Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Психология пәнінен емтиханға арналған тест сұра...doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
17.09.2019
Размер:
99.84 Кб
Скачать

98) Уақыт пен кеңістікті қабылдау

Кеңістікті қабылдау-заттар мен құбылыстардың көлемін, тұрқын, түрін, аумағын, бағыт-бағдарын қабылдау.

Уақытты қабылдау-заттар мен құбылыстардың болатын өзгерістердің санаға әсер етіп қалдыратын бейнесі.

99) Қабылдаудың мағыналығы объектілердің мазмұнын жақсылап түсінбейінше белгілі тұжырымдар мен сөз арқылы аталмайынша, толық қабылдамайды.

100) Дегустация-дәмін тату, байқап көру.

101) Апперцепция қабылдаудың адамның жалпы психикалық тұрмысы мен өткен тәжірибесінің мазмұнына байланыстылығын айтамыз.

102) Апперцепцияның түрлері: тұрақты, уақытша.

Х103) Уақытша апперцепция

Х104) Тұрақты апперцепция

105) Қабылдаудың тұрақтылығы (константтылығы)- сыртқы жағдайдың өзгеруіне қарамастан, заттардың кейбір қасиеттерінің бір қалыпты болып қабылдануы.

106) Қабылдаудың тұтастығы заттардың қасиеттерден, жеке бөліктерден тұрғанымен, біз оларды бүтіндей, тұтастай қабылдаймыз.

107) Иллюзия-түрлі себептерге байланысты объектілерді қате қабылдау.

108) Естің психофизиологиялық негізі Эббингауз зерттеген.

109) Түйсіктің психофизиологиялық негізі тітіркендіргіштердің күшімен адам түйсігінің арасындағы байланысты заң түрінде тұжырымдамасы. Вебер, Фехнер.

110) Қабылдаудың психофизиологиялық негізі тітіркендіргіштердің жиынтығы мен олардың қарым-қатынасында пайда болатын уақытша нерв байланыстары.Павлов.

111) Зейіннің психофизиологиялық негізі тітіркендіргіштердің біреуі миға көбірек әсер етеді де, мидың бір алабын қаттырақ, күштірек қоздырады, осындай алапты доминанта деп атаған.Ухтомский.

112) Анализаторлар дегеніміз не? Талдағыш

113) Анализатор бөлімдері: рецептор, жүйке талшықтары, жүйке орталығы.

114) Анализаторлар авторлары (кім және нешеге бөлді) Павлов 3-ке бөлген.

115) Рецептор (сезім мүшесі), сырттан келетін тітіркендіргіштерді нервтік қозуға айналдырып отыратын жер.

116) Жүйке талшықтарының қызметі қозуды ми бөліктеріне жеткізу.

117) Жүйке орталығының қызметі тітіркендіргіштерді нәзік айыра білу.

118) Доминантты теориясы, авторы: 111 сұрақ. Ухтомский.

119) Зейін туралы Ушинский ілімі: адам санасынан қорытылып өтетін барлық ойды аңғартатын, адам жанының жалғыз ғана есігі, есікте ілімнің бірде-бір сөзі соқпай өте алмайды, егер де соқпай өтсе, онда баланың санасында ештеңе де қалмайды.

120) Ассоциация, түрлері

Ассоциация- ес процесінің негізі болып табылатын байланыстар. Түрлері: қарапайым, күрделі.

121) Қарапайым және күрделі ассоциациялар

Қарапайым ассоциация: іргелестік, ұқсастық, қарама-қарсылық;

Күрделі ассоциациялар: мән-мағынасына байланысты, уақытына байланысты.

122) Іргелестік, ұқсастық, қарама-қарсылық ассоциациялар

Іргелестік –бір зат туралы елес өзімен бірге оған қатысы бар екінші зат жөніндегі елес;

Ұқсастық-бір заттың елесі сол затқа ұқсас басқа затты елестетеді;

Қарама-қарсылық-екінші затты еске түсіреді.

