Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

69

.pdf
Скачиваний:
3
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
5.44 Mб
Скачать

стратегии влияние на аудиторию происходит через предоставления информации. К тактикам информационно-интерпретационной стратегии она относит:

1.Тактику существования проблемы;

2.Тактику акцентирования положительной информации;

3.Тактику разъяснения;

4.Тактику комментирования;

5.Тактику рассмотрения информации под новым углом зрения;

6.Тактику указания на путь решения.

Кпримеру отрывок из пресс-конференция Хуа Чуньин от 28 декабря 2016 года:

«

».

Перевод: «Китайская сторона выступает с инициативой провести совместную, комплексную, сотрудничающую и поступательную концепцию безопасности. Мы готовы прилагать совместные с другими странами мира усилия по реализации этой концепции безопасности».

Эта стратегия одновременно включаетпрезентацию и информационно-интерпретационную стратегию с тактикой акцентирования положительной информации и указания путей решения проблемы. «Мы готовы прилагать совместные с другими странами мира усилия…», здесь используя стратегию презентацииможно проследить некое желание произвести впечатление на аудиторию с целью оказания на нее воздействия. Добавляя к этому тактику акцентирования, когда говорящий выражает намерение подчеркнуть или выделить определенный момент своей речи.

Далее в стратегии убеждения О.Н.Паршина выделяет аргументативную стратегию, которая подразумевает под собой, убеждение собеседника при этом аргументируя, свой ответ. К тактикам данной стратегии относятся:

1.Тактика контрастивного, понимается адресатом как убедительный аргумент;

2.Тактика иллюстрированияиспользование фактов и конкретных примеров;

3.Тактика указания на перспективу – основывается на предполагаемом решении и результате;

4.Тактика обоснованных оценок, при этой тактике говорящий пытается обосновать свой выбор.

Следующий пример из пресс-конференции Гэн Шуана от 27 февраля 2017 года:

« “ ”

»

Перевод: «Высокоскоростная железная дорога, соединяющая Малайзию и Сингапур, имеет позитивное значение для содействия взаимосвязанности в регионе, представляя собой важный потенциальный проект сотрудничества в рамках «Пояса и пути».

Основываясь на вышеперечисленных стратегиях и тактик, в данной речи наблюдается стратегия аргументационного убеждения с применением тактики иллюстрирования и указания на перспективу. «Высокоскоростнаяжелезнаядорога,соединяющаяМалайзиюиСингапур,имеетпозитивноезначение для содействия взаимосвязанности в регионе…», данное выражение было направлено на описание и иллюстрацию, какую же важную роль играет данная магистраль, с добавлением, сколько пользы и выгоды имеет ее эксплуатация. Словосочетание «указание на перспективу» говорит само за себя, можно сразу же заметить, как делается акцент на выражение стратегических целей, позиций и намерений говорящего.

Также универсальными стратегиями в политическом дискурсе являются стратегия на понижениеповышение и стратегия театральности, которые были предложены О.Л.Михалевой . По ее распределению, первая стратегия применяется для компрометации политического противника, исходя из этого, тактики в этой стратегии выражено или не выраженно формируют отрицательное мнение с тем человеком, с которым вступает в коммуникацию. Эта стратегия осуществляется с помощью шести тактик: 1. «Анализ-минус»;

2.Обвинения;

3.Безличного обвинения;

4.Обличения;

5.Оскорбления;

6.Угрозы.

Стратегия повышения, целью, которого является придание собственному статусу большего уважения. Осуществляется посредством пяти тактик:

1. «Анализ-плюс»

221

2.Презентация;

3.Неявной самопрезентации;

4.Самооправдания;

5.Отвод критики.

Далее пример из пресс-конференции от 29 декабря 2016 года МИД КНР госпожи Хуа Чуньин:

«

“ ” “ ” ».

Перевод: «Принцип "одного Китая" признается международным сообществом, является неизменным нашим принципом при рассмотрении внешних связей Тайваня. Надеемся, что заинтересованные страны будут осмотрительно подходить к вопросу, касающемуся Тайваню. Мы надеемся, что США будут соблюдать принцип "одного Китая" и выполнять обещания, зафиксированные в трех китайско-американских коммюнике, воздерживаться от направления неправильных сигналов Тайваню».

В данном высказывании можно четко пронаблюдать стратегию агитационного убеждения с использованием тактики призыва. «Надеемся, что заинтересованные страны будут осмотрительно подходить к вопросу, касающемуся Тайваню», она открыто призывает представителей той или иной страны быть предусмотрительными в отношении Тайваня. Также можно заметить тонкую грань тактики угрозы, которая заключается в предупреждении и напоминании о данном США обещании.

Следующий пример коммуникативной стратегии лежит в основе пресс-конференции Хуа Чуньин от 28 декабря 2016 года:

«

»

Перевод: «Мы еще раз со всей строгостью призываем японскую сторону по-настоящему посмотреть в глаза прошлой агрессивной истории и переосмыслить ее, с ответственным подходом урегулировать соответствующие вопросы и практическими действиями завоевать доверие соседних азиатских стран и международного сообщества».

«Мы еще раз со всей строгостью призываем…», прослеживается стратегия удержания внимания адресата с помощью тактики акцентирования. Такая речь удерживает внимание аудитории на определеннойпроблеме,втожевремя,даетвозможностьоценитьотношениеадресатовквопросу.Всё это осуществляется за счет использования слов исключительно положительной оценки.

Далее пример из пресс-конференции от 27 февраля 2017 года официального представителя МИД КНР Гэн Шуана. Один из его ответов звучал следующим образом:

«

».

Перевод: «Как я говорил на прошлой неделе на пресс-конференции, Китай придает большое значение связям с Сингапуром, установил с ним многоплановые отношения партнерства и сотрудничества, идущие в ногу с эпохой, развернул широкое сотрудничество на основе равенства и взаимной выгоды».

Стратегия сотрудничества с тактикой согласия, которая направлена на взаимодействие не только внутри страны, но и с другими государствами за пределами границ. Здесь открыто выражается готовностьисогласиекразвитиюдипломатическихикультурныхсвязейдляобщеговзаимовыгодного развития и улучшения страны. Стратегия сотрудничества это своего рода баланс взаимоотношения и постижения цели.

В настоящей статье мы проанализировали коммуникативные стратегии и тактики, использованные МИД КНР в процессе построения коммуникативного взаимодействия. На основании этого мы пришли к выводу что, коммуникативные стратегии могут быть универсальными для пресс-конференции вне зависимости от их тематики. Также мы считаем, что стратегии выбираются исходя из личных качеств выступающего.Однакосамаактуальностьроликоммуникативныхстратегийитактик имеетогромную перспективуи одним лишь исследованием невозможно охватить все грани данного аспекта. Но, тем не менее, работая над данной статьей, мы приобрели бесценный опыт, исследование помогло нам узнать не только, как передавать информацию, но и помещать эту информацию в такую языковую и речевую форму, чтобы максимально точно уметь воздействовать на адресата.

