Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

69

.pdf
Скачиваний:
3
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
5.44 Mб
Скачать

жағымды тұстарын айқандап тұр. Халқымызда сонымен қатар күні-түні демалмайтын екеу: Ай және Күн бар деп есептейді және «екі» санынқосылу, толықтыру символы ретінде бағалайды. Жақсы мен жаман, ер мен әйел, күн мен түн, ақ пен қара деген әрі таяқтың екі ұшы болады. Екі санына қазақ халқының көзқарасы міне осындай болып келеді.

Даостық ұғымда қазақ халқының көзқарасына сай Жер мен Аспан, адамзат ұрпағын жалғастыратын еркек пен әйелдің киелі одағы, ақ пен қара, жарық пен қараңғылық, күн мен түн, жер шарының тепе-теңдігін сақтап тұратын екі энергия: «инь» мен «янь» ұғымдарын білдіреді. «Екі» олар үшін өсу мен дамудың белгісі, оны өсу жылдамдығы өте тез, қолданылу мүмкіндігі өте кең бамбук ағашына теңейді. «Оңай» сөзінің омонимі.«2» саны жетілу, пісу, қарым-қатынастың гармониясын білдіреді, инь-яннің бинарлы оппозициясы болып саналады. Негізінен, қытайлықтардың санасы екілік əр түрлі құбылысты екі қарама-қарсы бойынша қарастырады. Бұл құбылысты біз қытай тілінен

де байқауымызға болады. Бір нəрсенің баржоқтығын «бар немесе жоқ?» ? «қанша?» ?

(көп-аз) «қандай өлшем?» ? (кішкентай-үлкен) деп сұрайды. Демек, қытайлықтар осылайша екі

қарама-қарсылықтың дəл ортасын табуға, тепе-теңдікті анықтауға тырысады. Үйлену тойларында қос қызыл балауыздар, қос жастықшалар кездеседі. Жақсы сыйлық ретінде сіз «қос мандарин үйрегін» сыйласыңыз, ол отбасылық одақтың нышаны болады.

Қазақ ауыз әдебиетінде «үш» – өте қасиетті сан, бұл санның ерекше саналуы көнеден келе жатыр. Бұл сан халқымыздың ұлттық болмысына, санасына, салт-дәстүріне әбден сіңіп кеткен. Және «үш» санының халықтық шығармаларда, фольклорлық мұраларда өз көрінісін, айрықша қолданыс тапқанын «Жүсіп – Зылиқа» дастанынан да көреміз. Шығармада Зылиханың Жүсіпті түсінде көріп ғашық болғандығын:Жатадыүшкүн,үштүнтағамтатпай,Бірауызешадамғажауапқатпай.Әйтеуіртіршілік бар, рахаты жоқ Аһ, дейді анда-санда тыныш жатпай, – деп суреттейді. Жүсіп Зылиханың түсіне үш рет кіреді. Жалпы дастанның бойында үш саны он бір жерде ұшырасады екен. Сонымен қатар қайтыс болған адамның “үшін беру” деген ұғым қалыптасқан. Мұны ғылымда былайша түсіндіреді: адам өлгеннен кейін денеден бөлініп шыққан шыбын жан тәнді қимай, үш күнге дейін оны айналып жүреді екен. Және өлі денедегі биологиялық процестер әлі үздіксіз жүріп жататындықтан, осы кезде адамның сақал-мұрты, шашы, тырнақтары өседі. Молда өлген адамның денесін жуып, жаназа дұғасын оқығаннан кейін барып ғана жан тәнмен толық байланысын үзіп, тәннің сезімталдығы толығымен доғарыладыекен.Сондай-ақтіліміздеүшсанесіміненкелетінкульттікфразеологизмдердебаршылық. Бұлардың бәрі ескі салт-дәстүрге қатысты болып келеді. Олар: үш жұрт (жігіттің үш жұрты бар: өз жұрты; қайын жұрты; нағашы жұрты); үш қазына (ер қазынасы – жүрген із; ел қазынасы – көрсе көз; тіл қазынасы – ескі сөз); үш із (бала – артта қалған із; бақыт – ұзатылған қыз; байлық – қолға ұстаған мұз); үш арсыз (ұйқы, тамақ, күлкі). Осылардың қатарына үш дана, үш арыс, үш қат, үш жамандық, үш асыл т.б. фразеологизмдерді жатқызуға болады. «Үш қайнатса сорпасы қосылмайды» деген фразеологизм берекесіздік, бірікпеушілік деген мағынада; «үш ұйықтаса түсіне кірмеген» тіркесі көңіліне де алмаған, ойына кіріп-шықпаған деген мағынада айтылады.

Үш саны қытайлардың түсінігінде Марс арқылы басқарылады және жалынға теңеледі. «Өсу» сөзінің синонимі болып табылатын бұл сан қадірлі сандардың қатарында, бірлікпен қатар «бастауды», «шығармашылық өркендеуді» білдіреді. Үш жарық көзі: Жұлдыздар, Күн, Ай. Үш бастау: аспан, жер, адам.Үшжоғарыоблыстар:киеліжер,шынайжер,өшпесжер.Отбасындағыүш:ерадам,əйел,ұлбала. Үш бағынушылық: патша жəне құзырындағы адам, əке жəне бала, жұбай жəне əйел. Адамның үш арманы: аманшылық, ұзақ өмiр сүру, көп балалар. Үш Қытай дiндерi: конфуцийшілдік, даосизм,

буддизм. Сонымен қатар, үш санымен келетін көптеген фразеологизмдер кездеседі, мысалы, «» мағынасы «айы оңынан, жұлдызы соңынан туу» дегенді білдіреді, « » фразелогизмінің мәні«алтықабатаспан»дегендібілдіреді,яғнибіз«алты»саныментеңестіретінаспандықытайтілінде 33 саныменбайланыстырадыекен. « »тұрақты тіркесінің тікелейаудармасы «үш рет ойланып

барып әрекет ет» дегенді білдірсе,қазақша баламасы «жеті рет өлшеп, бір рет кес» деп «жеті», «бір» сандарының қолданылуымен беріледі.

Қазақта төрт құбыласы сай, яғни «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді»дегенмәтелдермағыналасболып келеді.Ертедебұлсантұрақтылықпен беріктіктің,әділдіктің белгісіболған.Олшаршыболғандықтан,әлемніңтөртбұрышын,жылдыңтөртмезгілінбілдірген.Төрт аяғы тең жорға, төрт тұрманы түгел сай деген сандық мәндер арқылы айтылатын ұлағатты ұғымдар бар. Төрт кітап: Мұсаның кітабы – Таурат, Дәуіттің кітабы – Забур, Исаның кітабы – Інжіл, Мұхаммед пайғамбардыңкітабы – Құран. Төрт асыл: иман, намаз, ілім, мейір-шапағат. Төрт дария: Ніл, Фират, Жейхун (Амудария), Сейхун (Сырдария). Қазақта Жаратқан Иеміз Адам Атаны жаратқанда өлім, ләпсі, ашу, нәпсіні, яғни төрт нәрсені адаммен бірге жерге жібереді деген ұғым бар. Сонымен бірге

101

дүниеге жаңа келген нәрестенің тағдырына жақсылықты, жамандықты, рызықты және өмірді жазған. Төрт түлік мал, яғни қой мен ешкі, сиыр, жылқы, түйе. Төрт түлік мал қазақтың бірден-бір күн көріс көзі болып табылған. Қазақ халқының өмірін төрт түлік малсыз елестету мүмкін емес. Қазақ халқының ұғымында дүниені құраушы төрт түрлі тек бар, олар: жер, су, жел, от. Шындығында, қазіргі ғылыми түсінік бойынша, бұлар заттың төрт күйі. «Жер» – қатты зат, «су»– сұйық зат, «жел»– газ тәрізді, «от»