123) Амнезия-естің бұзылуы.

124) Ес туралы алғаш зерттеген ғалым Эббингауз

125) Аутизм- ойлаудың бұзылуы.

126) Ой қорытындысы-бірнеше пікірден жаңа бір пікір шығару тәсілі.

127) Индукциялық, дедукциялық, анологиялық (3)

Индукция- жекеден жалпыға, дедукция- жалпыдан жекеге, аналогиялық-ұқсас ой бойынша.

128) Ұғым-заттар мен құбылыстар туралы ой.

129) Дара және күрделі ұғым (2) дара ұғымдар: «Астана қаласы», Ғ.Мұратбаев; күрделі ұғым: кітап, адам, жұлдыз.

130) Пікір-бір зат туралы мақұлдау не оны бекерге шығаруда көрінетін ойлаудың формасы.

131) Ақиқат және жалған пікір (2) ақиқат пікір:Астана-Қазақстан Республикасының астанасы.

Жалған пікір: Алматы-Қазақстан Республикасының астанасы.

132) Анализ –ой арқылы түрлі заттар мен құбылыстардың мәнді жақтарын жеке бөліктерге бөлу.

133) Синтез-ойдың, құбылыстың барлық элементтерінің біріктірілуі.

134) Абстракция-заттар мен құбылыстарды жалпылау арқылы оның елеулі қасиеттерін басқа қасиеттерінен ойша бөліп алу.

135) Жалпылау-заттар мен құбылыстардың ортақ қасиеттерін оймен біріктіру.

136) Нақтылау-абстракциялық ұғымды соған сәйкес келетін жеке ұғымдармен түсіндіру.

137) Салыстыру (анализ бен синтез нәтижесі) заттардың ұқсастық, айырмашылық қасиеттері айқындалады.

138) Кәсіби сенсибилизация- белгілі бір мамандыққа байланысты сезгіштіктің артуын ғана көрсететін құбылыс.

139) Конпенсациялық сенсибилизация- орнын толықтыратын сезгіштіктің артуын ғана көрсететін құбылыс.

140) Түсіну-ұғу, мағынасын түсіну.

141) Вебер, Фехнер заңы түйсіктің психофизиологиялық заңы.

142) Көп деңгейлері депривация теориясының авторы

143) Температуралық контраст мысалы: судың бірқалыпты салқындығына дене тез уақыт ішінде төселеді де, адамның терісі суыққа тітіркенбец болады.

144) Негативті толық адаптация

145) Ес процестері есте қалдыру, қайта жаңғырту, ұмыту.

146) Идентификация

147) Галлюцинация-қабылдаудың бұзылуы.

148) Қайта жаңғырту және оның түрлері: ұмытылған ақпаратты қайта еске түсіру. арнайы, еріксіз.

149) Ұмыту және оның түрлері. Есте қалдыру процесіне қарама-қарсы. Түрлері: реминисценция-кешігіп еске түсіру, тежелу (ретроактивтік, проактивтік).

150) Есте сақтау және оның түрлері. Мақсат қоймай-ақ ойда сақталу. Түрлері: арнайы, еріксіз.

151) Эмоция мен сезімдер ерекшеліктері

Сезім-сыртқы дүние заттар мен құбылыстарының адам қажеттеріне сәйкес келу-келмеуінің нәтижесінде пайда болып отыратын психикалық процестің түрі. Сезімдер мен эмоциялардың сапалық ерекшеліктері:

-қарама-қарсы, полярлық сапалықтар,-сезімдер: актив, пассив; эмоциялар мен сезімдер: стеникалық,астеникалық; жігерлену, кернеуден босану, эмоциялар: жағымды, жағымсыз, қарапайым, күрделі.

152) Құмарлық-адамның ойы мен әрекетінің негізгі бағытына із қалдыратын күшті, терең, тұрақты эмоция.