222

Список использованной литературы:

1.Шейгал Е.И. Семиотика политического дискурса / Е.И. Шейгал Волгоград: Перемена, 2000.- 368 с.

2.Паршина О.Н. Российская политическая речь: Теория и практика. М.: изд-во ЛКИ, 2007. — 232 с.

3.Калинин К.Е. Коммуникативные стратегии в англоязычном политическом дискурсе, Нижний Новгород, 2009. - 20 с.

4.Иссерс О.С. Коммуникативные стратегии и тактики русской речи. УРСС Москва. третье издание, ст. 2003

5.http://labipt.com/strategy-and-tactics-of-self-policy-in-a-public-speech/

6.https://dlib.rsl.ru/viewer/01003461304#?page=19

7.https://core.ac.uk/download/pdf/153543246.pdf

Халықова Фариза

Шығыстану факультеті, қытайтану кафедрасы «5В020900-Шығыстану» мамандығы, 3 курс Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Түргенбай А.А.

ҚЫТАЙДЫҢ ЖАҺАНДАНУ ҮЛГІСІ

ХХ ғасыр соңы мен ХХІ ғасырда «жаһандану» (глобализация) термині күнделікті қолданысқа енді. Бүгінгі күні жаһандану үрдісі əртүрлі деңгейде барлығымызға да əсер етіп отыр. Сырттай барлығымызға түсінікті жаһандану терминіне əлі күнге дейін ортақ ғылыми анықтама берілген жоқ. Жаһандану үрдісінің басталу мерзімінің өзін əркім əртүрлі түсіндіреді. Бірақ бір белгілі дүние, жаһандану дегеніміз – ықпалы күшті белгілі бір қозғалыстың (мемлекет, саяси ұйым немесе сауда компаниясы болсын) əлсіз топтарға əсер етуі арқылы барлық басқа дүниені өз маңына шоғарландыруы. «Жаһандану» терминінің қалыптасуын əлеуметтанушы америкалық ғалым Р. Ровертсонмен байланыстырады. Ол «глоболизация» сөзіне 1985 жылы түсініктеме жасады жəне 1992 жылы өзінің ғылыми еңбегіндегі ұстанымында «жаһандану» терминінің ғылыми негізін енгізді. Р. Ровертсон анықтамасы бойынша: Жаһандану – бұл халықаралық мағынаға ие (мысалы, тығыз экономикалық,саясибайланыстар, мəденижəнеақпараттықалмасу) əртүрліфакторлардың жекелеген мемлекеттердің əлеуметтік болмысына қарқынды əсер етіп келе жатқан үрдіс [1].

Бүгінгі күнгі жаһандану үрдісінде батыс елдері басымдыққа ие болып отыр. Əсіресе АҚШ жаһандану терминін жамылу арқылы əлемдік билікті өз қолында ұстағысы келеді. Халықаралық қатынастардағы АҚШ-тың жеке-дара көшбасшылығына келіспейтін Қытай Халық Республикасы əлемдік жаһанданудың қытайлық үлгісін ұсынып отыр.

Қарқынды дамып келе жатқан ҚХР қуаты халықаралық саясатта маңызды факторлардың біріне айналды. ҚХР төрағасы – Ху Цзиньтао билікке келген күннен бастап, ҚХР сыртқы саясатының стратегиялық бағыттары белсенді түрде жаңа даму жолдарын іздестіре бастады. ҚХР туралы халықаралық сарапшылардың арасында ресми Бейжің қарулы қақтығысқа алып келетін əрекеттер жасауы мүмкін деген пікірлер айтылуда. Өз кезегінде қытай əкімшілігі қалыптасқан əлемдік теріс көзқарастарды өзгерту үшін ҚХР басқа мемлекеттерге залал келтірмей-ақ қуатты жəне даңқты бола алатындығын мəлімдеді.

Əлемдік теріс көзқарасты өзгерту мақсатында қытай басшылығы 2003 жылы «Бейбіт өрлеу» деп аталатын бастаманы ҚКП орталық партия мектебінің проректоры Чжен Бицзянның қоғамдық баяндамасында көтерген болатын. Қытайлық сарапшылар тез арада бұл бастама туралы кең ауқымды талдаулар жасай бастады. Қоғамдық-саяси басылымдардың беттерінде «Бейбіт өрлеу» туралы көптеген мақалалар жарық көріп, ғылыми конференциялар ұйымдастырылды жəне қысқа мерзімнің ішінде ауқымды зерттеулер даярланды. 2003 жылдың соңы мен 2004 жылдың басында Ху Цзиньтаоның жəне премьер Вэнь Цзябаоның мəлімдемелерінде де бірнеше мəрте айтылды [2]. Бірақ 2004 жылдың жазында бұл бастама ресми түрде қолданыстан алынып тасталды. Себебі Қытайдың амбициялық «өрлеу» жоспары, тіпті «бейбіт» болса да, бұрынғысынша шетелдік аудиторияның алаңдатушылығын тудырды. Мұнымен қоса бұл бастама қытайдың ішкі ортасында да едəуір күмəн тудырып отырғандығын қытайлық сарапшылардың өздері де түсінген еді. Нəтижесінде билік Қытайдың сыртқы саясатындағы «бейбіт даму» жолының негізін қалыптастыра отырып, 1980 жылдардағы «бейбітшілік жəне даму» бастамасына қайта оралды.

