Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Психология пәнінен емтиханға арналған тест сұра...doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
17.09.2019
Размер:
99.84 Кб
Скачать

153) Зейіннің түрлері (ырықты, ырықсыз, үйреншікті)

Ырықсыз зейіннің көрінуіне төмендегі жағдайлар себеп болады: күшті тітіркеніштер, адамның сыртқы дүниедегі объектілерге қатынас жасауының дәрежесі;

Ырықты зейін ерекшеліктері: қандай болмасын бір әрекеттің талабына сай зейінді бағындыра алу үшін іс-әрекетке тікелей кірісу қажет, үйреншікті жұмыс жағдайын жасап алып, алаңдататын нәрселерден бойды аулақтатқан жөн, орындалатын істің мәнісін, маңызын түсіну үшін білімге шын ықыласпен берілген дұрыс, түрлі қолайсыз жағдайларда да жұмыс істеуге машықтану, зейінді болуды өзіңе үнемі ескертіп отыру керек.

154) Стресс-қолайсыз эмоция салдарынан адамның шамадан тыс зорлануы.

155) Эйфория-эмоцияның бұзылуы.

156) Аффект-қысқа уақытқа созылса да, бұрқ етіп қатты көрінетін эмоцияның түрі.

157) Депрессия- күйзеліске түсу.

158) Астеникалық: жауапкершілік, жолдастық, ар-ұят; стеникалық сезімдер: көңілсіздік, уайым, енжарлық.

159) Симпатия- адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі.

160) Агглютинация-қиялдағы елестердің топтастырылуы.

161) Гипербола-нәрсенің жеке сипаттары, белгілері үлкейтіліп көрсетілуі.

162) Атив:арман, қайта жасау, творчестволық; пассив қиял: түс көру.

163) Тоқтамға келгіштік- адамның небір қиын-қыстау кезеңдерде қажетті шешімдерге келіп, оны жүзеге асыруға қабілетінің болуы.

164) Ерік-адамның өз мінез-құлқын меңгере алу қабілеті.

165) Схематизация (қиялдың жасалу жолы).заттардың айырашылықтарын ескермей, оның ұқсастықтарына көңіл бөлу.

166) Табандылық-алған бетінен қайтпай, көздеген мақсатына қайткен күнде де жетуді көздеу.

167) Ұстамдылық-адамның оқыс қимыл-қозғалыстан, орынсыз сөйлеуден, басқа күйіп-пісуден бойын тежей алу қабілеті.

168) Ерік сапалары:

-еріктің күшіне: тоқтамға келгіштік, батылдық, шыдамдылық;

-ерік қимылына: жеке мүддені, ұжым еркіне, қоғам мүддесіне бағындыра алуда көрінетін ерік сапалары;

-адамның дербестігінен байқалатын сапалар: инициатива, принциптілік, тәртіптілік, жинақылық.

169) Индивид-кез-келген адам.

170) Даралық қасиет- адамдардың өзге адамдардан өзгешелігі бар, айқыдалған жеке адамға ғана тән қасиет.

171) Ерлік-алға қойған мақсатына шексіз сенген, сол жолда ақтық демі біткенше бел байлаған, моральдық рухы жоғары адамның ғана қолынан келетін қасиет.

172) Адамның қабылдауға әсер ететін факторлар: адамдар қатынасы (симпатия, антипатия,эмпатия), эмоциялық күй, жас ерекшелік, тәжірибе.

173) Психиканың даму факторлары

174) Тұлға, оның қасиеттері. Тұлға-өз қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын жеке адам.

175) Әлеуметтік факторлар: қарым-қатынас, еңбек.

176) Қабілет- іс-әрекетті жеңіл меңгеретін және нәтижесі жоғары болатын көрсеткішті білдіретін қасиет.

177) Жеке адамның қалыптасуына әсер ететін факторлар: қарым-қатынас, іс-әрекет, еңбек, өзіндік сана.

178) Мінез- адамның сыртқы ортамен, қарым-қатынасымен, іс-әрекетімен сипатталатын және осыларға қатынасын білдіретін біртіндеп қалыптасатын қасиеттер жиынтығы.

179) Дамудың биологиялық факторлары: сана, өзіндік сана.

180) Темперамент дегеніміз не? Нерв жүйесінің тума қасиетерінен туындайтын адамның жеке ерекшеліктерінің бірі.

181) Темперамент типтері: сангвиник, флегматик, меланхолик, холерик.

182) Темперамент туралы Кант теориясы:эмоция (флегматик, меланхолик), қозғалыс (холерик, сангвиник).

183) Темперамент туралы Вундт теориясы: эмоциясы күшті (холерик, меланхолик), эмоциясы әлсіз (сангвиник, флегматик).

184) Темперамент туралы Личко теориясы: 11 типке бөлді.

185) Темперамент туралы Айзенк теориясы: экстроверттер (холерик), интроверттер (меланхолик), нейротизм (флегматик, сангвиник).

186) Темперамент туралы Кречмер теориясы: атлетиктер, астениктер, пикникалық.

187) Темперамент туралы Павлов теориясы: ұстамсыз (холерик), ширақ (сангвиник), баяу (флегматик), әлсіз (меланхолик).

188) Темперамент туралы Гиппократ теориясы: қан көп (сангвиник), шырын көп (флегматик), қара өт (холерик), сары өт (меланхолик).

189) Жүйке жүйесінің қызметі бойынша темперамент типтері: ұстамсыз, ширақ, баяу, әлсіз типтер.

190) Холерик- қозғалыс, эмоциясы күшті, экстроверт, ұстамсыз, қара өт басым.

191) Сангвиник- қозғалыс, эмоциясы әлсіз, нейротизм, ширақ, қан көп.

192) Меланхолик- эмоция, эмоциясы күшті, интроверт, әлсіз, сары өт басым.

193) Флегматик- эмоция, эмоциясы әлсіз, нейротизм, баяу, шырын басым.

194) Ұстамсыз тип (холерик) – қозуы басым, тежелуі баяу.

195) Ширақ тип (сангвиник) – қозуы мен тежелуі тең, алмасу жылдам.

196) Баяу тип (флегматик) – қозу мен тежелуі тең, алмасу баяу.

197) Әлсіз тип (меланхолик) – қозу мен тежелу тез.

198) Мінез- адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасымен, іс-әрекетімен сипатталынатын және соларға қатынасын білдіретін біртіндеп қалыптасатын қасиеттер жиынтығы.

199) Мінездің типтері: еңбекке қатынасы бойынша мінездер, адамдарға қатынасы, өзіңе қатынасын білдіретін мінездер.

200) Адамның еңбекке қатынасын білдіретін мінездер: Отансүйгіштік, жауапкершілік.

201) Адамдардың басқа адамға білдіретін мінездері: борыш, жауапкершілік, мейірімділік, ізгілік.

202) Адамның өзіне қатынасын білдіретін мінездер: мақсаткерлік, адалдық, шыншылдық.

203) Толық мінезді адам деп рухани дүниесі бай, қажеттері мен қызығулары, талғамы мен ой-өрісі кең адамдарды атайды.

204) Мінездің қалыптасуына әсер ететін факторлар: қарым-қатынас, қоршаған орта, тәрбие.

205) Қабілет- іс-әрекетті жеңіл меңгеретін және нәтижесі жоғары болатын көрсеткішті білдіретін қасиет.

206) Қабілет түрлері: арнайы, жалпы.

207) Арнайы қабілет- белгілі бір нақты мамандыққа деген қабілеттілік.

208) Жалпы қабілет- барлық адамдарға тән қабілеттілік, ол міндетті қабілеттілік.