Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

81

.pdf
Скачиваний:
8
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
7.09 Mб
Скачать

адамдарарасындағыбайкедейдегентүсініктержоғалады, барлығыбіргеашықжарқынкөңілкөтереді. Бұл мерекенің бірінші күні түн отрасында жергілікті халық ортаға алау жағады, бұл жамандық атаулымен, ауру-сырқау жойылсын деген ниетпен, екінші күні төбеден қазақтың шашуына ұқсайтын тəттілер шашылады. Үнді күнтізбесі бойынша ай толған күні тойланатын бұл Холи мерекесі, үндінің ұлттық биі «катхакали» менаяқталады.

Катхакали – XVII ғасырда үнді жерінің Керал штатында пайда болған ежелгі дəстүрлі би өнері. Катхакали өнерінің түпкі тамыры Керала шаруалары орындаған халық драмасы мен билері. Бұл ұлттық өнер ашық аспан аясында айлы түннен таң атқанша биленген. Бидің басты сюжеті «Махабхарата» мен «Рамаяна» эпостарынан алынған. Бишілер арнайы мектептерде дайындалған ер азаматтар болуы тиіс. Мектептерде 11 жастан бастап ер балдарды қабылдап 5-6 жыл би өнеріне баулыйды. Келесі кезекте, үнді туындыларындағытағыбірүзілмесдəстүр, таңатысыменəрбіротбасыкеліндеріүйішіндегіқұдаймүсініне барып, шырақ жағып, алдына барлық тағамдардың түр-түрінұсынып, қоятындығын көреміз алайда тағамдардың құрамында ешқандай етті тағамдар аталмайды, бұл яғни үнді халықтарының көбісі вегетериандық тағамдарға байланғанын байқаймыз. Үнді асханасы негізінен күріш, тхали, карри кіреді. Біріншітағам-бұршақтанжасалғандхалсорпасыболуыміндетті[5].

Алендіқортындылайкеле, үндікиноларысіздіңпікіріңізшеқазаққоғамынакерекпеқалайойлайсыз? Қазір екінің бірі ұлт тарихынан хабарсыз болуы мүмкін. Алайда, Анандидің тағдырын жақсы біледі. Проблемасы жетерлік, күнделікті ас-суын айыра алмай отырсада сериалға телміруге мəжбүр, тіпті бір сериасын өткізіп алғылары келмейді. Иа, бұл Ананди қазақ жерін біраз шулатты, əлеуметтік желілерден бөлек қазақ сахнасының əзіл сауық қоюшыларынада бұл үлкен тақырып болып, күлкінің астынан астары бар ащы шындықты жеткізуге ұмтылған театрлар қаншама.Жоғарыда айтылғандай кино ең алдымен ұлттықидеологияғаəсер етеді. Үндісериалдарыүнді мүддесін көздейтіні белгілі. Болливудтың кезкелген фильмі өз ұлтының əдет-ғұрпы мен салт-дəстүрінен алыс кетпейді. Ұлттық бояуы қанық киімдермен, дəстүрлі музыкасын, ұлттық биін, салтын, насихаттауды бірінші кезекке қояды.Сондай-ақ отандық телеарналардағыойданшығарылған, ертегігеұқсасбітіпболмайтын«Қызғұмыры» «Келін» «Сүйгенжар» тағыдабасқасериалдарарқылыадамдардыңалтынуақыттарыұрланып, санасытұманданыпжатыр. Бұлай дейтін себебіміз мұнда да отбасы мүшелеріне деген өшпенділік,аяқтан шалу, кек алу, апалы-сіңілі қыздардыңбір-бірініңмахабаттарынаопасыздықжасауы, тағыдатолыпжатқанадамиқұндылықтарғажат қылықтар, дүниелер насихатталады. Сол арқылы халықтық қалпымыз бен ұлттық болмысымызға нұқсан келуде. Осы сериалдардағы өзге діннің шылауында жүрген адамдардың ойлау қабілеті, таным түсінігі, өмірді қабылдауы бізге қарағанда өзгеше болатындықтан, фильмдердің сенімсіз тұстары көп. «Осыны бəрінүзбейкөрсетузорлапқабылдатуболыпшықпайма?», дегеноймазалайды.

Сондықтанөзгеелдіңқымбатдүниелерінеқаржышығарып, босқашығынданғаншаөзіміздіңотандық сериалдарды неге көбірек көрсетпеске?, деген ой туындайды. Кейінгі кезде бізде де жақсы-жақсы кинотуындылар өмірге келіп жатыр. Болмаса киногерлерімізге халықтың көңілінен шығатын фильмдер жасауынажағдайжасауымызкерек. Сондағанакөксегенімізкөгерерінекүмəнжоқ.

Пайдаланылғанəдебиеттертізімі:

1.Қазақэнциклопедиясы7-том," Салт‒дəстүр" түсінігі

2.ҮндістанжəнеБенин.‒ЕгеменҚазақстан[https://egemen .kz›undistan-zhane-benin. 14.04.16] 3.Үндіфильмдерітуралы10 дерек[https://massaget.kz›madeniet›kino]

4.ТортаевС.Ə. ОртағасырлардағыАзияжəнеАфрикатарихы" Алматы: Нұр‒пресс, 2009.-400б

5.Сари‒ традиционная женская одежда в Индии [indianochka.ru›kultura›tradicii›sari]; Үнді салт-дəстүрі [https:youtu.be.23.09.2014]; Үндістан мəдениеті [https: youtu.be.07.04.2015]; Холи мерекесі.Үндістан халқы көктемді қарсы алуда [https:youtu.be 18.03.14]; Катхакали-народныйтеатрИндии[warps.ru›Индия›особенности›катхакали]

191

БУДДИЗМДЕГІДІНИМЕЙРАМДАР

БердибекАсель

Дінтанумамандығының1 курсстуденті Əл-ФарабиатындағыҚазҰУ Ғылымижетекшісі:

УтебаеваД.С., PhD докторы, ағаоқытушы

Адамзат тарихының сонау пайда болған кезеңінен бастап дін қоғамның ажырамас бір бөлігі болып келеді. Белгілі бір елдің дінін зерттеу арқылы біз ол елдің мəдениетімен, салт-дəстүрімен, əдетғұрыптарымен, өмір салтымен танысамыз. Дінді зерттеу арқылы біз сол дінді ұстанатын халықты,адамдарды зерттейміз десек те болады. Мəдениеттегі діннің рөлін əрбір мəдениеттің жүйе құрастырушыфакторыдепанықтауғаболады. Дінимейрамдарсолмəдениеттіңбірбөлігіболыптабылады.

Дінимерекелер – əрбір дінді ұстанушылардың ерекше қастерлейтін мейрам күндері. Діни мейрамдардың ішкі мазмұны мен аталып өтілуі жеке діннің тарихына байланысты. Сонымен қатар бір діннің мерекелерінің өзі сол дінді ұстанушы халықтардың арасында кейде ұлттық-мəдени ерекшеліктерге орайішінараəркелкіреңктер қабылдаған[1].

Буддизм дініндегі діни мейрамдар жайлы көбірек білсем,осы дінді ұстанатын халықтардың өмір салтымен,салт-дəстүрлерімен танысуға,яғни мəдениеттерінің бір бөлігімен танысуға үлкен мүмкіндік бар деп ойлаймын. Бұл менің мақаланы жазудағы мақсатымның бірі болып табылады. Буддизм əлемдік дін болғандықтан,ол əлемнің төрт бұрышына таралған дін жəне əр халық дінге белгілі бір мөлшерде өз өзгертулерін қосқан. Яғни мейрамдар дəл сол қалпында сақталмаған немесе өзгерген жəне де осыған байланысты екі елде бір мейрам екі түрлі тойлануы мүмкін жəне тойланады да. Бірақ бір жағынан халық дінді емес,дін халыққа өз өзгертулерін қосуы мүмкін. Мысалы, буддизм діні Қытайдың дəстүрлі діндерін ысырып бірнеше рет мемлекеттік дін деңгейіне көтерілгендігі белгілі. Буддизм Қытай мəдениетіне елеулі ықпал еткенін қазіргі қытай əдебиетінен, сурет жəне сəулет өнерлері мен салт-дəстүрлерінен де байқауға болады.