«Бейбіт өрлеу» жоспарын екінші түрге түрлендіре отырып, қытай басшылығы дəстүрлі конфуцийлік ойларды негізге алу арқылы шетелдердегі өзінің болмысын гуманистік бағытта қалыптастыруға тырысты. Қытай көшбасшысы Ху Цзиньтао алғаш рет 2005 жылдың сəуір айында Джакарта қаласында «Гармониялық əлемді бірігіп орнату» идеясын көтерді. Дəл осы жылы қыркүйек айында БҰҰ-ның 60 жылдық мерейтойын атап өту кезінде де ҚХР төрағасы Ху Цзиньтао «Бірге гүлденудің гармониялық əлемін» құруды ұсынды. Оның «Гармониялық əлем» туралы баяндамасы екі

223

бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде теорияның мəні, мағынасы, шараның жүзеге асуы, екінші бөлімде ҚХР-дың бұл жоспарды іске асырудағы атқаратын міндеттері туралы айтылады. Өзінің баяндамасында Ху Цзиньтао: «Бүгінгі күні əлемде əркелкі даму үрдісі, кедейшілік пен аштық əлі де əлемнің көптеген мемлекеттерінде сақталып отыр. Осы мəселелердің шешілуінің ең басты жолы ынтымақтастықты тереңдету жəне барлық əлем біртұтас даму бағытын таңдау керек екендігін бүгінгі күнгі халықаралық қатынастардың өзі анықтап беріп отыр жəне барлық мемлекеттердің бүгінгі күнгі таңдауыдаосы.Жаңашыл əлемдеəртүрліқарсылықтарменқақтығыстардыңкөрінісберуіжəнебелгілі бір бағытсыз дамудың көбеюі мен тұрақтылықтың сақталмауы болып отырса да, бейбітшілік пен даму қазіргі заманның басты тақырыптары болып қала береді. Əлем бейбітшілікті, мемлекеттер дамуды, адамдар ынтымақтастықты қалайды. Бұл – ешқашан өзгермейтін тарихи тенденция. Осындай қиын əлемдік жағдайлармен кезігіп отырғанда, əлемдік гармонияға үлкен басымдылық бере отырып, оның іске асуына атсалысуымыз керек» [3], - деп үндеу тастаған еді. Ху Цзиньтаоның пікірінше, ұзақ мерзімді бейбітшілік пен гүлдену мақсатындағы гармониялық əлемді құруға барынша еңбектену барлық адамзат баласының ортақ мүддесіне бағытталады. Қауіпсіздікті жəне тұрақтылықты қамтамасыз етудің жəне əлем гүлденуінің бірден-бір жолы – гармониялық əлем. Соныман қатар бұл - адамзат қоғамының даму үрдісінің ең басты талабы.

Қытай дəстүріндегі «гармониялық» құндылықтарды қазіргі заманғы ҚХР-дың мақсаттарымен жəнемемлекеттіңсыртқысаясатыменбайланыстыруғаұмтылғанкезектіұсынысын2006жылдыңсəуір айында Йель университетінде оқыған ғылыми дəрісінде де көтерді. Ол: Қытай өркениеті əрқашан əлеуметтік гармония, бірлік пен өзара көмек көрсету мəселелерін басты назарда ұстағандығын айта отырып, бүгінгі күні де қытай гармониялық қоғам құруға ұмтылатындығын жеткізді. Мұнымен қоса Ху Цзиньтао, қытай өркениеті əрқашан өз көршілерімен тату болуға баса назар аударғандығын жəне барлық мемлекеттер бір-бірімен үйлесімді (гармониялы) өмір сүргендерін қалайтындығын айтты. Бүгінгі күні ҚХР - бейбітшілікті, даму жəне ынтымақтастықты, өзара тиімді стратегиялық бастамаларда ашықтықты қолдап отырған мемлекет. Сонымен қатар бейбітшілік пен дамуға ынтымақтастық арқылы жету үшін басқа өркениеттердің жетістіктерін пайдалануға, сол арқылы гармониялық əлем құрудағы өз рөлін белсенді атқаруға ұмтылады [4].

2007 жылы қазан айының 15-жұлдызында Бейжің қаласында Қытай Компартиясының Ху Цзиньтаоның басшылығымен өткен алғашқы бесжылдықтың қорытындыларын шығарған кезекті XVIIсъезіболыпөтті.ЕсепберубаяндамасындаҚКПОКбағдарламаларындажаңабастамалар көтерілебастады.ҚХРішкіаумағында«гармониялыққоғам»,сыртқысаясатында«гармониялықəлем» дегенбастамаларменұсыныстаржасалды.«ХVІсъезденкейінгібесжылжайғанабесжылболғанжоқ. БұлкезеңдеҚКПөзіменбіргемемлекетхалқынажетекшілікетіп,барлыққиындықтардыжеңеотырып, Қытайға тəн ерекшелікпен жаңа социализмді құрды жəне маркизмнің қытайланған жаңа бағытын ашты», - деп Ху Цзиньтао баяндама жасады. Сонымен қатар бүгінгі күнге дейінгі қытай басшылығының алдынғы 3 буын өкілдерінің еңбектері мен атқарған қызметтеріне зор алғыс айта отырып, Ху Цзиньтао ҚХР-дың кезекті басшылығымен реттеліп, өзінің модернизациялық құрылымын қалыптастырып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын алдағы 50 жылға жоспарын жариялады:

Ұзақ мерзімді екіжақты келісімдердің жəне қытай басшылығының қарқынды түрде еңбектенуінің нəтижесінде территорияның бейбіт түрде бірігуі (бұл жерде Тайваньның орталық Қытаймен бірігуі туралы айтылып отыр);

ҚХР-дың егемендігін жəне территориялық тұтастығын сақтау;

Бүкіл əлемде бейбітшіліктің, дамудың жəне ынтымақтастықтың қалыптасуына көмектесу;

«Гармониялық Азия жəне гармониялық əлем» қалыптастыру бағытында табанды түрде жұмыс істеу [5].

Көрсетілген мақсаттар бойынша XVII съезд аяқталған күннің ертеңінен бастап қарқынды шаралар атқарыла бастады. Жеке-жеке тоқталсақ, Тайвань мəселесі бойынша 2008 жылдың мамыр айында Ху Цзиньтаомен Тайваньды басқарушы «Гоминьдан» партиясының көшбасшысы У Босюнның тарихи кездесу болды. Бұл кездесу – осы деңгейдегі басшылардың соңғы 60 жылдағы алғашқы кездесулері. Кездесудің екінші жəне үшінші кезеңдерінде де көптеген келіссөздерге қол жеткізілді. Ал Ху Цзиньтаоның 2008 жылдың 31 желтоқсанында мəлімдеген Тайвань мəселесін шешу жөніндегі жаңа алты тезисі Тайваньға ғана емес, барлық халықаралық қоғамға жасаған сыйлығы болды. Осы алты тезисі арқылы ҚХР мен Тайвань арасындағы барлық мəселелерді бейбіт түрде, келісім негізінде шешуге шақырды [6]. Қытай-Тайвань диалогы – ҚХР сыртқы саясатының ең бір əлсіз тұсы. Тайвань мəселесін шешпей ҚХР өзінің саяси жəне геосаяси болашағын елестете де алмайды.

