Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДНГЯ_Улбике апай (ж.т).doc
Скачиваний:
90
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
1.03 Mб
Скачать

1. Жеке іс парағында ............ Мәлімет жазылады.

А) мерейтой иесін құттықтау туралы

Ә) азаматтардың құқығы туралы

Б) мекеменің таратылуы туралы

В) жеке адамның азаматтық хал-жағдайы туралы

2. Жеке іс парағында қолданылатын

стандарт тілдік бірлік.

А) әскерге бардым

Ә) әскерге барамын

Б) әскери қызметке міндеттімін

В) әскери қызметтемін

3. Орта дәрежелі оқу орны.

А) институт

Ә) колледж

Б) университет

В) академия

4. Монография .......... Авторы ..........

А) -нің, -мін

Ә) -ның, -мін

Б) -ның, -мын

В) -нің, -мын

13-апта. 26-сабақ

198-тапсырма. Еңбек келісімі қай уақытта, кімдердің арасында жасалынады? Өзара пікір алмасыңыздар.

199-тапсырма. Жиырма пункттен тұратын еңбек келісіміне сұрақ-жауап құрастырыңыздар.

200-тапсырма. Берілген еңбек келісімінен мәлімет алып, мағынасын меңгеріп, мазмұндаңыздар.

Е Ң Б Е К К Е Л І С І М І

Еңбек келісімі– екі жақтың (жұмыс беруші мен жұмысшы) нақты бір міндеттерді өзіне ерікті түрде алу туралы заңмен рәсімделген келісімі жазылатын іс қағазының бір түрі.

Белгілі бір жас пен білім дәрежесіне жеткеннен кейін, жұмысқа тұрғандардың әрқайсысының еңбек жолы құжаттан басталады.

Кез келген құжат секілді еңбек келісімінің де өзіндік құрылымы мен мазмұны, рәсімделу ережелері бар.

Еңбек келісімі жұмысқа орналасқан кезде немесе алдыңғы жасалған келісімнің кейбір шарттары (міндеттері, мазмұны, еңбекақы мөлшері, жұмыс жағдайы т.б.) өзгерген жағдайда жасалады. Келісім жасауға ұйым әкімшілігінде белгіленген тәртіп бойынша қаралған жұмысшы арызы негіз болады.

Еңбек келісімі мыналардан тұрады:

1. Құжаттың аты: Мысалы: Еңбек келісі № 4;

2. Келісім жасалған орны мен күні:Мысалы: Алматы қаласы, 23 қазан, 2000ж.

3. Екі жақтың толық және шартты атауы:(жұмыс беруші, жұмысшы).

4. Жұмыстың сипаты мен мазмұны, оны орындауға қажетті біліктілік дәрежесі:(М.: жұмысшының қай бөлімде, кім болып істейтіні жазылады).

5. Келісім типі (негізгі, әлде қосымша істейтін жұмысы көрсетіледі).

6. Келісім түрі (уақытша ма, әлде тұрақты жұмысқа алынды ма?).

7. Келісімнің уақыты, мерзімі(шектеулі мерзімге алынса, нақты айы, күні, жылы көрсетіледі).

8. Сынақ мерзімі: (М.: Жұмысшыға 2 апта, 1 ай немесе 2 ай сынақ мерзімі белгіленеді).

9. Жұмысшының міндеттері: тәртіп сақтауға, мемлекеттік құпияны жария етпеуге, техника қауіпсіздігі талаптарын сақтауға, ішкі еңбек тәртібі ережесіне бағынуға т.б. міндетті.

10. Еңбек жағдайы, еңбекақы төлеу сияқты әкімшіліктің негізгі міндеттерін көрсете отырып жазылған жұмыс берушінің міндеттері:(Еңбек демалысын өткізуге берілетін жеңілдік, медициналық көмек көрсету, тұрғын үймен, зейнетақымен қамтамасыз ету т.б.).