Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Атбе ТЭЦ жабы акционерлік оамы.doc
Скачиваний:
14
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
337.92 Кб
Скачать

4 Жұртшылықты ақпараттандыру

ЖАҚ “Ақтөбе ТЭЦ”-тің орталықтандырылған инженерлі-технологиялық қызметі байланыс қызметі арқылы тәулік бойы бақылау және оперативті талдау негізінде негізгі өндірістік және технологиялық үрдістер мен оперативті ұйымдастыру жүзеге асырады, олардың алдын алуға, өндіріс үрдісіндегі ақауларға, станция объекттеріндегі авариялық жағдайдың алдын-алуға шаралар қолданады. Осы мақсатпен ЖАҚ “Ақтөбе ТЭЦ”:

  • станцияның электр және жылу объектілері жағдайына оперативті бақылауды жүзеге асырады;

  • бақылау жасай отырып, цех пен участок жетекшілерінен бұйрықтың дер кезінде орындалуын талап етеді. Жетекші құжаттар талаптарын, толық және сапалы орындалуын талап етеді, ал ол өз алдына станцияның авариясызх жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

  • қоршаған ортаның ластануына қауіп төндіретін авариялық тастандыларды тіркеп, бақылау жасайды;

  • хабарлау, ескерту, құтқару жұмыстарын ұйымдастыру, ТЭЦ-тің авариялық объекттерінің жұмысшылары мен қызметкерлерін және көрсетілген объектіге жақын жерде орналасқан ауыл тұрғындарын шығару жұмыстарын оперативті шешеді;

  • инженерлі-технологиялық және диспетчерлік қызметтер жүйесі арқылы цех пен учаскелерден өндірістік авария мен сәтсіз оқиға жайлы мәліметтер қабылдайды. Смена басшысы және аға инженер сәтсіз оқиға жайлы ЖАҚ “Ақтөбе ТЭЦ”-тің басқарма басшысына хабарлайды және оперативті топтың жиналуын ұйымдастырып, хабар береді, сәтсіз оқиғалар мен өндірістік авариялардың алдын алу мен салдарын жою шараларын ұйымдастырады.

Қауіпсіздік декларациясында қамтылған ақпаратты ұсынудың тәртібі

Өндіріс объектісінде бір немесе одан да көп өте қауіпті өндіріс жағдайында ұйым жетекшісі осы туралы мәліметті төтенше жағдайлар туралы облыстық басқармаға, жоғары тұрған ұйымға, министрлік және Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарына береді.

Бекітілген қауіпсіздік декларациясы Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар Агенттігіне ұқсынылады.

Қорытынды

Ақтөбе ТЭЦ” жабық акционерлік қоғамы, меншік түрі – жеке, негізгі қызмет саласы бойынша енергетика және минералды ресурстар Министрлігіне қарайды.

Ол мекемені басқарушы басшылар кеңесі мен “Ақтөбе ТЭЦ” ЖАҚ басқармасының председателі Чемоданов Владимир Леонидович.

ЖАҚ “Ақтөбе ТЭЦ” Ақтөбе қаласының солтүстік-батыс бөлігіндегі өндіріс аймағында орналасқан (қаланың геометриялық орталығынан 6 км жерде), бір өндіріс аймағын Альп жатыр және ААҚ “Феррохром” ферроқорытпа зауытының территориясына тікелей сыналап енгізілген, ол әрқашан экологияның аур және газ түріндегі тастандылар ластануына кері әсерін тигізеді. ТЭЦ жұмысының шартсызбасы келесідей: отын қазандарда жанып, суға жылу беріп, оны жылынған буға айналдырады. Бу ротор турбинасын айналдырып, электр энергиясын өңдеп шығарады, содан кейін жартысы №6 ст. турбоагрегат конденсаторында қоюландырылады, жартысы өндіріс буы ретінде 13 атм – тұтынушыларға кетеді. Сонымен қатар №6 ст. турбоагрегатынан өңделуіне қарай, өндіріске жіберуге және жүйе суын жылытуға, жылыту жұмыстарына және ыстық сумен қамтамасыздандыруға бу іріктеледі. Генераторлардың электр энергиясы жоғарылатылған электр трансформаторлары және жоғары кернеу электр жетектерінің тізбектері арқылы жеткізіледі.

Оттық камерасында шырақ түрінде жағылатын газ, экран ішінде жылжып, оттық камерасының ішкі іргесін жабатын суға жылуын береді. Оттық камерасынан шығатын газ тәрізді отынның жану өнімдері содан кейін қазанның беттерін шаяды: бу жылытқышы, экономайзер, ауа жылытқышы. Суыған түтін газдары түтін сорғышпен түтін тұрбаларына сорылып алынады. Жану үрдісін сақтау үшін оттық камерасына ауа жылытқыш арқылы үрлеу желдеткіштерімен ауа әперіледі. Бу қазанынан шыққан жоғары қысымды және жоғары температуралы су буы бу тізбектері арқылы турбинаға әкелінеді. Турбинада жұмыс істеген бу турбина роторын айналысқа әкеледі, олармен электргенераторының роторы қосылған. Турбинадағы бу құбыр арқылы циркуляциялы насоспен градириядан келетін сумен конденсаторда суытылады. Қоюланған бу қоюлату насостарымен деаэраторға қотарылады. Турбина конденсаты мен қосалқы химиялық тазартылған су қосымшасы қоректендірілгіш насостарына әперіледі, олармен регенеративті жоғарғы қысым жылытқыштары арқылы қазан экономайзеріне қотарылады. Турбинадан шыққан суды жиі регенеративті жылытқыштар (реттеуге келмейтін іріктелген бу) мен жүйелі жылытқыштарына жылыту мақсатында ыстық су мен жылу энергиясын босатады. Шыққан будың жартысы - өндірісте (реттелетін іріктелген бу) қолданылады. Генератордың электр энергиясы жоғарылататын электрлік трансформаторлар арқылы жоғары кернеулі электр жетектерімен беріледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]