Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экскурсиятану.doc
Скачиваний:
66
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
501.25 Кб
Скачать

Ұсынылаттын әдебиеттер

1.Экскурсоведение. Емельянов Б.В. //М.: Советский спорт, 2004//

2.Основы экскурсоведения. Дьякова Р.А., Емельянов Б.В., Пасечный П.С. //М.: Просвещение, 1985//

3.Экскурсионное дело. Долженко Г.П. //М. – Р-н-Д: Издательский центр «МарТ», 2006//

4.Туризм как объект управления. Квартальнов В.А., Зорин И.В.

//М.: Финансы и статистика, 2004/

5. Экскурсоведение. Савина Н.В., Горбынева З.М. //Минск: БГЭУ, 2004/

6.Экскурсионная работа. Сичинаева В.А. //М.: Просвещение, 1981//

Тақырып 5: Экскурсиялық қызмет көрсетудің түрлері және тәсілдері

Туристік қызметтер жазбаша түрдегі келісім-шарт негізінде жүзеге асырылады. Келісім-шарттың негізгі шарттары мыналар болып табылады:

  • туристік қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия туралы мәліметтерді қосқандағы туроператор немесе турагент туралы ақпарат, орналасқан жері, атауы және банк реквизиттері;

  • туристік өнімдерді іске асыруға қажетті көлемдегі турист туралы мәлімет;

  • келген елдегі барлық тоқтаған пункттерді көрсете отырып, саяхат маршруты мен бағдарламасы туралы, туристердің қауіпсіздік шарттары туралы, туристік қызметтерге арналған сертификаттың болуы туралы ақпараттарды қоса отырып, туристік өнімдердің тұтынушылық құрамы туралы деректі ақпарат беру;

  • саяхаттың басталу және аяқталу күні мен уақыты;

  • туристердің кездесу, аралау және шығарып салу тәртібі;

  • туристік азық-түліктің бағасы және оны төлеу тәртібі;

  • екі жақтың құқықтары, міндеттері мен жауапкершіліктері;

  • келісім-шартты өзгерту мен бұзудың шарттары;

  • туристің жүгін қажетті пунктке жеткізу туралы мәлімет, шарттары және келісім-шарттың аталмыш пунктін орындауға жатпайтын құқықтық жағдайлар;

  • екі жақтың келісімен анықталатын келісім-шарттың басқа да шарттары

Туроператор және турагент келісім-шартта қарастырылған міндеттемелердің өзгеруі мен келісім-шарт шарттарына қандай да бір өзгеріс жасау қажет болса, міндетті түрде туристке жазбаша түрде өзгертулер мен қажетті салдарының сипаты туралы хабарлауы тиіс.Туристік ұйым жолаушыны кез келген көлік түрімен тасымалдау кезінде туристке жүретін пункт пен баратын пункт атауы, жолаушылардың негізгі құқықтары мен міндеттері жазылған жеке немесе топтық тасымалдау құжатын (билет) беруі тиіс.Егер туристік ұйым билетті, жүкті тасымалдауға қабылдауға байланысты жүк түбіртегі немесе жүкқұжатын беріп, олар дұрыс толтырылмаса немесе жоғалса, немесе басқа да себептермен көрсетуге мүмкіндік болмаса, тасымалдау келісім-шарты күшінде қалады. Өлшенуге ұсынылмаған жүкке жауапкершілік, оның сақталуы туристке міндеттеледі.

Ұсынылатын әдебиеттер

  1. Туристский справочник KZ – 2007 (информационно-рекламный каталог).

  2. Большой иллюстрированный справочник «Страны и континенты». К. Гиффорд. М., 2005.

  3. Роль туризма в устойчивом развитии РК. Сборник, посвящённый 60-летию С.Р. Ердавлетову. Алматы, 2002.