– плазмалық күй. Осы төрт затты төрт түлік малдың негізі деп түсінген. Жылқы – желден, қой – оттан, түйе – сордан (жер), сиыр – судан жаралған деген түсініктерде құнды ой жатыр. Ал қытайларда төрт саны олардың үрейін ұшыратын сан. Олар төрт саны бар жерге жоламауға тырысады, өйткені

қытайларда төрт – «өлім» « » сөзінің омонимі. Шынымен де қытайлар осы санды көп қолдана

бермейді. Тіпті биік ғимараттарда төрт және он төрт, яғни осы сан кездесетін әр қабатты салмай кетеді екен. Бұл санға «табу сөз» ретінде қарап, мектеп, аурухан сынды қоғамдық орындарда қолданбайды. Сонымен, төртқасіретсаны, бақытсыздық, сәтсіздіктің белгісі болыпсаналады. Дегенмен, бұлсанны ертеректесәттісандардыңөатарындаболғанынСуШеннің«Қытайиероглифтерініңшығуы»еңбегінен байқауға болады. Төрт мифологиялық бастаманы білдіреді: Жер, Аспан, Күн және Ай. Төрт мифологиялық жануар: Жалғызмүйіз, Феникс, Панголин және Айдаһар. Қытайлықтардың жұп сандарға деген оң көзқарасы, төрт санының жағымды тұстарын да көрсетіп, оны шамға теңеп – бір қалыпты, жарық, ішінде жалын болса да, сырты жайма-шуақ деп есептейді.

«Бес» саны жоғарыда айтылған төрт бастаманың ортасында орналасып, жан-жағын басқарып тұрады. Қазақта бес нәрсені баянсыз – бұлттың көлеңкесі, еңбексіз келген байлық, қоқақтың достығы, жалған мадақ, опасыздың махаббаты деп түсінген. Қазақ халқы тілді, дінді, тарихты, дәстүрді, атамекенді бес анық деп атаған.

Абай атамыздың өлеңінде «Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рақым ойлап қой, Бес асыл іс көнсеңіз. Өсек, өтірік, мақтаншақ, Еріншек, бекер мал шашпақ, Бес дұшпанды білсеңіз.» деп, бес саны жайлы айтып кеткен.Айналадағы болатын барлық құбылыстар мен өзгерістерді қадағалайды деп саналатын негізгі бес планета бар – Меркурий, Венера, Марс, Юпитер және Сатурн. Жер бетінде бес негізгі элемент бар – су, металл, от, ағашжәне топырақ. Адамда бес негізгі сезім мүшесі бар. Бестік шарықтау шегіне жетудің белгісі. Бес саны күшті, белсенді де сабырлы және биіктен көрінер сан болып есептелінеді. Сондықтан оны белеске теңейді.

Қытайларда ерекше көңіл мен сипатқа ие негізгі сан – бес саны. Қытайлықтардың тақ сандарға деген теріс көзқарасына қарамастан, «5»өте сəтті сан болып саналады, қытай дəстүрлі дүниетанымы

бесбасты стихиямен байланысты(жер,су, ағаш, от, металл). Қытайдыңалуан түрліқұбылыстары беспенбайланысты:бастыбестүс,бесдəмсезулер,дүниеніңбесбөлігі(орталықтықосқанда),алқытай музыкасы бес пентатоникаға негізделе құрастырылған.« » фразеологизмі «бүкіл

қиындықты артта қалдыру» деп аударылады, « » тұрақты тіркесі тікелей «50 қадам, 100

қадамға күліпті»деп аударылса, қазақша эквиваленті «Жығылған сүрінгенге күледі» деп беріледі. Қазақта адамның күнделікті өмірде алты парызы бар. Біріншісі адамдардың бір-біріне сәлем беруі,

екіншісі шақырса бару, үшіншісі кеңес сұраса – ақыл қосу, төртіншісі кез келген адамның сұрағына жауап беру, бесіншісі ауырып қалған адамның көңілін сұрау, алтыншысы қайтыс болған адамның жақындарына көңіл айту. Ақыл, білім, жомарттық, әділдік, шыншылдық, кең пейіл – адамның алты асқары.Алтысаныдүниеніңжаралуынбілдіреді.Алтысаны– жетістіктің,еркіндіктіңбелгісі.Сонымен бірге қытайлықтар үшін әсемдік пен үйлесімдік саны.«6» саны ағу мағынасындағы сөздің дыбысталуымен сəйкес келеді. «6» санының мағынасын кез келген істің тегіс жүруі, сəтті болуымен байланыстырады.Адамдардың ара-қатынасы ойдағыдай болу үшін, қытайда отау құрған кезде «6» саны кездесетін күнді белгілен. Сонымен қатар бұл санның сәттілігінің белгісін, қытай тілінде осы

санмен байланысты фразеологизмдердің көп кездесуінен байқалады, мысалы,« » «сәттілік шақыру», « » «тас бауыр, тас жүрек»,« » «сүйенер алты танысы жоқ».

Жеті саны да киелі мәнде халық санасына, ұлттық ұғымға мықтап бекіген. Бұл санның тұрмыстіршілікте, халық фольклорында, діни ұғымдардағы маңызы ерекше. Оған дәлел, аптада неше күн бар

– жеті, аспан неше қабат – жеті, жер неше қабат – жеті. Міне, қызық, бәрі де жеті. Нөсерден кейінгі жаратушының жаршысындай жауынмен жарысып шығатын кемпірқосақтың түсі – жеті, осыған қоса жинақтау сандары да жетімен шектеледі: біреу, екеу, ұшеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу. «Сегізеу», «тоғызау»болыпайтылмайды.Міне,айтаберсек«жеті»санының«сиқырын»сипаттайтынқұбылыстар жетерлік. Қазақ халқының салт-дәстүрінде де жеті санының орны бөлек. «Жеті атасын білмеген – жетесіз», «жеті атасынбілгенұлжетіжұртқажөнайтар», «жеті жұрттыңтілінбіл,жеті түрлібілімбіл» немесе «жеті атадан әрі ғана қыз алысу заңы», яғни араға жеті атаны салып құда түсу әдеті ғасырлар бойысақталыпкеледі.Жетісаныкейдежақсылықпенбайланыстырылыпайтылса,кейдежамандықпен

102

де байланысып жатады. Мысалы, қазақ «жұт жеті ағайынды» дейді. Бұл тіркес халықтың басына аласапыран заман туып, ашаршылық, бүліншілік, індет, ауру келсе айтылады. Халық жеті жұтқа мыналардыжатқызады:құрғақшылық,жұт(малқырылу),өрт,оба(ауру),соғыс,топансу,зілзала.Жеті санына байланысты культтік фразеологизмдер басқа сандарға қарағанда жұмсалу өрісі кең. Оларға: жеті ғашық, жеті шәріп (әулие); жеті қазына, жеті ғалам, жеті күн, жеті жұт, жеті жоқ, жеті қат көк т.б. жатқызады. Сондай-ақ қазақ салтында қайтыс болған адамның жетісі деген ұғым бар. Жетісі – шыбын жанның о дүние есігін алғаш ашып, ақыреттің тозақ оты алдында жауап беруі. Ғылымда бұл өлі денедегі қанның ұйып, ал ұйымағаны денеден әр түрлі жолдармен сыртқа бөліну кезеңі деп аталады. «7» саны «бірлік» деген мағына береді. Қарым-қатынас үшін сəтті сан. Қытай мəдениетінде жақсы сан

болуының тағы бір себебі дыбысталуы жағынан « » (qi) «пайда болу» сөзінің баламасы ретінде

танылғандықтан деп түсінуге болады. Сонымен қатар бұл санның жағымсыз жағы да бар. Оның спиритизм жəне қиялмен байланысы бар деген ұғым бар. Қытай күнтізбесі бойынша жетінші айды

«аруақ айы»деп атайды. Бірақ айдың жетінші күні Қытай Ғашықтар Күні ( Цы Си). Сондықтан да

«7» саны сəтсіздікке байланысты емес. Қытайдың көп өңірлерінде «7» саны бейтарап немесе сəттілік əкелетін сан болып саналады.