Территория тұтастығының сақталуы ҚХР экономикасының тұрақты дамуы үшін аса маңызды. Бұл бағыттақытайбасшылығынойландыратынекімаңыздымəселебар.Олар:ТибетжəнеШыңжаңҰйғыр

224

автономиялық аудандары. 2008 жылдың басында Тибетте болған бассыздықтарға қатысушылардың алғашқы соттық үкімдері жарияланды. Отызға жуық адам үш жылдан бастап өмір бойы бас бостандықтарынан айырылды. Сəл ертеректе осы көтерілістерді ұйымдастырды деп айыптаған Далай - ламамен мəселені бейбіт жолмен шешу жолдарын қарастыру үшін Қытай үкіметі тікелей диалогқа дайын екендіктерін мəлімдеді. 2008 жылдың 10 наурызынан 14 наурызына дейін жалғасқан Тибеттегі оқиғаның ұйымдастырушысы ретінде Қытай үкіметі «Далай-ламаның үндеулерін» айыптаған еді. Ал Далай-лама өз кезегінде өзіне тағылған айыптаулармен келіспейтіндігін жəне ол күш көрсетуге қарсы екіндігін, сонымен қатар ресми Бейжіңмен мəселені бейбіт жолмен шешу үшін тілдесуге дайын екендігін мəлімдеді. Қытай үкіметі Олимпиада қарсаңында елдегі тыныштықтың ең маңызды көрсеткіштердің бірі екендігін түсіне отырып, тибеттіктердің рухани көсемдерінің ресми өкілі Тенцин Такламен кездесулердің тəртібін жоспарлай бастады. Тенцин Такла «бұл қадамдардың бағыты дұрыс екендігін жəне жеке кездесулер ғана бұл мəселені оң шешуге бастайтындығын, екі жақтың да дұрыс бағытта қадамдар жасап жатқандықтарын» басып айтты.

ҚХР СІМ ресми өкілі Цзян Юдың мəлімдемелеріне сілтеме келтіре отырып, «Синьхуа» агенттігі «қытай үкіметінің тиісті мекемелері Далай-ламамен қатынасқа келісімдерін бергендіктерін» жариялады. «Синьхуа» агенттігінің мəлімдемесінде Қытай үкіметі: «Далай-лама осы мүмкіндікті пайдалана отырып, жағдайды терең түсініп дұрыс шешім қабылдайды деп үміт артатындықтарын, басқыншылық актілерін тоқтатуға нақты шаралар қолдану, Бейжің Олимпиадасына кедергі келтірмей, ішкі тыныштықты қамтамасыз ету керектігін, сол арқылы бейбіт келісімдердің келесі кезеңіне аяқ басуға əрекет ететіндіктерін сенім білдірді» [7].

Ал Шыңжаң Ұйғыр автономиясының тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында ішкі Қытайдан солтүстік аудандарға қытай ұлтының өкілдерін көптеп қоныстандыру саясаты қарқынды түрде жүргізілуде.Бұлтиісіншеірілі-ұсақтыұлтаралыққақтығыстарғаалыпкелді.2009жылыболғанҮрімжі оқиғасын қытай орталығының асқан қаталдықпен басуының өзі ҚХР территориялық тұтастықты сақтау мақсатына кез келген жолмен қол жеткізетіндіктерін көрсетуде. ҚХР бұл мəселені Орта Азиялық мемлекеттермен тығыз қарым-қатынас орнату арқылы да реттеуді көздейді. ҚХР бұл аумақтағы мемлекеттермен шекара мəселелеріне аса басымдылық береді. Шекара мəселелері қаншалықты дұрыс шешілсе, соншалықты аймақтағы тұрақтылық артпақ. Аймақтық тұрақтылықты сақтау арқылы территориялық тұтастықты қамтамасыз етуге болады.

«Гармониялық қоғам» жəне «гармониялық əлем» ұстанымдары қытай үкіметіне ұзақ уақыттардан бері осындай ҚХР көлеңкелі тұстарын көрсететін ауқымды шиеленіскен мəселелерге соқтықпай жүрулеріне мүмкіндік туғызады. Бас-аяғы үш жылдың ішінде «гармониялық əлем» бастамасы ресми идеологиялық қолданысқа еніп, Ху Цзиньтао үкіметінің символдарының біріне айналды. XVII съезде бұл бастама баяндамада айтылып қана қойған жоқ, компартияның жаңартылған жарғысына басымдылықпен енгізілді. Бұл Ху Цзиньтао 2012 жылы орнын өзінің мұрагеріне өткізіп бергеннен кейін де жаңа бастаманың компартияның негізгі даму бағыты, ұстанымы болып қала беретіндігін көрсетеді.

Алғашында «гармониялық қоғам» құру жоспарлары елдің ішкі əлеуметтік-экономикалық жəне саяси мəселелерін шешуге бағытталды. Бұл бастама пайда болғаннан кейін, Қытай басшылығына сыртқы саяси бағытты жаңартуына мүмкіндік туды. Бұған дейінгі жылдары оны жүзеге асыру қиынға түсетін, өйткені шетелдік серіктестерді марксизм идеялары мен оны талқылауды жалғастырушы Мао Цзэдун, Дэн Сяопин, Цзян Цзэмин идеяларын біріктіретін «қытайға тəн ерекшелікке ие социализм» ішкі идеологиясы қызықтырмайтын. ҚКП ресми идеологиясында экономикалық дамудың басымдықтарын жəне буржуазиямен бəсекелестіктен бас тартуды жариялаған реформаторлық нұсқамаларболғандығынақарамастан,социалистікұрандарБатысқақырғи-қабақсоғыскезеңдерін,екі жүйенің қарама-қайшылығын еске түсіретін. Бұл жағдай Пекинді қазіргі Қытай бұрынғы КСРО-ға ұқсамайтындығынқайта-қайтақайталапайтаберуінемəжбүрледі.Жаңа«гармония»бастамасы Қытай басшылығына «гармониялық қоғам» құру ішкі саяси бағдарламасы мен «гармониялы əлем» құру сыртқы саяси стратегияларын ұштастыруға мүмкіндік берді.