Тақырып 6: Туризмнің материалдық-техникалық базасын қамтамасыз ету

    Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң деректерi бойынша 2005 жылы Қазақстан Республикасының аумағында 515 туристiк объект болды, оның iшiнде: 273 мейманхана, 7 кемпинг, 36 санаторий, 15 санаторий-профилакторий, 12 профилакторий, 5 емдеу-профилакторий орталықтары, 4 пансионат, 29 демалыс аймағы, 27 демалыс үйi, 24 туристiк база, 35 сауықтыру лагерi, 4 тау шаңғысы базасы, 13 қонақ үй, 9 аңшылық үй, 1 балалар мен жасөспiрiмдер туризмi орталығы, 7 сауықтыру кешенi, 6 мұражай, 2 кесене, 1 туризм жөнiндегi мемлекеттiк кәсiпорын және басқалары (клубтар, қолөнершiлер қалашықтары)       2005 жылғы қолданыстағы 385 қонақ үй мен басқа да орналастыру орнының 340-ы жеке меншiк нысанында, 22-сi мемлекет меншiгiнде және 23-i басқа мемлекеттердiң меншiгiнде болды.        Елде үш, төрт және бес жұлдызды 78 қонақ үй жұмыс iстейдi, қалған қонақ үйлер басқа санаттарға жатады.        Республика бойынша туристердi орналастыру объектiлерiн пайдаланудан түскен кiрiс 2005 жылы 21156 млн. теңгенi құрады, аталған кәсiпорындар көрсеткен қызмет көлемi 17737,5 млн. теңге, оның iшiнде - мейрамханалары бар қонақ үйлер - 15927,0 млн. теңге, мейрамханаларсыз қонақ үйлер - 1533,3 млн. теңге, жастар жатақханалары мен таудағы туристiк базалар - 57,7 млн. теңге; кемпингтер, мотельдер, автофургондар мен автотiркемелердi қоюға арналған тұрақтарда көрсетiлетiн қызметтi қоса алғанда - 0,7 млн. теңге, қалған орналастыру объектiлерi - 218,8 млн. теңгенi құраған (6-қосымша).       Мамандандырылған орналастыру орындарында: 106 санаторий, пансионат, санаторий-профилакторийде 2005 жылы емдеу-сауықтыру қызмет көрсетулерiн 257,4 мың адам пайдаланған, 13 демалыс базасы мен үйiнде, пансионаттарда 32686 адам демалған. Неғұрлым танымал емдеу орындарына "Сарыағаш" (ОҚО), Арасан-Қапал (Алматы облысы), "Мойылды", "Баянауыл" (Павлодар облысы), "Жаңақорған" (Қызылорда облысы), Щучье-Бурабай аймағы (Ақмола облысы), "Каспий" (Маңғыстау облысы) және басқалары жатады.       Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң деректерi бойынша 2003 жылы туризм объектiлерiнiң негiзгi жаңа құралдарына 29591,8 млн. теңге, 2004 жылы 37895,2 млн. теңге, 2005 жылы 33994,3 млн. теңге инвестиция бөлiнген. Бұл туризм саласына инвестиция тартудың оң үрдiстерiне куә болады, алайда қабылданып отырған шаралар инфрақұрылымды дамытуға және туристiк индустрияны инвестициялауды ынталандыруға анық жеткiлiксiз. Талдау көрсеткенiндей, елдiң инфрақұрылымын дамытуға салынған инвестициялардың жалпы сомасынан туристiк ұйымдардың қызметiн жүзеге асыруға 2003 жылы тек 139 млн. теңге, 2004 жылы 242 млн. теңге және 2005 жылы 48,3 млн. теңге тартылған.       Туристiк қызметке жасалған талдау Астана және Алматы қалаларына шекараның арғы жағынан келген туристер сапары iскерлiк мақсатта болатынын (iскерлiк туризм) және олар сапалы әрi қызмет көрсетулердiң толық жиынтығын ұсынатын қонақ үйлерге тоқтағанды жөн санайтынын көрсеттi. Елдiң iскерлiк орталықтары - iрi қалалардағы халықаралық деңгейдегi қонақ үйлер желiсiнiң одан әрi дамуы дәл осы iскерлiк туризмге байланысты болады.        Алайда, қонақ үйлердi, пансионаттарды, демалыс үйлерi мен базаларын қоса алғанда, орналастыру объектiлерiнiң материалдық базасы, сондай-ақ санаторийлiк-курорттық мекемелер моральдық және физикалық тұрғыдан тозудың жоғары шегiне жетуiмен сипатталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]