Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
рылыс материалдары.pdf
Скачиваний:
1496
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
2.73 Mб
Скачать

Құрылыс материалдары

талапқа сай (МС: 125-79) істелінген жұмысты қорытындылап дəптерге тіркейді.

125-79 МС техникалық талабына сай гипс байланыстырғышының көрсеткіші:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1–кесте

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Байланыстырғыштың

Көлем мөлшері 4х4х16см үлгінің 2 сағ-та қатайғанда,

 

 

маркасы

 

 

беріктігі келтірілген көрсеткіштен төмен болмау керек

 

 

 

 

 

Майысып сынғандағы,

 

Тығыздалып сынғандағы,

 

 

 

 

 

МПа

 

 

 

МПа

 

 

Г-2

 

 

 

2

 

 

1,2

 

 

 

 

Г-3

 

 

 

3

 

 

1,8

 

 

 

 

Г-4

 

 

 

4

 

 

2,0

 

 

 

 

Г-5

 

 

 

5

 

 

2,5

 

 

 

 

Г-6

 

 

 

6

 

 

3,0

 

 

 

 

Г-7

 

 

 

7

 

 

3,5

 

 

 

 

Г-10

 

 

 

10

 

 

4,5

 

 

 

 

Г-13

 

 

 

13

 

 

5,5

 

 

 

 

Г-16

 

 

 

16

 

 

6,0

 

 

 

 

Г-19

 

 

 

19

 

 

6,5

 

 

 

 

Г-22

 

 

 

22

 

 

7,0

 

 

 

 

Г-25

 

 

 

25

 

 

8,0

 

 

 

 

Уақыт ұстамдылығына байланысты2-кестедегі талапқа сай

бөлінеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

2–кесте

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Байланыстыр-

 

Қатаю уақыттың

 

Уақыт ұстамдылығы, мин.

 

ғыштың түрі

 

белгісі(индекс)

 

Бастапқы көрсет.

 

Соңғы

 

 

 

 

 

 

 

 

ерте болмау керек

 

көрсетілгеннен

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

кешікпеу керек

 

 

 

Тез қатайтатын

 

 

А

 

2

 

 

 

15

 

 

 

 

Қалыпты

 

 

Б

 

6

 

 

 

30

 

 

 

 

қатайтатын

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Баяу

 

 

В

 

20

 

 

 

жобаланбайды

 

 

 

 

қатайтатын

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұнтақ –

майдалылығына

 

байланысты,

3-кестедегі көрсеткішке

байланысты бөлінеді:

 

 

 

 

 

3–кесте

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Байланыстырғыштар

Ұнтақтылық

 

Тор көлемі жазықта 0,2 елегіште елегенде

 

түрі

 

 

белгісі

 

қалатын қалдық, көрсетілгеннен көп болу

 

 

 

 

 

(индекс)

 

 

 

 

керек

 

 

Ірі майдаланған

 

 

1

 

 

 

 

23

 

 

 

 

Орташа ұнтақталған

2

 

 

 

 

14

 

 

 

 

Жақсы ұнтақталған

3

 

 

 

 

2

 

 

 

108

Құрылыс материалдары

3.ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС

1.Карбонаттар жынысынан күйдiру арқылы əк (СаО) алу.

ЖҰМЫСТЫҢ МАҚСАТЫ: күйдiрiлген əк алу жəне оның қасиетiн анықтау.

Көлем мөлшерi 15 мм-ге шейiн ұсақталған карбонат жынысынан техникалық таразыдан 1500 г өлшеп алып, оны қыздырылған ошаққа

салып, 1000-12000С-қа

шейiн карбонат

 

тасы

химиялық

ыдырау

реакциясы арқылы толық ыдрағанға шейiн күйдiрiледi.

 

 

 

 

 

 

CaCO3

 

CaO + CO2.

 

 

 

Толық ыдырап күйдiрiлген карбонат кесектерi, бiркелкi ақ түстi

ұнтақталған массаға айналады. Күйдiрiлген СаО ошақта 620С-қа дейiн

суытылып,

ауа өткiзбейтiн

эксикаторға

салынып, əктiң

қасиетiн

зерттейтiн уақытқа дейiн сақталады.