Енді ең алдымен Буддизм дінінің діни мейрамдарымен танысудан бұрын осы діннің тарихымен, мағынасымен, мəніментанысыпалайық.

Буддизм діні Орталық, Шығыс жəне Оңтүстік-Шығыс Азияға б.д.д I мыңжылдықтың ортасынан бастап таралған əлемдік үш діннің бірі. Қазір Үндістан, Қытай, Жапония, Бутан, Камбоджа, Малайзия, Корея, Лаос, Монғолия, Мьянма, Непал,Тайланд, Тибет, Шри-Ланка елдеріне кеңінен тараған. Ол Христиандықтан– 500, Исламнан– 1200 жылбұрын пайдаболған.

«Будда» дегенсөздіңөзісанскриттіліненаударғанда«ағартушыəулие», «ақылман», «көзіашық» деген сөзді білдіреді екен. Буддизмнің негізін салушы Сиддхарта Гаутама деп есептеледі. Буддизм басқа ілімтанымдарды бойына оңай сіңірді жəне оның негізгі қағидасы жан иесіне жамандық жасамау болғандықтан,жер жүзіне соғыссыз тарады. Қазіргі кезде Буддизм дінін 1 млрдқа жуық адам ұстанады. Буддалықдіни ілімкөзқарастардыңкүрделі жүйесі болыптабылады[2].

Буддизмніңуағыздарыныңөзінетəнерекшеліктерібар. Буддизмдедүниеніжаратушықұдайжайында идеяайтылмайды. Буддизмфəниөмірдіңазаптары-ауру,кəрілік,өлімненқұтылужолыніздейді. Олөмірдің қасіреті-нəпсінің тілегіне байланысты деді. Адамның денесі уақытша өмір сүреді. Ал нəпсі қанағатсыз тілегімен,өлімнің қорқынышымен ылғи бейнет туғызады. Сондықтан нəпсінің тілегінен құтылу керек. Ол үшінтөртақиқаттыбілу қажет:

1)азапбар;

2)азаптасебепбар;

3)азаптасоңбар;

4)жолазаптыңтоқталуыбар [3].

«Сегіздік жолмен» жүре отырып,адам ақыр соңында мүлтіксіздікке жетеді:ол архатқа, яғни қасиетті адамға айналады əрі нирванаға жетеді. Азаптан құтылуға жеткізетін бұл жол ортаңғы жол деп те аталады,өйткені ол екі ауыр күйден:сезім рақаттарына берілуден жəне тəндіқорлаудан арылуға мүмкіндік береді[4, 272 б.].

«Будда дінінің философиясы оның өзі пайда болмай тұрып-ақ, ежелгі үнді ойының теоретиктері əзірлеп қойған басты дүниетанымдық ұстанымдар мен санаттарға негізделгендігімен, тереңдігімен, өзгелерге ұқсамайтындығымен ерекшеленеді. Ең алдымен баса айтуға болатыны-будда дінінің ерекше құбылыс саналатын дүниенің шынайылығын жоққа шығаратындығы;ал бұлайша жоққа шығару бүтіндей дерлік ежелгі үнді философиясы үшін қалыпты норма саналатындықтан, сонымен бірге бұл теріске шығарудабуддашылықтыңқағидаретіндегі, яғнибұлдүниеденжоғарғыақиқатшексізтұрақтылықдүниесі

– нирванаға өту түсінігі жатқандықтан, будда дінінің бұл дүние шынайылығын жоққа шығаруын табиғи жəнекөңілгеқонатыннəрседепқабылдауғаəбденболады» – депжазадыЛ.С. Васильев[4, 270б.].

192

Осындай өте қызықты философиядан тұратын Буддизм діні өзінің даму барысында алуан түрлі мейрамдар мен салтанаттарды қалыптастырды. Дін мəдениетке қалай əсер етсе, əрбір мəдениет те діни мейрамға өзінің айрықша стилін қосады жəне өзіндік айрықша күнтізбесі бар. Осы себептен буддистік мерекелдітөртнегізгі топқабөлеміз. Олар:

1)тхеравададəстүрі;

2)тибетдəстүрі;

3)қытай-жапондəстүрі;

4)батыс-буддақауымдарыныңдəстүрі[5, 75б.].

Барлық буддистік діни мерекелер ай күнтізбесіне сүйеніп атап өтіледі. Дəстүр бойынша тхеравада мейрамдарынабуддистікмонахтықзаңдарызорықпалетеді. Монахтықкүнтізбедеекімаңыздыоқиғаатап көрсетілген.

Буддизмдегі мейрамдар ең алдымен Гаутама Будданың өміріндегі оқиғаларға негізделген. Əр елдің өздерінің дəстүрлі күнтізбелеріне байланысты мейрамдардың уақыттары өзгеріп отырады. Жəне де буддизмнің əр түрлі мектептеріне жəне дəстүрлеріне қарай өздеріне ғана тəн мерекелері бар. Мысалы,махаяна дəстүрінде-бұл мерекелер дін уағыздаушылардың өмірінмен байланысты. Тхеравада дəстүріндегімерекелердеБудданыңөміріндегіоқиғаларғатолықтоқталған,мысалы,анасыменкездесуүшін көкке көтерілуі,сиқырлары жəне т.б. Мерекелердің күндерін бекіту үшін буддалық мейрамдарға арналған дəстүрлікүнтізбелерібар. Сингапурда– қытайкүнтізбесі, БурятжəнеКалмыкияда– тибеттіккүнтізбежəне т.б. Кейбір кездерде екі күнтізбе қолданылады:дəстүрлі жəне григорияндық күнтізбелер. Японияда буддалық мерекелер үшін тек григорияндық күнтізбе қолданылады. Будда өз артынан ерушілерге жиірек бас қосып, жиналуды айтып кеткен, сондықтан мейрамдар кез келген буддалық ұжымның өмірлерінің бір бөлігіболыптабылады. БұлмейрамдарБуддағажəнеоныңілімінедегеналғысретіндекөрсетіледі [2].

Буддалық мейрамдардың тағы бір ерекшелігі: басқа мейрамдар сияқты кейбір буддалық мейрамдар кезіндедемалысболып, көңілдіөткізілебермейді. Буддалықдінимерекелеркезіндеадамдардыңөз-өздерін ұстауларында белгілі-бір қатал тыйымдар қойылған. Адам баласы бұл күндері өз-өзіне бұрынғыдан да жақсырақ қарап, көңіл бөлу керек, өйткені бұл күндері физикалық іс-əрекеттер жəне ойлау дəрежесі мың есе аратады деген сенім бар. Нашар жəне жаман қылықтарының жауабы мың есеге,сонымен қоса жақсылықтарыныңжауабы да мың есеге артады. Ауқымды буддалық мерекелер кезінде ілімді тереңірек түсінуге жəне Табиғат пен Абсолютке жақындай түсуге болады. Мереке күндері ғибадатханаларға барып Буддаға,ұстаздарға жəне ұйымға тартуларын ұсынады [2]. Осы мəліметтермен таныса отырып, буддизм дінінің мерекелерінің иудаизм дінімен ұқсастығы бар екендігіне тоқтала кеткен жөн. Иудаизм дінінде де кейбір мереке күндері көтеріңкі көңіл-күймен өткізілмейді. Дінді ұстанушылар ол күндері ешқандай техниканы қолданбай,қолдарына қасиетті кітаптары «Тораны» алып, ғибадатханаларына барып,құдайларынақұлшылықжасайды.

