Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экскурсиятану.doc
Скачиваний:
66
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
501.25 Кб
Скачать

Ұсынылаттын әдебиеттер

1.Экскурсоведение. Емельянов Б.В. //М.: Советский спорт, 2004//

2.Основы экскурсоведения. Дьякова Р.А., Емельянов Б.В., Пасечный П.С. //М.: Просвещение, 1985//

3.Экскурсионное дело. Долженко Г.П. //М. – Р-н-Д: Издательский центр «МарТ», 2006//

4.Туризм как объект управления. Квартальнов В.А., Зорин И.В.

//М.: Финансы и статистика, 2004/

5. Экскурсоведение. Савина Н.В., Горбынева З.М. //Минск: БГЭУ, 2004/

6.Экскурсионная работа. Сичинаева В.А. //М.: Просвещение, 1981//

Тақырып 8: Экскурсиялық әрекеттің тиімділігің жоғарлату тәсілдері

Саяхатқа дайындық кезінде, саяхат кезінде, транзитті қосқанда, туристің төмендегідей құқықтары бар:

  • оның жеке қауіпсіздігіне немесе мүлкіне қол сұғушылық болған жағдайдағы консулдық, дипломатиялық, басқа мемлекеттік, сонымен қатар туристік өкілдікке хабарласу;

  • уақытша келген елдегі шығу ережесі туралы, уақытша келген елден шығу, қайтадан келу, жергілікті халықтың салты туралы, діни нанымдар, тамдар, табиғат ескерткіштері, тарихи, мәдени мен өзге де ерекше күзеттегі туристік көрсеткіштер, қоршаған ортаны жағдайы туралы қажетті және деректі ақпарат алуға;

  • шектеулі шаралар бойынша уақытша келген ел есебімен туристік ресурстарды еркін пайдалану, еркін қозғалуға;

  • Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіппен туроператор немесе турагенттің туристік қызмет көрсетуге байланысты келісім-шарт шарттарын орындамаған жағдайдағы шығындар мен моральдық зардаптарын қайтару;

  • жедел медициналық жәрдем алу;

  • шетелдік туристерге құқықтық және басқа да көмек түрлерін көрсету құқын алуға Қазақстан Республикасы мемлекеттік билік органдарының ат салысуы;

  • туристердің қолданыстағы байланыс құралдарын кедергісіз пайдалануы.

  • туристердің өзге де құқықтары келген елдің заңнамасымен анықталады.

Туриcтің міндеттері

Саяхат кезінде, транзитті қосқанда, туристің мынадай міндеттері бар:

  • уақытша келген елдің (орынның) заңын сақтау;

  • уақытша келген елдегі қоршаған ортаны сақтау, табиғи, тарихи және мәдени ескерткіштеріне ұқыппен қарау;

  • уақытша келген елдегі шығу және келу, сонымен қатар уақытша келген елден шығу және транзитті жол жүру елдерінің ережелерін сақтау;

  • саяхат кезінде жеке қауіпсіздігін сақтау.

  • туристердің басқа да міндеттері уақытша келген елдің заңнамасымен анықталады.

Тақырып 9: Экскурсияны ұйымдастыру әдістемесі

Әрбір экскурсия негізінде көрсетуден баяндау әдісіне ауысу жатады. Көрсету әдісі экскурсия негізі ретінде қарастырылады, бұл объектілерді зерттеудегі мақсатқа бағытталған әдіс, ол экскурсводтың талдауымен және түсініктемелерімен толықтырылады. Тәжірибеде көрсетудің келесі әдістері кең тарады: предварительного осмотра; экскурсиялық талдау; көркемдік реконструкция, жағдайларды топтастыру, көрнекілік құралдарды көрсету. және т.б.

Алғашқы көрсету әдісі туристтердің зейінінң объектке назар аударуына мүмкіндік жасайды, ұзақтығы 1,5—2 мин, экскурсовод баяндамасымен шектелмейді, қала панорамасынмен таныстыру, сәулет ансамблін көрсету, ландшафтты көрсету кезінде пайдаланады.