Көне заман адамдары сегіз санын сенімділіктің, шыңдалудың шыңы деп есептеген. Сегіз саны сегіз төбесі бар кубты білдіреді. Сегіз санының құпиясы әлемдегі мәңгілік үздіксіз қозғалысты білдіреді. Сегіз саны – мәңгілік символы. Символдық белгісі қос квадрат, егер оны бөлсе онда ол тең екі бөлікке бөлінеді. Тағы да бөлгенде, ол тең төрт бөлікке бөлінеді (2, 2, 2, 2). Сегіз саны дыбысталуының арқасында ерекше құрметке ие. Сегіз санының омонимі – «гүлдену,байлық». Бұл қытайлардың ең сүйікті саны. Сондықтан «Арты гүлденуге әкелсін» деген ниетпен 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының ашылу уақыты 8-ші айдың 8-ші жұлдызы сағат 8-ден 8 минут 8 секунд өткен мезгілде белгіленеді, бұл олардың қанжығасына бірнеше алтынды алып келді. Қазіргі кезде «сәтті телефон нөмері» деген «8» саны көп кездесетін нөмерлерді қытайлықтар қыруар ақшаға алып, компаниялар біраз пайда табуда. «8» санына деген сенім бірнеше адамдарды байытып,компаниялардың гүлденуіне әкелді.

Тоғыз саны да қазақтың ескі салтынан орын тепкен қасиетті сан. Бір рудың екінші руға, бір кісінің екінші кісіге сыйлайтын сыйының, кейде төлейтін айыбының «бір тоғыз», «үш тоғыз», «тоғыз тоғыз» болып келуі осыны толығымен айқындайды. Тоғыз сөзімен байланысты культтік фразеологизмдер: «тоғыз құмалақ» – қазақтың ұлттық ойыны, «тоғыз қатынның толғағы қатар келді», «тоғыз жолдың торабы», «тоғыз қабат торқа», «тоғыз айып тартты», «тоғыз қырлы, тоқсан сырлы», «тоғыз жау» т.б. Мысалы: Ахмет бас болған жерде бас болып, жас болған жерде жас болып, мас болған жерде мас болып,тоғызқырлытоқсансырлыжігітағасыдеугетолықлайықболыпжүрді(С.Торайғыров).Жалпы, бұл жердегі тоғыз санының қолданылу ерекшелігін дыбыстардың үндесуі тұрғысынан түсіндіруге болады. Мысалы, «тоғыз жолдың торабы» деген тіркестегі т дыбысы дауыссыз болғандықтан, осы дыбыстан басталған сөздерге ерекше әсер беріп, екпін түсіп айтылады. Сол сияқты «тоғыз қабат торқа», «тоғыз қырлы, тоқсан сырлы» т.б.

Қытай тіліндегі «9» санының жəне «ұзақ», «мəңгілік» деген сөздерінің дыбысталуы бірдей. Тоғыз санының мағынасы өте жақсы. «99» өте сəтті жəне тұрақтыға жақын деген мағынада кеңінен танымал. Аспан асты елінің айтуы бойынша, «Аспан мəңгілік. Сондықтан көптеген нышандар, атау жəне фирма логотиптерінде9саныəртүрлівариациядакездеседі.«9»саныəлемнің«9облыстарымен»,əлемдіалып жатқан 9 шаршымен тығыз байланыста деген сенім бар. Тоғыз Қытай мəдениетіндегі жалпы варварларға қарсы жəне олардың «əдет-ғұрыптарына» қарсы түсінік. Кейбір ауылдарда қытайлықтар сыйлықты ақшалай сыйлағанда, қалыңдық төлегенде тоғызға еселік соманы төлейді. Тоғыз император билігінің құдіреттілігі, мəңгілігінің нышаны болып саналады. Бейжіңдегі атақты Гугун император сарайында«тоғызайдаһарлар»қабырғасытұр.Фармацевтикалықфирмалардыңсəттіатауларыныңбірі «999» болды. «Сиқырлы сандар» арқасында ол əбден танымал болды. Қаситетті сан болып «81» саналады, себебі оның қосындысы «9» болады. «Шифрланған» «81» санын Қытайда барлық жерде кездестіруге болады, мысалы, монастрьлерде немесе үлкен шіркеулердің қақпаларында «81 алауды» көруге болады.

Кейбір сандардың қосындысына мəн берілгені дұрыс. Мысалы, «3»пен «8» санының қосындысын қолданбаукерек.Қазіргізаманда«3»«8» мағынасы«топас»,əйелдіңөтежаманмінездемесінежиі

қолданып жүр. Мысалы, 9413: 9 өлім 1 өмір, яғни 90% өлу қаупі, 10% тірі қалу. 521: wu er yi

деп дыбысталады. Ол дыбысталуы жағынан Wo Ai Ni, яғни «Мен сені сүйемін» мағынасымен мағыналас келеді. Міне, күнделікті өмірде математикада, түрлі есептеулерде қолданылатын, бірақ аса мəн беріле бермейтін сандардың да өзіндік ерекшелігімен мəн-мағынасы бар екен.

103

Қазақта киелі, ерекше қасиетті деп есептелетін сандар қатарына «қырықты» да жатқызады. «Қырық» саны халықтық мұраларда, салт-дәстүрде, тұрмыс-тіршілікте кеңінен қолданыс тапқан. Мәселен, «қырықтың бірі – қыдыр», нәрестені қырқынан шығару, қайтыс болған адамның қырқын беру, бойы бір қарыс, сақалы қырық қарыс т.б. «Қырық» адамға қатысты қолданылатын мынадай тіркестерде сақталған: бір кісі таққа отырса, қырық кісі атқа отырады, ақылы қырық кісілік т.б. Қырық сан есімімен келетін фразеологизмдер: қырқына шыдаған соң, қырық біріне де шыда, қырықтың бірі – қыдыр, қырықтың қылауынан қырық қабаттанып отырды, қырық саққа жүгіртті, қырық пышақ болды, қырық қалта, қырық құбылды, қырық қазанның құлағын тістеді, ертегілерде қырық күн ойын, қырық күн тойын жасады, қырық күн жол жүріпті, тазшаның қырық өтірігі т.б. Діни эпос әлеміне тынбай саяхат жасаушы ғалым М.І.Әбдуов «қырық» санын адамның жаратылу уақыты дейді. «Қырықтың бірі

– қыдыр» деген нақылдың мағынасы адамзаттың бірі – Қыдыр деген түсінікті береді. 41 құмалақтағы «Бір» – Жаратушы Алланың, «қырық» – жаратылыстың абзалы Адамның құрметіне алынған». Мақалмәтелдерде қолданылатын қырық саны «әншейін» сан емес, «киелі» мөлшер екенін көрсетеді. Қазақ «қырық күн шілде» деп жаз айының нағыз аспан айналып жерге түсер ыстығын айтқан. Қырықтың өлшем бірлігі болатынын мына мысалдардан да көруге болады: «жақсы ата жаман балаға қырық жылдық азық», «қырық жамау» немесе «қырық құрау», «қырық тесік» – әбден тозығы жеткендікті білдіреді т.б. Қазақта «қайтыс болған адамның қырқын беру» деген ұғым бар. «Қырық күн» – шыбын жанның, яғни рухтың о дүние сотына қаза жауабын беруінің басталуы. Медицина бұл уақытта тән ыдырап-сөгіліп, толық бұзыла бастайды деп есептейді. Қытай тілінде «73», «84»сандары сәтсіз сандар болып есептеледі, оған негіз болатын бұл сандардың айтылуы. Бұлар көбіне «өлім шақыру» деген сөзбен ұштасады, сол себепті қарттар бұл жасқа келгенде, өздерінің шынайы жастарын айтпай, 84 болса не 83, не 85 жастамын деп айтқан. Бұл сандардың табу болуына тағы бір себеп - Қытайлықтарда ұлы тұлға есептелетін Кун-зы мен Мен-зы ғұламалар осы жастарында дүниеден озған.

