Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МОДУЛ..энд-кан-жуйке-Ас.doc
Скачиваний:
71
Добавлен:
05.06.2015
Размер:
478.72 Кб
Скачать

Порталдық гипертензия синдромы

38. Порталдық гипертензия синдромы – бұл қысымның осында жоғарылауы: 1) бауырлық артерия жүйесінде; 2) бауырлық вена жүйесінде; 3) бауырдың синусоидтарында; 4) жоғары қуыс венасында; 5) қақпа венасы жүйесінде.

39. Порталдық гипертензияға осының дамуы тән: 1) спленомегалия; 2) панкреатит; 3) кардия ахалазиясы; 4) ішек бітелісінің обтурациялық түрі; 5) дуоденогастральді рефлюкс.

40. Бауыр үстілік Порталдық гипертензияның себебі: 1) Боткин ауруы; 2) холецистит; 3) бауыр веналарының тромбофлебиті; 4) бауыр эхинококкозы; 5) бауыр ісігі.

41. Бауыр үстілік Порталдық гипертензияның себебі: 1) гепатоз; 2) Порталдық венаның туа біткен ақауы; 3) қақпа венасының ісікпен қысылуы; 4) созылмалы гепатит; 5) перикардит.

42. Бауыр ішілік Порталдық гипертензияның себебі: 1) бауыр циррозы; 2) өт жолдарының бітелуі; 3) Порталдық вена дамуының ақауы; 4) өт қабығының қабынуы; 5) оң қарыншалық жеткіліксіздік.

43. Бауыр асты Порталдық гипертензияның себебі: 1) Порталдық венаның туа біткен ақауы; 2) бауырдың диффузды аурулары; 3) бауыр венасының тромбозы; 4) төменгі қуыс венасының қысылуы; 5) перикардит.

44. Порталдық гипертензия кезіндегі теңгерілген тетігіне жатады: 1) спленомегалия мен гиперспленизм; 2) артериялды ағым жолындағы кедергілерге қарсы тұратын сфинктерлер; 3) артериялық-веналық тамрластырудың түзілуі(синусоидішілік,бауырішілік,бауырдан тыс); 4) жоғары қуыс венасында қысымның жоғарлауы; 5) өңеш венасы мен геморроидалды венаның варикозды кеңеюі.

45. Порталдық гипертензияның жағымсыз нәтижесі болуы мүмкін: 1) асцит; 2) көкбауырдың кішіреюі; 3) нефропатия; 4) ангиопатия; 5) сары ауру.

46. Порталдық гипертензияның жағымсыз нәтижесі болуы мүмкін: 1) бауырдың орталық венасы жүйесінде қысымның төмендеуі; 2) өңештің кеңейген веналары мен геморроидалды венадан қан кету; 3) бүйрек жеткліксіздігі; 4) холестаздың төмендеуі; 5) глюкоронилтрансфераза белсенісінің жоғарлауы

Өт түзілуі мен өт бөлінуінің бұзылыстары

47. Ахолия - бұл: 1) ішекте өттің мүлдем болмауы; 2) қанда өттің болмауы; 3) зәрде өттің болмауы; 4) қанда өттің болуы; 5) қанда өт қышқылдарының болуы.

48. Холемия немесе холемиялық синдром - бұл: 1) қанда өттің пайда болуы; 2) қанда өт қышқылдарының пайда болуы; 3) зәрде өт қышқылдарының пайда болуы; 4) ішекте өттің болмауы; 5) зәрде өт пен өт қышқылдарының болмауы.

49. Холалемия – бұл пайда болуы: 1) өт қышқылдарының қанда; 2) зәрде өт қышқылдарының; 3) қанда өттің; 4) зәрде өттің; 5) өт пен өт қышқылдарының қан мен зәрде.

50. Холалурия - бұл: 1) зәрде өт қышқылдарының пайда болуы; 2) зәрде өттің пайда болуы; 3) қанда өттің болуы; 4) қанда өт қышқылдарының болуы; 5) ішекте өттің болмауы..

51. Бауыр үстілік (гемолитикалық) сарғаюдың дамуы негізінде жатыр: 1) эритроцит ыдырауының күшеюі мен тікелей билирубин түзілуінің жоғарлауы; 2) бауыр зақымдануы әсерінен өт пигменттері метаболизмінің күшеюі; 3) бауырішілік холестаз әсерінен өт қышқылдары мен холестериннің жиналуы; 4) глюкоронилтрансферазаның белсенісінің төмендеуінен гепатоциттерде биглюкоронидтар түзілуінің бұзылуы; 5) өт жолдарының бітелуінен өт бөлінуінің бұзылысы.

52. Гемолитикалық сарғаюға қанда көп мөлшерде осының болуы тән: 1) тікелей билирубин; 2) тікелей емес билирубин; 3) өт қышқылдары; 4) уробилиноген; 5) стеркобилиноген.

53. Сәйкес емес қанды құйғанда дамиды: 1) гемолитикалық сарғаю; 2) механикалық сарғаю; 3) бауырлық сарғаю; 4) паренхиматозды сарғаю; 5) жұқпалы-уыттық сарғаю.

54.Гиперхолия осыған тән: 1) гемолитикалық сарғаю; 2) механикалық сарғаю; 3) бауырлық сарғаю; 4) паренхиматозды сарғаю; 5) гепатоцеллюлярлы сарғаю.

