Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Диплом Олжас.doc
Скачиваний:
67
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
930.3 Кб
Скачать

1.2 Ұлы Отан соғысы жылдарында қазақстандық құрамалардың жеңіспен өткен жолдары

Қазақстанда ұлттық құрамалар да жасақталды. Оларды жасақтау туралы бастаманы соғыстың алғашқы қатерлі ке­зеңінде одақтас республикалар халық комиссариаттары кө­терген болатын. Осыған орай, мемлекеттік қорғаныс Ко­митеті 1941 ж. 13 қарашада қаулы қабылдады. Осыдан соң қазақстан мен Орта Азия, Закавказье республикаларында ұлттық құрамалар жасақтау жұмысы басталды. Ұлттық құ­рамалардың жауынгер құрамы, ат-көлігі, киімі, қару-жа­рағы, олар толық жасақталып, қорғаныс Халық Комисса­риатына өткізілгенше, республиканың ішкі ресурсы арқылы жабдықталатын болды. Жергілікті кеңес және әскери орган­дар жүргізген ұйымдастыру жұмысының нәтижесінде, қысқа мерзім ішінде ірі-ірі ұлттық құрамалар жасақталды. Бұл іс республика еңбекшілері тарапынан патриоттық қолдау тапты. Олардың көпшілігі өз еркімен ұлттық құрамаларға баруға тілек білдіріп отырды. Тек Семей облысынан ғана қысқа мерзім ішінде осындай тілекпен 3000 адам, оның ішінде 450 әйел өтініш берді. Мұндай өтініштер республиканың барлық жерінен де түсіп жатты. Соғыстың тек алғашқы кезеңінде ғана қазақстанда 3 ұлттық атты әскер дивизиясы, екі ұлттық атқыштар бригадасы жасақталды. Олар 105, 106, 96-атты әскер дивизиялары мен Ақтөбеде жасақталған 101, Алматыда жасақталған 100-ұлттық атқыштар бригадалары еді.

Жоғарыда аталған 105, 106 және 96-атты әскер диви­зиялары Жамбыл, Ақмола, Өскемен қалаларында үйымдас­тырылды. Алғашқы екеуі: 105, 106-дивизиялары 1941ж. қараша-желтоқсан айларында құрылса, 9б-атты әскер ди­визиясы 1942 ж. ақпан-наурыз айларында жасақталды. 96- атты әскер дивизиясы 1942 ж. сәуірде майданға жіберілді. Бірақ соғыстағы жағдайға байланысты, құрама басқа бөлім­дерді толықтыруға пайдалану үшін таратылып, әр түрлі құра­маларға бөлініп кетті.

Сол сияқты 106-атты әскер дивизиясы жасақталып болар­ болмастан, 1942 ж. наурыз-сәуір айларында таратылды.

Бұл дивизияның адам құрамы басқа әскери бөлімдерге ауыстырылды немесе олардың негізінде жаңа әскери бөлімдер құрылып, кеңес-герман майданының әр түрлі учаскелеріне жіберілді.

105-дивизия бөлімдері 1942 ж. тамызына дейін әскери даярлықтан өтіп, сонан соң майдан сапарына дайындалды. Тамыз айында атты әскер дивизиясының эскадрондары мен полктері Мәскеу түбіне жеткізілді.

1942 ж. желтоқсан айында майданда аз уақыт болған соң, Мәскеу түбінде толықтырылып, осы дивизиянын негізінде б-гвардиялық әуе десанты дивизиясы болып қайта құрылды. Ол 1942-1943 жж. Старая Русса түбінде қоршауға алынған немістің 1 б-армиясына қарсы шайқасқа түсті. 194З ж. жазында атақты Курск шайқасына қатысып, Бел­город-Харков бағытында қимыл жасады. Дивизия бұл кезде Дала майданына қарасты генерал-лейтенант А.С.Жадов басқарған 5-гвардиялық армияның басқа да құрамаларымен бірге 1943 ж. 29 қыркүйекте Кременчуг қаласын жаудан азат етті. Енді бұдан былай ол 6-гвардиялық Кременчуг әуе-десанты дивизиясы деп аталатын болды. Бұл кезде 6- гвардиялық әуе-десанты дивизиясының командирі полковник Смирнов болатын. Біздің жерлестеріміздің, әсіресе капитан Б.Доскенов басқарған батальонның ерлік істері дивизия органы «Отан абыройы үшін» газетінің 1943 ж. 5, 13 тамыздағы нөмірінде әңгімеленеді [16].

«Правда» газеті де дәл осы кезде: « ... капитан Доскенов бастаған атқыштар батальоны асқан ерлікпен тіке шабуыл жасап, жауды бірнеше маңызды бекіністерден қуып шықты», - деп жазды.