Міне осылайша, Қазақ халқы мен Қытай елінде сандарға деген үлкен мән беріліп, олардың бірі кең қолданысқа иеболса, мүлдемқолданыстан алыныпқалуғажеткен.Ал,бұғаннегізбұлсандардыңмәні мен сипаты, оған деген сенім. Қазақ халқында «Киелі, қасиетті» саналатын сандардың бірі Қытай елінде сәтті болса, бірі сәтсіз сан ретінде қаралып қолданылмай жатыр. Міне осыдан әрбір ұлттың, халықтың нанымында санға деген көзқарастың, оның мәнін, мағынасын ұғынуға деген басымдықты байқауға болады. Әрине халқымның нанымына сай, кей-кезде менде сандарға мән беріп жатамын. Өзімнің сүйікті санымды сәтті деп ойлаймын, ал сіз ше? Сіз де санға, оның сиқырына сенесіз бе?

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Ахметжанова Ф.Р., Дүсіпбаева Қ.С. «Қасиетті сандар қатысқан ескіліктері» ғылыми басылым, Өскемен 2001 ж.

2.А.Александров. «Большая книга цифрового анализа».2016 г

3.Қаирбаева Қ.Т. Қазақ тіліндегі этномәдени атаулардың символдық мәні. Филол. ғылым. канд. диссертациясы. –

Алматы, 2004. – 178 б.

4.Қырық бір құмалақ.– Астана: «Астана» Баспагерлік-шығармашылық орталығы, 2001. – 19 б.

5.https://habrahabr.ru/company/abbyy/blog/118654/

104

Әбдібек Ару

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қиыр Шығыс кафедрасы «Шетел филологиясы: корей тілі» мамандығы, 4-курс студенті Ғылыми жетекші:

аға оқытушы Амирбекова У.А.

АНАТОЛИЙ КИМНІҢ «СОЛОВЬИНОЕ ЭХО» ШЫҒАРМАСЫНДАҒЫ МАГИЯЛЫҚ РЕАЛИЗМ

Өте дарынды, әрі шығармалары құпия сырға толы орыс жазушысы Анатолий Ким шығармашылығы қазіргі әдеби үдерісте ерекше орынға ие. Анатолий Ким әдеби дамудың анағұрлым өзекті үрдістерін дөп басып, аса бір сезімталдықпен түсіне алатын жазушы. Әдеби сыншылардың пікірінше, ол өз шығармаларында мифтерге, тәмсілдерге, ертегілерге – яғни, бастапқы көркем формаларға жүгініп, өнердің басқа түрлерінің әдістерін, соның ішінде интермедиальды поэтиканы сәтті пайдалана алады.

Анатолий Ким тек жазушы ретінде ғана емес, сонымен қатар драматург, сценарист, аудармашы, тарихи-құжаттамалық шығармалардың авторы ретінде де танымал. Ол «Плач кукушки» (1984), «Прошло двести лет» (1986) пьесаларының, режиссер Ермек Шынарбаевтың «Сестра моя Люся» (1985), «Выйти из леса на поляну» (1988), «Месть» (1990), «Человек уходящий» (2007) фильмдері сценариінің авторы. М.Әуезовтың «Абай жолын», Ә.Нұрпейісовтің прозасын аударған. Анатолий Ким Қиыр Шығыстан Қазақстан мен Орта Азияға жер аударылған корейлердің естеліктері, куәлік берулері мен партия мұрағаттарынан алынған құжаттар жинақталған «Туда, где кончается солнце» кітабының құрастырушысы. 2005 жылы «Орыс славянистикасы саласындағы ерекше жетістіктері үшін» деп аталатын Яснополяналық жүлденің иегері атанды [1.28].

Анатолий Ким ұлты корей болғанымен, қазақ жерінде туған орыс жазушысы. Сондықтан, біз өз жұмысымызда Анатолий Кимді ТМД елдеріндегі корей диаспорасының өкілі ретінде қарастырып, оның шығармашылығының ерекшелігіне шолу жасамақпыз.

Анатолий Ким шығармашылығына латынамерикандық магиялық реализм ерекше ықпал еткендігі белгілі. «Магиялық реализм» терминін алғаш рет неміс өнертанушысы Франц Роһ бейнелеу өнеріне қатысты ұсынған болатын. Кейін оны Ортего-и-Гассет қолдап, ол қазіргі заманғы прозаның, соның ішінденегізіненлатынамерикандықпрозаныңкөптегенхалықтардыңқызығушылығынтуғызғанәдеби ағымдардың біріне айналды. Әдеби бағыт ретіндегі магиялық реализм туралы әңгіме қозғаған кезде, әлемәдебиеттанушыларышынайылықпенойданшығарылғандықтың,күнделіктіменертегінің,ақиқат пен таңғажайыптың қосындысы, қоспасы туралы айтады [2.135].

ХХ ғасыр феномені ретінде пайда болған «магиялық реализм» ұғымы көбінесе латынамерикалық прозаның сипаттамасы ретінде қолданылып, оның ұлттық ерекшелігінің маркері сипатында әрекет етеді.Мысалы,А.Ф.Кофман«магиялықреализм»ұғымықызметініңаясынбелгілеп,онынақтыұлттық әдебиет шегімен шектеп, оған «латынамерикалық ойлаудың константасы» мәртебесін береді [3.183].

«Магиялық реализм» түсінігі, ең алдымен, колумбия жазушысы Габриэль Гарсия Маркестің шығармашылығымен байланыстырылып, жаңа кезеңдегі орыс және қазақ әдебиеті үшін де аса маңызды болып табылады. Отандық және ресейлік әдебиетте бұл феномен жекелеген жазушылардың шығармашылығында көрініс тапқан. Қазақ әдебиеті бойынша мысал ретінде Оралхан Бөкеев шығармаларында магиялық реализмнің көрінісі бар деп айтуға болады. Сонымен қатар, әдебиет зерттеушілері қырғыз бен қазақ халқының төл жазушысы ретінде әлемге танылған Шыңғыс Айтматов шығармашылығынан да мифтендірудің жаңа толқынын байқаған екен [4.24]. Орыс ғалымы К.Н.Кислицын «орыс магиялық реализмі ХІХ ғ. реалистік прозасы мен ХХ ғ. басындағы әдеби үдерістен бастау алады деп айтуға болады» - деп көрсетеді [5.274].

Орыс әдебиеттану ғылымына келер болсақ, «магиялық реализм» түсінігі туралы алғаш мәлімет 1932 ж. Парижде шығарылған «Числа» журналында жарияланды. Аталған журналда С.Шаршунның «Магиялық реализм» атты мақаласы жарық көрді. С.Шаршун өзінің ізашарларының әдеби-теориялық пайымдауларының ықпалында болды. Мақаланың маңыздылығы – онда орыс әдебиетіндегі магиялық реализм өкілдерін тауып, оларды белгілеуге ұмтылыс жасалғандығында. Ол Гогольді орыс магиялық реализмінің негізін қалаушысы ретінде қарастырады [6.230].