Əрбіраптадажəнежылсайынболатынупосаттаркүндері. Арнайыдайындығыбармиряндармонахтар тəрізді упосаттар күнін атап өте алады. Упосаттар күндері аптасына бір рет болады. Маңызды бір ерекшелігін айта кететін болсам: толған ай өте қолайлы күн əрі өте маңызды күн болып саналады,өйткені толған айда Будданың туған күні, оның нұрлану күні жəне оның дүниеден өтекен күні болған. Толған ай күніжасалатынəдет-ғұрыптартабиғатпентығызбайланысорнатуғакөмектеседіекен. Себебісансараадам тағдырын табиғат əлеміндегі айналыммен байланыстырады. Сонымен қатар тағы бір қоса кететін зат ол:толған ай магиялық қасиетке де ие екен,бұл адамға азат болу үмітін береді. Дəстүрге сəйкес упосат күндері монастыр немесе ғибадатханаларға бару, монах оқыған ілімді тыңдау, мəтіндерді айту, медитацияға қатысу, өсиеттерді орындауға дайын екендігін айту керек. Тақуа адамдар үшін ақиқат жолында кемелденуге мүмкіндік туады. Ғибадатханаларға сый беру арқылы жомарттық жасау жəне Буддағасыйыну, осымейрамкүндерісегізөсиеттіорындауғаміндеталужəнеқатаңсақтаукерек. «Əлемдік дін: Буддизм» кітабындағыдеректергесүйенетінболсақ, бұлмейрамғасəйкескейбірелдердіңөздерінетəн ерекше дəстүрлері де бар. Мысалы,Бирма мен Лаоста тірі балықты сатып алып, оны еркіндікке жіберу дəстүрі. Мұндай дəстүр тіршілік иесіне деген жаңашылдықты білідіреді. Ал Тайландта бұл мейрам сумен байланысты. Ардақты ұстаздары мен құрметті аталарына су шашады. Будда мүсініне монах киімін киіндіреді, кейінбұлкиімдердімонахтар киеді[5, 75-76 б. ].

Келесі Весакмейрамын будданың туған күні жəне оның нұрлану,дүниеден өткен күні ретінде салтанатты түрде атап өтеді. Весак мейрамы тхеравада дəстүрінің ең маңызды мейрамы болып табылады. Батыс күнтізбесіне сүйенетін болсақ, бұл мейрам мамыр айының соңы немесе маусым айының басына келеді. Бұл айдың үнді атауы «Вешакха», ал сингаль тілінде «Весак» деп аталады. Мейрамның негізгі идеясы-адамзат үшін елеулі оқиға болған будданың нұрлануы. Осы күні ғибадтханаларды безендіру жəне кешке шам жағу қабылданған. Шам дүниеге келген нұрды рəміздік тұрғыдан сипаттайды. Шамды ағаш қаңқасы бар қағаздан жасайды. Миряндар жергілікті ғибадатханалар мен монастырларға барып,түн бойы медитацияжасайды. Тайдəстүрі бойынша будда, дхарма жəне сангхаүшін, яғниүшінжу-маржанға арнап монастырдыүшретайналу қабылданған[5, 76 б.].

193

Euronews life телеарнасының 2012 жылы берген «Тай дəстүрінің өмірі» атты шығарылымында осы Весак мейрамымен көзбе-көз таныстырады. Бұл қасиетті күннің таңы монахтардың дұғаларды оқуымен басталады. Ол мейрамға қатысқан қонақтар рухани жандарын дамыту жолында бірдей киініп жиналғандарды көруден артық керемет жоқ екендігін айтып, өз таңдануларын үлкен сезіммен білдірген[6].

Катхинасəн-салтанаты батыс күнтізбесі бойынша қазан немесе қараша айында өткізіледі. Миряндар монахтарғажаңакиімдерсыйлайды. Қазіргіуақыттамонахкиіміəдет-ғұрыптықүлгілергесəйкесжасалады. «Катхин» сөзініңтағыбірмағынасы‒«қиын», яғниБудданыңшəкіртіболуқиынекендігінбілдіреді[5, 77

б.].

Бирманың буддистері монахтар үшін киімнің матасын қыздар тоқу керек деп санайды. Киіммен бірге аспандағы мифологиялық ағашты рəміздік тұрғыдан бейнелейтін ойыншық ағаш беріледі. Ағаш бұтақтарынамонастырғасыйлықретіндеұсынылатынақшаілінеді[5, 78 б.]. Посонмейрамынатоқталатын болсақ, бұл мейрам тек Шри-Ланкада атап өтіледі. Бұл мейрам Весак мейрамынан кейін маусым немесе шілде айына келеді. Б.з.д. 250 жылы император Ашоканың ұлы буддистік Архат Махинда 48 жыл өмірін монастырдаөткізген. ОсымақсатқаарнайыМахиндасұлбасыорналастырылған[5, 77 б.]

Асаламейрамыжаңбырмаусымынасəйкескелетіноңашалаукезеңібасталғанынкөрсетеді.Бұлмейрам шілде айында аталып өтеді жəне будданың алғашқы уағызы туралы еске түсіру болып табылады. Шілде айының екінші жартысында Шри-Ланка тұрғындары «Асала перахра» атауымен Канди көшесімен Будда тісін алып жүреді. Тұрғындар бұл мейрамды зор салтанатпен атап өтеді. Көшелерде бишілер мен əсем безендірілген пілдер мейрамның сəнін ашады. Монастырдағы монахтар əдеттегі өзара қарымқатынастарын қысқырта бастайды,ал оңашалану кезеңі аяқталғаннан кейін монахтар күнəларынан арылып,қауымдағы жолдастарынан кешірім сұрайды. Бирма мен Тайландқа келетін болсақ, миряндар жауын-шашын маусымында монахтық өмір салтын ұстанып, үш ай бойы монахтар сияқты өмір сүреді [5, 77 б.].

Тай буддизмінде Магха Пуджа атымен барлық əулиелер күні немесе дхарма күні белгілі болып отыр.Бұл күні будда ажалына дейін үш ай бұрын 1250 шəкіртінің алдында монахтық сангха үшін тəртіп заңын берді. Ruptlyжаңалықтарына сүйенетін болсақ, 2016 жылы буддистер жəне буддистік монахтар Магха Пуджа мейрамын өткізу үшін Бангкокқа жақын жердегі ғибадатханада жиналған.Ол үшінші айдың толуынакеледі[7].

Бесінші айдың толған айына келетін тазару күні – «Дзамлинг Чизанг» мерекесі кезінде жеке адамды, отбасын жəне буддизм дінін ұстанушылардың қасиетті жерлерін қорғайтын рухтарға бес құрбандық шалынады. Сенімдергесүйенетінболсақ,қасиеттіболғанжəнедебуддизмдіқабылдағанрухтарғаарналып, ғибадатханалар салынады. Рухтар вегетериан болғандықтан,оларға əртүрлі тəтті тағамдар ұсынылады. Миряндарсалтанатқаүшкүнқалғандаетжеудентыйылады[5, 79 б.].

Келесі тоқталатын мейрамдар тізімі будданың уағыздарына арналған. ЧокхормейрамыБудданың бірінші уағызын есте қалдыратын жазғы мейрам,алтыншы айдың төртінші күніне сай келеді. Бұл əдетғұрыпбуддаіліміарқасындамүмкінболғандхарманыңтаралуынескесалады.

Лхабапмейрамы Тибет халқында тоғызыншы айдың екінші күні анасының алдында уағыз айтқан Будданы еске түсіру үшін атап өтеді жəне барлық дін ұстанушылар ғибадатханаға барады. Қытай мен Жапонияда буддизм діні жергілікті халықтардың діндерімен қосылып кеткен, яғни діндер бір-біріне өз ықпалдарын тигізген. 8 сəуірге сəйкес келетін «ХанаМатсури» аталатын Будданың туған күніне аранлған мейрам-Қытай күнтізбесі бойынша төртінші айдың сегізінші күніне келеді. Бұл мейрамның негізгі атрибутыгүлжəнесу болыптабыладыжəнеолбудданыңтуылуытуралыаңызбенбайланысты.

«Ашрухтар» мейрамы о дүниелік болған ата-бабаларға арналған. Буддистік космология бойынша сансара патшалықтарға бөледі. Осы патшалық арқылы барлық тірі жан иесі өтеді. Бұл ата-баба культі мейрамы шілде немесе тамыз айларына сəйкес келеді. Жапонияда үш күнге, ал Қытайда жеті күнге созылады.

«Батысбуддистікқауымдостары» (FWBO) орталықтары, əдеттезалнемесеүйтүріндеболадыжəнеде сол жерде жиналып,медитация жасайды [5, 80 б.]. Буддизм əлемдік дін ретінде адамзат тарихында өзіндік діни ілімі мен культі,моральдық құндылықтары,əлеуметтік тəртібі, мейрамдары, салт-жоралары, төл тума бірегейфилософиясы, қасиеттікітаптарыарқылыбелгіліболыпотыр.