Экскурсиялық талдау — көрсету тәсілі, объектті толығымен зерттеу немесе оның кейбір бөліктерінің сипаттарын тереңірек зерттеуге мүмкіндік береді. Экскурсиялық талдаудың бірнеше түрлерің жіктейді: мәдниеттану, тарихи, жаратылыстану, кәсіптік-экономикалық .

Көру рекострукция тәсілі объектілердің алғашқы көлемін, ждағдайын қалпына келтіруге арналады. Бұл тәсіл ескерткіш тарихи орындарды, тарихи тұлғаладың өмірімен байланысты мекемелерді көрсету кезінде пайдаланады. Бөлек сақталған детальдар бойынша экскурсовод объекттің алғашқы қалпын келтіреді. Егерде құрылыс сақталмаса, экскурсовод көрнекілік құралдарды пайдаланады: фотосуреттер, кестелер, сызбалар, сурет репродукциялары және т.б. Реконструкция тәсілінің бір нұсқасы ретінде көркем монтаж жасау тәсілі болып табылады, яғни, объект бірнеше мекеме немесе тарихи ескерткіштердің сыртқы келбетін топтастыру арқылы немесе оның жеке бөліктерін жинақтау арқылы жүзеге асады.

Жағдайларды топтастыру тәсілі – тарихи жағдайды немесе құбылысты болған нақты локальды жағдайда көрсету.

Көркемдік салыстыру тәсілі объектілерді ұқсастық немесе айырмашылық бойынша салыстыруға негізделеді.

Көрнекілік құралдарды көрсету жеткіліксіз көркем құралдарын толықтыруға немесе экскурсиялық объектпен байланысты жағдайларды толықтыруға мүмкіндік береді. 3 сағаттық экскурсияда орта есеппен 15 көрнекілік құралды пайдалану қажет. Көрнекілік құралдар нақты, жақсы, тиянақты жасалуы тиіс. Сызба, сурет, фотосуреттердің өлшемдері: 18 * 24 см, 24 * 30 см.

Көрнекілік құралждарды келесі белгілір бойынша жіктейдітабиғи құралдар (минерал жинақтары; өсімдіктер және т.б.); көркемдік (карта, сызбалар, суреттер және т.б); техникалық құралдар (диапозитивтер, кинофильмдер және т.б.).

Жылжу кезінде көрсету тәсілің қолдану арнайы дайындықты қажет етеді.

Мемориалды тақтаны көрсету кезінде онда жазылған жазуларды оқуға болмайды.

Барлық аталған көрсету тәсілдері баяндау әдісімен тығыз байланысты.

Экскурсиялық объектілерді көрсету құралдары ретінде баяндау және қимыл болып табылады.

Экскурсия кезінде қимылдың негізгі ерекшелігі ол баяндау әдісімен байланысты емес, ол объекті көрстеу әдісінің құрамды бөлігі. Экскурсиялық тәжірибеде қимыл келесі жіктелуі қолданылады:

Экскурсияның негізгі бөлігі — экскурсовод баяндамасы. Баяндауманың негізгі ерекшеліктері:

• баяндаманың экскурсиялық топ қозғалысына байланысы. Маршруттан тыс және нақты объектілерден тыс экскурсиялық баяндама қолданылмайды.

  • баяндама уақытпен және тақырыпппен шектеледі. Уақыт жеткіліксіздігі келесі жағдайларға байланысты: объектілер саны және сақталу сапасы, объектілер арасындағы қашықтық, объектілердің тарихи- шығармашылық құндылығы.

Баяндау әдісінің бірнеше түрлері бар:

Цитата келтіру; объектіге сипаттама беру, сұрақ – жауап әдісі және т.б.

Цитата келтіру— баяндау кезінде көркем шығармашылардан, тарихи құжаттардан, мемуарлардан үзінді келтіру. Бүл тәсіл қолданылатын үзінді нақты экскурсиялыө объектіге байланысты болған кезде қолданылады және туристерждің көркем көзқарастарың толықтырады.

Талдау объект қозғалыс, өзгеру, даму кезінде болатын экскурсияларда қолданылады.

Экскурсиялық объектілерді сипаттау кезінде олардың ерекшелігі аталынады.

Сұрақ- жауап әдісің дер кезінде қолдану қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]