Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Атбе ТЭЦ жабы акционерлік оамы.doc
Скачиваний:
14
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
337.92 Кб
Скачать

2 Өнеркәсiптiк объектiнiң қауiпсiздiгiн талдау

Технологияның суреттемесі

ТЭЦ жұмысының шартсызбасы келесідей: отын қазандарда жанып, суға жылу беріп, оны жылынған буға айналдырады. Бу ротор турбинасын айналдырып, электр энергиясын өңдеп шығарады, содан кейін жартысы №6 ст. турбоагрегат конденсаторында қоюландырылады, жартысы өндіріс буы ретінде 13 атм – тұтынушыларға кетеді. Сонымен қатар №6 ст. турбоагрегатынан өңделуіне қарай, өндіріске жіберуге және жүйе суын жылытуға, жылыту жұмыстарына және ыстық сумен қамтамасыздандыруға бу іріктеледі. Генераторлардың электр энергиясы жоғарылатылған электр трансформаторлары және жоғары кернеу электр жетектерінің тізбектері арқылы жеткізіледі.

Оттық камерасында шырақ түрінде жағылатын газ, экран ішінде жылжып, оттық камерасының ішкі іргесін жабатын суға жылуын береді. Оттық камерасынан шығатын газ тәрізді отынның жану өнімдері содан кейін қазанның беттерін шаяды: бу жылытқышы, экономайзер, ауа жылытқышы. Суыған түтін газдары түтін сорғышпен түтін тұрбаларына сорылып алынады. Жану үрдісін сақтау үшін оттық камерасына ауа жылытқыш арқылы үрлеу желдеткіштерімен ауа әперіледі. Бу қазанынан шыққан жоғары қысымды және жоғары температуралы су буы бу тізбектері арқылы турбинаға әкелінеді. Турбинада жұмыс істеген бу турбина роторын айналысқа әкеледі, олармен электргенераторының роторы қосылған. Турбинадағы бу құбыр арқылы циркуляциялы насоспен градириядан келетін сумен конденсаторда суытылады. Қоюланған бу қоюлату насостарымен деаэраторға қотарылады. Турбина конденсаты мен қосалқы химиялық тазартылған су қосымшасы қоректендірілгіш насостарына әперіледі, олармен регенеративті жоғарғы қысым жылытқыштары арқылы қазан экономайзеріне қотарылады. Турбинадан шыққан суды жиі регенеративті жылытқыштар (реттеуге келмейтін іріктелген бу) мен жүйелі жылытқыштарына жылыту мақсатында ыстық су мен жылу энергиясын босатады. Шыққан будың жартысы - өндірісте (реттелетін іріктелген бу) қолданылады. Генератордың электр энергиясы жоғарылататын электрлік трансформаторлар арқылы жоғары кернеулі электр жетектерімен беріледі.

Қазан жасау (котельный) цехтары – жылу энергиясын өңдеп шығарады. Осы кезде цехта 10 қазан бар, олардың номиналды өнімділігі 1325 т/сағ, жылу энергиясы жылынған бу түрінде қазанды агрегаттарынан турбинді цехқа түседі, онда 5 турбоагрегат арқылы электр энергиясына қайта өңделеді. Турбоагрегаттар мен қосалқы турбина құрылғылардың күрделі және тұрақсыз жөндеу салдарынан барлығы қанағаттанарлық жағдайда (конденсатор, конденсатты насостар, жоғары қысымды жылытқыштар, ауа деаэраторлары, қоректендіру насостары, жүйелі жылытқыштар, қотарушы насостар және т.б.).

Химсутазарту цехтарында судың химиялық өңдеуінің 2 жүйесі құрастырылған: ХВО-1 және ХВО-2. ХВО-1 – бу қазандарын қоректендіруге арналған. ХВО-1 схемасына механикалық, Н және Na - катионды фильтрлер мен 1 және 2 деңгейлер, химиялық тазартылған су насостары, декартонизирленген су насостары, су бактары, ХВО-2 – жылу жүйесін қоректендіруге арналған. ХВО-2 келесі шартсызбамен жұмыс істейді: Н – суық тәртіпке катиондау, декарбонизация. ХВО-2 схемасына кіреді: Н – катионды фильтрлер, жұмсартылған су бактары, қышқылды торап, насосты шаруашылық цехтің көмекші құралдары: тұзды және күкірт қышқылының бактары, аммиак пен гидразин қотару насостары. Химсутазарту бөлмелерінде бактар мен реагенттер дайындау мен мөлшерлеу құрылғысы бар.