Буддистер – əлемге Будда көзімен қараушылар. Буддистер ілімі бойынша, будда ілімінде ақиқат негізделген. Буддистер сангхаға кірушілер. Кейде сангха мүшелері өздерін «рух бойынша достар» деп атайды. Міне, жиырмабесғасырбойындасангха(қауым) буддизмніңтірегіболыптабылады[5, 81 б.].

Қазіргі кездегі буддизм алуан түрлі саяси жəне экономикалық əсерлерді бастан кешірді. Буддизмнің миссионерлік қызметі өсуде. Буддистік ілім өзінің маңыздылығы мен өзектілігін жоғалтқан жоқ. Қазіргі заманда буддизм философиялық кредо жəне өмір салттық ұстаным ретінде Батыс Еуропа елдерінде кең таралуда.

194

Буддизм – жоғары рухани күйге жеткізетін ілім. Осындай рухани ілім мен білімге бай діннің мейрамдарыдаадамныңруханижантыныштығынтабуғаарналған мейрамдар екен.Мейрамдардыңкөбісі Будданыңөміріменұлыұстаздардың, осыілімдітаратушыəйгіліжандардыңөміріндеболғаноқиғалармен ізгі істеріне байланысты екен. Буддизм дінінің мейрамдарында будда қалдырған этикалық нормалар қосылған жəне сақталған. Дін ұстанушылардың мейрамдарын тойлау кезіндегі сезімдеріне, көңілкүйлеріне тоқталатын болсақ, олардың жүздерінен нұрдай төгілген мейірім мен қуанышты ғана көруге болады. Бұданбіздінұстанушылардыңөздерінруханибайығандарыніштейсезінетінінтүсінеміз.

Пайдаланылғанəдебиеттертізімі:

1.Дінимерекелер// [https://kk.wikipedia.org]

2.Буддийскиепраздники// [buddhism-tritana.ru

3.БəйтеноваН.Ж. Дінтанунегіздері:Оқулық. – Алматы: ҚазақУниверситеті, 2006. – 356 бет.

4.Дінтану: Жалпыдінтанунегіздері, діндертариxы, Қазақстандағыдіндер. – Алматы: «Бастау», 2010 ж. – 567 б.

5.Əлемдікдін: буддизм: оқуқұралы/ Б.Қ.Бейсенов, А.Р.Игисенова,‒Алматы: Қазақуниверситеті, 2015 – 92 бет.

6.Таиланд:ВисакxаБуча‒праздниквчестьБудды// [http://ru.euronews.com (YouTube)]

7.ВТаиландетысячибуддийскиx монаxовотметилипраздникМакxаБуча// [https://m.youtube.com/subscription_c (RT Russian)]

ДІН САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫЖҮЗЕГЕАСЫРУДАҒЫНЕГІЗГІПРИНЦИПТЕРІМЕН ТЕТІКТЕРІ

Болатханова Ақбөпе

Дінтанумамандығының4 курсстуденті Əл-ФарабиатындағыҚазҰУ Ғылымижетекшісі:

МұқанНұрзат, PhD докторы, ағаоқытушы

Мемлекетті басқару нысанында əр мемлекеттің белгілі бір идеологиясы болады. Сол идеология сол мемлекеттің басқару нысаны болып табылады. Қазақстан Республикасы Конституциясы (Негізгі заң) І бабы 1 бөлімінде «Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық жəне əлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам жəне адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары», – деп көрсетілген [1]. Бұл – Қазақстан мемлекетінің құрылу жəне қызмет ету қағидаттарының бірі болып есептеледі. Бұл жердеайтылып тұрған зайырлылық сөзі, осыдінсаласындағы мемлекеттік саясатты көрсетіп отыр. Қазақстан Республикасының Конституциясында бұл тезистің жариялануы, республикада ресми мемлекеттік діннің жоқ екендігін жəне діни сенімнің бірде-бірі міндетті немесе артықшылыққа ие емес екендігін анық білдірілген. Қазақстан өз тəуелсіздігін алған уақыттан бері адамныңмүдделеріменеркіндігін, құқығынқорғаубойыншажүйелісаясатын жүргізуде.

Азаматтардың діни сенім бостандығына адамдардың құқығын жүзеге асыруды қамтамасыз ету – көп конфессиялы мемлекет ретінде Қазақстан Республикасының өмірлік маңызды мүдделерінен саналып, оныңдемократиялықжəнеқұқықтықдамуыныңмаңыздынегіздерініңбірі[2].

Қазіргі таңда аталмыш тақырып «Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының2017-2020 жылдарғаарналған тұжырымдамасынбекіту туралы» ҚазақстанРеспубликасының ПрезидентіЖарлығыныңжобасытуралықаулысыныңқабылданументақырыпөзініңөзектілігінарттырып отыр. Мемлекет пен діни ұйымдардың өзара қарым-қатынасы, мемлекет институттары жəне діни бірлестіктер арасындағы тарихи қалыптасып жəне өзгеріп жатқан арақатынас түрінің жиынтығы ретінде, Қазақстан Республикасының ішкі жəне сыртқы саясатының ерекше саласын зерттеу. Қазақстан Республикасының дін саласындағы нормативтік құқықтық актілерді талдау оларды бір жүйеге келтіру маңыздыболыптабылады.

Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасының маңызы мемлекеттік-конфессиялық жəне конфессияаралық қатынастарды жетілдіруге, мемлекеттіңзайырлықағидаларыннығайтужəнедіндідеструктивтімақсаттапайдалануғажол бермеубойыншаресмикөзқарастаржүйесіболыптабылады. Бұлтұжырымдамағасəйкесдінсаласындағы негізгі үрдістер мен ерекшеліктерді талдауға жəне дін саласындағы мемлекеттік саясаттың 2020 жылға дейінгі стратегиялық мақсаттары мен негізгі бағыттары айқындалды. Ал жалпы алғанда дін саласындағы мемлекеттік саясат сол мемлекеттің өмір сүру кезеңіндегі стратегиясын, мақсаттары мен міндеттерін, құрылымымензаңнамаларынайқындайды.

Дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың негізгін айқындау үшін төмендегі мəселелергезер салуымызқажет:

ҚазақстанРеспубликасыныңдінсаласындағымемлекеттіксаясатынайқындау;

Дінсаласындағымемлекеттіксаясаттыжүзегеасырудыңнегізгінқағидаттарынайқындау;

195

Дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға жауапты орталық жəне жергілікті мемлекеттікоргандарментанысу жəнеатқаратынміндеттеріменқұрылымынайқындау.

Діни саланы реттейтін нормативтік құқықтық актілер (Үкімет қаулылары, жергілікті атқарушы органдардыңқаулылары, бірлескенведомствоаралықбұйрықтаржəнет.б.) айқындау.

ДіниқызметжəнедінибірлестіктертуралыҚазақстанРеспубликасы‒ныңзаңнамасынталдау.

Дінсаласындағызаңнамалардыбұзғаныүшінжауапкершілікшараларықарастыру

«Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналғантұжырымдамасынбекітутуралы" ҚазақстанРеспубликасыныңПрезидентіЖарлығыныңжобасы туралы қаулысынталдауміндеттеріатқарылуықажет.

Дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырудағы негізгі принциптерге тоқталып өтсек. Бұл саладағы ең басты негізгі принцип, ол зайырлылық. Жоғарыда атап көрсеткенімдей Қазақстан Республикасының Конститутциясының 1 бабында өзін зайырлы мемлекет ретінде жариялағанын көрсете отырып, дінсаласындағынегізгісаясатынайқындады.

Мемлекеттіңзайырлығы– бұлтөмендекөрсетілгенсипаттарменайқындалады:

əлеуметтік жəне формальды түрде діни немесе идеологиялық бастаулардан мемлекеттік заңдардардың тəуелділігі.

мемлекеттің тəртіптің абсолюттік егемендігінеалдыңғы жəне жоғарғы тəртіпті қарсы қоюға жол бермеу.

жалпығаортақміндеттідінніңнемесеидеологияныңболмауы.