 

 

 

 

 

 

 

2. Сөну жылдамдығы мен температурасын анықтау.

 

 

Əктiң сөну жылдамдығына минутпен есептегенде суды

əкке

құйған сəттен бастап, əктiң қызған температурасының төмендей

бастауына кеткен уақыт аралығы жатады.

 

 

 

 

 

Сөну

уақытына

байланысты

 

күйдiрiлген

əк жылдам

сөнгiш

(сөнетiн) – 8 мин көп емес; орташа сөнетiн – 25 мин көп емес; баяу

(жəй) сөнетiн – 25 мин

көп

болып

бөлiнедi. Сөну

температурасы

жағынан

төменгi

(аз) экзотермиялық

– сөну

температурасы 720С

төмен; жоғарғы

экзотермиялық –

сөну

температурасы 700С-тан

жоғары. Дəптерге

бастапқы

сөне

бастағандағы(əкке су құйған

уақыттан

бастап)

температурасы

мен

ең

жоғары

көтерiлгендегi

көрсеткен температураға кеткен уақыт аралығын мин жазады.

 

 

Əктiң сөну реакциясы: СаО + Н2О = Cа(ОН) 2 + 16.5 ккал.

 

Күйдiрiліп

ұнтақталған

№0.63

елегiштен

өткiзiлген əктен

таразыда 10 г өлшеп алып, химиялық стаканға салады. 20 см3 суды өлшеп əгi бар стаканға құяды. Осыдан кейiн стаканға термометрдi

орнатып, тəжiрибенiң бастапқы

көрсеткен

температурасын, əрбiр

минут өткен сайын термометрдегi

көрсетiлген

температураны тiркеп

жазады. Сөнгендегi көрсетiлген ең жоғарғы температураны анықтап, сонан кейiн сөнген жылдамдығын есептеп шығарып, оны суреттеп сызады. Тəжiрибедегi алынған көрсеткiштерге байланысты сөну жылдамдығы мен температурасы арқылы əктi класқа (сортқа) бөледi.

3. Əк қамырының шығымы.

1 кг əктен алынатын қамырдың шығым көлемi ең маңызды, əрі сапалы көрсеткiш болып есептеледi. Əк қамырының шығым көлемi өскен (көбейген) сайын, əктiң қасиетi жоғарылайды. 9197-79 МС-ты бойынша 1 сортты 1 кг күйдiрiлген əк 1,6 литрден аз қамыр шығымын бермеу керек. Өлшенген цилиндрмен салмағы белгi iшашкағал (кружка) су құйып, көлемiн анықтайды (V1).

109

Құрылыс материалдары

Өлшенiп алынған 60-70 г əктi суы бар шашкаға салып, тогы бар электрплитаға қояды. Қайнаған су буға айналып ұшқан сайын, əк кеппес үшiн су құйып ылғалдап тұрады. Əк қамырының бетiнде қуыс сызықтар пайда болған кезде су қайнап ұшады да, химиялық реакция толық жүрiп бiтедi. Содан кейін шашканы электрплитадан алып, суытады. Өлшемдi цилиндрмен шашканы сумен толтырып, кеткен су көлемiн анықтап (V2), қамыр көлемiн төмендегi формула бойынша пропорциямен есептеп шығарады:

Vəк=V1-V2;

0.06 кг - Vəк;

1 кг - x.

4. Əк қамырының құрамындағы сөнбеген түйiршiк дəндер.

МС-тiң 9197-77 ұйғарымы бойынша əк қамырындағы сөнбеген түйiршiктерге аз аралықты шек қойылған(əктiң қамыр дайындағандағы кеткен салмағынан% пен) 1-сорт əкте, сөнбеген түйiршiктер 7 % –тен, 2–сортта – 11%-тен, ал 3-сортта – 14 %-тен көп болмауы керек.

ТƏЖIРИБЕ ЖҮРГIЗУ ТƏРТIБI

Əк

қамырын (алдыңғы

тəжiрибедегi

алынған) сумен

араластырып,

елеуiшке құяды.