55. Бауырлық сарғаюдың (паренхиматозды,гепатоцеллюлярлы) даму негізінде жатыр: 1) эритроцит ыдырауының күшеюі мен тікелей емес билирубин түзілуінің жоғарлауы; 2) гепатоциттердің зақымдалуы мен лизосомамен лимфалық және қантамырлар қылтамырларына өттің бөлінуі; 3) бауырдан тыс холестаз әсерінен өт қышқылдары мен холестериннің жиналуы; 4) глюкоронилтрансферазаның белсенісінің жоғарлауынан гепатоциттерде биглюкоронидтар түзілуінің күшеюі; 5) өт жолдарының бітелуінен өт бөлінуінің бұзылысы.

56. Паренхиматозды сарғаюдағы қанталау осыған байланысты болуы мүмкін: 1) кальций иондарының әсерсізденуінен; 2) калий иондарының әсерсізденуінен; 3) натрий иондарының әсерсізденуінен; 4) холестерин синтезінің бұзылысымен; 5) альбумин синтезінің бұзылысымен.

57.Бауырлық сарғаюда қанда осының деңгейі жоғарылайды: 1) тек тікелей емес билирубиннің; 2) тек тікелей билирубиннің; 3) тікелей және тікелей емес билирубиннің; 4) биливердин; 5) стеркобилиннің.

58. Қанда көп мөлшерде трансаминазалардың(АЛаТ,АСаТ) пайда болуы осы сарғаюға тән: 1) бауырлық-жасушалық; 2) гемолитикалық; 3) энзимопатиялық; 4) бауыр үстілік; 5) кез-келген түріне.

59. Бауыр астылық сарғаюдың (механикалық,обтурациялық) даму негізінде жатыр: 1) эритроцит ыдырауының күшеюі мен тікелей емес билирубин түзілуінің жоғарлауы; 2) гепатоциттердің зақымдалуы мен лизосомамен лимфалық және қантамырлар қылтамырларына өттің бөлінуі; 3) бауырішілік холестаз әсерінен өт қышқылдары мен холестериннің жиналуы; 4) глюкоронилтрансферазаның белсенісінің жоғарлауынан гепатоциттерде биглюкоронидтар түзілуінің күшеюі; 5) өт жолдарының бітелуінен өт бөлінуінің бұзылысы.

60. Бауыр астылық сарғаюда негізінен қанда осының деңгейі жоғарылайды: 1) тікелей емес билирубиннің; 2) тікелей билирубиннің; 3) биливирдиннің; 4) уробилиноидтардың 1,і; 5) стеркобилиннің.

61.Механикалық сарғаюдағы терінің қышуы түсіндіріледі: 1) терінің жүйкелік ұштарын өт қышқылдары тітіркендіргенде; 2) терінің жүйкелік ұштарын холестеринмен тітіркендіргенде; 3) терінің жүйкелік ұштарын билирубинмен тітіркендіргенде; 4) қанда уробилиногеннің болуымен; 5) қанда стеркобилиннің болуымен.

62. Холемиялық синдром кезіндегі брадикардия жүректің синустық түйініне осының әсер етуімен шақырылады: 1) холестерин; 2) тікелей емес билирубин; 3) тікелей билирубин; 4) өт қышқылдары; 5) стеркобилин.

63. Холемиялық синдром кезіндегі астения осының уытты әсерінен болады: 1) өт қышқылдары; 2) май қышқылдары; 3) холестерин; 4) тікелей билирубин; 5) уробилиноген.

64. Холемия кезінде өт қышқылдары,кезбе жүйкенің орталығына,жүректің синустық түйіні мен тамырларға әсер ете отырып,осыны шақырады: 1) брадикардияны,артериялды қысымның төмендеуін; 2) терінің қышуын; 3) эритроциттер гемолизін; 4) ауырсыну синдромын; 5) стеатореяны.

65. Ахолия кезінде липаза белсенісінің бұзылуы,майлардың сіңірілуі мен эмульгациясының бұзылысы,осыны тудырады: 1) тері қышуын; 2) холемияны; 3) гипотонияны; 4) стеатореяны; 5) тахикардияны.

66. Бауырдың өт шығару қызметінің төмендеуі осыған әкеледі: 1) майда еритін дәрумендер сіңірілуінің азаюына; 2) майда еритін дәрумендер сіңірілуінің күшеюіне; 3) суда еритін дәрумендер сіңірілуінің азаюына; 2) суда еритін дәрумендер сіңірілуінің күшеюіне; 5) май- және суда еритін дәрумендер сіңірілуінің күшеюіне.

67. Ахолия кезінде осы дәруменнің жетіспеушілігі дамиды: 1) К; 2) С; 3) Р; 4) РР; 5) В1.

68. Ахолия осының әсерінен қан кетуге әкелуі мүмкін: 1) К дәруменнің сіңірілуі бұзылғанда; 2) калий иондары әсерсізденгенде; 3) холестерин синтезінің тежелуінде; 4) тікелей емес билирубин мөлшері азайғанда; 5) альбумин түзілуінің азаюында.

69. Ахолия көбінесе осыған тән: 1) механикалық сарғаюға; 2) паренхиматозды сарғаюға; 3) гемолитикалық сарғаюға; 4) бауырлық сарғаюға; 5) гепатоцеллюлярлы сарғаюға.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]