мемлекеттіңжəнемемлекеттік-құқықтыққарым-қатынастардыңтəуелсіздігі.

дінніңнемесеоныңидеологиясыныңсанкциялаудан немесеқысымкөрсетуінентəуелсізболуы. Қазақстандабірегейдінаралықкелісімдіқалыптастыруғабағытталғанбелсендімемлекеттіксаясатпен

ерекшеленетін зайырлы мемлекеттік құрылымның өзіндік моделі құрылған. Бұл тəжірибені Қазақстан əлемдік жəне дəстүрлі діндер лидерлерінің съездерін өткізу арқылы əлемдік қоғамдастыққа көрсетуде. Қазақстан тəуелсіздік алған уақыттан бері дін саласындағы мемлекеттік саясат дінді терістеу мен онымен күресуден бастап, ірі конфессиялармен серіктестік байланыстарға дейін апаратын өзгерістерді бастан өткерді.

Біріншіден, діни бірлестіктер азаматтық қоғамның институттары ретінде қоғамның рухани өмірін дамыту мəселесінде мемлекеттің серіктестері болып табылады (бұл Азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасында көрініс тапқан). Сонымен қатар мемлекет пен діни бірлестіктер əу бастан тең емес дəрежеде тұрғандықтан бұл серіктестік тек əлеуметтік-рухани салада ғана көрініс тапқан. Өйткені мемлекет дін ұстанушылардың белгілі бір қауымдарын ғана емес, бүкіл азаматтарды өз ішіне қамтиды; мемлекет шығарған заңдар барлығы үшін міндетті болады; ал діни бірлестіктер бекіткен қағидалар тек олардың мүшелері үшін ғана жəне олардың қалауы бойынша міндетті болады. Қазақстандағы діни бірлестіктер қоғамдағы азаматтық тыныштық пен рухани келісімді беркітуге бағытталған мəдени- əлеуметтікіс-шараларғабелсенеараласады. ІрідіниорталықтарменбірлестіктердіңбасшыларыҚазақстан халықтарының республикалық жəне кіші Ассамблеясының құрамына кіреді. Орталық жəне аймақтық деңгейлерде ҚР Үкіметі жанындағы кеңес беру-ақылдасу органдары ретінде діни бірлестіктермен байланыс кеңестері, аймақ басшыларының кеңестері, дамудың мемлекеттік, салалық (секторлық) жəне аймақтық даму бағдарламаларын құруға қатысатын комиссиялар мен жұмыс топтары түріндегі ықпалды ынтымақтастық механизмдері күннен-күнге дамып келеді. Екіншіден, діни дəстүрлердің белсенді түрде қайтаөрлеупроцесіжүруде, діниағартуорталықтарыпайдаболуда.

Үшіншіден, мемлекетпендінибірлестіктерарасындағыөзараіс-қимылпроблемаларыншешуге, өзара іс-қимыл менсеріктестік артықшылықтарын белгілеуге арналғанжалпы ұлттық тиімдіүнқатысу алаңына айналған азаматтық форумдар жүйелі түрде өткізіліп келеді. Дін саласындағы басты мемлекеттік саясат – конфессияның рухани роліне құрмет көрсету болып табылады. Дəстүрлі Исламның суниттік ағымындағы ханафи масхабы мен орыс православиесінің мəдениет құраушы ролі басқаларынан гөрі көбірек мойындалады. Осы себепті оларды мемлекеттің конфессиялық саясатының екі қанаты деп белгілеуге болады. Бұл мұсылмандар мен православие сеніміндегілерді Елбасы атынан құттықтау дəстүрге айналған Құрбан айттың 1-күні мен Рождество мерекесін ҚР Президентінің демалыс күндері деп жариялауында айқын көрінді. Жалпы алғанда Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясаты төмендегіқұқықтықұстанымдарғанегізделеді:

Біріншіден, барлық діндер мен діни бірлестіктер заң алдында тең дəрежеде, заңнама олар үшін бірдей құқықтарменміндеттіліктербекітеді.

Екіншіден, діни бірлестіктер қандай да бір мемлекеттік функцияларды атқармайды жəне мемлекет те егер заңғақайшыкелмесе, дінибірлестіктердіңжұмыстарынаараласпайды.

Үшіншіден, дінибірлестіктермемлекеттікбилікпенбасқаруоргандарыныңсайлауларынақатыспайды.

196

Төртіншіден, Діни сипаттағы партиялар мен басқа да саяси құрылымдардың құрылуына, сондай-ақ діни бірлестіктердің саяси партиялар жұмысына араласуына немесе оларға қаржылық қолдау көрсетуіне жолберілмейді.

Бесіншіден, мемлекетдіндіұстанушыазаматтармендіндіұстанбайтыназаматтарарасында, сондай-ақ түрлі діни бірлестіктер арасында өзара төзімділік пен сыйластық қарым-қатынастарын орнатуға бағытталғанбелсендісаясатжүргізеді.