Қамырдан

түйiршiктердi

(сөнбеген)

тазалап ажыратып алу үшiн

сумен

бiрнеше рет қайталап .жуады

Түйiршiктер қамырдан тазаланған

соң

суытылады,

№да 0.063

елегiштен сүзiп өткiзiледi. Елегiште қалған түйiршiктердi

кептiргiш

ыдысқа салып, тұрақты салмағына шейiн кептiредi (t0=1100C). Осыдан

кейiн кептiрiлген түйiршiктердiң салмағын өлшеп, оны бастапқы

салмағына пропорция арқылы есептеп шығарады.

 

 

 

Əк қамырындағы сөнбеген түйiршiктер

қатты

күйдiрiлгеннен,

кешiгiп сөнуi мүмкiн (бұл

құрылыста

өте зиян) немесе

жартылай

күйдiрiлген, құрамында СаСО3

кездеседi. Бұл жағдайда құрылыста

басқа да ерiтiндiлер алғанда зиянсыз.

 

 

 

 

 

Əктің

қатты

немесе

жартылай

күйдiрiлгенiн

 

анықтау , үшiн

түйiршiктерге

тұз

қышқылын

бүркiп

тамызады. Егерде

жартылай

күйдiрiлген болса, тұз қышқылының ықпалымен күймеген СаСО

3

бұрқылдап қайнап, ыдырап СО2 бөлiнiп шығады, ал қатты күйген əкке қышқылдың əсерi тимейдi.

Əдебиеттер

1.Поков Л.Н., Поков Н.Л. Құрылыс материалдарының жалпы курсынан «Лабораториялық практика». М.:«ИНФРА», 2005 ж.

2.Құрылыс материалдарының оқу құралы мен оқулықтар.

110

Құрылыс материалдары

4. БӨЛІМ. БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТЫРҒЫШ ЗАТТАР НЕГІЗІНДЕ АЛЫНАТЫН МАТЕРИАЛДАР МЕН БҰЙЫМДАР

7 - ТАРАУ. БЕТОНДАР ЖƏНЕ БЕТОНТАНУ

7.1. Жалпы мағлұматтар, бетондарды топтастыру

Бетондар дегеніміз – байланыстырғыш затқа (ол бетон көлемінің

10-15%-і) белгілі мөлшерлерде(85-90%)

толтырғыштар

мен су

қосқанда қоспаның қатаю нəтижесінде алынатын жасанды тас.

 

Бетондану

деп –

бетондардың

құрылымы мен

қасиеттері

жөніндегі қолданбалы ғылымды атайды. Оның негізгі міндеті–

бетондардың

құрамы,

құрылымы

мен

қасиеттері

арасындағы

байланыстылықты зерттеу, табу. Бұлардың арасындағы байланысты тану – материалдық (химиялық) құрамды үйлестіру мен құрылымға ықпал ететін сыртқы əсерлер арқылы белгілі бетондардың сапасын жақсартуға емес, керісінше ерекше қасиеттері бар принципті жаңа бетондар жасауға мүмкіндік туғызады.

Бетон құрамы ондағы толтырғыш түйірлерінің арасындағы қуыстардың цемент таспен толтырылған дəрежесіне байланысты үш түрге бөлінеді. Бірінші құрылымда – толтырғыш қуыстары арасында цемент қамыры, ал қатайғаннан соң цемент тасы ; мұндайкөп құрылымда толтырғыштар цемент қамырында“жүзеді”. Екінші құрылымда – керісінше цемент аз, яғни толтырғыш түйірлері бəрі бірдей цемент таспен қоршалынбайды. Бұл жағдайда бетон берік болмайды, өйткені ол күш түскенде толтырғыш түйірлерінің цемент таспен қоршалынбаған, яғни біріктірілмеген жерінен оңай-ақ қирайды. Бетонның ең тиімді құрылымы– цемент тас толтырғыш түйірлерін жұқа қабатпен жауып, оларды өзара тек аз ғана алшақтатқанда түзіледі. Осы жағдайда, яғни тек үшінші құрылымда – бетонның қажетті беріктігі, цементті ең аз салыстырмалы мөлшерде қосқанда қамтамасыз етіледі.