Магиялық реализмдегі романтикалық «қос әлемділік» өз шекарасын кеңейтіп, қос қабаттас әлемдердің қайта жүйеленген идеяларынан жаңа әлем картинасы пайда болды. Оған сәйкес болмыс

105

көп өлшемді. Сондықтан, магиялық реализм үшін бағзы замандарда пайда болған, өз дамуының әртүрлі сатыларындағы барлық ұлттық мәдениеттерге тән бейнелеу сиқыры мен сөз сиқырына сену өзекті болып табылады.

А.Ким шығармашылығын зерттеушілер оның басты ерекшелігі ретінде мифке бағытталғандығын атап көрсетеді. Үйлесімділік пен тәртіптілік бағытына ие мифке жүгіну – ойлау жүйесіне шексіз ғарыштықтәнжазушыүшінзаңдылықболыптабылады.А.Кимніңкөркемшығармашылықтабиғатына сай ол мифтерді «өмірдің мәні, тарихтың мақсаты, өлім құпиясы» сияқты жалпыға ортақ метафизикалық мәселелерді шешуге бағыттайды. Анатолий Кимнің «Соловьиное эхо», «Отец-лес», «Белка» және т.б. шығармаларынан да романтикалық «қос әлемділікті» байқаймыз. «Соловьиное эхо» шығармасының бас кейіпкері Отто Мейснердің басынан кешкендері мен шексіз қиялдаулары оқырманды баурап алып, бейнелеу сиқыры мен сөз сиқырының тұңғиығына алып кетеді.

Біз қарастырып отырған шығармада мифологиялық реализм әр қырынан көрінеді, ол уақыт пен кеңістіктіараластырыпжібереді,уақыттантысшығыпкетеді,баяндаудыңқұрылымынамифологиялық персонаждар мен жекелеген мифологемаларды ендіреді. Мысалы, Отто Мейснер 1912 жылы жаздың жаңбырлы түнінде өзен өткеліндегі дымқыл көпірдің үстіне тап болды. Шығармадағы бас кейіпкердің есімінен бастап барлық атаулардың аттары ерекше. Отто Мейснер немістерге тән есім. Мейснер – дворяндар тұқымының фамилиясы. Отто Мейснер жүріп келе жатқан әлсіз көпір ежелгі грек мифтеріндегі Стикс өзенінің үстіндегі көпірдей. Стикс ең алғашқы қорқынышты құбыжық пен түнектің бейнесі, олардан алғашқы тірі жанды пенделер пайда болған. Өліара кезіндегі Стикстің үстіндегі әлсіз көпірден өтіп бара жатқан Отто Мейснер жақын маңнан, жаңбыр дауысы мен өзен суының арасынан мәңгі өлмейтін Харонды сезгендей болады. Мәңгі өлмейтін Харон да грек мифологиясынан. Ол Стикс өзені арқылы Тартарға – өлілердің жер асты патшалығына – олардың рухын, жанын тасушы.

«Соловьиное эходағы» баяндау біресе Отто Мейснердің атынан, біресе оның немересінің атынан баяндалады. Олар бір-бірін ешқашан көрмесе де әртүрлі заманда өмір сүрсе де, бір-бірімен тілдесе алады.Яғни,олардыбайланыстыратынсиқырлыбіркүшбардеугеболады.Олкүштабиғатта.Мейснер аспандағы жұлдыздарды өзінің немерелері деп санайды. Ол туралы Ольга екеуі некелескеннен кейін жарқабақта жалғыз тұрған жабайы алма ағашының түбінде жас жұбайын ұйықтатып отырған кезде айтады.

Шығарманың сюжеттік өзегі магистр Отто Мейснердің ауқатты, дәулетті атасы Фридрих Мейснердің оны жер шарын айналып, саяхаттап келуге жіберген оқиғасынан тұрады. Біз қарастырып отырған «Соловьиное эхо» шығармасында су мифологемасы ұсынылған. Су – ежелден келе жатқан тазалықтың, құнарлылықтың, өмірдің, туылу мен қайта туылудың символы. Сондай-ақ, күнәдан арылудың да құралы. Су емдік қасиетке ие. Сондықтан болар шығармадағы оқиғалардың барлығы сумен байланысты.

Анатолий Кимнің шығармаларында мұндай образдар жиі ұшырасады. Тіпті шығармадағы әрбір антропоним, әрбір топонимнің пайдалануының астарында терең сыр жатыр деуге болады. Жазушы солар арқылы оқырмандарды өзінің ерекше әлеміне тартып, өзінің әлемде болып жатқан жаман нәрселерге пәлсапалық тұрғыдан қарсылығын білдіретіндей. Ол болашаққа сенеді. Оқушыларға тарих сабағынан дәріс беретін Отто Мейснердің немересі зұлымдықтың ұмыт болып, Ізгіниеттілік, Мейірімділік пен Шығармашылықтың біртұтас шынжырының үзілместей болып жалғасатындығына сенеді. Сол кезде нағыз сиқыршы – мамырдың жанға жайлы жылы кеші мен бұталардың арасынан сыбызғының сыңғырындай ән салған бұлбұлдар үнінің жаңғырығы келеді. Жазушының ой-қиялынан туындаған кейіпкер өзінің нағыз «Мен» дегенін тапқан адам. Дүниетанымы өзгерген, кең ауқымды ойлайтын тұлға. Шығарма Отто Мейснер мен немересінің арасында болған диалогпен аяқталады. Бұл әңгімелесу шынайы өмірде емес, немересінің қиялындағы дидарласу.

Анатолий Ким – әртүрлі бағыттардың тоғысында жұмыс істейтін, терең синтетикалық ойлау жүйесін меңгерген жазушы. А.Ким үшін сол немесе басқа бір мифологиялық образдың, мотивтің, тәсілдің «таңбалық» мағынасы маңызды. Олар баяндауға біресе жекелеген, біресе жалпылаған белгілер, нышандар ретінде өріледі. Осылайша, жазушы адам өзегі болып табылатын өзінің авторлық әлем үлгісін жасайды.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Грушевская В.ЮЮ. Художественная условность в русском романе 1970-х - 1980-х годов. Автореферат на соискание ученой степени кандидата филологических наук. Екатеринбург. – 2007. – С.28

2.Цыренова Д.С. Магический реализм в творчестве Мо Яня. – Вестник Бурятского госуниверситета. – 2010. – № 8. –

С. 134-137

106

3.Кофман А.Ф. Проблема «магического реализма» в латиноамериканском романе / А.Ф.Кофман // Современный роман. Опыт исследования. – М.: Наука, 1990. – С. 183-201.

4.Белонучкина М.Д. Концепты «слово», «музыка» и «любовь» в прозе А.Кима / Учительская газета. – 2000. – № 38. –

С.24

5.Кислицын К.Н. Магический реализм / С.Н.Кислицын // Знание. Понимание. Умение. − 2011. − № 1. − С. 274–277.

6.Шаршун С. Магический реализм / С. Шаршун // Числа. – 1932. − № 6. − С. 229-231.

Әшімхан Д.Е.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 2курс магистранты dana.qwerty@mail.ru

Ғылыми жетекші:PhD Батырхан Б.Ш.

«АБАЙ ЖОЛЫ» РОМАН-ЭПОПЕЯСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ БАС КИІМ АТАУЛАРЫНЫҢ ПАРСЫ ТІЛІНЕ АУДАРЫЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Мақалада Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясында кездесетін қазақ халқының ұлттық бас киім атауларының парсы тіліне аударылу мәселесі қарастырылады. Бұл мақалада қазақ халқының мәдени ерекшеліктерінің, көшпелілер мәдениеті көрінісінің құрамдас бөлігі болып табылатын киім атауларының парсы тіліне қандай әдіс-тәсілдер арқылы аударылғаны сараланды және талданды. Осы талдаудың негізінде қарастырылған тағам атауларының әрқайсысының аудармасының ең сәтті нұсқасын анықтауға әрекет жасалды.