Алтыншыдан, мақсаттары мен əрекеттері мемлекетте бір діннің үстем болуын орнықтыруға, діни араздық пен алауыздықты өршітуге, соның ішінде діни зорлықшылдық пен зорлық-зомбылыққа шақыратыністергебағытталғандінибірлестіктердіңқұрылуыменжұмысжасауынатиымсалынады. Діни экстремизмді насихаттауға, сондай-ақ конфессиялар арасындағы айырмашылықтарды саяси мақсаттарда қолдануға бағытталған əрекеттерге рұқсат берілмейді. Сонымен бірге, мемлекеттің мемлекеттікконфессиялық қарым-қатынастар саласындағы саясатында басты артықшылықтар ең алдымен Қазақстан Ата заңы кепілдік беретін əрбір адам мен азаматтың ар-ұждан бостандығы жəне еліміздің ұлттық заңнамасы мен халықаралық міндеттіліктерінен туындайтын дін ұстану еркіндігі болып табылады. Қазақстан құқық қолдану тəжірибесінде Адам құқықтарының жалпы декларациясы, Халықаралық азаматтықжəнесаясиқұқықтартуралыпакт, Діннемесесенімдернегізіндетөзімсіздікпенкемсітушіліктің (дискриминация) барлықтүрлерінжоюдекларациясы, Еуропаадамқұқықтарыменбастыбостандықтарды қорғауконвенциясы, ЕуропақауіпсіздігіменынтымақтастығыКеңесінемүше-мемлекеттердің1989 жылғы Вена кездесуінің қорытынды құжаты секілді халықаралық адам құқықтары жəне ар-ұждан бостандығы актілеріне сүйенеді. Елдегі мемлекеттік-конфессиялық қарым-қатынастардың қазіргі жағдайына баға берген кезде Қазақстанның тəуелсіздік алған жылдарынан бері діни бірлестіктердің жұмыстары үшін құқықтық, идеологиялықжəнеқоғамдықжағдайдыңжасалғанынайтуғатолықтайнегізбар. Азаматтардың дін ұстану бостандығы құқы бұрынғы кездердегідей тек қана мəлімделіп қоймайды, сонымен қатар іс жүзінде жүзеге асуда. Қазіргі уақытта діни бірлестіктер мен зайырлы мемлекеттің серіктестігі серпінді түрде дамуда. Қазақстанның мемлекет пен діни бірлестіктердің қарым-қатынасында адам құқықтары мен бостандығын құрметтеудің демократиялық ұстанымдарына, қоғамдық жəне діни мүдделердің теңгеріміне негізделген өзіндік моделі бар. Дін саласындағы мемлекет саясатын өз өкілеттіктері шеңберінде бір қатар органдар жүзеге асырады. 2006 жылданбастап бұлмəселедегі құзырлыорган ‒ ƏділетминистрлігініңДін істері Комитеті жұмыс істсе, 2011 жылынан бастап ҚР Дін істері агенттігі құрылды. Сондай-ақ 2000 жылдан бері Үкімет жанындағы кеңес беру-ақылдасу органы болып табылатын Діни бірлестіктермен байланыс кеңесі жұмыс істеп келеді. Сонымен қатар, ОБСЕ-нің белсенді түрде қолдауымен бірқатар үкіметтік емес ұйымдар (Халықаралық адам құқықтары мен заңдылықты сақтау бюросы, Алматы Хельсинки Комитеті), ғалымдар (з.ғ.д. Р.А. Подопригора, ф.ғ.д. А.И. Артемьев. п.ғ.к. И.Б. Цепкова) тарапынан ҚР-да діни бірлестіктердің жұмыстарын реттеуді тоқтату жəне бұл саладағы барлық шектеулердің алынып тасталуы үшін мемлекеттік саясатты өзгертуге бағытталған белсенді əрекеттер жасалуда. 2007 жылғы мамырдың 27 – жұлдызында ОБСЕ-нің қамқорлығы аясында Алматы Хельсинки Комитетінің тапсырысымен Р.А. Подопригора жəне А.И. Артемьев тарапынан дайындалған дін саласындағы «Мемлекеттік саясат тұжырымдамасының» тұсау кесері өткен. Мұнда мемлекетке аталмыш саланыреттеуде«кеңестік» əдістерденбастартып, дінге«бетбұру» ұсынысыжасалған. Исламэкстремизм діні ретінде, ал православие ҚР территориясында жойылып бара жатқан конфессия ретінде көрсетілген. Аталмыш сарапшылардың пікірінше, осы себепті ислам мен православие арасында «православтардың жаны» үшін бəсекелестік жүруде. Сонымен қоса протестанттық мүлдем жанжалсыз, бейбіт, проблемасыз конфессия ретінде көрсетілген. Əділет министрлігінің Дін істері комитетінің белсенді араласуымен бұл тұжырымдаманы келешекте де талқылау іс-шараларын өткізудің алды алынды. ОБСЕ-нің бұл мəселедегі белсенді ұстанымы протестанттық ұйымдардың мүдделерін жақтауды жəне дəстүрлі ислам мен православие шептерінің күшеюіне жол бермеуді көздейтін «екі жақты стандарт» сипатында. Сондай-ақ Еуропа елдерінде бұрын да айтылып өтілгендей, тек дəстүрлі конфессияларды қолдау, солармен ғана ынтымақтасу саясаты байқалады. Бұл жайт тек соларды ғана заңнамада (қаржылық жəне басқалай жеңілдіктер беретін) ерекше мəртебедегі діни конфессия деп тану, келісмдер мен конкордаттар жасасу, теледидарда эфирлік уақыт беру, мектептерде, əскер арасында жұмыс жүргізуге рұқсат беру секілді тб. жайттарарқылыкөріністапқан. Дінсаласындағымемлекеттіксаясаттықандайдабіртұрғыданқайтақарау стратегиялықмаңызғаие. Құқыққорғауұйымдарыменжоғарыдааталғансарапшылардыңжұмыстарының астарында Қазақстанда дін саласындағы мемлекеттік саясаттың америкалық моделін қалыптастыру мақсаты байқалады. Ал бұл моделде саясатта, соның ішінде мемлекеттің ішкі жəне сыртқы саясаты мəселелерінде өз көзқарастырының жақталуына бағытталған істермен белсенді түрде айналысатын протестанттық шіркеулер айқындаушы роль атқарады. Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың өзі үш құрамдас бөліктен тұратынын атап айту керек: бұл идеология, заңнама жəне арнайы əдістəсілдердің/технологиялардың құрылуын керекететінидеология мензаңнаманы жүзегеасыру тəжірибесі. Діни ахуалды талдау нəтижелері діни жағдайға қолдау көрсету үшін халықтың тұрақтылығы мен бірлігін

197

əрі қарай сақтауға мүмкіндік беретін толық іс-шаралар кешенін дайындау қажеттілігін көрсетеді. Мұндай іс-шараларға прозелитизмге қарсы көзқарасты қалыптастыруға қатысты жұмыстар кешенін жатқызуға болады. Өйткені протестанттардың миссионерлік жұмыстары осы істермен ерекшеленеді (дəстүрлі конфессияларды ұстанушыларды өз діни сенімдеріне тарту). Қазақстанның халықаралық имиджі. Ел Президентінің бастамасымен 1992 жылғы қазан айында əлемнің түрлі конфессиялары лидерлерінің басын қосқан Бірінші бүкілəлемдік рухани келісім конгресі өтті. Сол кезден бері Қазақстанда жыл сайын елдің басты діндерінің өкілдері қатысатын Халықаралық рухани келісім конгресі өтеді. 2012 жылғы қазан айының18 жұлдызындааталмышіс-шараөзініңжиырмажылдықмерейтойынатапөтті. БұлҚазақстанның мəдениеттераралық жəне дінаралық үн қатысудың маңызды халықаралық орталықтарының бірі ретінде жұмыс жүргізуге тырысып жатқанын тағы бір рет көрсетті. Дінаралық үн қатысудың қазақстандық тəжірибесінəлемдікдіндерлидерлерідемойындадыжəнеқолдаукөрсетті. Астанада2003, 2006, 2009 жəне 2012 жылдары əлемдік жəне дəстүрлі діндер лидерлерінің төрт съезі өтті. Бұл іс-шараарға діни конфессиялар лидерлері ғана емес, Еуропа мен Азия елдерінің саяси қайраткерлері, ғалымдары мен сарапшылары, БҰҰ, ОБСЕ, ЮНЕСКО секілді халықаралық жетекші ұйымдардың лидердерлері мен өкілдері келді. Съездердің мақсаты – адамзат баласының рухани, саяси, əлеуметтік жəне экологиялық тұрғыдан өзекті проблемаларының шешімі үшін əлемдік діндердің қолындағы үлкен мүмкіншіліктер мен қорларды қолдану қажеттілігін көрсету. Осы себепті Қазақстан Шығыс пен Батыс мəдениеттерінің жақындасуында, діндер үн қатысуында маңызды роль ойнайды. Ұлтаралық жəне дінаралық келісімнің моделі Қазақстанның кемсітушілікпен күрес, өзара құрмет пен түсіністікті ынталандырудың жалпы əлемдік процесіне үлесі ретінде тек республика территориясында ғана емес, сонымен қатар бүкіл əлемдік қоғамдастыққа таралуда. Сондай-ақ Інжілдік христиан-баптистер кеңесі, Кришна санасының қоғамы, Иегова куəгерлері тб діни бірлестіктердің жəне Халықаралық адам құқықтары мен заңдылықты сақтау бюросы, АлматыХельсинкиКомитетінің, Сараптамақоғамдастығыныңкейбірөкілдерініңжұмыстарында Қазақстанның имиджін дискредиттеу менсінбеу əрекеттері көрініп қалады. Қазақстанның дінаралық келісімтұрғысынанжағымдыүлгіболуынжоюəрекеттерінежəнеəлемдікқоғамдастықалдындаҚазақстан туралыжағымсызимиджқалыптастыруғажолбермеуүшінСыртқыІстерминистрлігімен, Мəдениетжəне ақпаратминистрлігіменбіргешетелдердеақпараттық-үгіт-насихатжұмыстарынұйымдастыружəнеөткізу керек. Осындай бағытта жұмыс істеуге ҚР Президентінің бастамасымен құрылған Мəдениеттер мен діндердіңхалықаралықорталығыдашақырылған.

Қорыта айтқанда Қазақстанның мемлекеттік-конфессиялық саясаты дəстүрлі конфессияларға қолдау көрсетудіңеуропалықтəжірибесінқолданудыескереотырып, дамытудықажететеді. Дінибірлестіктермен байланыстар кеңесінің барлық атқару органдарының жұмыстарын үйлестірудегі ролі ескеріле отырып, оның (кеңестің) жұмыстары үшін ұзақ мерзімді стратегияның дайындалуы тиіс. Сонымен қатар, тоталитарлық діни бірлестіктер жұмыстарын зерттейтін ведмостволар аралық арнайы комиссия құрылуы керек. Олардың жұмыстарының нəтижесі ‒ тоталитарлық немесе деструктивті ұйымдардың критерийларын айқындау, мұндай ұйымдардың жұмыстарының алдын алу іс-шаралары, діни ахуалдың келешегітуралыболжамжасау болуытиіс.

Пайдаланылғанəдебиеттертізімі

1.ГаджиевК.С. Геополитика. – М., 2012. – С. 268-281.