Бетон құрамындағы ең қымбат бөлімінің– цементтің шығынын қысқарту мақсатымен толтырғыштар арасындағы қуыстарды азайту қажет. Ол үшін толтырғыштардың ірі түйірлері арасындағы қуыстарға, одан гөрі майда түйірлері орналасуы керек. Бұл жағдайда бетон тығыз құрылымды болып, беріктігі артады. Қасиеттеріне сай бетондардың

қолданылатын орындарын ұтымды таңдау да оларды құрылыста пайдаланудың тиімділігін арттырады.

111

Құрылыс материалдары

Орташа тығыздығына қарай бетондар: ерекше ауыр – бір текше метрде 2600 кг артық, ауыр – 2100-2600 кг аралығында, жеңілденген – 1600-1100 кг аралығында, жеңіл – 1200-1800 кг аралығында жəне ерекше жеңіл – 1200 кг-нан кем (көбінесе 500-600 кг аралығында) болып бөлінеді. Бұлардың ішінде өте көп тараған түрі– ауыр бетондар, осы себепті бұларды кəдімгі бетондар немесе анықтамасыз "бетондар" деп атайды. Ауыр бетондар үшін толтырғыштар ретінде көбінесе жасанды жарықшақ немесе малта тастар мен кəдімгі құм қолданылады. Жеңіл бетондар үшін кеуекті толтырғыштар– табиғи пемза, туф немесе жасанды керамзит, аглопорит, т.б. пайдаланылады.

7.2. Ауыр бетон шикізаттары

Бетон толтырғыштары: ұсақ, ірі болып екі топқа бөлінеді. Ұсақ толтырғыштарға – түйірлерінің диаметрі 0,14-5 мм аралығындағы құм (көбінесе кварцті, сирегірек дала шпатты, əк тасты) жатады. Құм түйірлерінің беттік ауданы, олардың ірілігіне байланысты. Белгілі бір көлемде уақ түйірлердің ауданы ірі түйірлермен салыстырғанда үлкен болатындықтан, ұсақ құмның түйірлерін өзара біріктіру үшін, оларды байланыстырғыш заттың өте жұқа қабатымен жапсақта цемент шығыны көбейеді. Осыған байланысты құмның ішінде тесіктерінің диаметрі 0,14 мм елеуіштен өтетін түйіршіктердің мөлшері10%-тен, ал 5 мм-ден ірі түйірлер мөлшері – 5%-тен аспауы тиіс.

Бетонда жəне құрылыс ерітінділерінде қолданылатын құмның ірілігі ірілік модульмен (Мі) аталынады:

А2,51,250,630,30,14

(7.1)

Мі = --¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾ ;

 

100

 

мұндағы А2,5 - А0,14 дегеніміз – елегенде тесіктерінің диаметрі 2,5 – 0,14 мм елеуіштерде құмның толық қалдықтарының проценттік мөлшері.

Ірілік модулі бойынша құмдар: ірі (Мі = 2,5-3,5), орташа (Мі = 2,0 - 2,5) жəне ұсақ (Мі = 1,5-2,0) болып бөлінеді. Тесіктерінің диаметрі 0,63 мм

елеуіштегі ірі құмның толық қалдығы А = 50-75% аралығында

0,63

болады. Əдетте бетон үшін негізінде ірі, жеткілікті орташа жəне біраз уақ түйірлері бар құм қолданылады. Аязды аймақтарда қолданылатын маркалары 200 жəне одан жоғары бетондар үшін орташа тығыздығы 1550 кг/м3-нан кем емес құмды пайдаланған . жөнОл үшін құм түйірлері арасындары қуыстарды азайту қажет. Сондықтан құм

құрамында əр

мөлшерлі

түйірлер

болуы , тиісқұм

түйірлерінің

мөлшері – оны

стаңдартты

елеуіштер

жиынтығынан

өткізу арқылы

112

Құрылыс материалдары

анықталынады. Мысал үшін, алынған кұмның құрамы7-1-кестеде келтірілді. Бұл кестеде құмның ірілігін қалай табу əдісі көрсетілген. Мұнда келтірілген құмның ірілік модулі 2,6-ға тең.