Түйінсөздер:«Абайжолы», ұлттық бас киім атаулары, парсытілі, ұлттық нақыштағысөздерді аудару.

Әр этностың ұлттық киімі өзінің шаруашылығын, тұрмыстық өмірін, ұлттық дәстүрін, мәдени ерекшелігін, ұлттық мінезін, ұлттық дүниетанымын танытады. Киім-кешек адамдарға әлеуметтік және этикалық қызмет атқарады. Адамның үстіндегі киіміне қарап әлеуметтік жағдайын, жыныстық ерекшелігін, жас мөлшерін, этникалық ортасын аңғаруға болады. Осыған байланысты қазақ халқының ұлттық киімдері жас және жыныс ерекшеліктеріне сәйкес мынадай түрлерге бөлінеді: сәби киімі (иткөйлек, сылаутақия), бала киімі (кепеш, малақай, құлақшын, жейде, дамбал, шалбар, етік, бешпент, шапан), бозбала киімі (тақия, етік, жейде, шалбар), бойжеткен киімі (желбіршекті көйлек, тақия, кәзекей),қалыңдықкиімі(сәукеле,желек),келіншек,бәйбішекиімі(көйлек,кимешек,жаулық,камзол, кебіс, мәсі, көкірекше), күйеу, жас жігіт, ақсақал киімдері (шапан, ішік, бешпент, сырма шалбар, ақ жейде, дамбал, саптама етік, кебіс, мәсі) т.б. Сол сияқты той, жиын, аза кезінде киетін киім түрлері де болған. Киім сонымен бірге этникалық (рулық, жүздік, аймақтық т.б.) және жалпы ұлттық ерекшеліктерді бейнелейді [1, 66-67].Демек, этностың өткен жолы тілдің этномәдени қорында сақтаулы. Сондықтан дақазақ халқытуылғанда «иткөйлектен» бастап, өлгенде «ақыретке» дейін денесін киім-кешекпен қымтап, адам өмірі үшін аса маңызды киімнің жасалуына үлкен мәнберген. Оны қажетіне тұтына білуіне этностың талғамы мен танымы өтежоғары болған[2].

Ұлттық бірегейлік – халықтың ерекшеліктерінің көрсеткіші.Әр ұлттың мәдени болмысының көрсеткіштерінің бірі сол халықтың ұлттық киімдері болып табылады. Қазақ халқының ұлттық киімдеріне тарихи, экономикалық, әлеуметтік және климаттық жағдайлар әсер етті.Әдетте киім жылдың төрт мезгіліне арналып тігілген. Ғасырлар бойы қазақтың ұлттық киімдері қарапайымдылық пен ыңғайлылығымен ерекшеленді.Халықтың барлық сегменттері үшін белгілі бір әлеуметтік топтарды реттеуді жүзеге асыратын жалпы нысанымен сипатталды.Киімге аң терісі, кесте және әшекейлермен безендіру көрік берді.Киімдерді тігуде қолданылатындәстүрлі материалдарды қазақтар өздері жасаған, оған былғары, жүн, жұқа киіз, маталар жатады. Сондай-ақ, киім-кешек импортталған жібек, барқыт, баршын сияқты маталардан да тігілген. Сондай-ақ мақта мата кеңінен қолданылды.

«Бөрік» сөзінің аударылуы

Ұлтымыздың бас киімдерінің тағы бірі -бөрік. Бөріктің сырты мақпал, пүліш, барқыт сияқты қымбат маталардан тігіледі. Оның жазғы, қысқы түрлері де болады. Жиегіне қымбат бағалы аң және мал терілері ұсталады.

«Бөрік» сөзінің орыс және парсы тілдеріне қалай аударылғанын қарастырайық.Төмендегі мысалдардан бөрік сөзінің орыс тіліне «шапка», «шапочка», «девичьи шапочки» деп генерализация

107

әдісі арқылы аударылғанын көруге болады. Ал парсы тіліне орыс тіліненсөзбе-сөз аударылған: هﻼﮐ(бас киім), ﮏﭼﻮﮐ هﻼﮐ(кішкентай бас киім), ﮫﻧاﺮﺘﺧد یﺎھ هﻼﮐ (қыздар киетін бас киім).

Түпнұсқа:

«Қоңыр жүзi қызарып, төмен қарап қысыла күле берiп, бөркiн айналдыра бастады.» [3, 5]

Орыс тіліндегі аударма:

«Смуглое лицо подростка раскраснелось от сдерживаемого смеха и он, опустив голову, начал вывертывать свою шапку.»[7, 23]

Парсы тіліндегі аударма:

[9, 12] .ﺪﺷ ﺶھﻼﮐ ندﺮﮐ ﺐﺗﺮﻣ مﺮﮔﺮﺳ و ﺖﺧاﺪﻧا ﻦﯿﯾﺎﭘ ار شﺮﺳ

«Тымақ» сөзінің аударылуы

Тымақерлердіңқысқы бас киімі. Оны аңның, малдың терісінен тігеді.Тымақтың мынадай түрлері болады: түлкі тымақ, елтірі тымақ, сеңсең тымақ, пұшпақ тымақ.

«Абай жолында» кездесетін тымақ сөзінің орыс және парсы тілдеріндегі нұсқаларында қалай тәржімаланғанын қарастырып көрейік. «Тымақ» сөзі орыс тіліне көп жағдайда «шапка» және «малахай» сөздерімен берілген. Алайда, романның орыс тіліндегі нұсқасында «тымақ» сөзі бір жерде транслитерация арқылы «тымак» деп аударылған екен: «Базаралы, который приехал на тощем коне и в поношенной одежде, сшить новый чапан, тымаки кожаную обувь.»[7, 411].

Ал парсы тіліне генерализация әдісі арқылы тек هﻼﮐ(бас киім) деп аударылыпты. Бұл жағдайдан «тымақ» сөзінің парсы тіліне қазақтың басқа да ұлттық бас киім атаулары (бөрік, тақия, кимешек) сияқты жалпылама бір ғана هﻼﮐ(бас киім) сөзімен тәржімаланғанын көруге болады.

Түпнұсқа:

«Жұмабайдың қалың қара тымағын көзіне қарай баса кигізіп жіберіп, сол сәтте шоқпарға жармасты.»[3, 5]

Орыс тіліндегі аударма:

«Незнакомец, не дав времени вытащить из-под колена дубинку, налетел на старика и быстро надвинул ему на глаза его широкополую черную шапку.» [7, 22]

Парсы тіліндегі аударма:

.ﺪﯿﺸﮐ ﺶﻧﺎﮔﺪﯾد یور ﺮﺑ ار یو هﺎﯿﺳ راد ﮫﺒﻟ دﺎﺸﮔ هﻼﮐ ﺖﻋﺮﺳ ﮫﺑ و دﺮﺑ ﮫﻠﻤﺣ ﺶﯾﻮﺳ ﮫﺑ[9, 12]

«Сәукеле» сөзінің аударылуы

Сәукеле– қыздардың ұзатыларда, келін болып түсерде киетін көп әшекейлі, қымбат бағалы, сәнді бас киімі. Жұқа ақ киізден сырылып тігіліп, сырты қызыл шұғамен тысталады. Қымбат бағалы аң терісіменәдіптеліп,алтын, күміс, моншақәшекейлер тағылады. Жоғарыжағы жіңішкеріп, төбесінеүкі қадалады. Тірсекке түсетін асыл тасты, оқалы бау тігіліп, бетті көлегейлейтін желекті болады [11].