Станцияда көлденең байланысты электр станциялары мен су жинайтын қазандардың жабдықталғандығына байланысты талаптар мен жобаларға сәйкес жылу механикалық құрылғының технологиялық қорғаныстары жасалған (РД 34.35.131-95).

Тоқтауына әсер ететін су жылыту қазандарының қорғаныс түрлері:

  • Қазан сыртындағы су қысымыныңтөмендеуі.

  • Қазан сыртындағы су температураның көтерілуі.

  • Қазан арқылы су шығының азаюы.

  • Газ қысымының төмендеуі.

  • Мазут қысымының төмендеуі.

  • Оттықтағы жалпы шырақтың өшуі.

  • Барлық түтік сорғыштарының сөндірілуі.

  • Үрлеуіш желдеткіштердің сөндірілуі.

Қазанның тоқтауына әсер ететін жеті қорғаныс шаралары жасалынған, 6 пункті - “ Оттықтағы жалпы шырақтың өшуін” санамағанда

Бу қазанының тоқтауына әсер ететін қорғаныстар түрлері:

  • Барабандағы деңгейді көтеру.

  • Барабандағы деңгейді төмендету

  • Оттықтағы мазут қысымын төмендету

  • Газ қысымын төмендету

  • Барлық түтік сорғыштарды сөндіру

  • Барлық желдеткіштерді сөндіру

  • Бу температурасын төмендету

Қазанның тоқтауына әсер ететін жеті қорғаныс шаралары жасалған, 3 пункті - “Оттықтағы мазут қысымын төмендетуін” санамағанда

Қазан жұмысын 50% дейін түсіруге әсер ететін қорғаныс шаралары (тек жоғары қысым қазандары”

  • Екі түтік сорғыштың біреуін өшіру

  • Үрлеуіш желдеткіштің екеуінің біреуін өшіру

  • Қазаннан шығар жердегі қысымды 102.0 көтеру

Жергілікті операциялар жасайтын қорғаныс шаралары

  • Жаңа бу қысымын сақтауыш клапандарын ашуға дейін жоғарылату

  • Қазан барабанындағы деңгейді көтеру

  • Бу температурасын жоғарылату

  • Қазан жақпандағы газды горелканың өшіп қалуы немесе тұтанбауы

Станцияда 2002 жылының 10 ақпанындығы №14 келісім негізінде ТОО “Технокран” мамандырылған мекемесімен қазандықтар, қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар мен жүк көтергіш механизмдерге бақылау және техникалық диагнездеу жүргізіледі.

Госгортехнодзор органына тәуелді 115 бірліктердің барлық объектілері толық көлемде орындалған және Актөбе облысы қауіпсіздік жағдайы жөніндегі технадзор инспекторымен келісілген.

4 пункт “Қазан жақпандағы газды горелканың өшіп қалуы немесе тұтанбауы” – басқа барлық қорғаныс шаралары жасалынған (334 жоқ).

Орындалуы өндірістің наряд-рұқсат беретін арнайы ұйымымен жүргізілетін, өте қауіпті жұмыстар тізімі:

  • газқауіпті жұмыстар

  • отпен жасалатын жұмыстар

  • қазанды-газды надзор бойынша бақылаушы меминспекцияға, объекттерге қызмет көрсету жұмыстары.

  • Қатынас жолдары Министрлігіне қарасты құрылғыға қызмет көрсету жұмыстары

  • Қышқылы бар цистерналарды босату жұмыстары.(8 кесте)

8-кесте-Зиянды тастандылар туралы мәліметтер.