7.1-кесте Құмның ірілігін табу (құрғақ құмның навескасы – 1000г)

Елеуіш тесіктерінің

 

Меншікті қалдықтар

Толық қалдықтар

 

мөлшері, мм

 

мөлшері

 

мөлшері, %

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2,5

 

150

 

15

 

15

 

1,25

 

150

 

15

 

30

 

0,63

 

200

 

20

 

50

 

0,3

 

200

 

20

 

70

 

0,14

 

250

 

25

 

95

 

0,14-тен өтті (тозаң)

 

50

 

5

 

100

 

Жинағы

 

-

 

-

 

260

 

Құмды стандартты

елеуіштің

жиынтығынан

өткізіп сынаудың

нəтижесін, графика (сызықпен түсірілген бейне) арқылы көрсеткен қолайлы. Егер көлденең бойына(абсциссада) елеуіштердің тесік өлшемін мм-мен, ал тік бойына (ординатада) түйірлердің əр елеуіштегі толық қалдығын %-пен келтіріп (7.1-сурет), 7.1-кестеде келтірілген кұмның құрамын 7.1-суреттегі графикамен салыстырсақ, онда бұл құмның бетон жасауға жарайтындығын байқаймыз. Өйткені оның құрамы диаграммадағы штрихталған аумақ ішінде.

Бетонның ірі толтырғыштарына түйірлерінің диаметрі5-70 мм (кейде 150) аралығындағы жарықшақ (жарылған немесе малта құм) тастар жатады. Бұлар мөлшері 5-10, 10-20, 20-40 жəне 40-70 мм аралығындағы фракцияларға бөлінеді. Бұл толтырғыштардың нұсқасы

текше формулалас болғаны тиімді. Пластинка жəне

ине

пішінді

тастарды ірі толтырғыштағы мөлшеріне стандартты

шек

қояды: ол

15%-тен көп болмауы тиіс.

Жарықшақ тастардың беті малта тастармен салыстырғанда кедірбұдырлы келеді де, цементпен берірек байланысады. Сондықтан олар маркасы көбінесе 300 жəне одан да жоғары бетондар өндіруде қолданылады.

Жарықшақ пен малта тастардың құрамында əр мөлшерлі түйірлер болса, олар жақсы құрам деп есептелінеді. Өйткені мұндай түйірлер арасындағы қуыстардың көлемі аз болады да, олардан бетон алу үшін цемент аз кетеді (шығындалады). Бұл тастардың қуыстарының көлемі 45%-тен аспауы керек.

Уақ толтырғышты – құмды сыңарындай жарықшақ немесе малта тастарды да стандартты елеуіштердің жинағынан ,өткізіпоның нəтижесін суреттің принципімен салынған графика арқылы көрсетеміз.

113

Құрылыс материалдары

Оны бетонға жарайтын ірі толтырғыштардың стандарттық облысымен салыстырсақ, онда сынауға түскен ірі толтырғыштың құрамы бойынша, оның бетон жасауға жарауы-жарамауы оңай анықталынады.

Ауыр бетон толтырғыштарының беріктігі– олардан жасалған бетондардың беріктігінен жоғары болуы керек. Малта тастардікі 1,3-1,5 есе, ал жарықшақ тастардікі маркасы 300 бен одан жоғары бетондар үшін 2 еседен кем емес, төмен маркалы бетондар үшін – 1,5 еседен кем емес болуы тиіс.

Толтырғыштардың зиянды қосымшаларына балшық, тұнба мен тозаң (шаң) жатады. Уақ толтырғышта, яғни құмда бұлардың мөлшері 3 %-тен, ал жарылған немесе малта тастардың құрамында 1-3 %-тен аспауы керек.

Байланыстырғыш зат жəне су ретінде портландцемент пен оның түрлері (тез қатаятын, т.б.) жəне кəдімгі ішетін су қолданылады. Маркасы 200-400 бетондар үшін негізінде 300-500 маркалы цементтер пайдаланылады. Басқа суларды, егер олардың сутектік көрсеткіші Грн; төрттен кем болмаса, яғни олар қышқыл болмаса(оларда лакмус қызармаса) жəне барлық тұздардың концентрациясы5 г/л-нан, ал олардың ішінде SO4 – 2,7 г/л-нан аспайтын суларды, бетон дайындау үшін қолдануға болады.