«Сәукеле» сөзі орыс тіліне «свадебный убор» деп аударылыпты. Ал парсы тіліне мүлдем аударылмай қалған.

Түпнұсқа:

«Үмітейдің сәукелелі бойына шашуларын шашып, игілік тілекпен қабыл етіп жатты.»[4, 231]

Орыс тіліндегі аударма:

«Молодежь, девушки, невестки и пожилые байбише аула встретили новую келин добрыми пожеланиями и осыпали ее голову, увенчанную свадебным убором, всевозможными подарками.»[7, 474]

Парсы тіліндегі аударма:

[9, 695] .ﺪﻧدﺮﮐ ﺶﻤﯾﺪﻘﺗ یدﺎﯾز یﺎﯾاﺪھ و ﺪﻧدﺮﮐ لﺎﺒﻘﺘﺳا ﺮﯿﺧ یﺎﻋد ﺎﺑ هزﺎﺗ ﻦﯿﻠﮔ زا ﮫﺑوا ﺪﻨﻤﻟﺎﺳ نﺎﻧز و ناﻮﺟ یﺎھﺮﺴﭘ و ﺮﺘﺧد

«Тақия» сөзінің аударылуы

"Тақия" – барқыт, қамқа немесе оқалы паршадан жасалған жеңіл жазғы бас киім. Ежелгі уақытта олардың шетін құндыз, кәмшат, тиін терісімен жиектеп тігіп, күміс және алтын тоқыма баумен әшекейлеген [12].

«Абай жолында» кездесетін «тақия» сөзі орыс тіліне «тюбетейка», «казахская тюбетейка», «шапочка», «ермолка» деп аударылған. Ал парсы тіліне ﯽﻗاﺰﻗ ﺰﯿﺗ کﻮﻧ هﻼﮐ(сөзбе-сөз: үшкір ұшты бас киім), ﻦﯿﭽﻗﺮﻋ(арахчин)жәнеهﻼﮐ(бас киім)деп аударылған.Парсы тіліндегі аудармасында«тақия» сөзінهﻼﮐ(бас киім) деп генерализация тәсілімен және ﻦﯿﭽﻗﺮﻋ(арахчин) деп баламалы эквивалент арқылы аударылған. «Арахчин» сөзінің парсы-орыс сөздігіндегі аудармасы: тюбетейка, шапочка деп берілген.

Арақчин –әзірбайжан халқының ұлттық бас киімі. Арақчин Әзірбайжан ерлер мен әйелдердің ұлттық киімдерінің бөлігі болып табылатын бас киімдердің ең көп таралған түрлерінің бірі болды. Бұл бас киім Әзірбайжанда XVI және XVII ғасырларда өте танымал болды. Арақчин тақия емес, бірақ оныңформасы Орталық Азия тұрғындары киетін тақияға ұқсас. Тек арақчиннің пішіні дөңгелек.

108

Әзірбайжанда арақчинді әдетте ғимарат ішінде киеді. Егер сыртқа, көшеге шықса, арақчиннің үстінен негізгі бас киімді киеді.

«Арақчин» сөзі қазақтың тақиясының абсолютті эквиваленті бола алмайды. Бірақ бұл жағдайда парсы тілді оқырмандарға түсінікті «арақчин» деген сәйкестік балама арқылы аударылыпты.

Түпнұсқа:

«Басында сұрғылт түсті сырма тақиясы бар.»[3, 101]

Орыс тіліндегі аударма:

«Стеганная в узкую полоску казахская тюбетейка стального цвета не могла скрыть его большой лысины.»[7, 105]

Парсы тіліндегі аударма:

[9, 152] .دراد نﺎﮭﻨﭘ ار شﺮﺳ ﯽﺳﺎط دﻮﺒﻧ ردﺎﻗ شا یﺮﺘﺴﮐﺎﺧ ﮓﺗر ﮫﺑ ﯽﻗاﺰﻗ ﺰﯿﺗ کﻮﻧ هﻼﮐ

Түпнұсқа:

«Басында қажы сапарынан киіп қайтқан шошақ төбе ақ тақиясы бар. Иығында сырма жаға, Тобықты елі кимейтін жұқа жібек ақ шапан.» [3, 128]

Орыс тіліндегі аударма:

«На голове его была привезенная из Мекки белая ермолка, на плечах — белый шелковый чапан со стеганым воротником, какой тоже не носилитобыктинцы.»[7, 400]

Парсы тіліндегі аударма:

[9, .رود یرﺎﯾد ﮫﻔﺤﺗ ،هﺪﺷ یزود ﮫﯿﺨﺑ یا ﮫﻘﯾ ﺎﺑ ﯽﻤﺸﯾﺮﺑا ﺪﯿﻔﺳ شﻮﭘﻻﺎﺑ ﺶﯾﺎھ ﮫﻧﺎﺷ یور و دﻮﺑ ﮫﮑﻣ دروآ هر ﻦﯿﭽﻗﺮﻋ شﺮﺳ یور

590]

«Кимешек» сөзінің аударылуы

Келесі бір мысал «кимешек» сөзінің аудармасы. Кимешек–қазақәйелдерінің дәстүрлі ұлттық бас киімі. Кимешек ақ матадан тігіліп, жиегі астарланады. Кимешек жас ерекшелігіне қарай көркемделеді. Кимешек— көбінесе, ақ матадан немесе, ақ жібектен тігілетін бас киім.Кимешек басты, кеудені, арқаны жауып тұратын болған. Оның жиектерін көмкеріп кестелейді.

«Кимешек»орыс тіліне «головные повязки», «головной платок», «головной убор» деп, ал кейбір жерлерінде «кимешек» деп транслитерация тəсілі арқылы аударылған. Орыс тіліне «кимешек» сөзі транслитерация арқылы аударылған жерінде сол сөзге сілтеме беріліп, кітап соңына мынандай түсіндірме берілген: «Кимешек — головной убор замужней женщины, большой белый платок с вырезом для лица.» [7, 610].

Ал романның парсы тіліндегі нұсқасында «кимешек» сөзі یزود ﮫﻠﯿﻠﻤھﻼﮐ(kolah-e malileduzi)бұлтіркестің парсытіліндегі мағынасы- «алтынмен көмкерілген бас киім», هﻼﮐ(бас киім), ﺪﻗرﺎﭼ(әйелдердің басына тағатын орамалы)жәнеﻖﺸﻤﯿﻗдепаударылған. Бірақ осы соңғы аудармасында «кимешек» сөзін неліктен ﻖﺸﻤﯿﻗдеп аударылғаны түсініксіз.Осы мысалда «кимешек» сөзін транслитерация әдісі бойынша ﮏﺸﻤﯿﮐдеп аударып, харакат таңбаларымен жазу жөн сияқты. Себебі транслитерация әдісі бойынша бір тілдегі әріптердің екінші тілдегі сәйкес келетін әріптерімен таңбаланып жазылуы керек.

