашада ұйымдастырудың төтенше формасы – МТС-тар мен совхоздардың саяси бөлімдерін құру туралы шешімі – ауыл-селодағы партиялық жұмысты өрге бастырудағы батыл да маңызды оқиға болды. Қазақстан Қоммунистік партиясы саяси бөлімдерге екі мыңға жуық коммунистер жіберді. Олардың негізгі де жетекші бөлігі тәжірибесі мол қарт коммунистер – социалистік құрылыстың ардагерлері еді. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті ВҚП (б) Орталық Комитеті, Мемлекеттік Қорғаныс Қомитетінің директиваларын басшылыққа ала отырып, республика ауыл шаруашылығын соғыс жағдайына бейімдеудің негізгі бағыттарын айқындап, нақтылап отырды.

Барлық жұмыстарды әскери мақсатқа жұмылдыруда Семей облысы Үржар ауданындағы «Таудың қызыл қырандары» ауыл шаруашылығы артелінің партия ұйымы ерекше іскерлік, ұшқырлық пен жоғары ұйымдасқандық көрсетті. Олар өздерін бірауыздан «Тұрақты Армия тылының жауынгерлеріміз» деп жариялап, республиканың бүкіл еңбекшілерін «жауды толық талқандап жойғанға дейін» әскери еңбек вахтасына тұруға шақырды. Азамат соғысының от-жалынды жылдарында революция ісіне шексіз берілгендігімен атағы шыққан «Таудың қызыл қырандарының» партиоттық үндеуі республикамыздың түкпір-түкпірінен қызу қолдау тапты.

Ауыр кезең жүгін мойымай көтерген республика ауыл шаруашылығы еңбекшілері армия мен халықты – азық-түлікпен, өнеркәсіпті шикізатпен үздіксіз жабдықтай бастады. Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облысы еңбеккерлері белгілеген мерзімінен екі ай бұрын астық жинаудың жылдық жоспарын орындап шыққаны жөніндегі мәлімет Совинформбюроның 1941 жылдың 1-қыркүйегіндегі хабары арқылы бүкіл елімізте жайылды.

1941 жылы Қазақстан Отанға 100 миллион 423 мың пұт астық, 1940 жылғыдан екі есе көп картоп өткізді.

Шығанақ Берсиев жетекшілік ететін тары өсірушілер звеносы тары жинаудан әлемдік рекордтарға қол жеткізіп, дүние жүзі халқын таң-тамаша қалдырды. Оның звеносы 6 гектар жердің әрқайсысынан 155,8 центнер ақ тары жинады.

Ұлы Отан соғысындағы тыл шежіресінің жарқын беттерін Сталинград, Ростов, Зопорожье, Воронеж, Днепропетровск облыстары, Ставрополь, Орджонйкидзе өлкелері мен Қалмақ АССР-інен көшірілген малдарды қабылдаған республиканың Солтүстік-Батыс облыстарының малшылары жазды. Қарашаның қара суығы мен желтоқсанның қақаған аязында қабылдау пункттері 133 мың бас маады қабылдап алып, оны Батыс Қазақстан, Гурьев, Ақтөбе, Чкалов (қазіргі Орынбор) облыстарының колхоздарына таратып берді. 1942 жылы республиканың Солтүстік-Батыс облыстары 564 мың бас малды қабылдап алды. 1943 жылдың күзінде мал осы мөлшерде Сталинград, Воронеж, Ростов т.б. облыстар мен өлкелердің колхоз, совхоздарына қайтарылды.

Республика малшылары 1941 жылды көптеген қиындықтарға қарамастан – табыспен аяқтады. Қазақ ССР-і мемлекетке 114 662 тонна ет (тірі мал есебінде), 283 734 тонна сүт, 28 419 мың жұмыртқа, 14 859 тонна жүн өткізіп, 1940 жылдағыдан әлдеқайда жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді. Республиканың СССР бойынша ет дайындаудағы (тірі мал есебінде) үлес салмағы – 14 пайыз, сүт – 9 пайыз, жүн 20 пайызға жетті. Партияның соғыс жүріп жатқан күннің өзінде еліміздің шығыс аудандарында негізгі ауыл шаруашылығы базасын құру жөніндегі бағыты бірден бір дұрыс бағыт болды. 1941 жылы азық-түлік пен шикізатты негізінен еліміздің Шығыс, Оңтүстік-Шығыс аудандарының, атап айтқанда, Сібір, Қазақстан, Поволжье, Орал мен Орта Азия колхоздары мен совхоздары берді. Осылар мен СССР-дің Солтүстік бөлігінің мал шаруашылықты аудандары еліміздің негізгі мал шаруашылықты базасы болды» – деп Совет Одағының Ұлы Отан соғысының тарихыңда атап көрсетілді.

Соғыстың екінші жылын ауыл шаруашылығы еңбеккерлері құрыштай берік ұйымдасқандықпен қарсы алды.

1942 жылы республика ауыл-село еңбекшілері еліміздің батысындағы жаудан азат етілген аудандарға қол ұшын бере бастады. 1942 жылдың маусымынан 1943 жылдың 1 маусымына дейін жаудан босатылған аудандарда қазақстандық 3879 тракторшы, 593 трактор бригадасының бригадирі, 106 механик, 221 комбайншы, 69 МТС директоры мен 115 агроном еңбек етіп, сол аудандардағы ауыл шаруашылығын қалпына келтіруге ат салысты. Жаудан азат етілген аудандарға көптеген тракторлар мен ауыл шаруашылығы техникалары жөнелтілді.