Қосымшалар (үстемелер) бетонның қасиеттерін шартқа сай реттеу мен цементтің шығынын азайту үшін қолданылады. Олар бетонға аз мөлшерде(0,1-2% цемент салмағынан) қосылатын беттік активтігі бар заттар – БАЗ, мысалы СДБ, мылонафт (6.10-параграфты қараңыз), бетонның қатаюын тездеткіштер, мысалы СаCl2. Осылардан басқа қосымшалар ретінде бетонға5-20% (цемент салмағынан) мөлшерінде қосылатын күл мен ұнталған шлак пайдаланылады.

7.3. Бетон қоспасының қасиеттері

Бетон шикізаттарынан құралған, бірақ қатаюы басталмаған кұрамды – бетон қоспасы немесе араласпасы деп атайды. Нормалы қоюлығы бар қалпына оңай төселетін(салынатын) цемент қамырын алу үшін цементке 24-26 % су қосу жеткілікті. Бірақ бетон қоспасына қажетті су мөлшері бұдан əлдеқайда көп. Себебі, судың бір бөлімі толтырғыштардың бетіне жұғады. Цемент мөлшері көбейген сайын бетонның су цемент қатынасы азайып, ал беріктігі артады.

Судың бірталайы бетон араласпасының ыңғайлы қалыптанылуы үшін жұмсалады. Бетон араласпасының ыңғайлы қалыптанылуы, оның жылжымалылығы немесе қатаңдығы мен одан істелінетін конустың шөгу көрсеткіші (см немесе секунд) арқылы бағаланады.

Бетон араласпасының жылжымалылығын стандартты қуыс

конус (Һ= 30см, Dтөменгі=20см, Dжоғарғы=10см) арқылы анықтайды. Ол үшін түғырыққа конусты қойып, оны бетон араласпасымен стандартта

114

Құрылыс материалдары

көрсетілгендей етіп (порциялап, тығыздап) толтырады (7.2-сурет). Сонан соң бетон араласпасынан істелінген конустың қанша см-ге шөккенін өлшейді. Егер ол І5 см-ден артық шөксе оны құйма4-15 см аралығында шөксе – жылжымалы, 1-4 см шөксе – аз жылжымалы бетон араласпасы дейді. Егер ол шөкпесе, оның қатаңдылығын бетон араласпасынан істелінген конусты дірілдету арқылы анықтайды.

Бетон араласпасының қатаңдылығын табу үшін одан жоғарыда көрсетілген стандартты конустың көмегімен жасалынған конусты, стандартты цилиндрге орнатады. Оның үстіне тесігі бар дискіні беттестіріп, аспапты-техникалық вискозиметрді дискінің екі тесігінен

цемент қамыры шыққанға дейін дірілдетеді. Егер

осы айтылған

жағдайға жету үшін

дірілдету ұзақтылығы5-30 сек

болса,

бетон

қоспасын – қатаң, ал 30

сек жоғары болса – ерекше қатаң дейді.

 

7.2-сурет. Конус арқылы бетон қоспасы жылжымалығын анықтау;

а-жалпы көрініс; ə-қатаң қоспа; б-аз жылжымалы; в-жылжымалы; г-кұйма қоспа

Бетон

қоспасының

қатаңдығын

табу

үшін

к

лабораторияларда

Б.Г.Скрамтаев

ұсынған

оңайтылған

тəсіл

қолданылады (7.3-сурет). Бұл əдіс бойынша кəдімгі бетон кубы жасалынатын металдан істелінген өлшемдері20х20х20 см формаға жоғарыда келтірілген стандартты қуыс конусты орнатып, оны бетон қоспасымен порциялап, тығыздап толтырады. Онан соң қуыс конус алынады, ал бетон араласпасы жайылып, кубтың барлық бұрыштарын толтырып, беті тегістелгенше (горизонтальді болғанша) дірілдетіледі.

7.3-сурет. Бетон қоспасының қатаңдығын оңайтылған əдіспен анықтау:

а-жалпы көрініс; ə-дірілдетер алдындағы қоспа; б-дірілдеткеннен кейінгі қоспа; 1-конус; 2-куб (текше форма); 3-бетон қоспасы; 4-дірілдеткіш

115