Түпнұсқа:

«Ақ шаршы, кестелі кимешектерін әсем ғып салған күлкіші келіншектер де көп.» [3, 270]

Орыс тіліндегі аударма:

«Веселые и нарядные молоденькие женщины в затейливо расшитых головных повязках заразительно смеялись.»[7, 234]

Парсы тіліндегі аударма:

[9, 349] .ﺪﻧﺪﯾﺪﻨﺧ ﯽﻣ ﮫﻧﺎﻣدﺎﺷ ﯽﮕﻤھ ،ﺮﺳ ﺮﺑ رﺎﮕﻧ و ﺶﻘﻧ شﻮﺧ یﺎھ هﻼﮐ سﺎﺒﻟ شﻮﺧ و ناﻮﺟ نﺎﻧز

Түпнұсқа:

«Мүкіс тартқан кәрі құлағының үстіндегі кимешегін кейін жиырып қойып, басын жоғары көтере бере, құлағын төсей түседі.» [4, 54]

Орыс тіліндегі аударма:

«Выпростав из-под головного платка ухо и подняв голову, она старается уловить песню.»[8, 346]

Парсы тіліндегі аударма:

.ﺖﻓﺮﮔ ﻻﺎﺑ ار شﺮﺳ و دﺮﮐ ﺰﯿﺗ شﺪﻗرﺎﭼ ﺮﯾز زا ار ﺶﯾﺎھ شﻮﮔﺮﯿﭘ نز[10, 524]

«Абай жолы» роман-эпопеясының басқа тілдерге аударылуын зерттеу де маңызды жайт, себебі онда бір ұлттың тұтас өмірі бейнеленген. Мұндай шығарманы басқа тілге аудару аудармашыдан үлкен жауапкершілікті, көп ізденісті талап етеді. Аудармашының түпнұсқа тілін білуі немесе жетік білмеуі аударма сапасына әсер етеді. Әсіресе көркем әдебиетті аударғанда аудармашы түпнұсқа тілінің ерекшеліктерін, ұлттың тарихи, мәдени ерекшеліктерін, ұлттық нақыштағы сөздердің ұғымын дұрыс түсінуі керек. М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясында кездесетін ұлттық киім атауларының

109

парсы тіліне аударылу ерекшеліктерін зерттеген кезде, бұл үлкен шығарманы тәржімалау жұмысымен қазақ ұлтының мәдениетімен етене таныс, шеберлігі шыңдалған, қазақ тілін жетік білетін аудармашылар айналысу қажеттігі байқалады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Нурсултанкызы Ж., Дуйсенова Т. Қ.Жұмаділов шығармаларындағы киім-кешек атауларына қатысты көнерген сөздер // Молодой ученый. — 2014. — №20.1. — С. 66-67. — URL https://moluch.ru/archive/79/14090/ (дата обращения: 22.02.2019).

2.Салимова Н.С. Қазақ әйел бас киім атауларының этнолингвистикалық сипаты. https://e- history.kz/kz/contents/view/211

3.Әуезов М.О. Абай жолы: Роман-эпопея. Бірінші кітап. – Алматы: Жазушы, 2007. – 368б.

4.Әуезов М.О. Абай жолы: Роман-эпопея. Екінші кітап. – Алматы: Жазушы, 2007. – 432б.

5.Әуезов М.О. Абай жолы: Роман-эпопея. Үшінші кітап. – Алматы: Жазушы, 2007. – 384б.

6.Әуезов М.О. Абай жолы: Роман-эпопея. Төртінші кітап. – Алматы: Жазушы, 2007. – 400б.

7.Ауэзов М. Путь Абая. Роман-эпопея. Т.1. Алма-Ата: Жазушы, 1977, - 662с.

8.Ауэзов М. Путь Абая. Роман-эпопея. Т.2. Алма-Ата: Жазушы, 1977, - 644 с.

9.ص۸۸۷ ـ .۱۳۷۶ ،ارآ هژاو :ناﺮﮭﺗ .هدازﺮﻐﺻا ﯽﻟزﺎﻧ ﮫﻤﺟﺮﺗ ،لوا ﺪﻠﺟ ،یﺎﺑآ هار

10.ص۷۹۰ ـ .۱۳۷۶ ،ارآ هژاو :ناﺮﮭﺗ .هدازﺮﻐﺻا ﯽﻟزﺎﻧ ﮫﻤﺟﺮﺗ ،مود ﺪﻠﺟ ،یﺎﺑآ هار

11.https://www.soyle.kz/article/view?id=18

12.https://informburo.kz/kaz/aza-bas-kimd-nege-adr-ttan.html

Бейсенғалиева Дана Ерғазықызы ҚазМемҚПУ 2 курс студенті Ғылыми жетекшісі: фил.ғыл.канд.Р. К. Садықова

ПАРСЫ ТІЛІН МЕҢГЕРТУДІҢ ТИІМДІ ЖАҚТАРЫ

Парсы тілі-Иран Ислам Республикасының мемлекеттік тілі. Қазіргі кезде 70 миллионнан астам Иран халқы осы тілде сөйлейді. Парсы тілі үнді-европалық тілдер семьясының иран тілдер тобына жатады. Иран тілдері христиан жыл санағына дейінгі бірінші мың жылдықта Иранда, Ауғанстанда, Солтүстікте және Венгриямен Шығыс Түркістанның ортасында таралған болатын. Иран тілдері тобының ежелгі тілі-авеста және ежелгі фарси тілі деп аталды. Заратуштралықтардың қасиетті кітабыавестаның тілінде жазылған. Ежелгі фарси – Ұлы Дарий патшалығының ресми тілі. Парсы тілінен басқа, бұл топқа қазіргі кезде қолданыстағы тілдер болып табылады.

Шетелтілінмеңгертудетілдікматериалдыңішіндееңқажеттісілексикаболып табылады.Өйткені лексикасыз сөз іскерліктері қалыптасуы мүмкін емес. Белгілі мөлшерде лексикалық минимум меңгерілмей коммуникация жүзеге аспайды. Егер студент парсы тілінің тілдік материалдарын меңгерсе, берілген лексиканы өз сөзінде орынды пайдаланса, онда сауатты сөйлеп, өз ойын дәл жеткізеді [1].

Жоғарыдаатапөткеніміздей,лексикатілдікматериалдыңішінденегізгісіболыптабылады.Өйткені белгілі бір тілдің аз да болса сөздік қорын игермей, шетел тілін іс жүзінде меңгеру мүмкін емес. Сонымен білімнің басқа салаларының ішінде лексиканың басты орын алуының себебі мынада: кейбір грамматикалықматериалдымеңгермегендіктен,біздіңсөзіміздеграмматикалыққателерболатынырас. Мысалы: ﺖﻓر هﺎﮕﺸﻧاد ﮫﺑ ﻦﻣ /мән дәнешгаh рәфт/. Дегенмен, мұны есіткен ирандық, сөйлем қате болсада, айтушының ойын түсінеді. Ал дұрыс сөйлембылай беріледі: ﻢﺘﻓر هﺎﮕﺸﻧاد ﮫﺑ ﻦﻣмән бе данешгаh рәфтәм/. Мен университетке бардым. Сонымен, сөзде кейбір грамматикалық қателер болса да, коммуникация болуы мүмкін.

Тіл үйреніп жатқан студентте өз ойын жеткізуде және біреудің сөзін түсіну үшін лексика қоры жеткіліксіз болса, коммуникация жүзеге аспайды. Яғни, біз бір-біріміздің сөзімізді түсінбейміз, айтайын деген ойымызды түсіндіре алмаймыз.Сол үшін кез келген шетел тілін оқытуда лексиканы меңгертудің маңызы ерекше. Алайда, осыдан шетел тілін оқыту барысында лексиканы меңгеру – өз алдына оқыту мақсаты екен деген қорытындыға келмеу керек. Әдіскерлер лексиканың шетел тілін меңгерудің өте маңызды құралдарының бірі екендігін көрсетеді.Сонымен, студент сөйлеген кезде лексиканы дұрыс, ойын ауызша немесе жазбаша түрде жеткізуде барынша өз орнымен пайдалануға тырысу керек. Онсыз шетел тілінде ауыз екі сөйлеу іскерліктерімен дағдыларын меңгеру мүмкін емес. Осы пікірді әдіскер ғалым Д.Т. Тұрсынов та қолдайды [2].

Алғашқы сатыда меңгерілетін лексикалық материалдар да, грамматикалық материалдар да ауызша сөз бен оқуға арналған. Демек, меңгеруге тиісті сөздер мен грамматикалық құбылыстардың бәрін де

110

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]