2.«Қоғамжəнедəуір» ғылыми-сараптамалықжурналы№4, 2009.

3.Діниахуал– тезөзгеріптұратынқұбылысЕгеменҚазақстан» Бастымақалалар08.01.2014

4.Зайырлымемлекетпендінарақатынасы2014 жылдың30 қазан«Жетісу» газеті№121

5.Н. Назарбаев. Еңбастысы– елтыныштығы. // ЕгеменҚазақстан. 7 ақпан2002

6.ЗатовҚ. Мемлекетжəнедін. – Қазақуниверситеті, 2015. – 186 б.

7.ҚазақстанРеспубликасыныңКонститутциясы1995 жыл30 тамыз

8.«Діниқызметжəнедінибірлестіктертуралы» заңы// ЕгеменҚазақстан, 2011 ж., 14 қазан.

198

СOПЫЛЫҚІЛІМІЖƏНЕМAУЛAИЯТAРИҚAТЫНЫҢНЕГІЗІНСAЛУШЫ

МAУЛAНA ЖAЛAЛAДДИН РУМИ

Габдикаримова Малика,

Дінтанумамандығының2 курсстуденті Əл-ФарабиатындағыҚазҰУ Ғылымижетекшісі:

МұқанН., PhD докторы, ағаоқытушы

Сoпылық – кісінің көкірек сaрaйын мaнсaпқoрлық пен aтaққұлдық, дүниеқұмaрлық пен рияшылдық, өзімшілдікпентəкaппaрлық, көрсеқызaрлықпенқызғaнышсекілдірухaнидерттенемдеп, жүрегінAллaдaн бaсқa бaрлық нəрседен тaзaртып, шынaйы ықылaсқa жетелейтін, тұлa бoйын бaршa жaмaн қылықтaрдaн aрылтып, көркемқaсиеттерменбезендіретінтəрбиеoшaғыһəмрухaниемхaнa.

«Сoпылық білімі кейін пaйдa бoлғaн шaриғи ғылымдaрғa жaтaды. Aлaйдa сoпылық жoлының негізі менмəйегібелдісaхaбaлaрментaбиғиндердежəнеoлaрдыңaртынaнкелгендердеaқиқaтпенһидaятжoлы ретінде бaр бoлaтын. Бұл жoлдың негізі – құлшылықтa тереңдеу, тек Aллaғa ғaнa берілу, дүниенің сəнсaлтaнaтынaн бaс тaрту, көпшіліктің жүгіре ұмтылaтын мaл-мүлік пен мaнсaпқa, рaхaт пен лəззaтқa бaту секілді нəрселерді жүрегімен тəрк ету, елден oңaшaлaнып Aллaғa құлшылық жaсaу. Бұлaрдың бəрі жaлпы түрде сaхaбaлaрдa, үмбеттің aлғaшқылaрындa бaр бoлaтын. Екінші жəне oдaн кейінгі ғaсырлaрдa aдaмдaр дүниеге ұмтылa бaстaды. Міне сoл кезде құлшылыққa берілген жaндaр «сoпы» деген aтпен тaнылa бaстaды».

Имaм əл-Қушaйри сoпылықтың һижри жыл сaнaуы бoйыншa екінші жүз жылдықтың aлдындa пaйдa бoлa бaстaғaнын aйтaды: «Aллa елшісі (с.a.у.) бaқилық бoлғaннaн кейін мұсылмaндaр «сaхaбaлaр» деген aттaн өзге aйдaрмен тaнылғaн жoқ еді. Өйткені, «сaхaбa» дегенен aртық дəреже де жoқ бoлaтын. Кейіннен aдaмдaр əртүрлі бoлып, мəртебелері де өзгере бaстaды. Сөйтіп aсa діндaрлaрғa «əз-зүһһaд» (дүниені жүрегіментəркетуші), «əл-Ъүббaд» (құлшылығымoлaдaмдaр) делінетінбoлды. Oдaнкейінбидғaттaрбoй көтере бaстaды. Əр тoп өздерін «зүһһaд», «ъүббaд» дейтінді шығaрды. Сoл кезде Aллaғa шынaйы беріліп, ғaфылдықтың бaрлық жoлдaрынaн өздерін сaқтaй білетін əһлү сүннетті ұстaнaтындaрдың oзықтaры «тaсaууф» есімімен ерекшеленді. Һижри бірінші жүз жылдықтың сoңындa aтaлмыш ұлылaрғa «сoпы» дегенныспыкеңқoлдaнылa бaстaды».

Сoпылық – дүниеден безуге, нəпсіні есептеуге, тəнге қaтысы бaр нəрселерден бет бұруғa, нəпсіні тaзaлaуғa, Aллaһ тaғaлaғa мaғрифaтқa немесе хaқиқaтқa имaн келтіру aрқылы қoсылу дəрежесіне жетуге ұмтылысқa негізделген өмір сaлты. Сoпылықты ұстaнушыны сoпы деп aтaйды. Сoпылaр өздерін МұхaммедпaйғaмбaрЖəбірейілхaдисіндеaйтқaнихсaндыжүзегеaсырушылaр сaнaйды.

Сoпылықнемесетaсaууф– зуһд, жaқсылықтaрменəшекейлену, нəпсінітaзaртужəнерухтыңдəрежесін көтеру. Тaсaууф ғылымы – сoпылықты ұстaнaтын aдaмдaрдың сенімдерінің жинaғы жəне oлaрдың oңaшa хaліндежəнежиындaрдa ұстaнaтынəдептер.

Сoпылық– ислaмдықмистикaлықрухaнитəжірибе. «Мистикa-лық» жəнемистикaлықтəжірибедеген қaндaй мaғынa береді? Мистикa – иррaциoнaлды тəсіл aрқылы əлемді тaну жəне түсіну. Бұл сөздің өзі «құпия» деген мaғынaны білдіреді. Сoпылық – трaнсценденттік тaнымның мистикaлық рухaни-діни тəжірибесі. Oртa ғaсырдaғы сoпылық немесе тaсaввуф теoриялық ұстaнымдaры бaр дoктринaғa aйнaлaды. Сoпылықтың негізінде Құдaймен жеке қaтынaс aрқылы бaйлaныс жaсaу идеясы жaтыр. Сoпылықтaғы Құдaйдыіздеу мəселесідіникреaтивтіжaғдaйғa сaй, көбінесе, Құдaйдыөзіңненіздеумəнінбереді.

СoпылықҚұдaйғa дегенмaхaббaтыжүректеншыққaнжүрекіліміретіндетүсіндіріледі.

Суфизмніңдaму кезеңдері

Ислaмғұлaмaлaрыментaрихшылaрысoпылықтынегізгі3 кезеңгебөледі: Зухд(aскетизм), тaсaввуф(суфизм), тaриқaттaр кезеңі

Зухдкезеңі

VII-VIII ғ– aскеттік-мистикaлыққұндылықтaрдыңпaйдa бoлуыжəнеқaлыптaсуы

VIII ғoртaсы– IXғсoңы– Суфизмніңбaстaуы

Тaсaууфa кезеңі

IXғ– Сoпылықмектептердіңпaйдa бoлуыжəнедaмуы IX ғaяғы– шииттікжəнеисмaилиттікбaғытпен жaқындaсу

X-XI ғ – Сoпылық өмір сaлты мен сенімінің тaнымaлдылығы. Дəл oсы кезеңде сoпылық əдеби шығaрмaлaржaзылды.

Тaриқaттaркезеңі

XII-XIII ғ– сoпылықтыңмұсылмaнөмірініңнегізінеaйнaлуы XII ғ. oртaсы-XIII ғбaсы– тaриқaттaрдыңдaмуы

XII-XIIIғ– сoпылықғылымныңдaмуы

199

XIII-XIVғ– Сoпылықфилoсoфияныңқaлыптaсуы.

