Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экскурсиятану.doc
Скачиваний:
66
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
501.25 Кб
Скачать

Ұсынылаттын әдебиеттер

1.Экскурсоведение. Емельянов Б.В. //М.: Советский спорт, 2004//

2.Основы экскурсоведения. Дьякова Р.А., Емельянов Б.В., Пасечный П.С. //М.: Просвещение, 1985//

3.Экскурсионное дело. Долженко Г.П. //М. – Р-н-Д: Издательский центр «МарТ», 2006//

4.Туризм как объект управления. Квартальнов В.А., Зорин И.В.

//М.: Финансы и статистика, 2004/

5. Экскурсоведение. Савина Н.В., Горбынева З.М. //Минск: БГЭУ, 2004/

6.Экскурсионная работа. Сичинаева В.А. //М.: Просвещение, 1981//

Тақырып 10: Жаңа экскурсия дайындау технологиясы

Маршрут белгіленгеннен кейін шығармашылық топ мүшелері эксекурсияның бақылау мәтінің құрастырууға кіріседі. Экскурсия кезінде пайдаланатын материал анықталады. Мәтін экскурсияның мазмұның толығымен ашатын материал болып табылады; мысалы, әрбір тақырып бойынша фактілер және мысалдар. Бүл мәтін бекітіліп кейінен бақылау қызметін атқарады, яғни, экскурсовод өз жұмысын туристік ұйымның негізгі талаптарына сәйкес жүргізеді. Экскурсияға дайындық кезінде экскурсовод тың ұсынылған материалды толық бақылау мәтініне сәйкес оқуы, маңызды фактілерді жіберіп алмау жағдайлары байқалады. Бақылау мәтінінің негізінде экскурсовод өзінің жеке мәтінің құрастырады. Жеке мәтінің негізгі ерекшелігі ол экскурсия құрылымына сәйкес жасалынған және тақырыптар бойынша ауысуы арнайы логикалық тәсілдер арқылы жүзеге асады. Мәтінді дайындау кезінде оны анекдоттармен, мысалдарды келтіруден аулақ болу қажет.Жеке мәтіндердің құрылымы: кіріспе 2 бөліктен тұрады: ұйымдастырушылық және ақпараттық. Кіріспенің бірінші жартысында экскурсовод топппен танысады, жүргізушіні таныстырады, экскурсия тақырыбы, ұзақтығы және маршрут туралы айтады. Кейін маршрут кезінде қауіпсіздік ережелерімен таныстырады. Кіріспенің ақпараттық бөлігінде экскурсияның қысқаша мазмұны айтылады. Экскурсанттардың қызығушылықтарын арттыру үшін бүл бөлім ашық, эмоционалды болуы қажет.Кіріспеден кейін негізгі бөлім басталады, яғни, экскурсияның негізгі мәні- көрсету және баяндау. Бүл бөлімнің құрылымы күрделі. Негізгі бөлімге орта есеппен 5-12 тақырып кіреді. Қорытынды бөлімінде экскурсовод тақырып бойынша қысқаша қорытынды жасап, экскурсанттардың жалпы экскурсия бойынша көзқарастарын сұрайды. Экскурсияның жеке мәтінімен қатар экскурсоводта көрнекілік құралдарды да болуы тиіс: фотосуреттер, макеттер, жобалар, эскиздер, құжаттардың көшірмелері.

Экскурсияның әдістемелік құрастырылуы

Экскурсияның әдістемелік құрастырылуы– экскурсия мәтіні болған жағдайда белгіленген тақырып бойынша экскурсия жүргізуге мүмкіндік беретін міндетті құжат. Әдістемелік нұсқау туристік кәсіпорынның басшылығы шығарған бұйырықпен бекітіледі.

Әдістемелік нұсқау экскурсия тақырыбың,оның мақсатың, маршрутты және экскурсияның ұзақтығын белгілейді. Әдістемелік нұсқау3 бөліктен тұрады: кіріспе, негізгі және қорытынды.

Кіріспенің алдында экскурсияның мақсаты, тәрбиелік міндеттер анықталады. Кіріспеде негізгі сұрақтар, маршрут бойынша мағлұматтар, экскурсияның негізгі объектілері туралы мәліметтер беріледі. Әдістемелік нұсқаудың негізгі бөлімі келесі сызба бойынша құрастырылады:

Экскурсия маршруты

Аялдамалар

Көрсету объектілері

Экскурсия ұзақтығы

Тақырыптардың аталуы

Ұйымдастырушы-лық нұсқаулар

Әдістемелік нұсқаулар

1

2

3

4

5

6

7

«Экскурсия маршруты» бөлімінде экскурсанттардың жол бойы өтетін көше, алаңдардың атаулары қолданылады.

«Аялдамалар» бөлімінде экскурсиялық топ аялдама жасайтын мекендер аталады.

«Көрсету объектілері» бөлімінде көрсетудің негізгі және қосымша объектілері аталады.

«Экскурсия ұзақтығы» бөлімінде экскурсиялық объектілерді көрсетуге қажетті жалпы уақыт ұзақтығы көрсетіледі.

«Тақырыптардың аталуы» бөлімінде экскурсия кезіндегі барлық тақырыптар аталады.

«Ұйымдастырушылық нұсқаулар» бөлімінде топтың экскурсия кезінде жылжу және орналасу тәртібі, экскурсанттардың қауіпсіздік техникасы, табиғатты қорғау және тарихи объектілердегі ережелер көрсетіледі.

«Әдістемелік нұсқаулар» бөлімінде экскурсовод баяндау кезінде назар аударатын объектілердің нақты бөліктері, оларды талдау тәртібі, объекті көрсету әдісінің әдістемелік тәсілдері көрсетіледі.

«Қорытынды» бөлімінде экскурсовод қорытынды бөлімінде тоқталатын сұрақтар көрсетіледі.

Әдістемелік нұсқауда міндетті түрде сыртқы беті болуы қажет:

- туристік ұйымның аталуы;

- экскурсия тақырыбы;

- экскурсия түрі (жаяу, автобусстық, мұражайлық, кәсіптік);

- экскурсия ұзақтығы;

- экскурсанттардық құрылымы;

- әдістемелік нұсқауды құрастырған адамдардың аты-жөні ;

- әдістемелік нұсқауды бекіткен күн.

Қажетті жағдайда экскурсияны өлкетану мамандары талқылайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]