Заттың аталуы

Ластаушы заттар тастандыларының мөлшерлі көлемдері

2001 жылға тастанды

тонн/год

Диоксид азота

1006,540

796,477

Оксид азота

163,550

129,428

Ангидрид сернистый

777,482

9,476

Оксид углерода

1249,951

0

Мазутная зола (в пересчете на ванадий)

2,599

0

Углеводороды предельные С15

4,220

5,6

Углеводороды предельные С610

0,031

Углеводороды предельные С1219

0,504

Водород фтористый

-

0,008

Фториды неорг. плохо растворимые

0,0002

-

Фториды неорг. хорошо растворимые

0,004

-

Фтористые газообразные соединения

0,015

-

Марганец и его соединения

0,026

0,006

Железо (II,III) оксидыIVV)

0,286

-

Хром (IV) оксид

0,002

-

Никель оксид

0,0001

-

Медь (II) оксид

0,00001

-

Цинк осид (в пересчете на цинк)

0,0002

-

Натрий гидроксид

0,00015

-

8-кесте жалғасы

Заттың аталуы

Ластаушы заттар тастандыларының мөлшерлі көлемдері

2001 жылға тастанды

тонн/год

Нитрилтриметилдифосфоновая кислота

0,001

-

Кислота фосфорная по молекуле H2SO4

0,0003

-

Аммиак

0,022

-

Сероводород

0,009

-

Бензин (нефт. малосерн. в пересчете на углерод)

0,497

-

Ацетон

-

0,010

Азотная кислота

-

-

Сварочная аэрозоль

-

0,058

Пыль абразивная и металлическая

-

0,634

Пыль древесная

4,840

5,140

Пыль неорг. 70-20% SiO2

2,149

0,048

Сажа

0,040 г/сек

-

Взвешенные вещества

0,148

-

Акролеин

0,004 г/сек

-

Бензопирен

0,000001 г/сек

-

Формальдегид

0,016 г/сек

-

Ескерту: ластаушы заттардың атмосфераға тастандыларының мөлшерлі көлемдері. Шекті-мүмкін тастанды мөлшерлерінде көрсетілген (ПДВ), ол 2002 ж. ТОО НПП “Ақтобе ЭКО” – мен шығарылған.

9-кесте-Өндірістік қалдықтары

Қалдықтардың аталуы

Саны

Қоймалау орны

Қайда пайдаланылады

Көліктер аккумуляторлар

0,08

Арнайы аудандар

Аккумуляторлық батареялар

5

Арнайы бөлмелер

мазутты және майлы грунттар

18,8

Көмір шұңқырлары

Көмір шұңқырларда

Қолданылған шиналар

0,15

Арнайы аудандар

Люминесценттік шамдар және т.б. құрамында сынап бар шамдар

571 шт

Арнайы орын

Қара темірлер

408

Арнайы аудандар

өңдеуге жіберу

Минерал мақталы плита

1

Көмір шұңқырлар

На забунтовке угольных ям

Құрылыс қоқсықтары

1203

Көмір

На забунтовке угольных ям

ТБО

23,3

Контейнерлер

АО “Тазалык” АҚ шығарылады

Қоспа бақылау нүктелері

Жұмыс орындары, цехтар, өндіріс бөлімшелерінің газдалғаны және шаңға сынау графигі.

Тексеру еселігі 1 жылда 2 рет қабылданған, ол күз-қыс кезеңдегі жұмыс орнының ауасының ластануының міндетті зертамалын – аспаптық бақылауға байланысты (ескерту №1 ҚР ДМ 27.02.07 ж. №318 бұйрығына)

Объектідегі барлық қауіпті заттар:…………………………….40075 тонна оның ішінде: ыдыстардағысы (аппараттардағысы)…………40062,2 тонна құбырлардағысы…………………………………………………..2,8 тонна

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі техникалық шешімдер

1) Қысым, бу температурасын, газдың кемуін және т.б. бақылау құралдары орнатылған

(жабдықты ауа кіргізбейтіндей жасау және қауіпті заттардың авариялық шығуларының алдын алу жөніндегі шешімдер)

2) Оттық камерасында, қазанда, турбинада, генераторда және т.б. технологиялық үрдісті басқару мен бақылау жүйесі орнатылған, олар апат жағдайларында технологиялық үрдіске қатысатын апарат жұмыстарын сөндіреді.