Ху Цзиньтаоның өзі пікірлеріне əрдайым құлақ асып отыратын экономикалық жəне саяси салыстырмалы зерттеу орталығының бастығы Юй Кэпин: «Гармониялық əлем» адамзат баласының ежелден бергі талаптарын орындайды жəне ежелгі қытай уақытынан бері келе жатқан мұраты «қытай елінің ұлы бірігуіне» жол ашады», - деп баға берді. Саясаттанушы «гармониялық əлем» идеясы қытайлық «гармониялық қоғам» идеясының тікелей жалғасы екендігін жəне олардың бір-бірімен тығыз байланыстылығын, құндылықтары мен саяси ойлау жүйесінің өзі сəйкес екендігін айтады. Сонымен қатар «гармониялық əлем» бастамасын қазіргі күнгі саясаттану ғылымы былай түсіндіреді:

225

«Қытайдың ұсынған гармониялық əлем теориясы əлемде кең тараған глобалды басқару теориясымен ұқсастықтары көп. Екеуі де жалпы адамзат тағдырын ойлайды, екеуі де унилатерилизм мен гегомонизмге қарсы, екеуі де əр мемлекеттің жалпы сұрақтарын халықаралық ынтымақтастықпен шешуге ерекше көңіл бөледі, екеуі де «Америка басқаратын əлемге қарсы», БҰҰ рөлін асқақтатуды көздейді, екеуі де əлемдік жаңа саяси-экономикалық жүйені бекітеді. Бұл əлемдік басқаруға деген Қытайдың көзқарасы, бұл өзгеруші əлемдегі жаңа идеялар мен тенденцияларға көзқарасы. Оны Қытайдың ресми түрде ұсынған «əлемдік басқару» үлгісі деп қарауға болады».

«Гармониялыққоғам»ұстанымыныңресмианықтамасын«демократияжəнезаңбилігі,теңдікжəне əділдік, шынайылық жəне достық, өмірлік қуаттылықтың толықтығы, тұрақтылық пен тəртіп, адам мен табиғат арасындағы гармония» деп түсіндіреді. Ал Юй Кэпиннің көзқарасы бойынша, «гармониялық əлем» дегеніміз - «демократиялық, əділетті жəне тең дəрежелі əлемдік саяси-эконо- микалық тəртіп орнату, əлемде ұзақ мерзімді жəне жалпыға ортақ гүлденуді іске асыру. Қайталанбас гармониялықəлем,гармониялыққоғамдағысияқтыжан-жақтылықтың,демократияның,əділеттіліктің, шыдамдылықтың, сенімділіктің, ынтымақтастық жəне өзара көмектесудің, тұрақты дамудың əлемі болуы керек». Сонымен қатар «гармониялық əлемнің» тағы бір қайталанбас тұсы – адам мен табиғат арасындағы гармонияны қалыптастыру, табиғи байлықтарды саналы түрде, табиғаттың өзіне зиянсыз игеру жəне тиімді пайдалану [8].

Гармониялық əлемнің қытайлық жоспарының басымдылығы - бұл тек ҚХР ғана емес, əлемнің көптеген мемлекеттерінің даму стратегияларымен үндестігі. Юй Кэпиннің сараптамаларындағыд ай, «гармониялық əлем» идеясын ұсынуда Қытай əкімшілігі бүкіл адамзат баласы ұмтылып отырған құндылықты басты назарда ұстаған. Атап өтейік, əлем гармониясының қытайлық жоспары көптеген елдерде қызығушылық тудыруы мүмкін. Юй Кэпин айтуы бойынша, «гармониялық əлем» идеясына бүкіл адамзат ұмтылады, ал «əлем жəне даму, қазіргі уақыттың екі ұлы тақырыбы ретінде гармониялы əлемқұрудыңмаңыздымазмұныболыптабылады.Экономикалықглобализацияланутереңдегенсайын мемлекеттер мен халықтардың қызығушылығы көпжоспарлы, саясат көпжақтылы, мəдениет сан алуан бола береді». Қытай «өз өркениетінің құндылықтары мен құрылымын басқа мемлекеттерге күшпен тарату» əрекеттеріне қарсы шығады. АҚШ өз құндылықтарын тарату үшін «қатал күш» қолданса, Қытай өзгелердің істеріне араласпау, елдер мен мəдениеттердің өзіндік даму жолына құрмет көрсету идеясын айқындайды. Қытайдың дипломатия секторының меңгерушісі Лю Цзяньфэйдің жорамалы бойынша, халықаралық статусты шынайы күштерді ескере отырып анықтау керек. Қытайды халықаралық мəселелерде ықпалы бар, социализм жолындағы, даму кезеңінде тұрған ірі аймақтық держава деп есептеуге болады. «Болашақта Қытайдың халықаралық жауапкершілігі, негізінен, материалды емес, рухани жағынан көрініп тұрады. Басқаша айтсақ, əлемдік мəселелердегі жауапкершіліккекелгендеҚытайнегізіненқаттыемес,жұмсақкүшқолданады.Қытайəлемдегібарлық елдердіңортаққызығушылықтарынасайкелетінкөптегенкөзқарастар мен идеяларұсынды.Уақытөте олардың ықпалы күшейе береді». ҚХР «жұмсақ күшінің» бір дерек көзі «гармониялы» дипломатия болуы керек. Ол алдымен барлық дамушы елдер мүддесіне сай дамудың көпжақты моделі, глобалды тұрақтылықты қолдау, «бəріне ортақ гүлдену» жағдайын туғызу негізінде құрылуы керек.

Юй Кэпин, Қытайдың жаңа халықаралық стратегиясы глобализациялану процесіне жəне глобалды ережелер жасауға белсенді араласуға, барлық бағыт бойынша саяси, экономикалық, мəдени жəне халықаралық ынтымақтастық орнатуға бағытталуы керек деп атап өтеді. Қытай халықаралық мəселелерде белсенді рөл ойнауы керек, халықаралық қауымдастықтың көпжақтылығын жəне барлық халықтардың əр алуан мəдениетін қорғауы керек, халықаралық қатынастың демократизациялануын бағыттап іске асырып отыруы тиіс, жаңа əлемдік саяси-экономикалық тəртіпті іске асыруы керек, мультилатерализм мен көп жақты дипломатияны ұстануы керек. Өз кезегінде ҚХР «гармониялық дипломатиясы» барлық адамзаттың ортақ қызығушылығын қорғауы керек; қысқаша оны мына формуламен суреттеуге болады: «диалог жəне кеңес беру, ынтымақтастық жəне бірлескен пайда, ерекшелікті сақтай отырып ортақты іздеу, толеранттылық пен ашықтық» [9].

Атқарылған шаралардың нəтижесінде халықаралық сахнадағы ҚХР сыртқы саясатында едəуір ілгерілеушілікбар. Аламерикалықсарапшылардың ақпараттарында,қазіргітаңдаБатыс ҚХРдамуына қалай «тұсау» саламыз деп емес, оның ықпалының артуына «икемделу» жолдарына шынайы түрде терең ойлану керектігі туралы көзқарастар кездесе бастады.

Танымал америкалық саясаттанушы, журналист Фарид Закарианың апталық Newsweek беттерінде АҚШ өзінің жеке мүдделері жолында «Қытай бастаған Азиялық екпінді дамуға икемделуге» тура келетіндігін ешбір жасқанбастан жариялаған мəлімдемелері көрініс беруде. Осының барлығы ҚХР сыртқы саясатындағы ұтымды жəне дұрыс таңдалған бағыттардың нəтижелері еді.