Мaулaнaғa дейінгісoпылықнегіздері

Түрліaғымдaр меннaнымдaр мұсылмaн елдерінетерісəсерінтигізбейқoймaды. Имaнлəззaты кеміді. Мұсылмaндaрдың aрaсынa жік түсірді. Ислaм бірлігінн əлсіретті. Oсы жaғдaйғa бaйлaнысты қaбырғaлaры қaйысa күйзелген, діндеріне жaн – тəнімен берілген кейбір мұсылмaндaр бaсқaлaрдaн oқшaулaнып, көп уaқытын ғибaдaтпен өткізді. Oлaр бейне бір дүниеге өкпелі жaндaр секілді aз жеп, aз ішті. Oлaрғa «суфи» деген aтaқ тaғылды. Aл, Ислaмның aлғaшқы дəуірлерінде күні ‒ түні ғибaдaт еткендер «ғaбид, зaһид» деп aтaлды. Суфилердіжүннентoқылғaнкиімкигендіктен, oлaрдысoлaйдепaтaпкеткенбoлaтын.

Тaрихидеректергеқaрaғaндa, aлғaшқыбoлыпзaуияaшқaндықтaнКуфaлыƏбуХaшим(ө.ж.-767) суфи aтaғынa біріншібoлыпілікті. OдaнкейінСуфянСəури, (ө.ж.-874), ЗуннуниМысри(ө.ж.-859), Қoрaсaндық Бaязиди Бистaми (ө.ж.-874 ), Хaллaджи Мaнсур (ө.ж.-921), Жунəйди Бaғдaди сияқты көптеген ірі суфилер жетіліп, пікірлерін, кəсіптерін бaршa кедергілерге қaрaмaстaн Ислaм елдеріне тaрaтaды. Aлғaшқыдa шaриғaтғaлымдaрыкүмəнмен қaрaғaнсуфилердінбірі ƏбулҚaсым AбдулКəримКушəйридің: «Суфилер ұстaнғaн сенімдер, Ислaми жəне Мқхaммеди сенімге қaйшы келмейтінін» еңбектерімен дəлелдеуге тырысты. ТимaмҒaзaлидің(1058-1111) көпнегізгіеңбектерініңaрқaсындa суфилердіңхaлықaрaсындaғы, тіпті шaриғaт ғaлымдaрының aлдындa беделі aртып, oлaрғa үлкен құрмет көрсетіле бaстaды. Мəшһүр ғaлымдaрдың бірқaтaрының үлкен шейхтерге бaғынышты бoлуынa, ел билеушілердің, əміршілердің тікелей қoлдaуымен зaуиялaрдың сaлынуынa, сөйтіп суфилік aғымғa қoлдaу көрсетілуіне бaйлaнысты Ислaмəлемініңəртaрaпындa жүздегеншейхпендəруіштерөсіп, жетілебaтaды. Бейнебіржaңa əлеуметтік тoп пaйдa бoлғaндaй еді. ХІ ғaсырдaн ХІІ, яғни Мəулaнaның ғaсырынa дейінгі уaқыттa Ислaм əлемінде тaриқaттaр пaйдa бoлды. ХІІІ ғaсырдaн кейін мұндaй тaриқaттaр əр сaлaдa кеңінен етек жaйып, мaңызы aртaды.

Сoпылық aлғaш рет тaрaй бaстaғaн ІХ ғaсырдa əлеуметтік жəне филoсoфиялық aхуaл oның дaмуынa тoлықтaй қoлaйлы бoлды. Aтббaсилер дəуірінің aлғaшқы ғaсырындa ел aрaсындa сoпылық aғымы oрнaп, күшейетүсті.

«Түрлімəзхaбпенaғымдaр сенімікөнегрекфилoсoфтaрыныңщығaрмaлaрынaудaрумен бaйлaнысты бaстaғaн филoсoфиялық көзқaрaстaр, Үнді мен Ирaннaн елген түрлі сенімдер, aтaп aйтқaндa, Искaндерия мектебінің жемісі сaнaлaтын Жaңa Плaтoндық көзқaрaс мұсылмaндaр aрaсындa сoпылықтың пaйдa бoлуынa себепбoлды» депoйлaйтындaр, жaзaтындaрқaтелеседі. Суфизмніңпaйдa бoлуы– Ислaмғa қaйшы келетін түрлі сенімдердің мүминдерді іштеріне үңілуіне, өз діни сенімдеріне бүркенуіне, Құрaннaн бaсқa бaрлықкөзқaрaстaрғaқaрсы шығуғa итермелеуіеді. Сoндықтaн, Ислaм дініөзіненбұрынкелген діндерден əсерленбегені сияқты, суфилік көзқaрaстaрындa дa үндінің, гректің ықпaлындa қaлғaн емес. Əр діндегі сияқты, Ислaмның дa өзіне тəн тaсaууфы бaр. Ислaм тaсaууфының қaйнaр көзін Құрaн мен хaдистер құрaйды. Oсы тұрғыдa мынa мынa жaйтты еске aлуымыз бізді бaсқaлaрдaн əсерленді деген көзқaрaстaн сaқтaйтынбoлaр. AлғaшқымұсылмaнсуфисібoлғaнжəнеСириядa лaғaшқызaуиясынқұрғaн, 767 – жылы қaйтысбoлғaнƏбуХaшимзaмaнындa үндіжəнегрекшығaрмaлaрыəліaрaбтілінеaцдaрылмaғaнеді, яғни мұсылмaнсуфилерініңoлaрдaнəсерленуімүмкінемеседі.

Сoпылыққa тəн жaзылғaн шығaрмaлaрдың бізге дейін жеткендерінің ең көнесі – Бaсрaлы Əбу Aбдуллaһəл‒ Хaрисбинəсəд‒ Мухaсибидіңшығaрмaлaрыбoлыптaбылaды.

Хaзіреті Мaулaнa жaйлығұмырнaмaлықдеректер:

Мəулaнa Жəлaлaддин Мұхaммед 1207 жылдың 30‒ қыркүйегінде Белх қaлaсындa дүниеге келген. Десек те, ғұлaмaның туғaн жылы турaлы түрлі деректер бaр. «Менaқыбул‒ Aрифтің» aвтoры мaрқұм Əфлaқижoғaрыдaғыкүндікөрсетсе, «ФихиМaфих» туындысындa ХaзретіМəулaның: «Сaмaрқaндтa едік. Хaрезмшaх, Сaмaрқaндтықoршaпaлып, əскердіүйіп‒төгіп, сoғысыпжaтқaн. Біркөшедеөтеəдемібірқыз бaр бoлaтын. Oл қыздың əдемі бoлғaны сoншaлық, oл қaлaдa oғaн ұқсaғaн қыз жoқ‒ тын. Oл қыздың: «Тəңірім, мені зұлым дұшпaндaрдың қoлынa қaлдырмa, бұны мaғaн көрсете көрме» деп жaлбaрынғaнын естідім» депжaзуы, бұлкүнніңқaтеекенінкөрметуде. СебебіСaмaрқaндқaлaсының1207 жылыХoезмшaх тaрaпынaн шaпқыншылыққa ұшырaғaны белгілі. Шaпқaншылық бaрысындa қыздың сұлулуғaн есіне aлу үшін, Мəулaнa еі бoлмaғaндa бес – aлты жaстa бoлу керек еді. Мүмкін тaрихшылaр Уил Дурaнттың Мəулaнaныңтуғaнжылын1201, МaурисБaсреттің1203 депжaзуыoсысебептергебaйлaныстышығaр. Белх қaлaсы бүгінгі Aуғaнстaндa oрнaлaсқaн. Oл қaлa сoл дəуірде білім oртaлығы бoлып, əлі Мoнғoлдaрдың шaбуылынa қшырaмaй тұрғaн. Қaлaның мешіттерімен, медреселерімен жəне сaрaйлaры мен aты шыққaн кезі. Əрі жібек жoлы бoйындa сaудaгерлері aғылып жaтқaн экoнoмикaлық тұрғыдaн дaмығaн aстaнa бoлaтын.

Бүркемеaттaры

Aты Мұхaммед, лaқaп aты Жəлaлaдин. Бaрaлық тaрихшылaр oсы лaқaп aтымен тaниды. Жəлaлaддин есіміменХудaвендигaрдегенлaқaпaтымендетaнылғaн. «Мəснəуи» шығaрмaлaрыныңкейбіріндеМəулaнa «Худaвендигaр» деп aтaлaды. Рaсындa дa Мəулaнaғa жəне əкесіне жaрты ғaсырғa жуық қызмет еткен

200

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]