(өнеркәсіптік авариялардың дамуының алдын алуға және қауіпті заттардың шығуын оқшауландыруға бағытталған шешім)

3) Цехтарда өрт сигнализациясының автоматтандырылған жүйесі орнатылған, бөлмелер өртке қарсы құраммен өңделген (өрт – жарылыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шешімдер)

4) Цехтарда өрт жағдайы болван кезде өрт қауіпсіздігі жүйесі сиренаны қосады – дыбысты сигнал (автоматты реттеу, блоктау, сигнализация жүйелерін суреттеу)

10-кесте-Белгілі авариялар туралы мәліметтер

Авариялар және ақаулар тізбесі

Айы-күні

Авариялар және ақаулар сиаттамасы

Қауіпті объектте

-

-

Басқа ұқсас объекттерде

-

-

Мазут сақтау орнында өрт болған жағдайда ең алдымен сақтау орнына ауа жібермеу қажет, сақтау орнын сулау керек, көпіргімен сөндіріп, жақын арадағы өндіріс жұмысшыларын қауіпсіздендіру. Күкіртті, аммиакты немесе гидрозинаны ажыратқанда апат учаскелерін оқшаулау және жұмысшыларды қауіпсіздендіруге шұғыл шаралар қолану қажет.

Объект жағдайында авария болудың келесі себептері болуы мүмкін:

- өндірістегі апат немесе тастандымен (20т аммиак, 15 т гидрозина, 30т күкірт ) жүйелі құбырдың соқпасы салдарынан және т.б.);

- жылу және электр құрылғысының авариясы;

- өндірістегі жарылыстар гидрозина тастандысы 15т, аммиак 20т-ға дейін;

- электрмен қамтамасыздандыру жүйесінің бұзылғандығы салдарынан өндіріс ғимараттарындағы өрт, өрт қауіпсіздігі шараларының бұзылуы, олардың салдарынан жойылуы мүмкін.(мазут бірнеше мың тоннаға дейін)

Болуы мүмкін авариялардың сценарийлері

1 Секцияның қысқаша тұйықталуы мен ПК, ТГ және ЦН тоқталуы кезінде:

- машинист аппараттың “Внимание”, “Машина в опасности” деген кнопкаларын басып, селектор бойынша аға машинист пен смена басшысын шақырады;

- аға машинист және смена басшысы келгенше ПК, ТГ және ЦН көрсеткіштерін қадағалайды;

- аға инженер келгенше өрт сөндіру құралдарын дайындайды;

- бас инженер келгенше өрт командасының келісімімен авария салдарын жоюмен басқарады.

2 Қысым реттеуішінің қақпағы штогының үзілуі салдарынан болған бу қысымының тез төмендеген кезінде:

- горелкаларға отын салуды доғару;

- горелкалар алдындағы газ ысырмаларын қолмен жабу;

- регистрлерді тегіс ашу;

- түтін өткізгіштер жапқыштарын және барлық көретін терезелерді сөндіру.

3 Жүйелі құбыр бұзылған жағдайда:

- машинист аппараттың “Внимание”, “Машина в опасности” деген кнопкаларын басып, селектор бойынша аға машинист пен смена басшысын шақырады;

- жүйелі құбыр үзілген жердегі участокты сөндіру;

- әрі қарай жұмыстарды қосымша жоспармен жүргізу керек.

4. Химцехтағы ысырма істен шыққанда немесе құйым пайда болған кезде:

- күкірт қышқылын резервтегі бакка қотару.

5. Қышқыл төгілген жағдайда:

- тринатрийфосфат немесе сілтімен бейтараптандыру;

- ағып кетпес үшін, төгілген жерді құммен жабып тастау;

6. Объекттегі өрт жеке участоктер немесе барлық объекттегі өндіріс қызметінің бұзылуына әкеп соғады, жану өнімдерімен тұншығу немесе күйіп қалу салдарынан адамдар қаза болуы мүмкін.

7. Тасқын салдарынан цех территориясын топан су басуы мүмкін. Территорияны қорғау үшін объекттен 200 және 500 метр қашықтықта орналасқан Жіңішке және Ілек өзендерінің қасында қорғаныс бөгеттері салынған.