226

Əлемдік басымдылыққа ие болу жолында «жаһандық тату көршілік стратегиясына» иек арта отырып, ҚХР аймақтық серіктестеріне арқа сүйеді. Ресми Бейжің қазіргі халықаралық тəртіптерді өзгертуге талпынбайды, керісінше, конфрантациядан қаша отырып, халықаралық тəртіптерге икемделу арқылы өз ыңғайына жақындатуға тырысады. Бұл жағынан алып қарағанда қытай саясатын «сыртқы қауіптерді залалсыздандыру стратегиясы» деп атауға болады. Ол қауіп төндіруге потенциалды мүмкіндіктері бар мемлекеттермен терең ынтымақтастық ортатуға бағытталған. ҚХР қуатты державалармен де, аймақтық ұсақ серіктестерімен де бүгінгі күні жақсы деңгейде қарымқатынас орнатуда. Тіпті кейбір екінші деңгейдегі мəселелерге келгенде аймақтық ұсақ серіктестеріне жол беруден де қашып отырған жоқ. Мəселен, Қазақстан Республикасымен екіжақты сыртқы саясатта жұмсақтық таныта отырып, экономикалық салаларды айтпағанның өзінде мəдени-ғылыми салаларда көптеген жетістіктерге қол жеткізуде. Қазақстан территориясында 2009 жылдың өзінде Астана қаласында Л. Гумилев атындағы Еуразия университетінің жанынан жəне Алматы қаласында əлФараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жанынан құрылған ҚХР мəдениетін, тілін, дəстүрін жəне тарихын насихаттайтын Конфуций атындағы институттардың ашылуы - соның көрінісі. Мұндай 130-дан астам институттар əлемнің 50-ден астам елінде жемісті жұмыс істеуде. Бұл Қытайдың жұмсақтық саясаты мен «гармониялық əлем» ұстанымының жемісі. «Гармониялық əлем» аталатын жаһанданудың қытайлық үлгісі бейбіт болса да, терең ойландырмай қоймайды.

Қазіргі кезде Си Цзиньпиннің ұстанып отырған позициясы да дəл төраға Ху Цзиньтаомен сəйкес келеді. Экономикалық жаһандануда Қытай-АҚШ сауда қатынастары алдыңғы орында. Қытайдың ДСҰ-ға кіруіненкейін Қытай-АҚШ саудасыныңкөлеміайтарлықтай өсті.2001 жылы Қытай менАҚШ арасындағы тауар айналымы 121,5 миллиард АҚШ долларын, ал 2017 жылы 583,7 миллиард долларды құрады. Инвестициялық кірістің көрсеткіштері бұдан да айқын көрінеді. 2001 жылы американдық компаниялардың Қытайдағы сатылымы 45 миллиард долларға жетті, ал 2016 жылы бұл көрсеткіш 600 миллиарддолларғадейінжетті. Қытайдыңқазіргікездегі«Гармониялық əлем»дегенжаһандануүлгісі əлемге ең ұтымды болып тұр. Бірақ Қытайдың 5000 жылдық тарихына қарасақ, Қытайдың «жұмсақ күш» саясаты екеніне көз жеткіземіз.Сондықтан бұл «Гармониялық əлем» жаһандану үлгісі ретінде бəрібірАҚШ-тың көңілінежағақоймайды. Сондада жаһанданудағыҚытайдыңайқынорныкөрініпақ тұр.

Қорытындылай келе, жаһанданудан ешбір мемлекет қаша алмайды, бірақ бұл процесс барлық əлемге тиімді болуы шарт. Шығыстағы интеграциялық үрдістерге Қытайдың ықпалы жоғары, əлемдік аренада да өзін мойындатып отыр.

Әдебиеттер тізімі

1.Евгений Николаев. Альтернативные концепции глобализации в контексте усиления мировой конкуренции.

//www.univer. omsk.su/ omsk/ socstuds/glob/index.html

2.Ольга Борох, Александр Ломанов. Скромное обаяние Китая. //Россия в глобальной политике, Том 5, №6 ноябрьдекабрь 2007 г.

3.Выступление председателя КНР Ху Цзиньтао на саммите ООН. 22.2006 жыл.// http://tj.china-embassy.org.

4.Выступление председателя КНР Ху Цзиньтао в Йельском университете США. 04.27.2006 жыл. // агенство Синьхуа.

5.Серебрякова Н.В. Центральноазиатская политика КНР как региональная проекция «теории гармоничного мира».//

Россия в глобальной политике., Том 6, №1 январь-февраль 2008 г.

6.Азат Чарыяров. Шесть тезисов Хуновый подход к решению тайваньской проблемы. — Время Востока, 04.03.2009

г.

7.Фуад Мамедов-Пашабейли. Великое единение поднебесной., 03.05.2008 жыл. //http://zerkalo.az/rubric.php?id=32464.

8.Китайская Народная Республика: политика, экономика, культура. - М.,

9.ЯкобБергер.Китайскаямодель развития//Мироваяэкономика имеждународныеотношения.- №– Сентябрь.- 2009.

10.https://inosmi.ru/economic/20181013/243455497.html

227

Юcyпoвa Дильнaз Бaхтиярoвнa

Қ.Р. Aлмaты қaлacы, әлФaрaби aтындaғы ҚaзҰУ мaгиcтрaнты hayat.020596@gmail.com +7 (747) 581 85 96

Ғылыми жетекші: Авакова Раушангул Амирдиновна

ҚР Aлмaты қaлacы, әлФaрaби aтындaғы ҚaзҰY филол.ғ.д., профессоры raushanavakova63@gmail.com +7 7772240497

БУДДА ДІНІНІҢ ҰЙҒЫР МӘДЕНИЕТІНЕ ЫҚПАЛЫ

Ұйғыр мемлекеті Шығыс Түркістан жерінде бірнеше ғасыр бойы өмір сүруі нәтижесінде өздерінің көп қырлы және өзіндік мәдениетін құрды. Ұйғыр мәдениетінің түп тамыры будда ілімімен тікелей байланысты. Будда діні Ұйғыр мемлекетіндегі ұйғыр халқы мен басқа да байырғы тұрғындарын табыстыратын, көрші халықтармен мәдениет алмасуға мүмкін жаратып беретін бірлестіруші фактор болды. Будда дінінің арқасында ұйғыр халқы көне Үнді, Қытай мәдениетімен танысты. Кейіннен өздері, дамыған будда мәдениетін басқа да халықтарға таратты.Осы кезге дейін әлемдік будда өркениетінің тарихында көне ұйғыр халқындағы будда дінінің алған орны толық қарастырылмай келеді.Қазіргі кезде көне ұйғыр халқындағы будда дінің әлеуметтік, экономикалық, саяси т.б жағынан зерттеу қажетсінеді. Өйткені салыстырмалы түрде аз уақыт өмір сүрген мемлекеттің будда өркениетінің қалыптасуына қосқан үлесінің теңдесі жоқ.

