Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Психология пәнінен емтиханға арналған тест сұра...doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
17.09.2019
Размер:
99.84 Кб
Скачать

69) Естің түрлері (20)

А) Есте сақталатын материалдың мән-мағынасына байланысты: логикалық, моторлық;

Ә) Материалдың мақсатына қарай: ерікті, еріксіз;

Б) Объектілерге қарай: образдық, сөз, логикалық, қимыл-қозғалыс, эмоциялық;

В) Материалдық мерзіміне қарай: оперативті, бірсәттілік (1-2 сағ-тан – 1-2 күнге дейін), қысқа мерзімді (1-2 күннен – 1-2 жылға дейін), ұзақ мерзімді, генетикалық;

Г) Анализаторлардың қызметіне байланысты: көру, есту, аралас, моторлық.

70) Ойлаудың түрлері: практикалық, теориялық.

71) Қиялдың түрлері: актив (арман, қайта жасау, творчестволық); пассив (түс көру).

72) Зейіннің қасиеттері:

-тұрақтылығы: адам санасының белгілі бір объектіге ұзағырақ бағытталуын білдіреді.

-бөлінушілігі: адам санасының бір мезгілде екі немесе одан да көп объектілерге тұрақты қалуы.

-ауыспалығы: адам санасының бір объектіден екінші объектіге ауысып отыру қасиеті.

-көлемі: қандай да бір мерзім ішінде адамның зейінің тұрақтататын объектілер саны.

-алаңболушылық: адам санасының қажетті объектіге зейінің тұрақтата алмауы.

73) Түйсіктің заңдылықтары: сезгіштік (абсолютті, айырма), бір ізді образдар түйсігі (оң, теріс), адаптация (көру, иіс сезу, есту, сезім мүшелері), сенсибилизация, синестезия, түйсіктердің өзара байланыс заңдылығы.

74) Қабылдаудың ерекшеліктері: барлық қасиеттерін анықтайды, көп анализатор қатысады, адамдар мен жоғарғы сатылы жануарларға тән.

75) Қиялдың жасалу жолдары: аглюцинация, гипербола, схематизация.

76) Ойлаудың формалары: ұғым (дара, күрделі), ой қорытындысы (индукциялық, дедукциялық, аналогиялық), пікір (ақиқат, жалған).

77) Ой тәсілдері: анализ, синтез, абстракция, анализ бен синтез негізіндегі салыстыру, нақтылау, жалпылау.

78) Синестезия-түйсіктердің қосарланып жүруі.

79) Адаптация-бейімделу.

80) Сенсибилизация- түйсіктердің артып кетуін көрсететін көрініс.

81) Сезгіштіктің түрлері: абсолют, айырма.

82) Бір ізді образдар-тітіркешдіргіш әсерінің тоқталғанына қарамай, аз ғана уақыт болса да түйсіктің өз күйінде қалатын кездері.

83) Сезгіштік-адамдардың түйсіне алу қабілеті.

84) Бір ізді образдар түйсік түрлері: оң, теріс.

85) Айырма сезгіштік-сезім мүшелерінің тітіркендіргіштердің арасындағы болмашы айырмашылықты түйсіне алуы.

86) Абсолют сезгіштік-өте әлсіз түйсіктердің сезім мүшелерін түйсіне алуы.

87) Проприорлық рецептор бұлшық етте, сіңірде болады. вибрациялық, кинестезиялық, статикалық түйсіктер.

88) Эктрорецепторлы түйсіктер (дененің сыртында)—көру, есту, дәм сезу, иіс сезу, тері, сипап сезу.

89) Интерорецепторлық түйсіктер (дененің ішінде)—органикалық түйсіктер.

90) Кинестезиялық түйсіктер дененің жеке мүшелерінің бір күйдегі қалпын, қозғалысын білдіреді.(Қозғалыс түйсігі).

91) Органикалық түйсіктер ашыққанда, шөлдегенде, жүрек айнығанда, іш ауырғанда болатын сезінулер.

92) Статикалық түйсіктер адамның тең тұруын бейнелейді.

93) Вибрациялық түйсіктер қозғалған дененің ауаны толқытуын бүкіл өң бойымызбен сезінген кезде болады.

94) Диссонанс-құлаққа жағымсыз естілетін дыбыстар.

95) Консонанс-құлаққа жағымды естілетін дыбыстар.

96) Хроматикалық түстер: қызыл, қошқыл сары, жасыл, көгілдір, көк, сары, күлгін.

97) Ахроматикалық түстер: ақ, қара, сұр.