8. Күштілігі 6 балл жер сілкінісі болған жағдайда ғимараттарға (штукатурканың құлауы, ғимараттардағы кішкене сызаттар) және коммуналды-энергетикалық жүйелердің жеке участоктеріне зақым келуі мүмкін. Технологиялық құбырлардың жер үстіндегі эстакадалары, қышқыл мен аммиак суының төгілуіне әкеп соғатын құрылғылар орташа жарылыстар алуы мүмкін

Жүйелі құбырдың жарылуы, химцехтағы қышқылдың төгілуі, оттық камерасындағы жанғыш мазут пен табиғи газдардың жарылуы, бу қазанының метал сапасы және мөлшерсіз бу қысымынан жарылуы. Негізгі зақымдаушы факторлардың әсер ету аймағы (бу, ыстық су, күкірт қышқылы) – ТЭЦ территориясы.

Авария жағдайында тұрғындар мен қызмет көрсету персоналы арасында қазалар жоқ.

Тергеу актілерімен анықталады, тергеу жүргізіледі, ол өнім көлемімен құрылғыны қалыпқа келтіруге кеткен шығынмен анықталады.

1) қышқыл бактарының түбі мен қабырғаларының жарылуы немесе аммиак қотаруға; 2) қышқыл немесе аммиактың химиялық цех бөлімінде төгілуі; 3) цех бөлімдерінің газдануы. Құбыр (бу құбыры): 1) дәнекерленген жері немесе жүйелі құбырдың қабырғасының жарылуы; 2) бу немесе ыстық су қалдықтары.

Табиғи және техногенді сипаттағы ТЖ салдарынан болуы мүмкін жағдай кәсіптің өндірістік қызметіне онша әсер етпейді, авария мен цех тоқтап қалған жағдайда авария салдарын жою кезінде ғана өнім беру көлемі азаюы мүмкін.

Химцех объектісі жоғары өртжарылыс қауіпті болып табылады. Бейбітшілік уақытта әртүрлі өндірістік авария мен сәтсіз оқиғалар салдарынан осы объекттерде жұмыскерлер, қызметкерлер мен объект маңындағы тұрғындардың өмірі мен денсаулығына қауіп туғызатын қатерлі жағдай болуы мүмкін.

Сонымен, авария салдарынан ЖАҚ “Ақтөбе ТЭЦ” объекттерінде қышқылдың, аммиакты судың құрастыру пункт территориясында, тауарлы парктерде төгілуі, жүйелі құбырлардың жарылуы және бұзылу мүмкін. Көптеген жағдайларда жоғарыда айтылған болжалды авариялар өрт, жарылысқа, қышқыл және аммиак суының ағуына, химиялық зақымдану ошақтарының пайда болуына, қоршаған ортаның газдануына әкелуі мүмкін.

1. ЖАҚ “Ақтөбе ТЭЦ”-та еңбек қорғау бөлімі қызмет етеді, ол өз қызметін өндірістегі еңбек қорғау қызметінің ҚР Еңбек министрлігінің 11.03.94 ж. Қаулысымен қабылданған №49 типтік бағдарламасына сәйкес жүргізеді. Бұл ай сайын өтетін техникалық қауіпсіздік күндері, күн сайын өтетін қадағалау мен тексеру жүйелері, цех пен участоктарға, өндірістік нұсқау қабылдаудағы әдістемелік көмек, бұйрық, қаулы және басқа техникалық және ресми сипаттағы құжаттардың жобасын дайындау, лауазымды қызметкерлерге орындалуы міндетті нұсқаулар беру, бақылаушы және қадағалаушы органдар және т.б. күнделікті байланыста болу.

2. Өндіріс объектісінің қауіпсіздік жүйесінде сонымен қатар ТЖ бойынша штаб басшысы қызмет істейді. Техникалық қадағалау мен ТҚ қызметтері: Еңбек қорғау деапртаменті, энергия қадағалау бойынша мемкомитет, мемортқадағалау қызметі, ТЖ бойынша қалалық және облыстық басқармалар. ТЖ және АҚ штабтарына келесі қызметтер кіреді: өндірістік, материалды-техникалық, қаржы және көлікпен қамтамасыз ету мен эвакокомиссия, оған КБ басшысы мен цех пен учаскелеріндегі комиссия мүшелері.