Біздің дәуірімізге дейінгі үшінші ғасырдан бастап Ұлы Жібек жолы арқылы Ұйғыр мемлекетінің қалаларына будда діні ене бастады. Орталық Азияның батысынан келген көптеген миссионерлер санскрит тілінде жазылған, будда дініне тән шығармаларды халық ішінде тарата бастады. Ұйғыр мемлекетіндебуддалықканондардыжергіліктіхалықтыңшарттарынасайбейімдеді.Солүшіндебудда діні жоғары деңгейде дамып, мемлекеттік дінге айналды[1]. Турфан идиқут мемлекетінің орналасқан жерінің өз алдына ерекшеліктері бар болатын. Ол Батыс пен Шығыс жолдарындағы мәдениеттер мен дінердің алмасуына көптеген шарттарды жаратып берді. Мысалға бұл жерді үнді, иран, грек мәдениеттерінің тоғысу орталығы деп айта аламыз. Сондай-ақ бұл орталық будда, манихей, христиан, ислам т.б діндердің араласуына, олардың осы өңірде таралуына қолайлы болды. Мұны түсінген Турфанбилеушілері дінгееркіндік берді. Солүшінде бұл өңірдеәр түрлідінөкілдері еркінөз діндерін дамытып, әр өңірлерге таратты. Турфан идиқут мемлекетінің кезеңінде ұйғыр халқы будда, манихей діндерін ұстанды. Хғ.ғ. Кучардың батысындағы ұйғырлар мұсылмандыққа өтсе де, Турфан өңіріндегі ұйғырларХVғ.дейінбуддадінінетабынды.ШығысТүркістанбуддадінініңекіншіотаныесептелінетін. Будда діні Шығыс Түркістан арқылы Қытайға енді. Б.з. І және ІІ ғасырларының өзінде Турфан алқабы будда дінінің орталығы болды [2].

Ұйғыр халқы өздерінің мәдениетінің шарықтау шегіне жеткен кезінде, Орталық Азиядағы ең мәдениетті халықтардың бірі болған. Ұйғыр халқының моңғолдарға тигізген әсерін, гректердің славяндарға тигізген әсерімен теңестіруге болады. Моңғол жазуы ұйғыр жазуының негізінде пайда болған. Ұйғыр халқы Моңғолиядағы алғашқы білім жүйесін құрған. Ұйғыр халқы арқылы моңғол халқы будда дінімен, буддалық мәтіндер арқылы көне үнді білім жүйесімен танысады.XIII – XVI ғасырлардағы моңғол тілінде мыңнан аса сол ғасырдағы ұйғыр кірме сөздерінің бар екені белгілі. Ол кірме сөздердің ішінде: білім,белгі,болмыс,себепсалдар,ғарыш,әлем,айнала т.бсекілді философия саласына қатысты терминдер, күнә, рақымшылық секілді әдеп нормаларына қатысты терминдер, сана, тұлға, сезім секілді психология саласына қатысты терминдер, ғарыш, жұлдыз, бұржы белгілері секілді астрономия саласына қатысты терминдер, құрлық, үнді қалаларының, мемлекеттерінің, тау, теңіз, көл, шөлдерінің атаулары секілді география саласына қатысты терминдер, биология саласына қатысты терминдер, сәулет өнеріне қатысты терминдер, өлең, кітап, трактат, дәстүр секілді әдебиетке қатысты терминдер, әуен, музыкалық асбаптар секілді музыка саласына қатысты терминдер, математика саласына қатысты терминдер т.б. кездеседі.[3].

Будда дінінің ұйғыр халқының мәдениетіне тигізген ықпалы айтарлықтай көп. Оның би өнеріне тигізген ықпалына қысқаша тоқталып өтсек.Ұйғыр хареографиясынан буддалық бидің элементтерін көруге болады.Дәстүрлі ұйғыр биінің негізгі түрлерін талдау бізге би түрлерінің алуан түрлілігін, жанрларынжәнеоныңпластикалықформаларыныңсапалыерекшеліктерінанықтауғамүмкіндікберді, бұл ұйғыр биіне әлемдік хореографиялық мәдениеттердің қатарында лайықты орын алуға мүмкіндік

228

береді.Шығыс Түркістанның буддистік мәдениеті би өнерінде де сақталған.Осы кезеңдегі ұйғырлардың би өнерін дамытуда көптеген буддистік үңгір ғибадатханаларда өткізілген храм қойылымдары үлкен рөл атқарды .Бұл тамаша театрландырылған спектакльдер болды, онда би мен пантомима сюжеттің мазмұны мен дамуының негізгі құралдарының бірі болды. Храм билеріне ерлер мен әйелдер де, көптеген орындаушылар қатысты.Әдетте, бұл пластика техникасы мен актерлік ойындарды жақсы меңгерген арнайы дайындалған бишілер орындайтын.Олар шартты, каноникалық және би қимылдарының, символдық белгілердің көмегімен ән-музыкалық мазмұнды көрсетті. Алайда, ұйғырлардың би өнері будда мәдениетінің аясында тұйықталмаған. Буддистік дәстүрлермен қатар өздерінің, тек ұйғыр дәстүрлері мен образдарда шындықты бейнелеудің көркемдік тәсілдері дамыды. Ұйғырлар көпғасырлық буддистік мәдениеттің жетістіктерін шығармашылықпен жинақтап, олардың түсіндірмесіне өзінің эстетикалық көрінісін енгізді."Бұл көріністер мен дәмдер Турфандық ғибадатхананың бай ою-өрнегіне, маталық өрнектерге, ерекше жапсырмасы бар кілем бұйымдарына, оюға, кестелеуге және т. б. әсер етті.Ұйғыр биін дамытудың маңызды кезеңі Шығыс Түркістанды исламдандыру кезеңі болып табылады. Х-ХV ғғ.мемлекеттік дін дәрежесіне исламды тұрғызу кезеңі. Дәл осы кезеңде ұйғырлардың барлық мәдениеті мен би өнерінің барынша өркендеді. Жаңа ислам мәдени дәстүрімен қатар буддистік," шамандық " дәстүрлер де дами бастады.Ұйғырларды исламдандырумен буддистік мәдениет өнерінің көптеген түрлері қайта ойластырылып, бүкіл мұсылман мәдениетінің аясында дами бастады [4].