3. Аварияға және өртке қарсы бақылаушы жаттығулар “Энергетикалық ұйымдардағы қызметшілер мен жұмыс істеу ережелері”-мен сәйкес. Оперативті қызметкерлердің әрбіреуі жоспарлы жаттығуларға кварталына 1 реттен аз қатыспау керек.

4. Электр станцияларының электр қондырғыларының жылу механикалық құрылғыларын пайдаланудағы ТҚЕ; объекттердің ҚЕ мен ПҚ, қазандарды қадағалауға қарасты; электр станциялары мен жүйелерінің ТПЕ; ҚР ЕқтЗ; жұмыстың әр түріне байланысты ЕҚ мен ҚТ бойынша типтік және жергілікті нұсқаулар.

3 Өнеркәсіптік объектінің төтенше жағдайларды оқшаулауға және оларды жоюға дайындығын қамтамасыз ету

1-сурет-Жұмыс кезінде ТЖ мен АҚ штабына хабарлау схемасы

2-сурет- Жұмыс кезінде өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамын ескертудің шартсызбасы

жұмыстан тыс а/машина «Аварийная» жұмыс істейді.

3-сурет-Жұмыс кезінде және жұмыстан тыс уақытта санитарлы күзет құрамын ескерту шартсызбасы

4-сурет-Жұмыс кезінде және жұмыстан тыс №34 қорғау үймеретке қызмет ету топ құрамының хабарлау үлгісі. Жұмыстан тыс «Кезекші» а/м

Төтенше жағдайлар туралы хабарлаудың схемалары және тәртібі

Табиғи және техногенді сипаттағы ТЖ зонасындағы барлық объекттер мен тұрғындар ескертіледі. Персонал мен тұрғындарға төтенше жағдайлардың тууы туралы немесе туу қаупі туралы, әрі қарай әрекет ету нұсқаулары туралы хабарланады. Сол мақсатпен азаматтық қорғаныстың “Внимание всем”, “Барлығыңыз назар аударыңыз” деген сигналы электрлік сирена және тікелей диспетчерлік телефон байланысы арқылы жіберіледі. Авария масштабы мен жарақаттану зонасының таралу тереңдігі туралы болжамға байланысты өндірісті дайындайтын инженер екі жолмен ескертуді жүзеге асырады:

1. ЖАҚ “Ақтөбе ТЭЦ” өндірісі шегінен шықпайтын аварияларда зақымдану аймағына түсетін авария қызметінің смена кезекшісі, (өрт, медициналық) әскери күзет, цехтардың смена кезекшілері, объект басшылар құрамы ескертіледі.

2. Авария салдары ЖАҚ “Ақтөбе ТЭЦ” өндірісінің шекарасынан шығатын кезде қосымша ескертіледі: зақымдану аймағына түсетін өндіріс және мекеме адамдары, ТЖ басқармасының кезекшісі, Ақтөбе қаласының жергілікті билік органдары. Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар бойынша жұмыскерлер мен мамандарды ескерті шартсызбасы көрсетілген.

5-сурет-Байланыс звеноның ұйым үлгісі

Айтылған хабарламалар анық, түсінікті тілмен беріліп, қажетті сандар, атаулар мен фамилиялар көрсетілуі керек.

Ававриялық-құтқару және басқа да жұмыстарды төтенше жағдайлар аймағында өткізу үшін ЖАҚ “Ақтөбе ТЭЦ” бұйрығымен АҚ мен ТЖ объекттік құрылымдары құрылған, күштерді әрдайым дайын қалыпта ұстау үшін, яғни объекттік құралдардың күш пен құралдарын қолдану үшін жыл сайын оқуға жіберіп, жаттығулар мен жаттығу сабақтары өтіп тұрады.

10-кесте- 1.09.02 ж. қорғаныс үймеретте «Актобе ТЭЦ» ЖАҚ өзіндік құрамның

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]