Б.з.д 1 ғасырда. Буддизм Үндістаннан Кашмир арқылы Хотан қаласына еніп, көп ұзамай Жібек жолы бойымен солтүстікке қарай Қашқарға тарады.Буддизмнің басталуына дейін және кейін Шығыс Түркістанқұлдықжүйенідамытусатысындатұрды.Ұйғырстанның оңтүстігіндебірнешеондағанжеке княздар арасында азаматтық қақтығыстар болды, соның салдарынан соғыстар үнемі көтеріліп турды, елде бейбітшілік болмады.Буддизм шыдамдылықты уағыздайды, ал билеуші класс тек осы діннің көмегімен жұмысшылардың наразылығын тоқтатуға тырысады. Қарапайым дінге сену қарапайым халықтың қайғылы тағдырын өзгерте алмады, содан кейін ол жаңа дін - буддизмге үміт артты..Сондықтан, буддизм, оның енуінен кейін, жан-жақты қолдау және өсіру арқылы әртүрлі аймақтарға тез таралады. Ол кезеңдерде әрбір оазис жеке князьдік болды, және де мұнда билеушілерден қарапайым адамдарға дейін бәрі дерлік буддизмге сенді. Буддизмнің өркендеуімен қатар монахтардың саныда арта түсті.Тарихижазбалар бойынша,Юйтяндаон мыңдаған монахтардың болғанын,текЦюймодиғибадатханасыныңөзінде3000монах,басқааудандардаәдетте1000-нан4000- ға дейін монахтар болған. Барлық облыстарда ғибадатханалар мен пагодтар салу сәнге айналды, сол уақытта тек Кучаның өзінде мыңдаған буддистік пагодалар мен шіркеулер салынды. Юйтянда барлық үйдің алдында пагодалар болған. Олардың ішіндегі ең кішкентайлары 6 метр бийіктікке дейін салынған. Храмдар әрі көп, әрі үлкен көлемде болды және де іші сәнді болды. Шығыс Түркістанның оңтүстігінде орналасқан Ақсу ауданындағы танымал Мың Будда үңірі міне осы кезеңде пайда болған. БұлкезеңдеЖібекжолыныңоңтүстік жәнесолтүстікжақтарындабіртіндепекібуддаорталығыЮйтян және Куча пайда болды. Сол кезеңде Орталық жазықтан келген көптеген монахтар алыстан Шығыс Түркістанға немесе Шығыс Түркістан арқылы Үндістанға білім, үйрену үшін жолға шықты. 399 ж. Шығыс Цзинь (317-420) дәуірінде Фасянь есімді монах (шамамен 337-422) Чананядан батыс арқылы ШығысТүркістаннан Үндістанғажолтартты. ОлШығысТүркістандағыбудда дінінтереңінензерттеді сондай-ақ оның ғибадатханаларын, монахтарының санын, әртүрлі аймақтардағы буддалық ғұрыптарды, оқиғаларды зерттеді. Ол бұл көргендерін «Буддистік ел туралы жазба» кітабында жазып қалдырған [5].

Будда философиясына тоқталар болсақ, будда философиясы көп ғасырлық ұйғыр философиялық дүниетанымына енді. Бұл құбылыстарды ұйғыр ақындарының өлеңдерінен, прозалық шығармаларынан, мақал – мәтелдерінен көруге болады. Сондай-ақ буддалық мәтіндер ұйғыр тіліне аударылған. Олардың қатарына: «Алтун Ярук», «Сюань Цзан өмірбаяны», «Екі тегін тұралы әңгіме», «Чаштани илік бек тұралы баяндама», «Майтрисимит» т.б шығармаларды жатқызамыз. Кучар,

Бешбалық будда дінінің танымал орталықтарынан болған. Бұл жерлерде орналасқан «Мың үй» үңірлеріне будда әңгімелерінің желісі бейнеленген [2]. Осы кезеңдегі ұйғыр будда дініндегі, Хотан қаласында жазылған негізгі еңбектердің бірі «Алтун Яруқ» болып табылады[1]. Ескерткіштің көне ұйғыр тіліндегі толық атауы «Алтун онлук ярук ялтыраклы копта котирилмиш ном илики атлык ном» ретінде аударылады [6].Бұл қолжазба алғаш табылған кезде, ғалымдар бұған аса қызығушылық танытпады. Өйткені бұл жазу санскрит, тібет, қытай, моңғол тілдерінде белгілі еді. Бұл жазба түркілердің мұсылмандыққа дейінгі буддалық мәдениетінің ұйғыр тілінде жазылған ескерткіші ретінде ғалымдардың назарына ілікті. Қолжазба өте жақсы сары қағазға түсірілген. Әр беті 60 та 23 см, ішіндегі мәтін шамамен 22 – 25 жолдан тұрады. Бірінші кітаптан басқа Алтун Яруқтың

229

парақтарында будданың бейнесі бейнеленген, сонымен қатар кейбір сөздер қызыл бояумен жазылған [7].Ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек еңбектің лингвистикалық ерекшеліктері байқалмайды[8]. Алтын Ярук ескерткішінің жазу стиліндегі ерекшеліктерге тоқталар болсақ, ғалымдар бүгінгі күнге дейін зерттеліп келген жазбалардан еш қандай өзгешелігі жоқ екендігін ескере айтады [9].

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Хожамберди К. Уйгуры в ракурсе истории: научно популярная книга.- Алматы,2001ж 2.Уйгуроведение в Казахстане: традиция и новация.-Алматы «Наш мир», 2006ж 3.Кара Д. Уйгуро-монгольские литературные связи // Литературные связи Монголии. - М., 1981.

4.http://uyghurtoday.com/2017/10/21/vliyanie-buddizma-na-uygurskuyu-kulturu/

5.МаПиньЯнь. Религия в Синьцзяне Китай — Синьцзян. МИК 90с http://uyghurtoday.com/2017/01/22/religiya-ujgurov- buddizm/

6. Қазақ ССР 4 томдық қысқаша энциклопедия./Бас редактор Р.Н. Нұрғалиев;Алматы; Қаз.Сов. Энциклопед. Бас. редак.

1989

7.https://ru.wikipedia.org/

8.Gulcalı, Zemire (2013), Eski Uygurca Altun Yaruk Sudur’dan “Aç Bars” Hikâyesi, Ankara: Türk Dil Kurumu Yayınları,

445 s.

9.Mehmet Ölmez. Türk dillerinin araştırma dizisi: 1 Altun Yaruk III. Kitap (=5.bölüm)

230

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]